Сарматтарға жалпы сипаттама және олардың тарихы


Сарматтар туралы деректер



бет2/5
Дата24.04.2023
өлшемі30,05 Kb.
#175318
1   2   3   4   5
Байланысты:
1.9.Сарматтар (1)
darister1-15. geobotania (1), Сессия Геоботаника, бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.8.Сақ мәдениеті (1)
Сарматтар туралы деректер:
-Савроматтар жөнінде грек, рим тарихшылары Диодор, үлкен Плиний, Полибий, Полиэн жазған. Геродот жазбаларында савроматтарды скиф тілінде сөйлеген дейді.
- Ежелгi грек тарихшысы Геродоттың хабарлауынша, савроматтар скиф тiлiне өте жақын тiлде сөйлеген, қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған. Савроматтар дах-массагеттермен, исседондармен туыстас келген.
- Ғалымдар Оңтүстiк Орал, Едiл бойы, Батыс Қазақстан жерiндегi савромат сарматтардың мөлшерлi санын анықтауы бойынша, б.з.б. 3–2 ғасырларда савромат сарматтардың саны 20 мыңға, б.з.б. 2–1 ғасырларда 10 мыңға жуық, ал б.з.б. 1 ғасыр мен б.з.-дың 1 ғасыры аралығында 5–7 мың адам болған.
-Ғалымдар савромат сарматтар санының күрт кемуiн ұзақ жылдарға созылған қатты қуаңшылықпен байланыстырады. Қуаңшылықтың әсерiнен мал саны азайып, өлiм жiтiмнiң көбеюiне әкелiп соқты. Осының әсерiнен савромат сармат тайпаларының рулары басқа отырықшы руларға қосылуға мәжбүр болды.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ
1. Сарматтар жөнінде жазған грек, рим тарихшылары:
Жауабы: Полиэн, Үлкен Плиний, Полибий
2. Савроматтар жөнінде жазып кеткен Рим тарихшысы:
Жауабы: Диодор
3.Савроматтар жөнінде дерек қалдырған:
Жауабы: Полибий
4. Ғалымдардың болжауы бойынша соврамат-сарматтардың б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы саны:
Жауабы: 20 мың
5.Ғалымдардың пайымдауынша савромат-сарматтардың б.з.б.2-1ғғ саны:
Жауабы: 10 мың
6.Сармат тайпалары санының күрт азаю себебінің бірі:
Жауабы: Қатты қуаңшылық
7.Ежелгі грек тарихшысы Герадоттың хабарлауынша савроматтардың тілі өте жақын болған:
Жауабы: Скиф тіліне

Дайлар
-Геродот пен парсы патшасы Ксеркс өз жазбаларында Арал-Каспий теңіздерінің аралығында б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасында өмір сүрген тайпалар туралы жазған. Бұл тайпаларды дах (дай, даг), сақ-массагет деп атайды.
-Дайлар бірнеше ру-тайпадан тұрған.
-Б.з.б. 248-24 жылдары дайлардың апарн тайпасынан шыққан Арсақ (Аршак) бастаған көшпелілер Парфияның бір бөлігін және Гирканияның шеткі аймақтарын басып алды. Олар бұл елде Аршакидтер әулеті билігінің негізін салған.
- Кейбiр пiкiрлер, болжамдар бойынша, ерте темiр дәуiрiнде Маңғыстау түбегiн мекендеген дайлар бүгiнгi Кiшi жүз құрамындағы адайлармен байланыстырылады. Бұл түбi негiзсiз пiкiр емес. Бiрiншiден, дай және адай деген тайпа атауларының сыртқы дыбысталу үндестiгi өте жақын. Екiншiден, екеуi де ежелден осы Маңғыстау түбегiнде, соған көршi аймақта өмiр сүрген.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ
1. Грек деректерінде көшпелілердің тағы да бір атауы:
Жауабы: Дайлар
2. Б.з.б. 248-247жж Парфияны басып алған сармат тайпасы:
Жауабы: Дай, Апарн
3.Дайлардың апари тайпасынан шыққан Арсақтың (Аршақ) Парфияны жаулап алған жылдары:
Жауабы: б.з.б. 248-247 жж.
4.Аршакидтер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы:
Жауабы: Дайлар
5.Скифтерді Каспий теңізінен бастап дайлар деп атаған грек ғалымы:
Жауабы: Страбон



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет