Саяси билік №4 тақырып


Билік ұғымы және оның тұжырымдамалары



бет2/3
Дата30.04.2024
өлшемі0,61 Mb.
#201593
1   2   3
Байланысты:
1481194.pptx
ВКЛ (копия), физо рк 3, Билет поезд жез 8 дек

Билік ұғымы және оның тұжырымдамалары.

  • Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т.б тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып адамдардың қызметі мен мінезқұлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсіндіруге болады.

Биліктің формалары

  • Саяси және мемлекеттік билік. Жеке билік, топтық билік, отбасылық билік, ұжымдық билік және. бірнеше түрлері бар, соның ішіндегі ең маңыздысы саяси билік болып табылады. Себебі, ол үлкен әлеуметтік топтар арасындағы саяси қатынастарды көрсетеді. Саяси билік – белгілі бір таптың, топтың саясатта халықтың үлкен қауымдастықтарына өз еркін жүргізе алу қабілеті. Саяси билік – саясаттанудың негізгі пәні болып табылады.

Биліктің формалары

  • Саяси билік төмендегідей негізгі белгілермен сипатталып, өзін көрсетеді:
  • 1) еріксіз көндіру;
  • 2) қызықтыру;
  • 3) сұранымды қалыптастыру;
  • 4) саяси митингілер;
  • 5) тікелей және жанама мағлұматтарды бақылау;
  • Саяси билікті танытатын объективтік факторлар: - өкілетті мекемелерді қалыптастыру әдісі және тәртібі. - заң шығару және атқару органдарының, орталық және жергілікті органдардың қарым-қатынасы: (билікті бөлу, парламентаралық, министрлік қарым-қатынастары); - саяси партиялар мен ауқымды қозғалыстар қызметінің мәні мен шарттары; - жеке адамның құқық статусы, құқықтың іске асу кепілдігі; - жазалау және құқық қорғау органдарының қызмет істеу тәртібі; - рұқсат ету және етпеу мазмұны (заң жүзінде); - саяси қоғамның тұрақтылығы. Саяси биліктің ең жоғарғы, дамыған негізгі формасы - мемлекеттік билік. Мемлекеттік билік күштеу аппаратына сүйене отырып, баршаға бірдей заңдар қабылдауға монополиясы бар ерекше саяси билік формасы.

Биліктің құрылымы: институттары, ресурстары мен қызметтері.

  • Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты, ал екіншілері оларға бағынуға міндетті. Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істейді. Институт деп қоғамдағы адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында арнайы құрылған мекемелер мен олардың жүйелерін айтамыз. Биліктің институттары: Мемлекет, оның басшысы, Үкімет, Парламент, партиялар, орталық, аймақтық, жергілікті деңгейдегі әкімшілік мекемелері, күштеу органдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет