Сары жапырақтар жауғанда



бет1/3
Дата06.11.2016
өлшемі0,53 Mb.
#1147
  1   2   3
Сары жапырақтар жауғанда
Мақсаты:
1) Алтын күз мерекесін өткізу.
2)Күз туралы түсініктерін кеңейту.
3)Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Алтын күз» жазуы бар қағаз, әр түрлі суреттер,баян аспабы, үнтаспа т.б.
Барысы:
«Саржайлау» әні ақырын орындалады.
І) Әнұранмен бастау. Балалар орындарынан тұрып бәрі бірге әнұранды айтып шығады.

Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз,


Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күзге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,


Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

ІІ) Балалар біз сендермен жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз? «Алтын күз» ханшасын ортаға шақырайық, балалар!


-Амансыңдар ма,балалар! «Мен сендерге қонаққа келдім,сыйлық әкелдім.»Төрге шығып отырады.

-Ал енді сендер өздерің жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.


Амандасу
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
КАМИЛА
Күзде жауын,бұлт,тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.
МЕРЕЙ
Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
ЖҰЛДЫЗ
Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдің бе,
Сыңсып бағың мәуелеп.
ФАРИЗА
Қамба толды астыққа,
Алғыс саған,алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.
ҰЛПАН
Сәбіз
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де! ШЫНТАС
Жүзім
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
НҰРАСЫЛ
Өрік
Мен өрікпін,өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.
НҰРҒАЛЫМ
Шие
Мен шиемін,шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Мөлдір
Қызанақ
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген?
Айша.
Алма
Мен алмамын,алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
АЙЗЕРЕ
Шалқан
Кім білмейді шалқанды,
Талайлар маған таң қалды.

Нұрай
Күн


Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.

- «Қара жорға» биі

-Ойын ойнайық балалар: «Картоп жинау» ойыны

- «Жапырақтар» биі қыздардың орындауында.

ІІІ) «Шалқан» орыс халық ертегісі.
Кейіпкерлер:
Олжас - Шалқан
Чингизхан - Ата
Айжан- Апа
Назерке - Қыз
Әбілмансұр – Күшік 
Зарина – Мысық
Мөлдір – Тышқан
- «Күрең күз» вальс биі 

ІҮ) «Балақан» әні –бәрі бірге хормен айтады.


Сергіту сәті:
«Ағаштар»
Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел соғады.


Кіп-кішкене ағаштар,
Үлкен болып өседі.

Ү) Хормен ән


«Біз өмірдің гүліміз»

ҮІ) Би «Шоқ қыздар» ұлдар билейді.


- «Құстар» әнін бәріміз бірге қосылып айтамыз.
- «Алтынкүз» ханшасы балаларға сыйлығын таратып береді, рахметін айтып қоштасады.


Менің тұңғыш президентім
Мақсаты:

а)Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.


ә)Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, жүрек шар, сандар.

 

Түрі: тәрбие сағаты



Барысы:

І. Мұғалімнің сөзі:



Мұғалім: 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Ендеше, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайаткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.



Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Айзере

Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.

Асқақ болып еліміздің жалауы,


Мәнгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.

Еліміздің тыныштығын ойлайтын,


Халқым менің Елбасыны қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев!

1  - Бірінші президент 

Президент өмірбаянынан мағлұмат.

Мұғалімнің сөзі: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында туған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілген.
Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынап оқыған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр.Соның бірі «Елбасы жолы» фильмытуралы. Ол үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға былтыр шықты. Оны сендер тамашаладыңдар. «Темір тау» және «Отты өзен» атты бөлімдері қазір қатар түсіріліп жатыр.


(видео көрсету)

Ұлпан:


Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

Нұрасыл:

Ел тірегі- қайратым,

Абыройым, айбатым!

Отан даңқын асырдың,

Көк туымды жайнатып.

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті, Нұр аға!

ІҮ. Н.Назарбаевтың нақыл сөздері.



  • Балалар қағаздың артында Елбасымыздың нақыл сөздері жазылған. Бір-бірлеп алып мағынасын түсіндіреміз.

  • «Жақсыдан бақ қалады»

  • «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ»

  • «Тәрбие ошағы – мектеп»

  • «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»

  • «Бiз үйренетін ұлттанүйреттетін ұлтқа айналуымыз керек»

  • «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында»

  • Сонымен қатар біздің Елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. «Бәйтерек» тобы орындайтын «Сарыарқа әні», Музарт тобы орындайтын «Үшқоңыр» әні, Бекболат Тлеухан орындаған «Елім менің» әні, Әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әні. (Әндерді тыңдату.)

  • Шынтас:

Еліміздің жетістігін бүгінгі,
Елбасының саясаты деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан десе біреу,
Нұрсұлтан Назарбаев дер едім.

Нұрғалым:  

Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Ү.Шын жүректен

- Балалар, сендер білесіңдер 1-желтоқсан «Президент күні» болып қабылданды. Қазір тақтаға шығып, жүрек шарды қолымызға алып, Елбасымызға шын жүректен лебізімізді білдіреміз.

Мерей:


Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ал арманы өрілген.

Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен!









ҮІ. Қорытынды:

1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?


2. Басшы адам қандай болу керек?
Мұғалімнің сөзі:  Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа,  Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.

(Сабақты Қазақстан Республикасының Әнұранымен аяқтау)

Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ.

Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.


Жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар.
Армысыздар аяулы ұстаздар, ата – аналар! Сәлеметсіздер ме балалар!
Бүгінгі Жаңа Жыл мерекесіне қош келдіңіздер!!!
Балалар,ортаға шығып «Жаңа Жыл» әннің орындап берейікші
Ән: «Жаңа Жыл»
Ортаға бес бала жүгіріп шығады.
Нұрғалым:

Аспан жерге төгеді


Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Айзере: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Мерей: Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жыл да жаңа жыр.
Жасыл шырша жаныңда,
Жарқырап бар бала жүр.
Нұрасыл: Қызық думан күн келді,
Жасыл шырша түрленді.
Аяз ата сүйіп терледі,
Үйге кірді төрледі.
Жүргізуші: Жамыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сол шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бәрі бірге: Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Би: «Көңілді би»
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы ортамызға ескі жыл –жылқы жыл келіпті.
Жылан жыл: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балаларым, қарағым,
Күнім, нұрым, жанарым!
Орындалып ойларың,
Құтты болсын тойларын!
Балалар, міне сеңдермен қоштасатын кез келді. Жақсылап Жаңа Қой жылын қарсы алыңдар. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылды қарсы аламыз ба?
Жүздеріне қуаныш нұрын төккен,
Балбұл жаңған беттерін аяз өпкен.
Айналайын, халайық, қарсы алыңдар,
Жаңа жылды асыға көптен күткен!
Қой жылы кіреді
Қой жылы: Армысыздар халайық
Бармысыздар, халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Қой жылымын. Мені шын ықыласпен қарсы алғандарына рахмет! Жаңа жылдарын құтты болсын!
Бүгін мен сендерге мына тұрған үйіміздің сиқырлы кілтін тапсыруға келдім.
Жүргізуші: Ал ол үйдің ішінде не бар екен?
Жылқы жылы: Оның ішінде көптеген балаларға арналған сыйлықтар бар.
Жүргізушіге кілт тапсырады.
Жүргізуші: Олай болса балалар шыршамызға іліп қояйық. Жаңа жыл кешінен кейін үйді ашамыз.
Кілтті іліп қояды
Жылқы жылы: Мен бүгін сендердің мерекелеріңді көріп тамашалайын,қандай өнерлерін бар екен?
Жүргізуші: Отырыңыз, сізге біздің балалар көптеген өнерлерін көрсетеді. Тамашалаңыз.
Балалар шеңбер жасап тұрады
Ән: «Жасыл шырша»
Жүргізуші: Өте жақсы балалар. Сендердің «Ертегілер еліне» барғыларың келе ме?
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы «Ертегілер елінің» іші тыныш, неткен керемет әдемілік!
Осы кезде қызыл телпек кіреді
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз ертегідегі Қызыл телпексіз.
Қызыл телпек: Балалар, біздің «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер»! Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешіп көріңдер.
Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір – ақ асады. Бұл не?
Балалар: Қоян
Осы кезде қоян секіріп кіреді
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қай ертегідегі қоянмын? Қалай ойлайсындар?
Балалар: Бауырсақ ертегісіндегі қоянсың.
Қоян: Жарайсыңдар балалар,ал сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар бірге: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Тағы бір жұмбақ жасырайын.
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Бұл кім?
Балалар: Аю
Қорбаңдап аю келеді.
Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен қай ертегіден келдім?
Балалар: Сіз «Маша мен аю» ертегісіндегі аюсыз
Аю: Өте жақсы. Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер. Ал аю туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар: Алып батыр балпаңмын
Ақ ниетім дарханмын.
Басқа аңға тимеймін,
Балпаң, балпаң билеймін
Қызыл телпек: Қандай тамаша.Тағы жұмбақ шешесіңдер ме? Қай ертегі екенің таба білесіңдер ме?
Мен атадан қаштым,
Мен әжеден қаштым,
Қояннан да қаштым
Балалар бұл қай ертегіден?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі
Сәлеметсіңдер ме балалар. Ал «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақты кім жеп қояды?Өзі айлакер, қу.
Балалар: Түлкі
Осы кезде майысып түлкі келеді.
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен түлкімін. Жаңа жыл мерекесіне келдім. Маған арналған тақпақты айтып беріңдерші.
Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ло енді
Шырқатайық ән – жырды,
Шырқатайық өлеңді.
Бір бала ән айтады,ал аңдар билейді
Ән: «Ертегілер»

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Бәрі ертегілерді біледі екенсіңдер.Ал маған сендермен жаңа жылды қарсы алуға болады ма?


Балалар: Ия.
Жүргізуші: Отыңыз Қызыл телпек. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ақсақалды шал жылына
Бір – ақ рет келеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
Оның орнына сыпырғышпен Мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан кемпір: Ой, қандай керемет шырша! Қандай әдемі, үйге алып кетейін бе?
Шыршаны жұлмалай бастайды.
Жүргізуші: жетер, тиіспеңіз, бұл біздің шыршамыз. Бүгін Жаңа жыл мерекесі.
Мыстан кемпір:Ойланып. Жарайды шыршаға тиіспеймін. Бірақ сендер менің бір жұмбағымды шешіңдер. Балалар шеше ала ма екен?
Қалтасынан кәмпиттерін алып шығады, оның ішінде жұмбақ жасырулы.
Бірінші жұмбақта таппайды;
Екінші жұмбақта кәмпит табылады;
Үшінші жұмбақты балалар шешеді
Мыстан кемпір ашуланып, шыршаның үстіндегі сиқырлы кілтті көріп қояды. Әрі – бері жұлмалап шыршадан кілтті алып, үйді ашпақшы болады.
Кәне ашып көрейін, ішінде алтын бар шығар.
Әне – міне ашам дегенше далада боран соғып, мыстанды боран алып кетеді. Балалар кемпірді қуады. Кілт қалып қояды.

Жүргізуші: Балалар, тағы да көрейік аяз атаны шақыруға.


Балалар аяз атаны шақырады. Аяз ата кіреді.
Аяз ата: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймын бәріңді
Жасым келіп қартайған
Мен ақ шашты атамын.
Өздерін сияқты балалардың шат күлкілі думан тойын аралап келемін. Міне сендердің орталарыңа да жеттім.
Ау бүлдіршін қыздарым
Жас жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерін,
Қуанышты силайын.
Ортаға балалар шығып тақпақтарын айтады
Камила: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Жүргізуші: Шеңберге тұрып Аяз атаға әнімізді шырқайық
Ән: «Аяз ата»
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Өлең – жырларына көп рахмет.
Жүргізуші: Аяз ата мен сізге сиқырлы кілтті ұсынайын.
Жүргізуші кілтті ұсынады. Аяз ата үйді ашады. Қаптың ішінен сыйлық беретін кезде мыстан кемпір шығады.
Мыстан кемпір: Ку- кук. Мен мұндамын. Күтпедіңіздер ме?
Аяз ата: Мыстан кемпір не істеп жүр қапшықтың ішінде?
Сиқырлы таяқшасымен айналдырады
Аяз ата: Бір, екі, үш!!!
Сиқырлы таяқша
Бер қапшыққа күш!!!
Осы кезде Мыстан кемпір Ақшақарға айналады.
Жүргізуші: Қандай керемет! Сәлеметсіз бе Ақшақар
Ақшақар: Келді міне Жаңа жыл
Қуанышпен біздерге
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді!
Аяз ата: Қызым кәне шыршаны жағайық. Балалар сендердің көмектерін керек. Бәріміз бірге «Шырша шамы жарқыра» деп айтайық.
Шырша жанады
Аяз ата: Жаңа жылға арналған
Кімнің қандай әні бар?
Айналайық шыршаны,
Кімнің қандай сәні бар?
Ән: «Қыс келді»
Тақпақтар
Нұрай: Сылдырлайды моншағы
Шыршамыздың мол шамы
Бізбен бірге жайдары
Жарқырады, жайнады.
Би: «Ақша қарлар»
Сағат соғысы.
Аяз ата, Ақша қар, Қызыл телпек, аңдар және Чупа – Чупс сыйлықтарды шанамен алып келеді.балаларға таратты.
Аяз ата: Бізге де қайтатын уақыт келді. Жаңа жыларын құтты болсын!!!Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт, шаттық, қуаныш әкелсін.

Күні:


Сауат ашу

Сабақ тақырыбы:    Б дыбысы мен әрпі


мақсаты:    а) Б дыбысы мен әрпін таныстыру. Б дыбысы бар


сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сөздерді
дұрыс оқып, сауатты жазуға төселдіру. Б әрпінің баспа және
жазба түрлерін таныстыру.
ә)  Ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
б)  Оқуға, білімге  деген қызығушылығын қалыптастыру, достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі:                    Аралас сабақ.
Әдісі:                  Сөздік, жұмбақтар шешу, ойындар, көрнекілікпен жұмыс
Көрнекілігі:     Суреттер, буындар, кеспе әріптер, дидактикалық ойын түрлері.
Сабақтың жүру бағыты:       I.   Ұйымдастыру.
                                   Назарларын сабаққа аудару.
                                                 II. Үй тапсырмасы.
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

М қандай дыбыс?


М әрпінен басталатын сөздерді кім көп біледі?
                                          III. Үй тапсырмасын бекіту.
а) Тақтада 2 оқушы «адам, қадам» сөздерін жазып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды бормен белгілеп, әр бағандағы сөздердің буын ұқсастығына мән беріп, қ дыбысын қосқанда, жаңа сөз жасалатынын айту.
ә) Кеспе әріптермен 2 оқушы  «монша, моншақ» сөздерін құрастырып жазып, буынға бөледі.
(буын ұқсастығы, айырмашылығы, қ-дыбысын қосқанда, жаңа сөз жасалатынын айту)
б) Отырған оқушылар «Май, шам» сөздерін дөңгелекшелермен жазады, сол сөздерге қатыстырып сөйлем ойлайды. Сөйлемде неше сөз барын айтады.
                                          IV. Жаңа сабақ
                                Жұмбақтар шешу
а)  1. Ол суда жүреді                                          (балық)
     2. Бір көзім: «Кідір!»-дейді
         Бір көзім: «Жүгір!»-дейді
         Бір көзім: «Абайла!»-дейді
         Қарап ал, маңайға!-дейді                           (бағдаршам)
1.                            Өлең
         Бақа, бақа балпақ
         Басың неге жалпақ?
         Көзің неден тостақ?
         Бұтың неге жалпақ?
      — Өлең не туралы айтылған?                                (бақа)
ә)   — Осы: «Балық, Бағдаршам, Бақа» сөздеріндегі алғашқы дыбыс қандай?
      — Б дыбысы
      — Ендеше, бүгін біз «Б» дыбысымен танысамыз.
б)  «Б»-дыбысы дауыссыз дыбыс.  Бб (ббббб) хор айту.
    (-еріннің  бір-біріне нық тиіп, тез ашылуынан б дыбысы пайда болады.
    Ұяң дауыссыз дыбыс.
     Б-сөздің басы мен ортасында кездеседі.
в) Б әрпінің баспа, жазба  бас және кіші әрпімен таныстыру.
г) «Бақа» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
д) Бағандағы сөздерді буынға бөліп, хормен оқыту, мағынасын түсіндіру.
                                 V Сергіту сәті
     Қане, қанат жазайық,
     Қарлығаш боп ұшайық.
     Ұшып-ұшып алайық.
     Орнымызға қонайық.
     Әдімі етіп жазайық
                                VI    Дәптермен жұмыс
Б дыбысының жазылуын тақтада жазып көрсету.
Ауада жазу.
Өз беттерінше дәптермен жұмыс.                                             
                                       VII   Оқулықпен жұмыс
1. Сөйлемдерді оқыту.
Болат, ба-ла-пан-дар-ға қара, жем шаш, су бер, тамақтандыр.
                          (5 буын, 3 сөз бар)
                                       VIII    Сөздік диктант.
    Қар, нан, мата, доп, тау.
                                        IX   «Әріп және сөз» ойыны.
а) жоғалған әріп:
                             Там…қ,  мақт…,  Арм…н, мат…, қ…й.
ә) Шашылған әріп, сөз құрастыру:
           1)     м,а,т,қ,а  (мақта)
           2)     м,л,а       ( мал)
           3)     м,л,о       ( мол)
                                        X   Жұмбақтар
1.      Жазу жазып жалықпаған,
          Жаза-жаза арықтаған                                 (бор)
2.      Аласа сөзіне қарама-қарсы сөз                 (биік)
                                       XI   «Неге айналады?» ойыны арқылы сабақты қорыту.
- Жұмыртқа неге айналады?                              (-балапанға)
- Дән неге айналады?                                          (-бидай,арпаға)
- Гүлдер неге айналады?                                    (-жеміске)
- Көжек неге айналады?                                     (-қоянға)
-Уылдырық неге айналады?                              (-балыққа)

Осы: балық, балапан, бидай, сөздеріндегі б дыбысы қандай дыбыс?


Б дыбысы қалай пайда болды?
Б сөздің қай жерінде кездеседі?
Б дыбысы қалай жасалады?
                             XII     Бағалау
Белсенді жақсы орташа оқушыларды мадақтау арқылы бағалау.

Ашық сабақтың тақырыбы: Құрбан айт – қасиетті мереке Ашық сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру. 2.Тәрбиелілік: Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Ашық сабақтың көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер, діни кітаптар. 1.Құрбан шалу – мұсылмандықтың маңызы. 2. Құрбан шалу көрші ақысын еске түсіріп, татулыққа бастайды. 3. Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді. 4. Құрбан шалудың қоғамдық пайдасы мол. Ашық сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Ашық сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды екі топқа бөлу. ІІ.Құрбан айт туралы не білеміз? Айт – арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі құран мен сүндетке сүйенеді. Біріншісі- Рамазан айты, екіншісі- құрбан айт. Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттармен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт- мұсылманның ұлық мерекесі. Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп. Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп: - Мұсылман болуы; - Ақылды және балиғат жасына толуы; - Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы; - Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын, яки соның құнына тең келетін ақша. Мұндай байлық мөлшері қолында жоқ адамдарға құрбандық шалу міндет болмағанымен, жағдайы келсе құрбандық шалуына рұқсат. Ибраһим (а.с) пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Алла тағалаға жалбарынғанды.Бұл тілегі қарттық шағында болмасы бар ма?! Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқанын көрді.Белгінің Жаратушыдан келгеніне көз жеткізген Ибраһим пайғамбар бұл белгіні орындауға бекемденеді. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз орындалуы тиіс.Ақыр соңында тәуекелге бел буды. «балам түсімде Алланың әмірімен сені құрбандыққа шалуға ниеттеніп, бауыздайтын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?» дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді: «Әкетай,еш тартынба! Хақ Тағаланың бұйрығын не болса да орында.Тәуекел ет!» деді қасқая. Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес,Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді.Сол үшінде қыңқ деместен, «кессең мойным міне» деп пышаққа түсті.Әттең,қанша қайралса да пышақ өтпей қор қылды.Соңынды сынақтан да сүрінбей өтті-ау. Алланың өзі аян білдірді: «Әй, Ибраһим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың.Міндетіңді орындадың. Исмайылдың орнына құрбандық ретінде шаларсың деп қошқар түсірдім. Біз жақсы құлдарды осылай марапаттаймыз!» Иә, Алла тағала сынағаны болмаса, Исмайылды құрбандыққа шалуды қаламады.Ол тек Ибраһим пайғамбардың өзіне адалдығына,әмірін қалтықсыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Ибраһим пайғамбардың кезінде құрбан шалу қажылықтың бір шарты ретінде сүннетке айналып,соңғы елші хазірет мұхаммедке де (с.а.с) жетті.Осы кезден бастап құрбан шалу қажылықтың бір рәсімі ғана емес, бүкіл мұсылман жұртшылығына ортақ құлшылықтың түріне айналды.Құрбан шалу Алла елшісі (с.а.с) Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін,хижраның екінші жылы қажылықтан тыс мұсылмандарға да міндеттелді. Осы күндері айт намазын оқу және құрбан шалу уәжіп ретінде бекітілді. Топпен жұмыс. І. Екі топқа сұрақтар беріледі. Сол сұрақтар бойынша оқушылар жауап береді. 1 топ 1. Құрбан шалудың пайдалары 2. Құрбандыққа шалынатын мал қанша адамға жетеді? 2 топ 1. Құрбандыққа шалынатын малдарға қойылатын талаптар 2. Құрбандықтың уақыты ІІІ. Өзіңді таны І топ Адам бойында кездесетін жаман қасиеттерді жазу. ІІ топ Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді жазу. ІҮ. Мақал –мәтелдер сайысы І топ. Адамгершілік, мейірімділік, ұқыптылық, тазалық туралы. ІІ топ. Еңбек туралы. Ү. Қорытынды Егемен ел атанған көпұлтты мемлекетіміз өткен жылдар ішінде дүниежүзінің қалың жұртшылығына жан-жақты жаңарған, экономикасы серпінді дамыған, өсіп-өркендеу мүмкіндігі мол, діні мен тіліне қарамастан барша адамзат балаын бауырына басқан еңселі мемлекет ретінде танылды. Тұғыры берік тәуелсіздігіміздің басты жетістіктерінің бірі жасампаз халқымыздың ділімізбен қайта қауышуы екені даусыз.Олай болса үш күн бойы аталып өтілетін бұл мейрамның барша мұсылмандар үшін мән-маңызы аса зор, өнегесі өзгеше.Ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы жаратушы Иеміз-Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, міксін жандарға қамқорлық көрсетеді. Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн. Қасиетті Құрбан айт жүрегімізге қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін. Жүрегімізді қуанышқа бөлеп, барлық ақ ниетті істерімізді қолдасын

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Білім беру саласы: «Шығармашылық» Оқу іс-әрекеті: Бейнелеу өнері Тақырыбы: «Қар ханшайымының аязды өрнектері» Мақсаты: Балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге үйрету. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, касса, үлестірмелі материалдар.Ойынға қажетті заттар. Әдіс-тәсілі: Сөздік, көрнекілік,практикалық. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: «Жылулық шеңбері» -Армысыз, шұғылалы алтын күн! - Армысыздар қонақтар! - Армысыздар апайлар! -Сәлем,сәлем достар!!! Психологиялық сәт. Балалар бүгінгі сабағымызда бір-бірімізге жақсы сөздер, тілектер айтумен бастайық.Аспанымыз ашық болсын. Заманымыз тыныш ,денсаулығымыз мықты болсын! Енді барлығымыз орнымызға отырайық. Балалар бір жылда неше мезгіл бар? 4 Ал қазір жылдың қай мезгілі? /қыс/ Қыста ауа райы қандай болады? /суық, аяз, боран, / Қыста не жауады? /қар/ Қардың түсі қандай? /ақ/ Сендер бақшаға қалай киініп келесіңдер? /қалың киініп/ Қысқы ойындарды атайықшы. «Қар атпақ», Шанамен, шаңғымен сырғанау, аққала жасап ойнау. Енді, Қыс қызығына байланысты өлеңдерді айтайық. Ауыл сырты-биік жар- Бізді күтіп тұр қарап. Төбесіне шығып-ап, Жөнелеміз сырғанап. Қандай қызық қыс деген, Бәрін шебер істеген. Бау-бақшаны, тауды да, Бояған ақ түспенен. Сергіту сәті. Балаларды топқа бөлу. І топ: «Ертегіні жандандырушылар» ІІ топ: «Тапқырлар» ІІІ топ: «Тілшілер» Тапсырмалар: І топ: «Алдар мен бай» кейіпкерлендіру. ІІ топ: Жұмбақ айту /қыс мезгіліне сай/ ІІІ топ: Сурет бойынша сөйлеу. Дидактикалық ойын: «Қар қиыршықтарын кім тез жинайды?» Қимылды ойын: « Өзім киіп аламын» Шалбар киеміз Етік киеміз Пальто киеміз Орауыш тағамыз Қолғап киеміз Енді, балалар «Қыс» суретіне қарайық. Ағаштарды не басқан? /қар басқан/ Ағашты қар басып тұрғандықтан, аппақ күмістей жалтырап тұр. Қазір мен сендерге ағаштың үстіне қылқаламмен қар суретін салып көрсетейін (қылқаламды ақ бояуға батырып сүйкей жағу арқылы қар салу) «Қыс қызығы» сабағымыз өздеріңе ұнаса «Қыс қызығы» өлеңін бәріміз қосылып айтайық. Қорытынды : Балалар бүгінгі сабақта біз қай мезгілді әңгіме еттік. Сабақ ұнады ма? Осымен сабағымыз аяқталды. алаларды мақтау- мадақтау.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертенгілік.

Құрметті қонақтар сүйікті балалар ! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 22 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші, өмір 22 жылда біраз өзгеріске ұшырады нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын.


Ән-ұран. Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытан деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Сол боздақтарға арналған таппақтар тыңдаңыздар:

1 Бала:
Қайраттай қайсар ұлдардың


Жанымен келген еркіндік
Жазира мен ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

2 Бала:
Он алтыншы желтоқсан


Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

3 Бала:
Әр қазақтың есінде сақталады


Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.

4 Бала:
Он алтыншы желтоқсан


Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Жүргізуші:


Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.

1-бала:
Елдігімнің – реңі,


Тендігімнің – тірегі
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таным!

2-бала:
Әділеттің ұраны,


Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
3-бала:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Жүргізуші:


Шалқы қазақ шалқитын заман келді. Текке қаның төккен жоқ бабаларын демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі жасасын.

Би: «Шаңырақ»

1-бала:
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық


Каталог: uploads -> doc -> 077d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
077d -> Сабақ жоспары Мерзімі : 18. 02. 2015 Сыныбы : 3 «а» Пән атауы : қазақ тілі Сабақтың тақырыбы : Көктем
077d -> Сабақ тақырыбы: Б. Момышұлы «Жауынгер тұлғасы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет