Саясаттану



Pdf көрінісі
бет106/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

АЛМОНД ГАБРИЭЛЬ
(1911 ж.) 

америкалық саясаткер. Стэнфорд 
университетінің профессоры, Америка ғылым және өнер академиясының 
мүшесі, Америка саяси ғылымдар ассоциациясының президенті болған. Өзінің 

Даму жолындағы аймақтардың саясаты” (1968), “Салыстырмалы саясат” 
(1988) атты еңбектерінде Алмонд қазіргі құрылымдық функционализмнің 
(жүйеліктің) негізін зерттеді.
Алмонд функциялық тәсілдерді саяси жүйелерді реттеу және талдау үшін 
пайдаланады, қоғамдардың саяси жүйесін зерттеді. Алмондтың пайымдауынша
саяси жүйелер екі негізгі мақсат атқарады: “енгізу” және “шығару”. Ол 
“енгізудің” төрт функциясын айқындайды (саясатқа енгізу және қатысуға тарту, 
мүдделерді артикульдендіру, мүдделерді білдіру, саяси нормаларды талдау). 
“Енгізу” функциясы өкіметтен тыс жүйелермен шешіледі: қысым көрсету 
тобымен, саяси партиялармен, тәуелсіз басылымдармен т.б. Ал “шығару” 
функциясы 

ол үкіметтің қызметі. 
Алмонд өз еңбектерінде негізінен “енгізу” функциясын талдауға көп 
көңіл бөледі. Ол саяси кірістіру қызметтің тиімді саласы екенін болжайды
саяси жүйенің сапасы оған қатысатын бөліктерімен байланысты деп түйіндейді. 
Г.Алмонд саяси жүйе қызметтерін (міндеттерін) былайша белгілейді.
-
саяси әлеуметтендіру және саяси құрамды толықтыру (рекруттау); 
-
мүдделерді білдіру (артикулдау); 
-
мүдделерді біртұтастандыру (агрегаттау); 
-
саяси қатынас; 
-
мөлшерлеу, мөлшер жасап шығару (нормалау); 
-
ережелер мен мөлшерлерді қолдану; 
-
олардың орындалуын бақылау. 
Саяси әлеуметтендіру функциясы қоғам мүшелерін саяси іс
-
әрекетке 
тартудан көрінеді.Мүдделерді білдіру функциясы 

саяси шешімдерді 
қабылдайтындардың алдына мүдделі талаптарды қоюдан тұрады. 
Мүдделерді біртұтастандыру функциясы талаптар мен тілектерді 
топтастырудан және келісуден тұрады. Олар саяси бағдарламалар түрінде 
жасалады. Бұл функцияны көп ретте саяси партиялар өз мақсаттары үшін 
пайдаланады.
Саяси қатынас функциясы саяси жүйе бөлшектерінің өзара қарым
-
қатынасын білдіретін қызмет. Сондай
-
ақ, ол саяси жүйе мен қоршаған ортаның 
өзара қарым
-
қатынасын реттейді. 
Мөлшерді анықтау (нормалау) функциясы заңдар мен ережелер 
қабылдаудан тұрады. Олар қоғам мүдделерінің мінез
-
құлқын, тәртібін реттейді. 
Алмондтың құрылымдық функционализмнің айтарлықтай тиімділігі 
саяси жүйелерді салыстырмалы зерттеу барысында аңғарылды. Оның 
пікірінше, саяси жүйелерді салыстыру сатысында оларды бір
-
бірімен қатар қою 
қажет: 1) жүйенің мүмкіндіктері; 2) конверсия функциялары; 3) қолдау және 
бейімдеу функциялары; 4) функциялаудың жоғарыда аталған деңгейлері 


162
аралығындағы өзара қатынас. Алмондтың осы салыстырмалы әдісі саяси 
дамуды зерттеу барысында жиі қолданылады. 
Алмонд пен Вербаның «Азаматтық мәдениет». «Бес мемлекеттегі саяси 
қатынастар және демократия» (1963) деген кітаптары саяси мәдениетті талдауға 
арналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет