Сары жапырақтар жауғанда



бет2/3
Дата06.11.2016
өлшемі0,53 Mb.
#1147
1   2   3





























Тілдің мерейі – елдің мерейі


Тәрбие сағаты 

Сабақтың тақырыбы: Тілдің мерейі – елдің мерейі


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой – өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: мақал – мәтелдер, тіл туралы заң, қол өнер көрмесі.


Сабақтың жүру барысы:
Оқушыларды сапқа тұрғызып, әнұранды айттыру.

Кіріспе сөз: Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс – салтын, үлгі – өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.

Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі. Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.
Туған тілім. Дихан Әбілев.
Туған тілім – бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – дана тілім – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар.


Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,


Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін

Ән «Ана тілін сүйемін»

Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,
Тұнығым, рухани жан азығым.
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.

Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп, өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұрттан да қалдырмай, жабындыға алдырмай барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге қымбат мұра, бай қазына! (Ғ. Мүсірепов )

Сүйемін туған тілді - анам тілін
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ән «Ананың тілі – аяулы үні»

Мұғалім: Қазақ халқы тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер мен шешендер, ақындар мен жыраулар дау шешіп, айтысқанда ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген.
«Ұйқасын тап» ойыны.
Мұғалім:
Ана тілін білмеген адам –
Ештеңе сезбейтін надан

Түк сезбесе балаң


Жақсылық күтпе одан.

Жүйрік тілді ақын бол!


Жақсылыққа жақын бол!

Достарыңмен тату бол!


Дұшпаныңа қату бол!

Ақындардың бірі бол!


Туған елдің ұлы бол!
Туған жердің гүлі бол!
Азамат бол, ірі бол!

Би.
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,


Дәстүрім бар,
Ата жолым салтым бар,
Кең даладай жиналмаған жан – жағы
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар.

Тілім менің ерлігім де елдігім,


Кемеңгерім
Шешендігім кеңдігім.
Тілім менің – мөлдірлігім, пәктігім,
Ойлылығым,
Тереңдігім,
Теңдігім.

Ежелден ұлы елміз ірі іргелі


Шежіреміз
Тарихымыз ілгері
Менің тілім Қаз дауысты Қазыбек
Әйтеке мен Төле бидің тілдері.

Көрініс «Төле бидің төрелігі»


Мұғалім: «Жалғасын тап» ойыны (тіл туралы мақал-мәтелдер)
Тіл тас жарады...(тас жармаса, бас жарады)
Өнер алды -...(қызыл тіл)
Ойнап сөйлесең де...(ойлап сөйле)
Аз сөз – алтын...(көп сөз – көмір)
Тіл – ақылдың...(өлшемі)
Тілі жеткенше сөйлеген шешен...(қолы жеткенше нұсқаған көсем)
Тіліңмен жүгірме,...(біліміңмен жүгір)
Тіл – тәтті,...(бауыр – қатты)
Тіл туралы ойлар.
1 Халық бар жерде – тіл бар. Тіл бар жерде – өнер бар. Өнер бар жерде – жан – күйер бар. Әр халықтың ана тілі – оның бақыты, оның қуанышы.
2 Өз тіліңді білу, өз тіліңде ер жетіп, ел қатарына қосылу – өмірден алған ең үлкен сыйың.
3 Ана тіліңде елдігіңде, ерлігіңді жырлайсың.
4 Ана тілінде сөйлеу мәдениеттіліктің, әдептіліктің өлшемі болып табылады.
Күй.
Қорытынды

Заттардың қасиетін қайталау


Жарияланды 5-02-2013, 18:18 Категориясы: Мектепалды даярлық 

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі:Қарапайым математика түсініктерімен танысу
Тақырыбы: Заттардың қасиетін қайталау
Мақсаты: Балаларды 10 мөлшерінде тура және кері санауды қайталау, заттың қасиеттерін, геометрикалық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау, 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту, саусақ қимылын дамыту.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, есеп шығару, ойлау, ойын
Көрнекіліктер:Кеспе сандар, , сиқырлы қарындаш, «Монгол ойыны» тәттілер.

Ұйымдастыру кезеңі:


1, 2, 3
Біз жинаймыз күш
Терезені ашамыз
Таза ауа жұтамыз
1, 2, 3
Отырамыз тып-тыныш.
«Өз орныңды тап» ойынын ойнаймыз. Сендер сандарды алып, ретімен қатарға тұруларын керек.
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміз сәл өзгешелеу болады. Өйткені біз сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз.
Бірақ немен, қалай барамыз? Балалар, мен білдім. Маған кеше бір қайырымды адам қорап жіберіп еді, мен бірақ ашып көрген жоқпын. Мүмкін бізге көмектесетін зат болуы мүмкін. Бұл қорапты ашу үшін ең алдымен сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Сұрақтар:
Суреттегі ойыншықтар нешеу?
Бірдей ойыншықтар бар ма?
Қуыршақ нешінші тұр?
Жарайсыңдар, балалар, жауабын дұрыс таптыңдар. Енді қораптың аузы ашылатын болды. Балалар қорапта бізді саяхатқа апаратын қарындаш бар екен. Бұл қарындаш жай қарындаш емес, «Сиқырлы қарындаш».
• Қане барлығымыз енді саяхатқа шығайық.
Барлығымыз көзімізді жұмайық. 1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді қоянның үйіне апар.
Балалар міне қоянның үйіне келдік.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар, келгендерің қандай жақсы болды. Мен қалашығымыздағы тапсырмаларды орындай алмай отырмын. Сендер маған көмектесіңдерші?
- Жарайды, ондай болса саған біздің балалар көмектеседі.
№1 тапсырма 1-ден 10-ға дейін, 10-нан 1-ге дейін санаңдар
10 санының құрамына қатысты жаттығулар
10 10 10
1 9 2 8 3 7
Қоян: Рақмет, балалар!
• Ал, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.
1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді аюдың үйіне қонаққа апар.
Балалар, міне аюдың үйіне келдік.
Аю сәлеметсің бе!
Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қандай жақсы болды сендердің келгендерің. Ал сендер менің тапсырмаларымды орындайсыңдар ма?

№2 тапсырма


Көлемі әртүрлі түрлі түсті шеңберлер қойылады. Бұл фигураларға не ортақ?(Пішіні,- бұл шеңберлер)
- барлығы неше шеңбер бар?
- Олардың ішінде нешеуі үлкен? Нешеу кіші?
- Нені өзгерту керек?
- Міне аю, біздің балалар сенің тапсырмаларыңды орындады. Балалар аю туралы біз тақпақ білеміз бе?
Ормандағы аюдың
Құлпынайы тәтті екен.
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.
Аю: Рақмет, балалар, маған көмектескендерің үшін мен сендерге тәттілерді тастап кетемін.
Сау болыңдар!

• Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. 1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді көлге апаршы


Балалар, міне көлге келдік. Балалар қараңдаршы, көлде балықтар көп екен. Балық аулап біраз демалайықшы. Балық ұстаған бала балықтағы тапсырманы орындайды.
№3 тапсырма: Геометрикалық фигураларды жіктеуге арналады. Суретте геометрикалық фигуралар мен түрлі түсті сандықшалар берілген. Балалар пішініне қарай оларды тиісті сандықшаларға орналастырады.
- Балалар, балық тапсырмаларын жақсы орындадыңдар, енді сергіту сәтін жасап алайық.

• Балалар демалып алдыңдар ма, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.


1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді «Жеңімпаз фигураларға» апар. Міне «Жеңімпаз фигураларға» келдік. Балалар мұнда ешкім жоқ. Жеңімпаз фигуралар шашылып қалыпты, қане бөліктерін тауып құрастырайық.

• Сиқырлы қарындаштың көмегімен топқа қайтайық.


1, 2, 3 сиқырлы қарындаш бізді топқа апар. Міне, балалар топқа келдік
Біз саяхатқа қайда бардық?
Кімдер бізді қарсы алды?
- Жақсы, балалар дұрыс құрастырдыңдар.»Монгол ойыны»
- Өте жақсы, балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Енді саяхаттан қайтатын уақыт болды.
Жақсы. Ал, енді санамақ айтайық.

Нені біледі: 1-ден 10-ға дейін сандарды, реттік және кері санауды біледі


Қандай түсініктерді игерді: берілген тапсырмаларды нақты орындау керек екенің түсінді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сан құрамын ажыратудың әр түрлі тәсілдерін орындай білуді үйрету, алған білімдерін пысықтау

Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Әже.

Сабақтың мақсаты: 1) Сөздердің жуан және жіңішке айтылуы туралы түсінік беру, өлең мен таныстыру, мазмұнын ашу. Өлеңді мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру.
2) Төрт түлік мал туралы мағлұматтарын кеңейту.
Олардың атаулары, ана туралы өлеңдерді оқи отырып, ананы сүю туралы түсініктерін кеңейту.
3) Адамгершілік, мейірбандық сезімін қалыптастыру. Төрт түлік малды қадірлеуге, ананы, әжені, үлкенді қадір тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, сызбалар.
Сабақтың жүрісі:
- Ұйымдастыру.
- Өткенді пысықтау

Жаңа сабақ


- Қазір қай сабақ, бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?
- Сабаққа қонақтар қатысып отыр. Өзіміздің әдепті, сауатты оқушы екендігімізді көрсетейік.
Қайталау сұрақтары:
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Сөз неден құралады?
4. Сөйлем дегеніміз не?
5. Сөйлемге мысал келтір.
6. Дыбыс нешеге бөлінеді?
7. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
8. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
9. Жуан дауысты дыбыстарды ата! Сөз ойла.
10. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
11. Төрт түлік мал түрлерін ата.

Балалар, біз сендермен төрт түлік мал атаулары мен танысып қана қойған жоқпыз, сонымен олардың адамға пайдасы туралы көптеген әңгімелермен таныстық. Қазақ халқының бүкіл өмірі, тұрмыс тіршілігі осы төрт түлікпен тікелей байланыста өткен. Адамдар бір - бірін көргенде мал жан аман ба деп амандасқан. Сонымен қатар оларға қатысты мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілер шығарған. Тіпті сол төрт түлікті жыл атауларына да кіргізген.


Ал біз төрт түлік туралы не білдік. Қане, ортаға салайық.
Ұлттық ойындарды ата.
Енді төрт түлік мал туралы мақал - мәтелді, жұмбақты, жаңылтпашты қалай есте сақтадыңдар соны тексерейік.
1. ___________ теппейді
_____________ төкпейді (мақал)
2. Аттың көркі
_____ - ___ _____
3. Шөре - шөре лағым
_______ _______
_______ _______

4. Төрт түлік пікірлерін жаз.


5. Малдың төлін сүюі (оқыту)
- әр төл өзінің төлін қалай жақсы көреді?
- атап шығу.
- Балалар осы құлыным, ботақаным, момыным, қозым деген сөздермен сендерді кім еркелетеді?
- әрине анамыз
Дүниеге келген күннен бастап аялап, мәпелеп өсіретін кім?
- әрине ана.
- Суретпен жұмыс
- Не көріп тұрмыз?
- Не айта аламыз

Отбасының шуағы, күні ана. Ана өмір сыйлаушымыз ғана емес, бесік жырын айтып, түн ұйқысын төрт бөліп, баласының жақсы ісіне қуанатын, жаман ісіне қиналатын адам.


Қосымша тапсырма:
(өлеңде жіңішке айтылып тұрған сөздерді тауып дәптерге жазу)
- Бесік, бөпем, жілік, үкі
Ана өміріміздің тірегі. Ақын - жазушыларымыз өлең шығармаларын арнаған. Оларды Отан - анаға, қасиетті Жерге теңеп отырған.
Ал біз ата - ана туралы не білеміз?
Поэзия минуты.

Сергіту сәті.


Анамыз күніміз, қамқоршымыз болса. Өмірімнің жалғасы, баламның баласы немерем деп еміренетін кім?
Бұл өлеңді С. Қалиев жазған (өмірбаяны)
- іштей оқыту
- тізбектеп оқыту
Тіл дамыту. Өзіңнің әжең туралы әңгімеле.
Әжеде, анамызда біздің өміріміздің сәні, үйіміздің күні.
Балалар, олай болса, отбасымыздың күндері әжеміз бен анамыз аман болсын деп мына күнге анамыз бен әжемізге жақсы тілегімізді айтып күн шашақтарын ілейік, мен бастайын
- аналар аман болсын
- өткенді пысықтау
- марапаттау, бағалау

Сабақтың тақырыбы: табиғаттың сыры.

Мақсаты: балалар табиғатты қорғай білуге , табиғат сырын ұғуға, бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету. Қол , саусақ маторикаларын дамыту.Құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білуге және бала тілін дамытып ойын арқылы дыбыстырын жетілдіру.

Балалар музыкамен ішке кіреді.

Психолог: Балалар бізге бүгін қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайық.

-Сәлеметсіздерма?

-Енді осы жақсы көңіл-күйімізді бір- бірімізге қарап күлімдеп шын жүрегімізбен сыйлайық. ( Бір- біріне қарап күлімсіреп көңіл-күй сыйлау)

Сол жақсы көңіл- күйімізді енді қонақтарға сыйлайық.

Енді балалар біздер табиғатқа саяхат жасайық.

Табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта. Тау, тас, өсімдік, ауа, ағаш т.б.

Балалар біз табиғаттың ,өлі табиғат, тірі табиғат болып бөлінетіін білеміз.

-Қане ендеше кім айтады тірі табиғатқа нелер жатады?

Өлі табиғатқа нелер жатады? ( балалардың жауабы)

-Балалар қараңдаршы мына жерде бір кітап тұр. Кітапты қарайық.

« Табиғаттың сыры»- кітап.

1-бет: Шырша . 2-бет:Табиғаттың көрнісі ағаштар, шыршалар өсіп тұр.

Шырша сөйлейді: Мені адамдар кесіп алады. Адамдардың жаңа- жыл мейрамы тіпті жаман. Себебі мені кесіп алып үйлеріне апарып, ойыншықтар, неше түрлі шамдар жағып мәз болады. Ал мен болсам азайып барамын, кесіп алғаннан соң шырша көп тұрмайды өліп қалады.


  • Қане, балалар шыршаға көмектесеміз бе?

  • Көмектесеміз.

  • Балалар шырша салқын жерде, шыршалы ормандарда өседі.

  • Ал, ендеше балалар біз сиқыршымыз деп ойлайық. Сендер қазір жолға шығасыздар, адам аяғы баспаған жерге саяхатқа шығамыз. Ондай жер тек шөл дала. Себебі , сулы, нулы жерлерде адамдар өмір сүреді. Ал адам аяғы баспаған жер шөл дала- құмды. Сол айнала құмды , шөл даланы сендер сиқырлап гүл егіп, жол салып, үй салып ғажайып ертегіге айналдырасыңдар .

Ендеше жолға шығайық. (құрсаудың ішімен жүріп отырғышқа отыру) Қане біз алдымыздағы құмға шырша отырғызайық. Дайын қиылып тұрған шыршаны құмға отырғызу. Тақтаға бір- екі баланы шығарып кітаптың бетіндегі шыршаның қасына шырша отырғызу.

Жұмбақ


Тікен, тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсте. (шырша)

Ойын « дауыстап, қимылмен сал »

Балалар музыкаға билейді, музыка тоқтаған кезде бір нәрсенің суретін көрсету. Бала көрген затын қимылмен дауыстап салу.



  1. Ара. З-З-З- ұшу (қолын екі жаққа қағып бір -бірінің артынан жүру)

  2. Ұшақ . Р-Р-Р

  3. поезд . ш-ш-ш

Кітаптың екінші бетін ашу. Балық тұр мұңайып. Судың бетінде қоқыстар.

Балық сен неге мұңайып тұрсың?

Балық : Адамдар суды ластады, завод, фабрикалардың қалған қалдықтарын төкті адамдар судың жағасына демалуға келіп тамақтың қалдықтарын жинамай лақтырып кетеді.


  • Қане балалар суды тазартып балыққа көмектесейік. Судың бетіндегі қоқыстарды тазартып алып тастау.

Ойын: «теңіз толқиды 1,2,3,»

Балалар тәрбиешінің командасын тыңдайды.

Тәрбиеші: теңіз толқиды 1, теңіз толқиды 2, теңіз толқиды 3 теңіз денелері қатып қал – деген командасын естіген кезде теңіз денелерін салып қимылдамай тұрып қалады. 2-3 рет ойнату.

Кітаптың үшінші бетін ашу. Гүлдің суреті .



  • Балалар жылдың қай мезгілі?

  • Жаз

  • Оны қайдан білдіңдер?

  • Себебі көбелек ұшып жүр.

Гүл сөйлейді: Мен де азайып барамын, мерекелерде адамдар мені жұлып алып бір- біріне сыйлайды.Су құйып мені баптамайды.

  • Балалар біз гүлге көмектесейік. (орындарына отырып пласталиннен гүл жасап алдарындағы құмға отырғызу)

Гүлді үзбе.

Кешкілік пе ,күндіз бе?

Өсіп тұрған гүлді үзбе.

Туған жерді далаға,

Тастағалы жүрміз бе?

Үзіп алсаң сен бір гүл,

Үзіп алсам мен бір гүл.

Не қалады сиқынан,

Қызыл- жасыл жердің бұл.

Табиғат туралы тиым сөздер.

Гүлді үзбе.

Көкті жұлма,

Суды төкпе.

Суға түкірме.

Ұяны бұзба.

Құмырсқаның илеуін бұзба.

Табиғат туралы тақпақтар.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік, бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Сүйейік табиғатты аялайық,

Біз одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында ,

Жадырап жас балаша дем алайық!

Қолында бір табақ құмы бар ата келеді.



  • Уа, балаларым амансыңдарма?

  • Сәламатсыз ба, ата.

Ата: ШӨл даланы гүлдендірген шырша егіп бағындырған болашақ елдің батырлары. Адам космосты ойлап тауып, ғарышқа ұшып аспан әлемін өзіне бағындырған. Болашақта табиғатты бүлдірмей қорғап, гүлдендіретін сендерсіңдер.

Қазақстанымыздың көркейіп, ауамыз таза, табиғатымыз сұлу болуы үшін осындай ұландар өсіп келеді. Бәріңде жақсы бала екенсіңдер менің сендерге сыйлығым да бар.

-Қане сендермен бір ойын ойнап жіберейін.

Ойын. «Құмда не тығылған?»

Ойынымызды біз бастайық,

Қане, қане бері кел.

Ой, қандай балалар,

Тамаша сендер ерсіңдер.

1 демалдық, 2 демалдық,

алақанды соғамыз.

Ал енді жерге отырып,

Шақырамыз ойнауға.

Табақта толтырылып салынған құм, ішінде геометриялық денелер тығылған. Ортаға шыққан бала көзін жұмып тұрып қолын құмға салып , құмнан тауып алған геометриялық денені сылап сыйпап қандай дене екенін айту.

Ата құмның түбіне тығып қойған сыйлығын балаларға таратып береді.

Балалар атаға рахметін айтып қоштасады.

Тәрбиеші, балаларды мадақтап сабақты қортындылау. Балалар туннель арқылы кері шығу.



Айналаны қоршаған орта

18-сабақ

Тақырыбы:Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары.

Мақсаты:

Туған өлкенің табиғатын қорғау туралы халық болжамдары жөнінен түсінік беру.Халық болжамдарын өз тәжірибелеріде пайдалана білуге үйрету.Балалардың сөз қорын молайту.
Сабаққа дайындық:

Балабақша айналасына мақсатты серуен.
Сабақтың барысы:

Тәрбиеші балалармен бірге балабақша ауласына мақсатты серуен ұйымдастырады.Табиғат туралы халық болжамдары, «тиым сөздер»туралы балаларға айтып үйрету.Табиғатты қорғау жайлы табиғат болжамдарын пайдалана отырып,балаларға айнала қоршаған ортадағы табиғатты,табиғат құбылыстарды бақылатады (мұржалардан шыққан түтін,сүңгірлер,құстардың міңезіне қарай бақылаулар).Тәрбиеші экология сабағында табиғатты қорғауға байланысты тиым сөздер мен мақал-мәтелдерді қолданып,балаларды туған өлкенің табиғатының әсемдігін білуге қорғауға тәрбиелейді.
Экологиялық дәптермен жұмыс

а)Табиғатқа байланысты халық болжамдары.

б)сурет бойынша әңгіме

18-Сабақ

Тақырыбы:Табиғатты ажырата біл.Жыл мезгілдерімен таныстыру.
Мақсаты:

Жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту

Сөздік қорларын дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабаққа дайындық:

Қыс, көктем,жаз, күз суреттері

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші жылдың мезгіліне байланысты жұмбақ шешу.

Тәрбиеші:

Қазір осы тұрған шағың қай мезгіл?

Кімге қай мезгіл ұнайды?

Қыс, көктем, жаз, күз мезгілдеріне балаларды бөліп ойнату.

Жыл мезгілдері несімен ұнайды?

Неге сен оны ұнаттың?

Әр бала өзіне ұнаған жылына байланысты мақтай, мадақтай білуге тәрбиелеу.
Экологиялық дәптермен жұмыс

а) Қай жыл мезгілі ұнайды?

Әңгіме құрастыру

ә) Д/о «Суретке қарап, атын ата».

Білім беру саласы: Қатынас, таным, шығармашылық.


Бөлімі: Қоршаған орта, математика, жапсыру, құрастыру, тіл дамыту, өзін - өзі тану.
Сабақтың тақырыбы: «Көктем келді»
Сабақтың мақсаты: Көктем белгілерін әңгімелей отырып, ерекшеліктерімен таныстыру. Дұрыс сөйлеу білу дағдыларын және ізденушілік қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілік: Көктем көрінісі, түрлі - түсті қағаз, лупа, топырақ, шелектер, смаликтер.
Ұйымдастыру: Шаттық шеңбері. Қайырлы күн балалар! Әдеттегідей сендермен кездесіп
тұрғаныма қуаныштымын. Қане, қонақтармен, бір - бірімізбен сәлемдесіп алайықшы.
Бақшамызға барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен ақ пейілмен,
«Қайырлы таң» деймін мен.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Психологиялық жаттығу. «Күн шуағы»
Ал, балалар көзімізді жұмамыз, біз бақшаға келе жатырмыз деп ойлаңдар. Өздерің білесіңдер күн жылы шуағын төгіп, жарқырап шығып тұр, сен қуаныштысың айналада кұстар сайрап жатыр. сен сол дыбысты естіп бір сәт тұрып қалдың, осы кезде анаң «балам бол жүгір бақшаға кешігесің - деді». Сен жүгіріп бақшаға жөнелдің. Ал енді көздеріңізді ашыңыздар.
- Балалар, қандай сезімде болдыңыздар, көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет, бақытты, тамаша.
- Ендеше, біз «Тамаша» ойынын ойнап жіберейік. Ойын «Тамаша»
Шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер жақсы, тамаша деп жұдырықтарыңды түйіп бас бармақтарыңды көтеріп бір-бірлеріңе көрсетесіңдер.
- Гүлдің иісі қандай?
- Тамаша
- Құстардың дауысы қандай?
- Тамаша
- Жайқалып өскен көк шөп қандай?
- Тамаша
- Менің нан өнімдерін қойған үстелім ше?
- Тамаша
- Қане, онда үстелге жақын келіп отырайық, балалар.
- Үстелде қандай астың түрі бар?
- Нан өнімдері, нан түрлері.
- Қандай?
- Бауырсақ, бөлке нан, қытырлақ...
- Осы нанды кім дайындайды?
- Наубайханада наубайшы, ал үйде анамыз, апамыз дайындайды.
- Нанды неден дайындайды?
- Ұннан.
- Ұнды неден дайындайды?
- Бидайдан, арпадан.
- Ұн дайындау үшін қандай арпа, бидай керек?
- Таза, жетік піскен, жоғары сапалы бидай керек.
- Дұрыс, жарайсыңдар. Үстелден тұрар кезде біз не айтатын едік, балалар?
- Ас қайырып, бата береміз. (бата айтады)
- Қане, балалар ұн дайындайтын бидай мен арпаны зерттеп қарайық, егуге жарамдысын алайық. Бүтін, таза, шірімеген арпа мен бидайды үлкейткіш әйнектің көмегімен таңдап алайық. (салыстыра қарайды).
Бидай мен арпаның ортасын кесіп, үстелдің үстіне қойылған.
- Балалар, сендер көздеріңе жақын тұтып қарап көріңдер. Айырмашылықтарын айтайықшы.
- Бидайдың түсі қоңыр, қысқалау, сырты тегіс, жылтыр. Арпаның сырты кедір - бұдырлау, ұзынша, түсі сарғылт.
- Өте жақсы, жарайсыңдар. Ақ түс болып көрінген, балалар, арпа екен. Қоңыр түс болып көрінген бидай бұл толық піскен бидай тұқымы, бұдан жоғары сапалы ұн дайындалады. Бұндай таза бидай мен арпадан жақсы бітік астық өседі. Балалар, біз тұқымнан мына құралдардың көмегімен көптеген айырмашылықтар таптық.
- Жылдың қай мезгілінде егін егеміз?
- Көктемде.
Онда қане, балалар, егіп көрейік, өскенде қанда болады екен. (жеке ыдыстарына өздері тұқым салады) Қалай егеміз?
- Бірінші, топырақты дайындаймыз. Екінші, топыраққа тұқымды салып бетін жабамыз. Үстіне су құямыз. Тез өсуі үшін жылы сөздер айтайық.
- Өс - өс, менің бидайым, жылдамырақ, жылуымды берейін.
- Өскен кезде бірдей болып өсетін себебі бұл өсімдіктер астық тұқымдастар туысқан болғасын түсі, жапырағы бірде болып өседі. бұның бәрі табиғаттың құпиясы, балалар.
- Балалар, бәріміз мына көрініске қарайықшы. Бұл қай мезгіл?
- Көктем.
- Көктем қандай тамаша! Күн жылынады, құстар ұшып келеді, адамдар жер жыртып егін егеді. Су тасиды одан өту үшін көпір жасайды.
- Балалар, мына қима суреттерге қарайықшы, нелер бейнеленген екен. Ал енді, бәрін біріктірейік. Енді қандай көріністі көрдіңіздер?
- Көктем мезгілі. (сурет бойынша сөйлеу)
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Дұрыс, бүгін, біз қай мезгілдегі еңбектерді айтып білдік? Сипаттама берейікші.
- Көктем мезгілі. Егін егеді, ағаш бүршік жарып, жапырақ өседі. Құстар ұшып келеді, ағаш бұтағына қонады. жер бетіне шөп өседі, төлдер ойнақтайды.
- Көктем мезгілі туралы тақпақ айтып жіберейік.
Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп сайрасып,
Төлдер ойнап, секіріп
Қуанып бір қалады.
- Ал, енді, осы айтқандарымызды іс жүзінде көрсетейікші, балалар. Қане, ортаға жақындайық. Ағашта нелер пайда болады? (ортаға ағаш қойылады)
- Жапырақтар пайда болады. (3 - 4 бала жапырақты қыстырады)
- Нелер ұшып келеді?
- Құстар ұшып келеді.
- Құстар қайда қонады?
- Ағаштың бұтағына қонақтайды. (3 - 4 бала құстарды отырғызады)
- Көк шөп қайда өседі?
- Жерде (2 - 3 бала әкеліп қояды)
- Төлдер қайда ойнақтайды?
- Көк шөп үстінде (төлдерді орналастырады)
- Бұның бәрі қай мезгілде болады?
- Көктемде
- Жарайсыңдар, олай болса балалар сендердің әр біреулеріңнің алдарыңда көңіл - күйді білдіретін бауырсақтар жатыр. Сабақ соңында сендердің осы көңіл - күйлеріңді қандай екенін осы бауырсақтар арқылы білдіреміз.
- Балалар, бізге қағаздар елінен қонақ келіпті. Қонағымыздың есімі «Қағаз» ханшайымы. Қонағымыз бізге бір тапсырма береді, егерде тапсырманы орындай алсаңдар, «Қағаз» ханшайымы сендерге әкелген сыйлықтарын тапсырады. Тапсырманы орындап көреміз бе?
- Иә
- Қағаз ханшайымы: Сендер өте ақылды, білімді балалар екенсіңдер! Көктем мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер, ендеше маған көктем мезгілін қағаз бетіне түрлі - түсті қағаздан жасап берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін. Бейнелеп бересіңдер ме?
- Иә
- Балалар, істі бастамас бұрын, саусақпен жұмыс істейтін болғандықтан саусақтарды сергітіп алайық.
«Өрмекші»
Күні бойы еңбекпен
Өрмекші өрнек тоқыды.
Нөсер тек кенет селдеткен,
Еңбегін оның жоқ қылды.
Күн шықты қайта жарқырап,
Құрғады тез - ақ төңірек
Өрмекші өрмек тоқуға
Кірісті дереу, тезірек.
- Қане, балалар, жасаған жұмысымызды аяқтайық. Жұмысымызға ат қояйық. Жарайсыңдар балалар, өте тамаша жасапсыңдар рахмет.(сыйлық береді)
- Осындай айналаның бәрі көктеп, көк шығатын болғандықтан көктеді, көгеріп шықты, көктеп өсті, көк шөп шықты деген түсініктен көктем сөзі шыққан. Балалар, осындай тамаша мезгілге арналған ән білеміз бе?
Ән: «Көктем»
- Балалар, сіздерге сабақ ұнады ма? Манағы бауырсақтарымызды тақтаға жапсырайық, сабақта қандай көңіл күйде болдыңыздар.
- БәБІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ: «Қатынас»

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: КӨКТЕМ
САБАҚ ТҮРІ: Дәстүрлі емес.Кіріктірілген сабақ.

Әдіс-тәсіл: репродутивті,көрнекілікті,бақылау,интербелсенді тақта,АҚТ

Жұмыс түрлері: топтық,өздік

ПАБ: сурет,тіл дамыту,мүсіндеу,информатика,қазақ әдебиеті

 

Тіл дамыту: Б.Жақып «Көктем»


Сурет: Күн жарқырап,шөп шықты
Мүсіндеу: Құстар.
Оқу орталығы: Көктем жайлы білімдерін толықтыру

Мақсаты:

1.тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру;

2.сөздік қорын байыту, өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білуге дағдыландыру; ұсақ қол бұлшық еттерін дамыту;

3.қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту

Сабақтың барысы: Интербелсенді тақтада көктем суреті

1. Ұйымдастыру кезеңі. Қуаныш шеңберіне тұру. Сәлемдесу.

2. Сабақтын мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Бүгінгі сабақта біз сендермен көктем жайлы әңгімелесеміз.

Қызығушылығын арттыру
– Жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын атаңдар (наурыз, сәуір, мамыр)
- Көктемде табиғатта, адамдар мен жануарлар өмірінде қандай өзгерістер болады? Көктемде ағаштар қайтеді? Айтыңдаршы көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді? Елін сағынып келгенде достарымызды Қазақстан даласында ешкім мылтық атып қарсы алмайды. Себебі көктемде құс атуға тыйым салынған. Сондықтанда құстарға қамқорлық жасау керек,ұя жасап, тамақ беріп, қорғау керек.

Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер құлпырады. Бой көтеріп гүлдер өседі.( Тақтадағы суреттерді көрсету) Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері.

Олар бәйшешек, қызғалдақ, жауқазын.

Табиғатымызға сән көрік беретін ағаштар оларда көктем келісімен бүршік жарып бой көтереді. Түбін қопсытып, суарып күту керек,

Қазір мына өлең жолдарын тындандар.

Көктем келді бүгін


Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Түрлі-түсті әйбәт,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызыл – жасыл аймақ,
Қырға шықтық ойнап.
Өлеңде көктемгі табиғаттағы өзгерістер қалай суреттеген?
Балдырғандар жауабын тыңдау,толықтыру.Кім КӨКТЕМ туралы тақпақ біледі мәнерлеп айтып беріңдерші. ( Балалардың тақпақтарын тындау)
Қазір балалар біз сендермен 2 топқа бөлініп топпен жұмыс жасаймыз.

Балаларды 2 топқа бөлу.


1-топ – сурет орталығы
2-топ – мүсіндеу.
Сергіту сәті. Өлең тындау интерактивті плакат..
Орталықтарда жұмыс жасау.
Сурет орталығы:
1-топтың тақырыбы: Күн жарқырап, шөп шықты.
мақсаты:көктем туралы сурет салу
Көктем мезгілінде күн шуағын молынан төгіп, жер қызғаннан кейін жасыл шөптер бой көтереді. Қазір біз сендермен күннің жарқырап, шөптердің шыққанын бейнелейміз.
Тәрбиелеуші сурет салу үшін бояудың қай түрін қолданатынын анықтап, сурет салу жолдарын түсіндіреді.
Балалар жұмысқа кіріседі. Тәрбиеші шамасы келмегендерге көмектеседі.
Көктем келді бүгін
Күнім төкті нұрын өлең жолдарын жаттау

Мүсіндеу орталығы:
2-топтың тақырыбы: Құстар
Мақсаты: балаларды мүсіндеуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. Техникалық дағды мен іскерліктерін қалыптастыру. Ермексаз кесектерін жұлу, үзу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Ермексазбен құстардың бейнесін мүсіндеу. Көктемде жыл құстарының қайтып келетінін, ең бірінші қараторғайдың келетінін айту, құстар ұя салып, балапан шығарып, оларды ұшуға баулиды. Ермексазбен құсты қалай мүсіндеу керектігін түсіндіріп, көрсету.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар. өлең жолдарын жаттау.
Оқу орталығы.
Ұжымдық жұмыс:Көктем
мақсаты:
Балдырғандардың ұсақ қол бұлшық еттерін дамыту,көктем мезгілі туралы мағлұматтарын толықтыру, кеңейту,сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс және түсінікті жеткізе білуге үйрету
– Қырда кімдер ойнайды? Балалар 
– Олар ойынды немен ойнайды? Доппен

Рефлексия:

Суретке қарап кім маған әңгіме құрап береді. (балалардың әңгімесін тындау)
Қызыл – жасыл аймақ,
Қырға шықтық ойнап. Өлең жолдарын жаттау.
Әр орталықтың жұмысын көрмеге қою, бағалау,мадақтау. Өздеріне бөлінген өлең жолдарын хормен айту.
Сабақты қорытындылау. Көктем жайлы білімдерін бекіту.

Бағалау


Марапаттау

Каталог: uploads -> doc -> 077d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
077d -> Сабақ жоспары Мерзімі : 18. 02. 2015 Сыныбы : 3 «а» Пән атауы : қазақ тілі Сабақтың тақырыбы : Көктем
077d -> Сабақ тақырыбы: Б. Момышұлы «Жауынгер тұлғасы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет