Саясаттану



Pdf көрінісі
бет104/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Экономикалық 
өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу 

мемлекеттің негізгі міндеті болып қала берді. Қазақстанның экономикалық 
стратегиясында қамтылған мақсаттар (ырықтандыру, әлемдік экономикаға 
интеграциялану, индустриялық
-
инновациялық даму, аграрлық 
саясат, 
инфрақұрылым) дүниежүзілік нарықтық экономикалық қатынастар принципіне 
сәйкес екендігін қазіргі өмір дәлелдеп отыр. 
Келесі бағдар 

осы заманғы 
әлеуметтік саясат.
Оның негізгі бағыттары: 
халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету, тұрғын үй құрылысы 
мен жылжымайтын мүлік рыногін дамыту мәселелері, денсаулық сақтау 
саласын ұйымдастыруда осы заманғы стандарттарға көшу, халықаралық 
стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету. Осындай халыққа әлеуметтік көмек көрсету саясаты 
мемлекеттік, қоғамдық игілігімізді арттыра түсуде. 
Қазақстанның ішкі саясатындағы келесі басымдылық 

қоғамдағы 
мемлекеттік
қызметтің рөлін арттыру болды. Мемлекеттік басқару сапасын 
арттырып отыру еліміздің алға жылжуына басты негіз болды. Мемлекеттік 
қызметтің рөлін арттыру шеңберіндегі әкімшілік реформалар тұрақты 
жүргізіліп отырды. 
Осындай ішкі және сыртқы ұтымды саясаттың жемісі 

Қазақстанның 
бүгінгі таңдағы жаһандық экономика саласындағы өзінің лайықты орнын алуы,
қуатты өндірістік державалар қатарына қосылу мақсаттары. 
Әрине, елімізді дамытуда алда тұрған проблемалар әлі де аз емес, және 
оның болмауы мүмкін де емес, себебі қандай мәселе болмасын жетілдірудің 
ешқашанда шегі болмайды. Бұл жағдаймен 2008 жылы журналистерге сұхбат 
берген сәттегі Елбасымыздың айтқан сөздері үндес келеді: «Біз осы мемлекетті 
көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Біз өз мемлекетіміздің жас екенін
буыны бекіп, бұғанасы жаңа қатып келе жатқан елге төнетін қатер де кездесуі 
мүмкін екендігін естен екі елі шығармауға тиіспіз. Босаңсымауға тиіспіз». Осы 


159
сөздер өз елінің болашағын ойлайтын әрбір Қазақстан азаматының жадында 
сақталуы тиіс. 
Қазақстанда қазірде де мемлекеттік қызмет сапасын арттыру үшін 
қоғамның алға жылжуына кері әсер ететін кейбір мәселелердің шешілуі қажет. 
Ол халықтың билікке сенімсіздігі, заңдардың шалалығы, сыбайлас 
жемқорлықтың кең өріс алуы, сот және құқық қорғау органдарының өз 
қызметтеріндегі жауапсыздығы. Әлі де күн тәртібіндегі шешуге қажет 
мәселелер: Қазақстанның мемлекеттік қызметін Меритократия, Адалдық және 
Тиімділік принциптері бойынша жаңарту, адам ресурстарын дамыту, білім беру 
орындарының бизнес орталықтарына айналуын тоқтатып оқушылардың білім 
деңгейін көтеру, ғылым және жоғары оқу саласындағы қызметкерлердің 
жалақысын жоғарылату. Әрине, ауқымды және өте маңызы зор мақсаттың бірі 

қоғамның саяси жүйесін жетілдіру және қоғамның саяси мәдениетін 
жоғарылату болып табылады. 
Еліміздің алдына қойған маңызы орасан зор міндеттердің бірі 

отан сүю, 
патриоттық тәрбие беру жұмысын қоғамның даму рухына айналдыру. 
Отаншылдық, ұлтжандылық өз ұлтының болашағы үшін еңбек ету әрбір саналы 
азаматтың қасиетті борышы екендігін естен шығармағанымыз жөн. Егеменді 
елдің негізгі мақсаты мен міндеті ұрпақ тәрбиелеумен астасады, біздің 
келешегіміз жемісті тәрбие алған ұрпақпен тығыз байланысты.
Жалпы алғанда, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы халық өмірінің 
жоғары стандартына, демократия мен азаматтық қоғам орнатуға бағдарланған 
тұрақты да серпінді өсу үстіндегі экономикасы бар өңірлік дамушы мемлекет 
ретінде танылады. 
ХХІ ғасырдың басында белсенді сыртқы саясат жүргізуінің арқасында 
Қазақстан әлемдік қоғамдастықтан өз орнын алды, жас мемлекетке шетелдік 
тәжірибе мен инвестициялар тартылды. Қазір Қазақстан басқаларға реформалау 
тәжірибесін үйренетін, ал өзі басқа елдерге капитал инвестициялап отырған 
елге айналды деп толық сеніммен айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   128




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет