Сатыбалдиев Дидар Қайратұлы Тақырыбы: XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы


Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу



бет8/22
Дата31.01.2022
өлшемі110,46 Kb.
#116526
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Дидар дип работа
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар статья 1, abuev
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу. Дипломдық бітіру жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары 2021 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағында мақалада ретінде баяндалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөліммен пайдаланылған әдебиеттерден құралған.


1 ШАРУАЛАР МӘСЕЛЕСІ, КЕҢЕС МЕМЛЕКЕТІНІҢ АГРАРЛЫҚ САЯСАТЫНДА
1.1 Ленин бастаған большевиктер көсемдерінің жер және шаруалар мәселесіне байланысты ұстанған көзқарастары
1917 жылғы қазан социолистік революциясының жеңісі нәтижесінде билікке большевиктер партиясының келуі экономикалық дамудың төменгі сатысында қалған отар халықтарға, сол сияқты қазақ халқына да, әлеуметтік теңдік әпермекші болды. Әрине, мұны іске асыру үшін ең алдымен елдің іс жүзіндегі экономикалық артта қалуын жою әділет жолымен шешу, өнеркәсіп саласын дамыту, мәдени артта қалушылық пен сауатсыздықты жою, бір сөзбен айтқанда отарлық езгі қалдықтарын жоюдың орасан зор маңызы болды.

Кеңес мемлекеті тарихи аренаға шығысымен-ақ «Бітім туралы Декрет» және «Жер туралы Декрет» сияқты атақты заңдарымен қарапайым халықты өзіне қарата бастағаны белгілі. 1917 жылы 26 қазанда Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде В.И. Ленин қол қойған «Жер туралы Декрет» халық арасында осындай зор құрметке ие болды. Онда жер шаруаларға беріледі, помещиктік жер иеленушілік жойылады деп жарияланды. Халықтың кеңестер билігі жағына шығуының басты себептерінің бірі осы еді. Ленин ешқандай үкіметтің бұл Декреттің күшін жоюға, жерді помещиктерге қайтарып беруге әлі келмейді, бұл Қазан революциясының ең маңызды жетістіктерінің бірі болды және аграрлық ревлюция елде іске асады, ол бүгіннен бастап күшіне енеді деп айтуы жер мәселесінде түбегейлі өзгерістер болатынын көрсетті [25; 239].

Бұл Декрет бойынша помещиктік имениелер болыстық жер комитеттерінің және шаруалар депутаттарының уездік кеңестерінің қарамағына көшті де, біртіндеп жер кеңестік реформалар негізінде қайта бөліне бастады. «Жерді кім өз еңбегімен өңдейді – жер соныкі» деген Коммунистік партия мен кеңес үкіметінің ұраны шаруалардың жалпы саяси белсенділігі төмен болса да, оларды өзіне тартты. Алайда оларды бірден ұжымдық шаруашылыққа көшіру туралы ол кезде мәселе қойылған жоқ.

20-жылдардың екінші жартысынан бастап кеңес мемлекеті экономикалық және саяси күйреуден арыла түсті, ЖЭС идеологиясынан бас тартып, саясатын қайтадан Қазан революциясының бағытына бұрды.

Нақ осы кезеңде «еңбекшілердің таптық санасына» сүйене отырып, ал іс жүзінде бәрібір сол тобырдың люмпен-пауперлік психологиясымен режим дәстүрлі құрылымның қызметі мен ұдайы өндірісі тетігінде тура қиратушы бей-берекетсіздік процестерді туындата отырып, реттеуші акцияларды жүргізуге, әлеуметтік топты ұйымдастырудың қалыптасқан экожүйелік тәртібімен, яғни жинақтап айтқанда этностың тіршілік ету жүйесінде әлеуметтік-мәдени және институттық басымдықтарын ұйымдастыруға тырысты.

Осы айқындаманың дұрыстығын, тарихи іс-қимылдардың ақиқат бейнесін анықтауға біраз уақыт кететін бірқатар шешуші жайттарды алдын ала зерделеп алмайынша, біз бәрібір мәселені түйсіне алмаймыз. Ең алдымен, мүмкіндігінше, қысқа да болса, негізгі дәстүрлі әлеуметтік топты ұйымдастырудың және оның «тірек конструкцияларын» - мал өсіруші жайылымдық-көшпелі қауымдарының басты құрылымдық-функционалдық принциптерін тұтас қарастыруға тура келеді.

Осы ой орамында басты мәселеге, мал өсіруші шаруашылықтардың (Қазақстанның қуаңшылық жағдайында шаруашылық-мәдени тірліктің басты түрі болып табылатын) мақсаты «күнкөріс экономикасы» болғанын атап көрсеткен жөн. Соңғысына өндіріс құралдарын ұдайы қайта дамытып, өсіріп отырғанда (мал мен жайылымдық) және қажетті азық-түлікті өндіргенде ғана қол жеткізуге болатын еді.

Алайда осы императивті міндет қарапайым тірлік кешкен көшпелі мал өсірушінің қолынан келмеді. Және бұл түсінікті де, не мал жаюды ұйымдастыру, оны өсіріп-өндіру мен түрлі қауіп-қатерден аман сақтау, айналып келгенде, өндіріс құралдарының қарапайым ұтымды тепе-теңдігін (мал саны мен табиғат, яғни су-жайылым қоры арасындағы тепе-теңдік) қамтамасыз ету малдың белгілі бір сандық және түр жағынан көбеюі жағдайында ғана мүмкін еді. Малдың шамадан тыс көбеюі де бірқатар қиыншылықтарды туындатты. Егер мал басының ойластырылған шекте барынша өсуі табиғи мал азығы қорымен қамтамасыз етілмесе, олардың тіршілік ету ортасында жайылым тапшылығына жеткізді, ал мал басы шектен тыс азайып кетсе өрісте жайылатын малдардың өсімпаздық биологиялық және этологиялық ерекшеліктеріне (гендік ерекше жағдайына) орай технологиялық процестерді қалыпты ұйымдастыруға кедергі келтірер еді.

Басқаша айтқанда, мекен еткен ортаны кәдеге жаратудың тиімділігі өндіріс құралдарының сандық-сапалық сипатының оңтайлылығына, бұл жағдайда малдың құрамдық және сандық түріне байланысты болды. Тек тәжірибеде сыналған оңтайлылық (ол шаруашылық және экологиялық ұзақ даму барысындағы тәжірибемен тексеріледі) сақталған жағдайда ғана жеке дара шаруашылық өзіндік ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге, сөйтіп сақталып қалуға мүмкіндік алады.

Осы маңызды тіршілік жағдайына қол жеткізу мақсатында мал өсіретін шаруашылықтар әрқайсысы бір-бірін өндіріс құралдарымен, яғни технологиялық оптимум қалыптасқанға дейін малмен өзара толықтыра отырып бірігуге көшті.

Ол былайша жүргізілді. Мәселен, бір шаруашылықта 200-300 қой болды делік. Бірақ ол, көп сияқты болғанмен, бәрібір бүкіл өндірістік кедергілер кешенін еңсеруге, тиісінше шаруашылықтың қалыпты түрде жүргізілуіне (ұдайы өндіріс құралдарымен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуде) жеткіліксіз еді. Сондықтан шаруашылық жүргізуші субъект өзін қажетті мөлшерге дейін өндіріс құралдарымен (яғни өзінің үлестік малымен) толықтыра алатын басқа шаруашылықтармен бірігуге мәжбүр болды. Ол әрқайсысына кем дегенде 20-25 малы бар 10-12 шаруашылық болуы мүмкін. Осы нұсқадағы қарапайым бірігу өздері күткен шоғырлануға мүмкіндік жасады. Бірігудің әр түрлі нұсқасын алуға болады, бірақ олардың жиынтығы барлық уақытта қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталды [25; 240].

Айтылғаннан шығатын қорытынды, мал өсіруші қауымдарда өндірісті ұйымдастыру оған кіруші жеке адамның тек жанды еңбекті (жұмыс күшін) ұсынушы ғана емес, сондай-ақ аз да болса мал түрінің белгілі бір санына ие болуымен ерекшеленді. Онсыз ол қосымшалық (мал басын өз үлесімен толықтыру) принципін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылды және тиісінше кооперация негізінде пайда болған өндірістік қауымға кіріге алмайды.

Демек, қазақтың жайылымдық-көшпелі қауымдары кооперация негізінде жұмыс жасады. Нақ соңғысы өндірістік күштердің баяу дамуы жағдайында жекелеген адамдардың қолы жетпейтін немесе ішінара қолы жететін еңбек құралдарымен техникалық жарақтануын қамтамасыз ете отырып, компенсациялық (өтемдік) қызмет атқарды. Осы ретте де қауымдық кооперация оның тіршілік етуінің кепілі қызметін атқарды.

Қауым дуалистік (екі бағытты) құрылым болғандықтан (жерге қауымдық және малға жеке меншік, ұжымдық өндіріс пен жеке иелік) өндіріс және бөлу желісінде таралған бүкіл қарама-қайшылықтар жиынтығын сақтады. Соңғысы, атап айтқанда, мүліктік және әлеуметтік жіктерде тіркеледі.

Осындай жікке бөліну нәтижесінде қауымдастардың бір бөлігі кедейленді және қауымнан біртіндеп алшақтады не өндіріс құралдарын (малды) жоғалта отырып, бірін-бірі толықтыру, яғни шаруашылық кооперациясы жүйесінде өз қызметін атқара алмады.

Сонымен бірге байлық, яғни мал мол жинақталған қауымдар да кездесті. Оның санын шоғырланудың айтарлықтай жоғары деңгейінде ойдағыдай көбейткен қауымдық шаруашылықтар қауымдық кооперацияны қажетсінбеді. Шартты түрде ұдайы өндірісті сапалық тұрғыдан өзге принциптер арқылы қамтамасыз ете алатындықтан, тәуелсіз және қауымдық кооперациядан тыс өмір сүруге қабілетті ірі бай шаруашылықтар осылайша қалыптасты. Олар өз қажетін өтеп қана қоймай, қосымша өнімдер де өндіре бастады. Оны қауымдар ысырып шығарған және жаңағы ірі бай шаруашылықтарға жалданған жұмыскерлер жүзеге асырды.

Сөйтіп, шенеуніктер санасында жеңіл тоғысатын «ауыл», «қауым», «ірі бай шаруашылықтар» сияқты түсініктер іс жүзінде бір-біріне мүлдем ұқсас емес еді. Егер ауыл орналасудың тек дәстүрлі қарапайым ғана түрі болса, қауымдық және қауымнан тыс құрылымдар (ірі бай шаруашылықтар) өндірісті ұйымдастырудың белгілі бір және көп жағдайда әлеуметтік формалары мықты ерекшеленетін ұқсас құрылымдар болып табылады [10; 121].

Олардың үйлеспейтін жақтарын дәлірек сипаттап көрелік. Қауымдардың шаруашылық негізін құрамына мүшелер қосып алу арқылы өзін ұдайы өндіріс құралдарымен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз еткен, яғни «күнкөріс экономикасына» қолы жеткен кооперациялар құрады. Қауымда тіпті де теңгерімшілік принципі жоқ еді, көп жағдайда дау-жанжал орын алды: бұл арада мүдделердің қарама-қайшылығы мен қанаушылық көрініс тапты. Соңғысы бүркемелі, яғни жабық сипатта болды: оқшаулану мен қосымша еңбекті иелену әлеуметтік реттеудің (патернализм) қауымдық-жекебастық дәстүрлі институттық қатынастармен, редистрибуция (бөлу) және реципрокация (беру-қайтарым) құбылыстарымен жасырылды.

Қауымға қатысты айтарлықтай әлеуметтік кеңістікте ірі бай шаруашылықтар қалыптасты. Ол енді қауымдық кооперацияға мұқтаждығы жоқ және тек қажетті ғана емес, сонымен бірге қосымша өнімдер өндіруді мақсат тұтқан өндірістік ұйымдар еді. Бұл ретте ірі шаруашылықтар өндірістік жағдай мен өндіріс құралдары монополиясына, яғни бірінде (ірі байларда) болып, екіншісінде болмауына ғана сүйенді. Олар қауымдардан ығыстырылған және капитализмге дейінгі жұмыс күшін жалдау-жалға беру қатынастарына енген, сондай-ақ маргиналдар мен халықтың қайыршыланған тобын құрайтын жеке адамдарды тікелей қанады. Ірі шаруашылық иелері тарапынан болатын қанаушылық үрдіс мейілінше анық көрініс тапты және еш бүркемелеусіз жүзеге асырылды.

Көрсетілген екі құрылым да автономдық негізде ұдайы өндірісті игере және жүзеге асыра алмады. Сондықтан таза экономикалық, сондай-ақ аралық және патриархалды-гендік (рулық) қатынастық байланыстармен ұштасқан өте күрделі өзге макроүлгідегі жиынтық құрылымды барынша кең көлемде құрды.

Осы мейілінше кең қамтылған өндірістік-әлеуметтік қауымдастықты немесе дәстүрлі құрылымды белгілі жорамалмен өзіндік әлеуметтік-экономикалық экожүйе ретінде қарастыруға болады. Оған кіретін барлық элементтер мен жүйелер – қауымдар мен ірі бай шаруашылықтар, кедей-қайыршылар тобы мен маргиналды субъектілер, өздеріне тиесілі өндірістік және шаруашылық-мәдени қызметпен шұғылдана отырып, кеңістік-аумақтық тұрғыда нақты сол табиғи мекен ету ортасын игерді. Және өздерінің осы аумаққа ортақ қатысын олар бірыңғай қызмет ету тұтастығы, яғни экожүйе ретінде қабылдады.

Экожүйелік принцип барлық элементтер мен жүйелердің қатаң түрдегі өзара байланысы мен өзара толықтырушылығын білдіреді. Сондықтан олардың бәрі жеке алғанда қызметтік мәні бар құрылым деп танылды және экожүйе сияқты тұтас құрылымның ұдайы өндірісінде өзінің ерекше қызметін атқарды.

Олардың қайсыбіреулері осы сапаны жоғалтқан жағдайда құрылымнан аластатылды және табиғи түрде істен шықты. Осы жүйенің кез келген элементін күшпен қоршау немесе істен шығару, оларды «экожүйеден» «ығыстыру» құрылымның бүкіл тұтастығын, яғни осы ретте әлеуметтік-экономикалық экожүйені бұзумен барабар еді.

Өз кезегінде соңғысының бұзылмауы «қоғам - табиғаттың» өзара іс-қимыл желісі бойынша сөзсіз түр өзгерту толқынын тудырады, басқаша айтқанда табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлардың серпінді тепе-теңдігін бұзуға қабілетті болып шығады, яғни біртұтас қызметке біріккен, жанды жаратылыстың және ол мекен ететін ортаның қауымдастығы ретінде оның қатаң анықтамасына орай түсінілетін экожүйенің өте күрделі проблемасына әкеп соқтыруы мүмкін [11; 96].

Дәстүрлі құрылым синергиялық, яғни өзін-өзі ұйымдастыратын және ұдай өндірілетін жүйе болып табылады. Оның барлық қызметі мен айланыстары табиғи қуаңшылық кеңістікке әлеуметік бейімделудегі ғасырлар бойғы шаруашылық-экологиялық тәжірибе арқылы пысықталды.

Көлемді деңгейде көзге көрінетін және байқалмаймын ұдайы өндіріс арналары сынды аса күрделі қан айналым жүйесі қалай организмді қоректендіреді. Адам ағзасындағы тепе - теңдігін сақтауға тырысып, ағзаға сыртқы дүниенің еніп кетпеуінүнемі бақылауда ұстап отырады, олай болмаған кезде кез - келген сыртқы күш ұдайы өндіріс дамуын, немесе жүйке жүйесін қысып, тарылтып, адамның иммундық құрылымын нашарлатып, ауыру хәлге немесе сал болып қалуға әкелуі әбден мүмкін еді.

Яғни, кешенді құрылымның экосистемасы және синергетикалық қағидалары организмнің барлық құрылымдық элементтері мен бөлшектерінің оъективті қызмет атқаратынының кепілі, олардың арасындағы қалыптасқан дәстүрлі жүйе ырғағының болуы бүкіл организмнің толық қанды жұмыс жасайтындығын түсіндіреді. Кезкелген организмнің біртұтас кешенді қызмет жасауы, сол жүйенің сақталуы мен дамуына кепілдік болатыны белгілі. Осы бір тіршілік ету жүйесі, қоғамдағы әлеуметтік топтың әрекет етуіне де сәйкес келетін сияқты, салыстырмалы түрде қоғам біртұтас тіршілік жүйесі ретінде әлдеқайда ауқымды, оның құрамындағы негізгі элементі – этностың тіршілік ету жүйесі, ең кемінде қғамды қозғаушы күш шаруаларды құрайтын абсолютті басым элемент екендігі шындық. Бірақ қазақ қоғамына сырттан әкеліп ішкі ортаға сай емес, жат дүниелерді таңу тарихта көптеп кездесті.

Сондай – ақ, кеңестік мемлекеттік билік марксистік ұстанымды мойындай отырып, қоғамдық құрылымдардың кешенді даму заңдылықтарын, оның әлеуметтік – экономикалық, дәстүрлі заңдылықтарын мойындағысы келмеді. Кемелденген «Социализмнің» ерекше қияли, болащақтағы табысты дамуына халықты сендіре отырып, мемлекеттік дамудың өте нәзік және сан салалы жүйесі баламалы «анатомияға» ұқсас екендігін мүлдем ескергісі келмеді. Және, бәрінен бұрын, осы субъектіге кез - келген үміткер қайсыбір трансценденттік сараптаушы ретінде әрекет ете алмайды, ол өзі не осы «анатомияның» бөлігі және тиісінше, оның белгілі бір бөлшегі ретінде ғана өз қажеттілігін көріп білуге ғана қабілетті екенін тани алмады [11; 58].

Дегенмен, кейбір өзінің абстрактілі ақыл-ойының шарықтау шегінде «көкке самғап», қоғамдық құрылымның барлық заңдылықтары мен өзара байланыстарын танып білдік деген күннің өзінде, оның қандай да болсын императивтік заңдарға толық қортынды жасай алатынын дәлелдей алмайды. Яғни, тағы да адам организмі сияқты, адам өз организмін байырғы кезінен жетілдіріп, танып біліп отырады, сөткенмен оны әлі толық (горманальдық код, генетикалық заңдылық т.б.) бүкіл құпиясын бәрібір толықтай түсіне алмай келеді. Өйткені олар үнемі өзгеріп, ұдайы даму үстінде болады, оларға ешуақытта өзгермейтін, бұлжымас құрылым ретіндеқараудың қажеті жоқ.Үнемі әртараптандырылу, күрделену факторларының ықпалына байланысты ол үздіксіз дамиды, қоғам ең кемінде эволюциялық дамуға ұшырауы заңдылық.

Қоғам адам ағзасынан да күрделірек және сан алуан (ең болмағанда, өз шегінде адами болмыс пен іс-тәжірибенің бүкіл жиынтығын біріктіретін) жан – жақты әрекет етеді. Бұл арада, заман талабы, халықтар дәстүрі, әлемдік даму заңдылықтарымен үйлесімді түрде ұштаса отырып, өз кезегінде тарихи даму, ұлттық ұстанымды тоқтаусыз жетілдіру негізінде жаһандық үдеріске бейімделу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет