Сапаны бақылау әдістері Өнім сапасын бақылау әдістерінің жіктелуі



бет3/3
Дата06.02.2022
өлшемі26,91 Kb.
#79899
1   2   3
Байланысты:
Сапаны бақылау әдістері

Паретто диаграммасы туындайтын мүмкін болатын мәселелерді шешу үшін күтерді таратуға мүмкіндік береді және бірінші кезекте ликвидациялау қажет сұрақтарды айқындап көрсете алады.
Паретто диаграммасын тұрғызу үшін белгілі бір уақытта зерттелетін материал бойынша жеткілікті статикалық материал жинау қажет.
Паретто диаграммасы сонымен қатар белгілі бір проблема бойынша жүргізілген шаралар тиімділігін бағалау үшін пайдаланылады, мысалы өндірілетін шаралар тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Диаграммаларды және кумуляторлы қисықтарды салыстыра отырып олардың мақсаттылығы және таңдалып алынған жұмыс бағытының дұрыстығын анықтауға болады.
Гистограмма сапаны статикалық бақылау құралдарының бірі болып табылады. Процестің тұрақтылығы және дәлдігін талдауды жүргізу қажет болған жағдайда, сонымен қатар өнімнің сапасын бақылау, өндіріс процесі көрсеткішін күзету қажет болған бар жағдайда пайдаланылады.
Мақсаты: орныдалыр жатқан процесті бақылау және бірінші кезекті шешуді қажет ететін проблемаларлы айқындайды.
Мәні: зерттелуші проблема бойынша мәліметтерді интерпретациялауға көмектесетін ең кең таралған әдістердің бірі болып табылады. Графикалық өрнектелуі арқасында, қарапайым кестеде анықтауы қиын мәліметтерді, заңдылықтарды айқын көруге, проблемаларды бағалауға және оларды шешу жолдарын табуға көмектеседі.
Исикава диаграммасы қазіргі уақытта әртүрлі елдерде өнім сапасын қамтамасыз ету және басқару бойынша әртүрлі жұмыстар жүргізуде пайдаланылады.
Исикава диаграммасын тұрғызудың мәні қандай да бір проблеманы шешудің соңғы нәтижелеріне әрекет ететін әртүрлі факторларды біріктіруден және оларды белгілі бір тізбектілікте жүйелеуден тұрады. Бұл схемалар өте күрделі өзара байланысты зерттелуші сипаттамалар мен мүмкін болатын барлық факторды графикалық талдауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет