Заман талабына сәйкес бүгінгі тәрбиенің мақсат міндеттері



Дата19.10.2019
өлшемі20,66 Kb.
#50263
Байланысты:
педаг
гучи, 1544076277, himia-programma-rus-2018, Шаблон курса, -122053352 (1), ашык сабак
Заман талабына сәйкес бүгінгі тәрбиенің мақсат міндеттері

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Бізге ой-өрісі жоғары дамыған зерделі, жан-жақты, парасатты, дені сау ұрпақ керек екені бұлтартпас шындық, бұлжымас ақиқат. Тәрбие мен оқу – бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын үрдіс.



Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты білім сапасын жаңа деңгейге көтеру болып табылады. Мемлекеттік бағдарламаның мақсатына жетуі мектептегі білім деңгейі мазмұнын ұйымдастыра алатын педагогикалық корпустың басым шоғыры болуына байланысты. Тәриеленушінің жолы мектептегі білім беру ұйымынан басталады. Дәл осы кезде баланы қалай тәрбиелесең, қандай білім берсең, ертеңгі жас Қазақстандық сондай болады. «Тал бесіктен басталатын бала тәрбиесін» бүгінгі заман талабына сай жан-жақты жетілдіру, білімді де саналы тұлғаны қалыптастыру – өмірге ұрпақ әкелетін ата-анаға ғана емес, мектептегі білім мен тәрбие беру мекемелерінің қызметкерлеріне де жауапты да, салмақты міндеттер жүктейді. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайта отырып, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру және бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу міндеті – педагог мамандарды заман талабына сай жаңа технологияны игеруді, іскерлік пен ізденімпаздықты, білімділік пен біліктілікті талап етеді. Мектеп ұжымының қызметі үш бағытта – тәрбие мен әдістемелік жұмысқа басшылық ету, әкімшілік-шаруашылық мәселелерін шешу, отбасымен жұмыс жүргізіп, ата-аналар мен қалың бұқара арасында педагогикалық ағарту жұмысын ұйымдастыру бағытында жүргізіледі. Ал, қазіргі тәрбие мен білімнің басты мақсаты – заман ағысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісі жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамыған азаматты тәрбиелеу.

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде кәсіптік білім беру уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, тәрбие бағытында да заманауи технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Болашақ құзыретті мамандарды өсіріп, дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Жаңа заман маманы ертеңгі еліміздің болашағы. Кәсіби құзыретті маманды қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.Әрине, ол үшін білім беру мекемелерінде жас ұрпақтың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың заманауи тәрбие технологияларын қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Сондықтан, тәрбиенің жаңа педагогикалық технологияларды қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Заманауи тәрбие технологиясы – тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие процестеріне ықпал ететін тәсілдердің бірі. Жоғарғы оқу орнындағы тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында ізгі қасиеттер қалыптасқан, дүниетанымы мол тұлға, көшбасшылық қасиеттерді меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыру. Тәрбие технологиялар мен инновациялық құралдар жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіндік бағыттары мен мақсаттары бар екендігі мәлім. Мысалы, бірінші жас ұрпақты қоғамдық өмірге бейімдеу үшін ұйымдастырылған кешенді іс- шаралар жеке тұлғаның интеллектуалдық, әлеуметтік психологиялық қабілеттерін арттыруға бағытталды. Екінші, әр түрлі мерекелерге орай тәрбие бере алатындай іс шаралар ұйымдастыру. Сол сияқты азаматты шығарғамашылыққа, сонымен қатар өзін өзі басқару бағытында өткізілген тәрбие шаралары жас ұрпақтың өз бетімен ізденуіне, пікірін ашып айтуға кез- келген жағдайдан жол тауып шығуына үйрету мақсатында ұйымдастырылды. «Жеке тұлғаны қалыптастыру» моделі жас ұрпақтың мәртебесін көтеруге, жеке тұлғаның әлеуметтік, адамгершілік, этикалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. Жоғарыда көрсетілген шараларды өткізу барысында қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталсақ: Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Адам бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Іскерлік және тағы басқада ойындар білімгердің өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады. Проблемалық оқыту технологиясы - баланың өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, баланың белсенділігі арттыру, шараға қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Өздігінен даму технологиясы - бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі, мұнда тәрбие үрдісі баланың дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана ол өзін дамыта алады. Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Әр баланың іс-әрекеті өз еңбегіне орай үлкендердің немесе басқалар тарапынан бағаланады. Мұндағы басты ерекшелік бала өзін-өзі бағалайды. Дамыта оқыту технологиясы – баланы оқыта отырып, дамыту. Оның бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. Сонымен қатар, білім беру мекемесінде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды оқу ордалары кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда әрбір педагог ұйымдастырып отырған шарасы әрі қызықты, әрі нәтежелі болады, сонымен бірге мультимедиялық құралдар арқылы педагог уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Білім беру мекемелерде ақпараттық коммуникативтік технология құралдарын қолданудағы мақсат – әр баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балның танымдық қызығушылықтың болуы олардың шараларда белсендік танытуға, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Педагог –баланың бойына білім нәрін себетін, жан-жақты тәрбие беретін басты тұлға. Педагогтың тәрбие беру мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Тәрбиенің міндеті - білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту; балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу; өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік

дүниетанымды қалыптастыру; мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау; жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру; қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды



тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру; қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни тұрғыда тәрбиелеу; балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар

қалыптастыру; отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет