Сатыбалдиев Дидар Қайратұлы Тақырыбы: XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................61-64



бет2/22
Дата31.01.2022
өлшемі110,46 Kb.
#116526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дидар дип работа
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар статья 1, abuev
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................61-64

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әр халықтың қасіретті болса да, өзінің мақтан тұтар тарихы бар. Бұл оның ұлы мұраттарына талпыну жолындағы сан қилы кешуі, мың жылдықтарды көктей өткен асуы мен бұралаңы көп жолы. Қазақ халқының да тарихи кешуі сондай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуы керек. Бөтен идеологияның жетегінде жүруге болмайды. Ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді», - деген сөзі біздің тарихи сананы жаңғыртудағы негізгі ұстанымымыз болуы тиіс.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керек. Түптеп келгенде, тарихи сананы жаңғырту мәселелерінің түйіні – осы» дегені біздің есімізде болуы керек. Тарихи еңбектің аударылып жарыққа шығуы, отандық тарихнаманы деколонизация жасаудағы жас буынның дербес талпынысы. Тәуелсіздіктің отыз жылы қарсаңында осындай талпыныстың болғаны көңіл қуантады. Ата тарихымызды әділет тұрғысынан тану баршамыздың міндетіміз. Сымағұл Сәдуақасұлы айтқандай «Өткенге анық көңілмен, болашаққа ашық көзбен қарау» үшін тарихи санамыздың ақтаңдақтардан ада, отаршылдықтың зардаптарынан таза болғаны лазым.

Кеңес билігі орнаған Қазақ елінің XX ғасырдағы тарихының 1920-1930 жылдарындағы дамуы ерекше бұлтарысқа, нәубет пен зұлматқа толы болды. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», - деген саяси ұран аспандап тұрған отызыншы жылдардағы Кеңес билігінің салған ойраны, тоталитарлық биліктің ұстанған біржақты аграрлық саясаты, ел тарихында қанды сиямен жазылды. Көнедан жалғасқан көшпенділік өркениетін әлемге паш еткен қазақ халқының кеңестік сыңар жақты саясат кесірінен киелі далада шашылған сүйегі көмусіз қалды.

Қазақ елі үшін XX ғасырдың басы сұрапыл наубет, қайғы – қасірет, сойқан соғыспен басталды, себебі ширек ғасыр ішінде ғасырлардан жалғасқан ауылшаруашылығы дағдарысқа ұшырап бірнеше ашаршылық е душар болды. Бұл кезеңде миллиондаған еш күнәсі жоқ көшпелі қазақ жер құшты. Ұлт тағдыры «геноцид» қармағына түсіп, халықтың табиғи өсімі орыны толмастай төмендеп, демографиялық ахуал нашарлады.

Аграрлық саланы дамытудағы түрлі саяси – әкімшілік реформалар Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясатын іске асыруға байланысты барлық мүмкіншіліктерді жасап бақты. Ақ патшаның билігі мұра болған Кеңес билігі «геноцидтік» сипаттағы билігін жүзеге асырды. Нәтижесінде, Одақ басшысы Сталин мырзаның қолдауымен, Филипп Исаевич Голощекин сынды «белсенді басшының» жүзеге асыруымен Қазақстанда билік иелері сұмдық заң бұзушылыққа жол беріп, сұрапыл тарихи қылмыс жасады.

Дәуірлерден кең далада еркін көшкен, бабаларымыздың өмір көшін жалғастырған қазақ ауылдарына бір сәтте отырықшы халыққа айнала қалу өте қиынға түсті. Еркіндікке үйренген, асау мінезді, дала халқы ортақ тіртіппен, жүйесіз тірлікке көнбей тайша тулады. Ата кәсібі малынан қол үзіп, табиғатына жат егін егіп диқан бола алмасын білген текті халық шаруашылық ретін, табиғи мүмкіндіктерін айтумен билікке қарсы шықты. Сөйіткенмен билік иесі дегеніне көндіріп. «Шаш ал десе, бас алатын» жандайшап белсенділер, өз халқын, өзі тонауға кірісіп қырық миллионнан астам мал басын төрт миллионға дейін төмендетті.

ХХ ғасыр басындағы бүкіл халыққа теңдік әпереміз деген большевиктік Кеңес билігі қазақ халқын «тар жол, тайғақ кешу» жағдайына душар етті, қазақ халқы ұлт ретінде жойылып кетудің аз ақ алдында қалды. Бұл өткен тарихтан ұлтым – Ұлы ойын айта алатын, ұлжанды ел азаматтары келесідей ақтаңдақтарды аңғаратыны белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет