Саяси элита


Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай?



бет2/3
Дата11.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#99122
1   2   3
Байланысты:
саяси элита семинар

Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай?


Оларға мыналар жатады:
  • қоғамға арнайы білімі,тәжірбиесі қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек;
  • адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу тәрбие, барысында қолы жеткен) теңсіздіктері;
  • қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырады;
  • бұқара халықты саяси енжарлығы,селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады.).

Саяси элита


Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді,өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдында қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.Сонымен саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы қаражатты бөлуге байланысты және т.б. Саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.

Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар.Ол элиталардың қалыптасу жағдайын,оның қағамдағы рөлін,әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс-тәсілдерін және т.б. зерттейді.

Саяси элиталарды қалыптастырудың,жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері,көпшілік жұртқа ұнай білу қабілетібасты орын алады.Мұнда кандидаттың байлығына,кәсібіне,біліміне,мамандығына, т.с.с. Онша мән берілмейді.Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын,жасампаздығын,белсенділігін көрсете білу қажет.Мысалы,АҚШ -та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды.Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен,демократиялылығымен,үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тү кең тараған.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяуболса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі ,адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі,партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың,топтың, тектің,партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек.Сондықтан билік басына таңдаудың бұл түрі жабық болып саналады.Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді,билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын, кертартпа тұр. Оның артықшылығы-- саясаткерлердің болашақ іс- әрекетін алдын-ала болжауға,соған орай шара қолдануға болады.Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдардың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.

Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз,кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды.Орыс филосовы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элитасанының арасында өзара байланыс барлығын ашып, “элита коэфицентін” шығарды.Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі.Ал элитаның коэфиценті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым.

Саяси элита әр түрлі келеді.Сондықтан ол жіктеледі,топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөлінеді. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие , маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап,олқылықтарын тауып,қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды.

Саяси элитаның жаңару,қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және жабық элита деп бөлінеді. Ашық элиталарда барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық.Жабық элитада ол белгілі бір таптан тектен шыққандармен ғана толықтырылады.

Индия саясаттанушысы П.Шарин билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі.Дәстүрлі элитаға дін, салт,жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді.Оған жоғары дін басыларын,ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет