Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Мақсаты: жаңа туған баланың жағдайын бағалау



бет68/130
Дата07.02.2022
өлшемі6,53 Mb.
#84776
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   130
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020

Мақсаты: жаңа туған баланың жағдайын бағалау.


Көрсеткіші: баланың дүниеге келуі.
Кері көрсеткіші: жоқ.

белгілері

баллдары

0

1

2

Жүректің соғу
жиілігі (пульс)

Пульсы жоқ

Пульсы 100-ден кем

Пульсы 100-ден артық

Тыныс алуы

жоқ

Ритімсіз,сирек

Дауысы қатты

Бұлшық ет
тонусы



жоқ

Аяқ-қолдары
Бүгілген

Қозғалыстары
белсенді

Рефлекстері
(мұрын
катетеріне)

Жоқ

Тыжырынады

Түшкіреді
жөтеледі

Тері түсі

Ақ

Денесі күлгін, аяқ-қолдары
көкшіл

Күлгін




Нәтижесін бағалау:
Дені сау балада- 8-10 балл.
Асфиксияның 1 дәрежесінде(жеңіл түрінде) - 7 балл.
Асфиксияның 2-ші дәрежесінде (орташа түрі немесе «көк асфиксия»)- 6-4 балл.
Асфиксияның 3-ші дәрежесінде (ауыр асфиксия немесе «ақ асфиксия»)- 1-3 балл.


Ескерту: жаңа туған баланың жағдайы туылғаннан соң алғашқы 1-ші және 5-ші минутта бағаланады.


Оттегіні беру

Мақсаты: баланы оттегімен қамтамасыз ету.


Көрсеткіштері:

  • цианоз

  • ентігу

  • ШТБ-ны тамақтандыру алдында

Кері көрсеткіші: жоқ.
Әзірлеңіз:

  • Бобров аппаратын

  • Стерильды назальды катетерін

  • Резіңке қолғапты

  • Стерильді резіңке баллонын

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолыңызды жуып құрғатыңыз

  2. Баланың мұрын жолдарын тазалаңыз

  3. Резіңке қолғапты киіңіз

  4. Стерильді мұрын катетерінің ұзындығын өлшеп белгілеңіз/мұрын ұшынан құлақ сырғалығына дейін/

  5. Катетер ұшын фурациллин ерітіндісіне матырыңыз

  6. Сол қолдың бас бармағымен баланың мұрын ұшын көтеріп катетерді белгіге дейін енгізіңіз

  7. Катетерді лейкопластырьмен ұстатыңыз

  8. Катетердің бос ұшын Бобров аппаратының қысқа түтікшесіне жалғастырып, оттегіні 2-3л/минутына жылдамдығымен жіберіңіз

  9. Катетерді салфеткамен шығарыңыз

  10. Пациенттің мұрнын тазалаңыз

Нәтижені бағалау: баладағы цианоз белгілері басылады.
Ескерту:

  • оттегіні ылғалдандырып беру керек

  • оттегіні 30-45мин береді

  • 30-45 минут сайын катетерді қозғалтыңыз(шырышты қабаттың күйігінің және құрғауының алдын алу үшін)


Аяққа қыша ваннасын жүргізу
Мақсаты: балаға рефлекторлы терапия жүргізу.
Көрсеткіші: балада тыныс жолы ауруларының болуы.
Кері көрсеткіші: дене қызуының көтерілуі, баланың қышаға сезімталдығының жоғары болуы.
Әзірлеңіз:

  • 39-40С0 суды

  • құрғақ қышаны

  • шелекті

  • сүлгіні

  • көрпені

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қыша ерітіндісін дайындаңыз 10л суға 100гр қыша(алғашында 1л суға дайындайды).

  2. Суды сүзіңіз.

  3. Баланы орындыққа отырғызып,аяғын қыша ерітіндісі бар суға салып көрпемен жауып отырғызыңыз.

  4. Су суыған кезде ыстық су құйып тұрыңыз.

  5. 15-20 мин соң баланың аяғын шайып,құрғатып,шулық кигізіңіз.

  6. Баланы төсекке жылылап жауып жатқызыңыз,суйықтық ішкізіңіз.



Ерте жастағы балаларға қыша қағазын қою
Мақсаты: балаға рефлекторлы терапия жүргізу.
Көрсеткіші: балада тыныс жолы ауруларының болуы.
Кері көрсеткіші: дене қызуының көтерілуі, баланың қышаға сезімталдығының жоғары болуы, баланың терісінде бөртпелердің болуы.


Керекті құралдар:

  • Стерильды майы бар лоток.

  • Суы бар лоток 40-450С.

  • Қыша қағазы.

  • Жұқа және қалың жөргектер.

  • Қолданылған заттарға арналған лоток


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Қыша қағазының жарамдылығын тексеру.

  5. Баланы беліне дейін шешіндіріп тері қабатын тексеру.

  6. Жұқа жөргекті жылы өсімдік майына салу.

  7. Сығып алып тегіс жерге жайып салу..

  8. Қыша қағаздарын қышасын жоғары қаратып суға 5-10 секундқа салу.

  9. Қыша қағаздарын қышасын төмен қаратып жөргектің үстіне салу: оң жағына 2-4, сол жағына 1-2, ортасында омыртқа үшін бос орын қалдыру.

  10. Жөргектің жоғарға және төменгі жақтарын үстіне қарай бүктеу.

  11. Жөргектің астыңғы жағын жоғары аудару.

  12. Баланы жөргекке омыртқа тұсы бос жерге орналасатындай етіп жөргектің үстіне жатқызу.

  13. Жөргекті балаға орау, жүрек тұсы қыша қағазынан бос болу керек.

  14. Баланы жылы жөргекпен және көрпемен жабу.

  15. Қыша қағазын баланың терісі қызарғанша ұстау.

  16. Қыша қағазын шешу, қолданылған заттарға арналған лотокқа салу.

  17. Баланы жылылап орап 1 сағатқа төсекке жатқызу.

  18. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   130




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет