Сатыбалдиев Дидар Қайратұлы Тақырыбы: XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы



бет4/22
Дата31.01.2022
өлшемі110,46 Kb.
#116526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дидар дип работа
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар статья 1, abuev
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1932-1933 жылдардағыҚақақстандағы ауылшаруашылығының даму ерекшелігі, оның себеп – салдарлары жөніндегі тарихи мәселеге бүгінгі қоғамның тарихшы ғалымдары әртүрлі аспектіде зерттеп баға береді. Мысалы: Статистикалық тұрғыдан зерттеген бірқатар деректерде (қазақ халқының санақтары арасында кейбір сандық сәйкессіздіктер байқалуда) бір миллион адам шамасында нақтыланса, Американдық зерттеуші ғалым М. Б. Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» деп аталатын зерттеу еңбегінде екі миллион адам осы ұжымдастырудың құрбаны болды деп мәлімдейді.

Қазақ елінің тарихында ерекше «өзекті мәселе» ретінде қарастырылатын «Ашаршылық» кезеңі, отандық тарих ғылымында ерекше қызығушылықпен зерттеліп жатыр. Дәл осы кезеңге қатысты көптеген тарихнамалық ғылыми зерттеу еңбектері, докторлық және кандидаттық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялық ғылыми еңбектері жарияланды. Сондықтан аталған тақырыпқа қатысты отандық тарихшы ғалымдар мен зерттеушілердің арнайы зерттеу еңбектеріне тоқталғанымыз жөн.

Ұлт тарихында аса қасіретті және маңызды деп танылған бұл кезеңнің тарихын Т.О. Омарбековтың «Зобалаң» атты арнайы зерттеу еңбегінде 1929-1931 жылдардағы күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы болған өңірлердегі саяси ахуал шынайы баяндалған [33]. Сондай –ақ, автордың 1994 жылы қорғалған «Қазақ шаруаларын жеке меншік қожалықтарынан айыру және ұжымдастыру: тарихы мен тағылымы» атты докторлық диссертациясында жан – жақты талдап, заманауи тұрғыдан баға берген ерекше құнды дерек. Бұл зерттеу жұмысында ашаршылық салдарынан болған демографиялық өсімнің дағдарысы жөнінде нақты тарихи дәлелдер арқылы қортындылар жасалған [34].

Сондай – ақ, көшпелі қазақ елінің дәстүрлі мал шаруашылығының қалыптасқан жүйесін бұзған және ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру, «қызыл қырғын» ашаршылық, сталиндік репрессияны арнайы деректермен тікелей салыстыра отырып қарастырған тұжырымды тарихнамалық ғылыми еңбек болып табылатын С. Ө. Карибаевтың «Тоталитарлық жүйенің Қазақстанның аграрлық саласындағы ұлт саясаты (1925-1937 ж.ж.)» атты кандидаттық зерттеу еңбегі [13].

Елдегі қалыптасқан ЖЭС саясаттың салдары, 30 жылдардағы ел ішіндегі ашаршылық қасіреті мен кеңес билігінің сыңар жақты саясаты Н.Қ. Қаттабекованың «Оңтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылық реформалары және шаруаларға қарсы қуғын-сүргін (1921-1937 ж.ж.)» - деп аталатын арнайы зерттеу еңбегінде тың деректерге сүйене отрырып жан –жақты талданған [15].

1989 жылы «Арай» журналының 11 номерінде Әзімбай Ғали жариялаған «Ашаршылык канша тургынды жалмады?» [5] деп аталатын проблемалық ғылыми мақаласы, 1993 жылы «Жұлдыз» журналының 1 номерінде жарияланған Қ. Галиловтың «Аштық іздері» [6] деген ғылыми мақаласы.

1925 жылдардан бастау алған ауылшаруашылығындағы дағдарыстар және демографиялық өзерістер мен ішкі – сыртқы миграция мәселелері турасында тарихшы ғалым Қ. А. Еңсенов өзінің «Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 ж.ж.)» деген кандидаттық ғылыми зерттеу жұмысында кең көлемде талдаулар жасап, тарихнамалық тұрғыдан жүйелі мәліметтер қорын топтастырған [7].

Тақырыпқа қатысты келесі бір еңбек «Кеңестік тоталитарлық жүйенің Қазақстан ауыл шаруашылығындағы қаржыландыру және салық саясаты: тарихы, сабақтары (1926-1937 ж.ж.)» деп аталған Ж. К. Жұмабаеваның ғылыми зерттеу еңбегі болды. Мұнда 1921 жылдардағы ауыр алым салықтар , тұрғындардың тұрмыстық әл – аухаты, әлеуметтік жағдайы жалпы қоғамдағы салық жүйесінің қоғамға ықпалы жөніндегі арнайы архивтік деректер негізінде қарастырылған. Аталған ғылыми еңбек зерттеу жұмысына қатысты басты тарихнамалық ғылыми жұмыстар деп есептеледі [10].

1921 – 1933 жж аралығында Қазақстанның кезкелген өңірінде ашаршылық нәубеті белең алып, ауылшаруашылығын күйзелткені белгілі. Бұл зұлмат халық толқуларын туғызып, әр өнірде көтеріліс ошақтарын қалыптастырды. Осы бір қазақ даласындағы саяси өмірдің келбеті Б. С. Жұмағұловтың «Кеңес үкіметінің аграрлық саясаты және Адай көтерілісі (1922-1933 ж.ж.)» деп аталған ғылыми диссертациялық еңбегінде тарихи деректер негізінде кеңінен қарастырылып, сапалы тарихнамалық зерттеу еңбегі ретінде пайдаланылды [11].

Ауылшаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру, жаппай репрессия мәселесін тарихи тұрғыдан талдап, тарихнамалық тұжырым жасаған К. М. Жауменнің «Батыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарын күшпен ұжымдастыру: тарихы, тағылымы (1928-1933 ж.ж.)» деп аталған ғылыми зерттеу жұмысының негізгі мәліметтерін дипломдық жұмыс жазу барысында кеңінен қолдандық [12].

2013 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің 48 номерінде М. Каримов «Оны ешкім ұмытуға тиіс емес» атты мақаласы жарияланып, онда қазақ халқының басынан өткен ауыр жылдардағы елдің тағдырына сипаттама бере отырып, тарихымыздағы көптеген көмескі тұстарына сараптама жасаған [13].

Дипломдық зерттеу тақырыбына қатысты келесі тарихнамалық еңбек Ф. А. Қозыбақованың «Қазақстан ауыл шаруашылығындағы «қанаушы топтарды» және жекешелер қожалықтарын жою: тарихы мен тағылымы (1926-1933 ж.ж.)» деген еңбегі болды. Бұл ғылыми зерттеу жұмысында автор кеңестік билік жүйесінің қазақ шаруаларына қатысты және көшпенді өмірді отырықшыландыруға байланысты ұстанымын ашып көрсетуге тырысып көптеген архив деректеріне сараптама жасаған [16].

Ал, «Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үрдістері, тарихи демографиялық аспект (1917-1991 ж.ж.)» деп аталған А. И. Құдайбергенованың ғылыми тарихнамалық зерттеу жұмысында елдегі қалыптасқан миграция мәселесі, оның демографиялық ықпалы жайындағы деректер мен тарихи пайымдаулар кездеседі [24].

XX ғ. 20-30 ж.ж Сталиншіл билік иелерінің қазақ даласындағы күтпеген жерден ұжымдастыру саясатын іске асырудағы өрескел қателік, тарихи қылмыстарын С.Қ. Махмұтов «Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (XX ғ. 20-30 ж.ж.)» деп аталататын ғылыми еңбегінде тарихи тұрғыда жан-жақты зерттеп, ұлттық тарихи сана тұрғысынан баға берген [27].

Қазақ даласындағы жат жерліктердің қоныстануы, қазақ жерінің отарлануы жөнінде Ж. Т. Таңатарова «Қазақ шаруаларын зорлап отырықшыландыру және босқындарды шаруашылықтық орналастыру» деген арнайы ғылыми еңбегінде архив материалдарына сүйене отырып заманауи тұрғыда саяси жағдайды сипаттап берген. Аталған ғылыми зерттеу жұмысы «ашаршылық» жылдарындағы қоғамның келбетін көрсететін ерекше құнды тарихнамалық еңбек деп танылады [52].

XX ғасыр басындағы қазақ даласындағы демографиялық ахуал, демограф ғалым М.Тәтімовтың арнайы тұжырымдары мен зерттеулерінде кеңінен қарастырылып, әрдайым көпшілік назарына ұсынылып отырды. Осындай арнайы зерттеулердің бірі 1992 жылы жарық көрген «Халықнама немесе сан мен сапа. Демографиялық ой толғаныстары» деп аталатын ғылыми жұмыс. Аталған енбекте XVIII ғасырдан бастан ХХ ғасырға дейінгі қазақ халқының демографиялық жағдайы толық мазмұндалған [45]. Ал, «Ауылдағы демографиялық ахуал» деп аталған келесі ғылыми зерттеу еңбегінде, автор әр жылдары болған халық санағы бойынша қорытынды статистикалық мәліметке сүйене отырып, халық санының динамикасына талдаулар жасаған [46]. Сондай-ақ, ғалым М.Тәтімов «Социальная обусловленность демографических процессов» деген еңбегінде 1926 жылғы бірінші санақ қорытындысы бойынша, Қазақ АКСР-і территориясында 3 млн 628 мың халық мекендеді деген қортындыға автор мынадай пікір білдіреді -«12 жыл өткеннен кейін 1939 жылғы санақта халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни 36, 7 %-ға азайғаны тіркелген» - деп есептейді [47].

ХХ ғасыр басындағы халық санының демографиялық өзгеруі туралы М. Тәтімов «Летопись в цифрах» - атты еңбегінде - « егер 1926 жылдағы санақ қортындысына сәйкес іргелес елдерде қазақ ұлтының 314 мың өкілі тұрса, 1939 жылғы есепке сәйкес, ол 794 мың адамға жетті, яғни қоныс аударушылар саны өскен, оның көрсеткіші 453 мың адамға артты» - деген деректі айтады [48].

Тауелсіздік алған отыз жыл ішінде төл тарихымызды зерттеудегі кеткен ақтаңдақтар замауи көзқарас, ұлттық ұстаным тұрғысындағы жаңаша зерттеулермен молайып келеді. Жоғарыда аталған көлемді ғылыми зерттеу еңбектері соның дәлелі екені белгілі. Кеңестік тоталитарлық билік тұсында зерттеуге қатаң тиым салынған тақырыптар зерттеліп тарихи шындық уақыт өткен сайын жүйелі түрде, заман талаптарына сай ашылып жатыр. Бұл бағытта тарихшы ғалымдардың еңбегі өлшеусіз. Сонымен бірге осы бағыттың жанданып толық қанды қызмет істеуіне арнайы. Елбасының тікелей басшылығымен қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы өткен тарихымызды түгендеп, өшкенімізді жаңғыртуға үлкен себепші болды.

Қазақ елінің тарихында қайғы мен қасіретке толы 1930 -1933 жылдар аралығындағы қоғамдық даму мәселесін тарихнамалық зерттеуде әрбір зерттеуші өзінің білім, парасаты жеткенінше тұжырымдап келеді. Мысалы, Т.О. Омарбеков «Ана тілі» газетіне жария еткен «Қазақ байы қалай тәркіленді?» [36], «Ақиқат» журналында 1993 жылы 10 номерінде жария еткен «Меншік иелері қалай жойылды?» [38], және осы журналдың 1-4 номерлерінде «Қазақстандағы халық көтерілісі қалай жазаланды?» [40], деген ғылыми жарияланымдары көпшілік оқырман қаумға таныс болды.

1990 жылы «Қазақстан коммунисіне» журналында Т.О. Омарбековтың «Коллективтендіру: өкініш пен үміт жылдары» [41], атты зерттеу мақаласы біздің зерттеу тақырыбымызға байланысты бағалы тарихнамалық дерек қорларына жатады. «Ана тілі» газетінде 1993 жылы «Тарих тағылымы не дейді?» деп аталатын М.Қ. Қойгелдиев пен Т.О. Омарбековтың [21] проблемалық ғылыми - зерттеу мақаласы жарияланып ұлт тарихындағы қасіретті жылдардың жылнамасын жаңа тарихи деректермен толықтырып, өткен дәуірлер тарихына сын көзімен қарауға шақырды.

Сондай – ақ М.Қ. Қозыбаев, Қ.С. Алдажұмановтардың 1992 жылғы жария еткен «Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру» [19] деп аталған арнайы зерттеу еңбектерінде кеңес билігі басшыларының жер мәселесіне және ұлт саясатына байланысты ұстанымдарын және саяси іс – әрекеттерін еш бүкпесіз баяндап, отандық тарих ғылымының қорын ерекше мазмұндағы тарихнамалық еңбекпен толықтырды.

Соңғы уақытқа дейін аталған проблеманы зерттеп - талдау үшін 1 және 2 Бүкілодақтық халық санағы (1926 жылғы 17 желтоқсан және 1939 жылғы 15 қаңтар) деректерін негізгі ресми құжат деп санап, барлық тарихи ақпарат сол арқылы жарияланды. Бұл ресми құжаттардың арасы 12 жыл 1 ай болды. Жергілікті халық санының өзгеруі дәл осы аталған санақтар барысында жарияланды. Мұндағы мәліметтердің мазмұны, адам санының шамадан тыс азаюы екі санақтың нақ орта тұсында болғандығын көрсетеді.

1997 жыл Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Жалпы ұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жариялануы саяси қуғын – сүргінге ұшыраған ұлт тарихының күрделі мәселелерін зерттеуге мол мүмкіндіктер жасады. Отандық тарихшы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бұл қолдаулардың арқасында көптеген ғылыми зерттеу еңбектерін жазып қалдырды. Мәселен, Т. Омарбеков, Х.С. Алдажұманов сынды танымал ғалымдардың зерттеу еңбектерінде ХХ ғасырдың 20 - 30-жылдарындағы күштеп коллективтендіруге қарсы шаруалар көтерілістері мен қозғалыстар тарихы зерттелді. Қазақстан Республикасы бойынша саяси қуғынға ұшыраған адамдардың ортақ қоры жинақтала бастады. Тарихшы ғалым С. Жәкішева жинақталған ресми мәліметтер жиынтығын ТМД елдерінің «Қайта оралған есімдер» атты бірегей электронды документтер базасына [25].

Көшпелі өмір салтына бейімделген қазақ халқын жаппай отырықшы шаруа қожалығына біріктіруге ұйымдастырудың ерекшелігі, қазақ даласындағы аграрлық реформалар кейбір шетелдік тарихшы – ғалымдардың, атап айтар болсақ Х. Сетон-Уотсон, Э. Карр, Я. Матли сынды зерттеушілердің қызығушылығын тудырды. Еркін ойлау жүйесіне қалыптасқан бұл ғалымдар большевиктердің ауыл шаруашылығына қатысты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыруда көптеген, өрескел қателіктерге жол бергендігіне көз жеткізді.

Күштеп ұжымдастыру барысындағы қазақ халқының қоғамдық - саяси өмірі, тұрмыстық жағдайы М. Олкоттың ғылыми зерттеу еңбегінде жарияланды, онда, қазақтардың күнделікті өмірінің барлық саласын отарлаудан аластату үшін күрескен ұлт зиялылары мен бұқара халықтың Кеңес билеушілері арарсындағы қарым – қатынасы сипатталады. Ресей отарлаушыларының саяси мақсатын іске асыруды көздеген кеңес билігі жергілікті халықтың қажеттілігін толық қанағаттандырмады. Қорыта айтқанда, дейді М. Олкотт, түрлі себептерге сәйкес, Коммунистік партияның басшылар ұжымдастырудың нәтижесі көшпенді қазақ даласында үлкен экономикалық, мәдени және әлеуметтік ауыр қатерлерлерге алып келерін алдын ала болжай алмады және «геноцитттік» әрекеттердің орын алуна жол берді. Дегенмен, қазақтар басқа да орта азиялық халықтар сияқты, бұл үрдістің ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әдет – ғұрып пен дәстүрлі өмір салтына төнген әлеуметтік – экономикалық қауіп ретінде қабылдады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет