««Саяси –құқықтық ілімдер тарихы»»


Тақырып 1. Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні және зерттеу әдістері



бет2/7
Дата29.01.2018
өлшемі1,4 Mb.
#35795
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып 1. Тақырып 1. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні және зерттеу әдістері


              

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні. Оның заң ғылымдары жүйесіндегі орны. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының құқық және мемлекет теориясы және тарихымен µзара байланысы.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы әдістері. Тарихилық пен логикалықтың (теориялық) арақатынасы.

Теориялық, саяси және құқықтық сана және оның құрылымы. Идеялар, концепциялар, ілімдер (теориялар, доктриналар), мектептер, ой ағымдары және бағыттары. Саяси  және саяси-құқықтық сана типтері.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері.

ХІХ-ХХІ ғғ. басындағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы ғылымы. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы бойынша әдебиеттер.



Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы пәні әртүрлі елдердегі саяси-құқықтық идеология мен теорияның мазмұны және даму мәселелері болып табылады. Басқаша айтқанда, аталмыш пәнді әлемнің әртүрлі халықтарының саяси-мемлекеттік және заңдық қалыптасуының дамушы қоғамтанудағы дүниетанымдық және концептуалдық кµрінісі ретінде анықтауға болады. Бұның барлығы µз заманының ақыл-ойы мен саясатына ықпалын тигізген танымал ойшылдар мен әртүрлі мектептердің шығармаларында кµрініс тапты. Саяси-құқықтық пән ретінде саяси және құқықтық ілімдер тарихы шетел мемлекеті мен құқығы тарихына, отандық мемлекет пен құқық тарихына, жалпыадамзаттық тарихқа жақын. Екінші жағынан, ол мемлекет және құқық теориясын, құқық философиясын және µзге заңдық пәндердің теориялық аспектілерін, сондай-ақ саясаттану, мәдениеттану, әлеуметтану, логика, философияларды зерттеумен байланысты. Пәннің маңыздылығы саяси-құқықтық доктриналардың замандас мемлекетінің құқықтық (заңдық, қылмыстық, пенитенциарлық және µзге де) саясатына ықпалын тигізгендігімен және тигізетіндігімен; мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік басқаруды қалыптастыруда жүзеге асатындығымен; құқық табиғатына деген кµзқарастарды оның барлық компоненттерін ажырата отырып талдайтындығымен және мемлекет пен құқықтың тарихи байланысын кµрсететіндігімен түсіндіруге болады.

Пән студенттерді ұлы ежелгі µркениеттер дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі кµрнекті ойшылдармен, танымал мектептер және дәстүрлермен болашақ маманның жалпы және саяси-құқықтық мәдениеті іргетасын қалай отырып таныстырады.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихын зерттеу әдістері.

Саяси-құқықтық доктриналар мазмұнын түсіну және игеруүшін ғылым мен оқу пәнінің ара жігін ажырата білу қажет. Саяси және құқықтық ілімдер тарихын зерттеуші ғылымда әртүрлі ғылыми әдістер, соның ішінде тарихи және логикалық зерттеу әдістерінің бірлігін талап ететін жалпыфилософиялық әдіс қолданылады. Оның біріншісі ілімдердің пайда болуы мен дамуын қарастыратын болса, екіншісі іргелі ережелердің шыңдалғандығымен ерекшеленеді және саяси-құқықтық ойдың дамуына, әртүрлі әлеуметтік күштер мен жалпы мемлекеттің саясатынаүлкен әсерін тигізеді. өз алдына логикалық әдіс құрылымдық (ілімнің құрамдас бµліктерін және олардың байланысын талдау) және функционалдық (ілімнің қоғамдағы ролі мен ықпалы), ал тарихи әдіс салыстырмалы (бұрынғы және кейінгімен, сондай-ақ тұстас ілімдермен салыстыру) және биографиялық (қандай да болмасын ойшылдың µміріндегі атаулы фактілерді зерттеу) әдістеріне сүйенеді.

Сонымен, саяси-құқықтық доктринаны қарастыру барысында: а) оның дүниетанымдық (философиялық, діни) негізін; ә) теория-әдістемелік мазмұнын (категориялар, түсініктер, әдіс); б) берілген саяси (құқықтық) ілімге негізделген нормативті-құқықтық жобаларды, саяси бағдарламаларды, декларацияларды, манифестерді, сондай-ақ осы доктринаның элементтерін қолданушы қоғамдық қозғалыстарды бағамдап талдау қажеттілігі бар.

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы кезеңдері

Ежелгі дүние (жобамен б.д.д. ХХ – Х‡ІІІ ғғ. бастап)

Орта ғасыр (‡ ғ. бастап Х‡ІІ ғ. басына дейін)

Қайта µрлеу және Жаңғыру дәуірі, кейінгі Ортағасырды тәмамдаған (ХІ‡-Х‡І ғғ.)

Буржуазиялық тµңкерілістер дәуірі (Х‡І ғ. соңы - ХХ ғ. басы)

Еркін бәсекелестік кезеңі (ХІХ ғ. бастапқыүш ширегі)

Имперализм және кеңестік тµңкеріліс кезеңі (ХІХ ғ. соңғыүштігі – ХХ ғ. бірінші жартысы)

Соғыстан кейінгі кезең (1945 жылдан кейін)

Жаңа дәуір ( ХХ ғ. 90-шы жылдарынан бастап).

 

Негізгі әдебиеттер:



1.     Саяси және құқықтық ілімдер тарихы

2.     История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

3.     История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

4.     История политических и правовых учений: Краткий учебный курс/ Под. общ.ред. Нерсесянца В.С. –М.,2000.

5.     Козлихин И.Ю. История политических и правовых учений. Новое время: от Макиавелли до Канта. Курс лекций. СПб.,2001 (басылымда классиктер еңбегіненүзінділер бар)

 

Қосымша әдебиеттер:



1.     История политических и правовых учений (Древний мир). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М.:Наука, 1985

2.     История политических и правовых учений (Средние века и Возрождение), /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука, 1986

3.     История политических и правовых учений (XVII-XVIII вв.). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1989

4.     История политических и правовых учений XIX в. /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1993

5.     История политических и правовых учений XX в. /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука,1995

6.     Исаев И.А., Золотухина Н.М. История политических и правовых учений России XI-XХ вв., М., 1995

7.     Лейст О.Э. Методологические вопросы истории политических учений. "Вопросы философии" 1962, №2,стр.86-98

8.     Луковская Д.И. Политические и правовые учения: историко-теоретический аспект. - Л.,1985



Тақырып 2. . Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер

 

Ежелгішығыстық саяси-құқықтық ойлардағы саясат, құқық, мемлекет және заңнама туралы кµзқарастардың жалпы сипаттамасы. Саяси-құқықтық идеялардың пайда болуы. Ежелгі Египет, Шумер, Хетт патшалығы, Вавилон, Ежелгі Израиль, Ежелгі Ирандағы саяси-құқықтық ойлар. «Хаммурапи заңдары», «Кµне өсиет», «Авеста». Ежелгі ‡ндістандағы саяси және құқықтық ойлар. Ведалар. «Ригведа». Брахмандардың саяси-құқықтық идеялары. «Ману заңдары». Джайнизм және буддизм. «Артхашастра» трактатындағы саяси және құқықтық теориялар. Ежелгі Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар. Лао-цзы және даосизм ілімі. Конфуцийдің саяси және құқықтық ілімдері. Моцзыдың әлеуметтік-саяси және құқықтық идеялары. Фацзя (легистер) мектебінің мемлекет және заң ілімі. Шан Ян.



Саяси-құкықтық ілімдер алғашқы кезде адамдардың  мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе  ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.

Мифология — ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Мифтік көзқарастарда  болашақ ілімдердіңэлементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде пайдаланған. Мифтік аңыздардаадамдарды алғашқыда құдайлардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.

Хаммурапи бірінші Вавилон әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792—1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонның бүкіл Қос озенаралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлденуі мен дәуірлеу кезеңі. Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған Хаммурапи заңы еркін адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүддесін және жеке меншікті кызғыштай қорғайды.

Ежелгі парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зороастризмде көрініс тапты және дамытылды. Зороастризм бойыншамемлекет аспан қүдайы Ормузданың жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі — монарх  жердегі Ормузданың әмірін орындаушы қызметкері, ол халықты жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты. Брахманизм идеяларының алғашқы көріністері б.э.д. екі мыңдаған жылдықтағы "Веда" ескерткіштерінде кездеседі. "Веда" — "білім, кіріспе" (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінетіндігі және брахмандар — Пуруши құдайдыңаузынан, кшатрийлер — құдайдың қолынан, вайшийлер — құдайдың санынан, шудралар — құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады. Ману заңдарының 96-бабында "Тірі жәндіктердің ішіндегі ең қасиеттісі — жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.

    «Ману заңдарында» адамдардың варналарға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады.Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің тең болмауы олардың заң алдындағы қылмыс пен жазадағы әділетсіздігіненкөрінеді.

 Ежелгі Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды ағымдардың бірі даосизм ілімінің негізін салушы болып б.э.д. VI ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы саналады. Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтарыанықталады. Бұл заңшылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өздәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндсті — елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.

Қытайдағы саяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.э.д. 551—479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Дәстүрлі көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттіңпатриархалды — патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет — үлкен жанұя.

Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының билігін жақтады. Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына кайырымды болуға шақырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін жақтаған Конфуцийден "Шөп жел сокқан жаққа кисаяды» деген нақылсөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Кьггай жерінен алыс түратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық касиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т.б. жатады.

Конфуцизм ілімі, сонымен бірге, ел билеушілері мен өкімдерге де қол астындағыларға тап баласындай қарауға кеңес береді.Конфуций бойынша "ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табаңдылықпен, ең алдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді".  Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.

 Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген. Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл "кімді КІМ жеңетіндігі" туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша, "халық,өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, өрі қуатты болады".

Шан Янның басқару туралы концепциясы адамдарға дұшпандық көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шараларыарқылы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді

 

Негізгі әдебиеттер:



1.                    История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

2.                    История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

3.                    История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

4.                    История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

5.                    Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция.

6.                    Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. I: Античный мир и Восточные цивилизации.

7.                    История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

8.                    Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

9.                    Лао-цзы. Дао дэ цзин. (Сер: "Жемчужины истории политической и правовой мысли "). - Алматы: ВШП "Әділет", 2000.

 

Қосымша әдебиеттер:



1.           Бачинин В.А. История философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

2.           Гобозов И.А. Философия политики.-М.,1998

3.           История политических и правовых учений (Древний мир). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М.:Наука, 1985

4.           История философии в кратком изложении.М.,1991

5.           Мифы народов мира. Энциклопедия в 2-х томах. /Гл.ред.С.А.Токарев.-М.,1992

6.           Немеровский А.И. Мифы и легенды Древнего Востока. М.,1994

7.           Радхакришнан С. Индийская философия. В двух томах.- Спб.,1994

8.           Философский энциклопедический словарь.-М.,1988;1999;2000

 
Тақырып 3. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтық ілімдер

 

Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтық ойлар: негізгі бағыттары және мәселелері, кµрнекті µкілдері. Ерте кезеңдегі саяси-құқықтық ойлар. Пифагор. Гераклит. Сократтың саяси және құқықтық идеялары. Платонның мемлекет және құқық туралы ілімдері, оның философиялық негіздері. Мемлекет нысанын жіктеу және мемлекет нысандарының айналымы идеясы. Идеалды мемлекетүлгілері. Аристотельдің құқық және мемлекет туралы ілімдері. Аристотельдің «Саясаты». Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет нысандары және олардың эволюциясы. Полибийдің саяси және құқықтық идеялары. Полибий саяси µмір нысандарының айналымы туралы. Аралас мемлекет концепциясы.Б.з.д. мың жылдықтың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды



Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epлiк кезең-(б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекетінің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационализм (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау(Пифагор, Гераклит) қалыптасады Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары)    эллинизм    кезеңі. Ежелгі  грек    мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.)

 Б.з.д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мсн Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды. Гомердің "Илиада" және "Одиссея"поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді.



Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежслгі Грециядағы "Жеті данышпан" деп аталғандардың шығармашылығында одан әрі жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питтак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енген. Олар полистік өмірде әділетті зандардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбіреулері билік және заң шығару қызметтерінде өздерінің саяси-құқықтық идеяларын жүзеге асыруға әрекеттенді. Биант, Солон, Хилон сияқты грек ойшылдарының пікірінше, ізгілікті полистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оның айрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекетті Биант ең үлгілі мемлекет деп есептеді. "Өзіңді-өзің таны" қағидасының авторы спартандық Хилонның "Заңға табын" деген шақыруы Дельфадағы Аполлон храмына ойылып жазылды. "Жеті ғүламаның" қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638—559 жж) тарихта атақты реформатор, мемлекеттік кайраткер және ЗАҢ шығарушы ретінде қалған. Архонт болып сайланган ол б.з.д. 594 жылы жаңа зандар шығарды. Оның реформаларын экономикалык және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солонселолық және қалалык демостық және оған қосылған евпатридтердің мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы "сисахфия"-("ауыр жүкті сілкіп тастау"), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаскесіндегі қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған.

Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптердіфилософиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі — аристократиялық идеалды жақтады.   Гректің ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды. Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, "Ақымақтардыңел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады". Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.



Платон — антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі.Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік социализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік, олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.

Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіншілігін жоққа шығармайды. Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалдымемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре алмайды.

Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, тимократия,олигархия, демократия және тирания) айтады.

"Заң" деген шығармасында Платон мемлекеттік қүрылымнын. екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскслерін алады. Бұл жер оларға жеке меншік түріңде емес, пайдалану құқығы түрінде ғана беріледі де, мемлекеттін жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар төрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлыктың заң шеңберіңдегі шегі анықталады.

Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрі дамуы және тереңдеуі Платонын шәкірті және сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384—322жж.) есімімен тікелей байланысты.

Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельде саясат ғылым ретінде этикаментығыз байланысты. Оның көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымыболып табылады. Этика саясаттың бастауы, оньң кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін — теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" қарастырылады.

Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жерде мемлекетформасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бүдан басқа мемлекеттін дұрыс және бұрыс формаларытуралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктін мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделсрін көздейді. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотельполитияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады.

Адамдардың табиғи және тарихи қауымдасуын Полибии олардың жануарлар сияқты қорғансыздығы мен әлсіздігінен, осыдан келіп тобырға басшылық жасаудың қажеттілігін түсінуінен деп ұғындырады. Алғашқы кезде өзінің күшімен және батылдылығымен тобыр көсемі болғандар бірден билікті өз колдарына алып, бұл билікті табиғи заңдылық ретінде пайдаланды. Мемлекеттің демократиялык басқару формасының алғашқы кезеңінде бостандық пен еркіндік жоғары бағаланады. Бірақ басқалар есебінен өмір сүруге дағдыланған тобыр өздерінің көсемін сайлап, демократиялық билікті құлатады және мемлекет билігінен бойын аулақ салады.Демократия охлократияға айналады. Бұл жағдай ізгілікті мемлекеттің ең нашар түрі ретінде көрінеді және басқару формаларының ең соңғы сатысы болып есептеледі. Мемлекеттік билік формаларының ауысуын сипаттай келе, Полибий басқарудың ең тиімді формасы ретінде патшалық биліктің, аристократияның және демократияның ең жақсы тұстарының араласқан формасын ұсынады. Оның баскарудың аралас формасы туралы ойлары мемлекет, құқық және билікті  бөлу теориясында одан әрі дамытылды.

 

Негізгі әдебиеттер:



1.  Саяси және құқықтық ілімдер тарихы.

2.  История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

3.  История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

4.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

5.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

6.  Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. I: Античный мир и Восточные цивилизации.

7.  История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

8.  Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

9.  Лао-цзы. Дао дэ цзин. (Сер: "Жемчужины истории политической и правовой мысли "). - Алматы: ВШП "Әділет", 2000.

 

Қосымша әдебиеттер:



1.  Бачинин В.А. История философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

2.  Гобозов И.А. Философия политики.-М.,1998

3.  История политических и правовых учений (Древний мир). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М.:Наука, 1985

4.  История философии в кратком изложении.М.,1991

5.  Кечекьян С.Ф. Учение Аристотеля о государстве и праве.М.,1960

6.  Мифы народов мира. Энциклопедия в 2-х томах. /Гл.ред.С.А.Токарев.-М.,1992

7.  Кун Н.А. Легенды и мифы Древней Греции. Алма-Ата,1985

8.  Луковская Д.И. У истоков правовой мысли в Древней Греции. "Правоведение" 1977, №1

9.  Материалисты Древней Греции. /Сб.статей. М.,1955

10.           Полибий (Из истории политической и правовой мысли). /Под ред. Мирзаева С.Б.М., 1986

11.           Политические учения Древней Греции. /Сб.статей. М.,1979

12.           Философский энциклопедический словарь.-М.,1988;1999;2000


Пысықтау сұрақтары:

4 тақырып. Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдер

 

Ежелгі Римдегі саяси және құқықтық ілімдердің жалпы сипаттамасы. Цицеронның құқық және мемлекет туралы ілімі. Рим стоиктерінің саяси және құқықтық идеялары. Сенека. Рим юристері құқық табиғаты және жүйесі туралы. Табиғи құқық. Халықтар құқығы. Жария және жеке құқық. Ерте христиандықтың саяси және құқықтық идеялары. Інжіл. Августиннің саяси-құқықтық ілімі.



Ежелгі Римдегі саяси-құқықтық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлі топтары — патрицийлер мен плебейлер,нобилиттер (патрицийлср мен байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер тобы) мен полярлар (төменгі халықты қолдаушылар). еріктілер мен кұлдар арасындағы өткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойында үнемі дамып отырды.

Адамның алғашқы табиғи жағдайдан саяси өмір мен мемлекеттің, заңдар мен ойлардың пайда болуына дейін прогрессивті дамуы туралы жалпы философиялық көзқарастар Гит Лукрецийдің "Заттың табиғаты туралы" поэмасында көрініс тапты және одан әрі дамытылды. Оның бұл шығармасында адамның, табиғаттың, әлемнің және қоғамның пайда болуы туралы мәселелер материалистік түрғыда жеңіл, түбірлі түрде өлеңмен баяндалады.

Дүниеде бәрінің негізі материя деп мойындай отырып, Лукреций "бәрі материядан шығады және бәрі сонымен өмір сүреді" деп атап көрсетеді Дінді ғылыми прогрестің кедергісі деп бөлген ол діни ұғымдарды да батыл сынға алады. Рим қоғамының кемшіліктерін де айыптап отырып, саяси күрес пен билікті өзінің жеке басының мүддесі үшін пайдаланушылар туралы теріс пікірде болды.

Бұл кездегі ресми христиан доктринасы мен христиандықтың саяси идеологиясының көрнекті қайраткері Аврелий Августиншешімінде схоластика қағидалары да көрініс тапты.

 Ежелгі Римнің атақты шешен заңгері, мемлекеттік қайраткері және ойшылы Марк Туллий Цицерон б.з.д. 106 жылы туып, б.з.д. 43 жылы қайтыс болды. Ол кейінгі ұрпаққа, адамзат мәдениетіне орасан зор мұра қалдырған ұлы философ және саясаткер болды. Оның кең қамтылған шығармашылығында мемлекет пен құқық мәселелеріне көп орын берген. Бұл мәселелер оның осы тақырыпқа арнайы жазған мемлекет туралы "Құдайлардың табиғаты туралы", "Міндеттілік туралы", "Жамандық пен жақсылықтың шегі туралы" және "Заңдар туралы" еңбектерінде кең қамтылған.

Цицерон мемлекетке халық еңбегінің жемісі рстінде анықтама берді.

Мемлекеттін пайда болу себебі Цицерон адамдардың әлсіздігі мен қорқынышын емес, олардың туғаннан бірге жүру қажеттігіне ұмтылуынан деп есептейді. Бұл мәселе бойынша, Аристотельдің политиясын құптаған Цицерон сол кездегі мемлекеттің пайда болуының келісімдік сипаты туралы кең дамыған түсінігін жоққа шығарды. Ол мемлекет пен жеке меншіктің байланысын анықтап, мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі — жеке меншікті қорғау туралы ережені мақұлдайды. Билеушылер санына қарай Цицеронмемлекеттің қарапайым үш формасын патша билігін (монархия), оптиматтарды (аристократия) және халық билігін (демократия) атапкөрсетеді.

Табиғат құқықтары, Цицерон бойынша, жазба зандардың қайсысынан болса да ерте, тіпті мемлекетпен де ерте пайда болған.. Заңның көмегі мен күші туралы Цицерон "COТ  сөилейтін заң, ал заң — әлсіз сот" деген анықтама береді, яғни әділ заң "әділдігі әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады".

Ежелгі Грециадан бастау алған стоицизм римдік саяси-құқықтық ойда одан әрі жалғасын тапты. Рим стоиктерінің теориялықкөзқарастары ежелгі грек  стоиктерінің философиялық, этикалық және саяси-құқықтық концепцияларының едәуір ықпалында болғанымен, олардың өзіндік ерекшеліктері айқындалды және одан әрі дамытылды. Рим стоицизмнің басты өкілдері Луций АннейСенека /3 -65жж/, Эпиктет /50—140жж/ және Марк Аврелий Антонин болды.

Стоиктердің ілімі бойынша, әлем – біртұтас дене. Ол құдайлық пен адамдықтың арасындағы қарым-қатынас және оны әлемдік құдай ретінде қарастырады. Олардың айтуынша, әлемде болып жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынған, сондықтан ол белгілі бір мақсатты жолмен, яғни оны керек етуіне қарай дамиды. Қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірде де қолданылады деп есептейді.  Осы заңға сүйенген  олар бостандық ұғымын да қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады.

Рим заңгерлерінің тек құқықтану саласында ғана емес, бүкіл әлемдік µркениетке қосқан үлесі айрықша. Олар құқықтануды алғаш рет жеке ғылым ретінде қарастырды.

Рим заңгерлерінің қызметі мынадай құқықтық мәселелерді шешуге көмектесті: 1) rеsponderе — жеке адамдардың құқықмәселелері жөніндегі сұрақтарына жауап беру, 2) cavere — келісімдер мен мәмілелер (шарттар) жасауға көмектесу және формулаларды хабарлау, 3) agere  сот ісіне көмектесу.

Азаматтық құқық жинақталған Юстиниан кодификациясы "Корпус юрис цивилис" деп аталды. Бұл кодификацияға ең алдымен Гайдың институциялары кірді. Гай институциялары құқықтық бастауыш оқуға арналған рим құқығының негізін құрады. Мұнда сонымен біргс Ульпианның, Флорентиннің және Марцианның еңбектері де енгізілді. Институциялар төрт кітапқа, кітаптар титулға, титулдар параграфқа бөлінді.

Рим құқықтық ойының маңызды табыстарының бір құқықты бұқаралық (көпшілік) және жеке құқыққа бөлуі болып табылады. Олар бұқаралык (көпшілік) құқық саласында шіркеу иелері мен абыздардын кұқықтық жағдайы, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өкілеттілігі, азаматтык және басқа да мемлекеттік-азаматтық институттар ұғымына талдау жасады. Цивильдік құқық саласында рим заңгерлері меншік, отбасы, өсиет, шарт мәселелеріне жан-жақты талдау жасады. Мүліктік қатынастарды реттеуде олар жеке меншікті қорғау позициясында болды. Олар меншік құқығын затты абсолютті түрде иелену және пайдалану деп түсіндірді. Яғни зат иесі затты жоюға да құқылы. Бірақ, меншік иесінің құқығы қаншама кең болғанымен, ол басқалармен санасуға міндетті. Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі құқықтық ойдың одан кейінгі дамуына үлкен ыкпалын тигізді.

 

Негізгі әдебиеттер:



1.  Саяси және құқықтық ілімдер тарихы.

2.  История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

3.  История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

4.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

5.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

6.  Антология мировой правовой мысли: В 5т. / Рук науч. проекта Семигин Г.Ю. - Т. I: Античный мир и Восточные цивилизации.

7.  История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

8.  Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

 

Қосымша әдебиеттер:



1.  Бачинин В.А. История философии и социологии права. - Санкт-Петербург, 2001

2.  Галанза П.Н. Государство и право Древнего Рима.1963

3.  Гобозов И.А. Философия политики.-М.,1998

4.  История политических и правовых учений (Древний мир). /Под ред.В.С.Нерсесянца. М.:Наука, 1985

5.  История философии в кратком изложении.М.,1991

6.  Мифы народов мира. Энциклопедия в 2-х томах. /Гл.ред.С.А.Токарев.-М.,1992

7.  Утченко С.Л. Политические учения Древнего Рима.М.,1977

8.  Философский энциклопедический словарь.-М.,1988;1999;2000

 
Пысықтау сұрақтары:

Тақырып 5 Арабтық Шығыс, Орта Азия және Қазақстандағы

ортағасыр дәуіріндегі саяси және құқықтық ілімдер

 

Арабтық Шығыс, Орта Азия елдеріндегі және Қазақстандағы саяси және құқықтық ілімдер ерекшеліктері. Азияның мұсылмандық ортасындағы ортағасырлық саяси-құқықтық ойлар қалыптасуының негізгі ерекшеліктері.  Исламның саяси-құқықтық идеологиясы. Құран мен Сүннет исламның заңдық нұсқауларының негізгі қайнар кµзі ретінде. Негізгі бағыттар мен секталардың саяси-құқықтық идеялары. Суннизм және шиизм.



Әл-Фарабидің саяси және құқықтық идеялары. Мемлекеттің пайда болуы. Қала мемлекеттердің жіктелуі. Мемлекет басшысының қажетті мінездемесі және оның ролі. Жетілген мемлекет туралы кµзқарастар. «Мемлекет қайраткерінің афоризмдері». Ибн Халдунның мемлекет туралы ілімдері. Халифат теориясы.

Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы өзінің түбегейлі тұжырымдамасы мен теориялық қайнар көзі негізінде басқа құқықтық нормалардан өзгешелігімен айрықшаланады. Мұндағы құқықтық діни-этикалық нормалар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтас және бір-бірін толықтыра отырып, біртүтас құқыктық жүйе құрайды. Мұсылман кұқығы заң ғылымының жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана саласы. Мұнда ислам дінінін қағидалары — шариғат — адамдардың мүддесі үшін жүзеге асуы тиіс міндетті идея ретінде көрсетілген. Шариғатты орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады.

XI ғасырдан бастап мұсылман қүқығының бірнеше құқыктық мектеп-ағымдары дамыды.

Оның бірі сунниттік бағыттағы мұсылман құқығы 1. Ханифиттік — негізін салушы Әбу Ханифа (699—767 ж.ж.) (Иран, Түркия. Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет); 2. Маликиттік — негізін салушы Малика бен Анас (713—795 ж.ж.) (Солтүстік және Батыс Африка); 3. Шафиттік — негізін салушы аш-Шафий (767 -819 Ж.Ж.) (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка); 4. Ханбалитік — негізінсалушы Бен Хапбала (780—855 ж.ж.) (Арабия).

Шииттік бағыттағы мүсылман құқығы да джафариттік, исмалиттік, зейдиттік және т.б. мектеп ағымдарға бөлінді.

Мұсылмандық теория бойынша мұсылмандық құқықтың барлық нормалары Құраннан және суннадан алынған. Мұсылман — құқықтық саяси теориясындағы басты мәселе — мүсылмандық билік пен басқарудын арнайы түрі — халифаттық өзара байланыстар аспектілерінің мәні туралы болды. Халифаттың анықтамасы туралы мүсылмандық мемлекеттанушы Әл-Маварди былай деп жазды "Имамат — діни сенімді корғау миссиясы мен жердегі iстерді басқарудың пайғамбарлық мұрасы болып табылады"

Мүсылман саяси теориясында мүсылман мемлекеттерінің басшыларын орнынан алу және сайлау туралы дәлме-дәл анықтама жоқ. Бірақ Әл-Маварди еңбектеріндс айтылғандай (сунниттік концепция бойынша жоғары азаматтық және діни билік мүрагерлік тәртіппен немесе бұрынғы билеушінің тағайындауымен емес, қауым мен халифат билігіне үміткер арасындағы ерекше шарт бойынша іске асырылады. Ал шииттік саяси концепцияда халиф қауым арқылы сайланбайды, ол Алла мен пайғамбардың тікелей өкілі болып табылады. Халиф өзінің мүрагерін сайлай алады немесе пайғамбардың күйеу баласы Әлидің тікелей ұрпақтарына мүрагерлікке қалдыра алады.

Әл-Маварди халифтік басқару формасының артықшылығын мемлекет басшысынын өзінің барлық іс-әрекеттерінде мұсылмандық кұқықты (шариғатты) басшылыққа альш отыруынан, қол астындағылардың мүддесі мен жалпы игілігін және олардың ар-ожданын қорғау істерінен және маңызды шешімдер қабылдауда өзгелермен ақылдасып, келісіп отыруынан көреді. Халиф өзінін қол астындағылардың кез-келгенімен ақылдасуға құқылы болғанымен, бірақ іс жүзінде қарапайым мұсылмандардын пікірі есепке алынбады.

Шыққан тегі жағынан араб Аверроэсо (Ибн Рушд) өзінің философиялық жүйесін ақыл-ой негізінде құрды, сондыктан да оныңислам дінімен амалсыз соқтығысуына тура келді. Аристотельдің еңбектеріне сүйенген ол о дүниедегі өмір туралы және дүниені құдай жаратты деген діни ұғымдарды жоққа шығарды. Материя мәңгі-бақи өмір сүруде, барлық табиғи құбылыстар және адамдардың іс-әрекеттері құдайдың қүдіретімен емес, өзінің ішкі табиғи заңдарымен жүреді деп түсіндірді ол. Табиғи заңдылықты негізге алған Ибн Рушд мемлекеттің пайда болуын құдайдың ісі емес, адамдардың жердегі тәртіпті сақтауға ұмтылуынан және адамдар арасындағы алауыздық пен қақтығыс нәтижесінде пайда болған деп есептеді.

Әл-Фарабидің саяси көзқарастарына ұқсас концепцияны Ибн Сина да ұсынды. Саясатқа деген мұндай көзқарас онын адамгершілік мазмұнымен байланыстырылған. Бүкіл араб философиясына тән болып келген саяси адамгершілік мазмұны оның теориялық негізінде болып саналады. Әл-Фарабидің саясаттын басты мақсаты бақытқа жеткізу болып табылады деген тезисіне шын пейілмен ықылас қойған Ибн Сина мұсылман философиясы мен ойындағы ірі өкілдерінің бірі боп саналады

Мұсылман мемлекеті басшысының құқықтық жағдайы мен атқарушы билік формасын оның әр кезеңдегі даму сатыларыменсалыстыра отырып, белгілі саясаттанушы-ғалым Ибн Халдун мұсылман мемлекеттеріңдегі басқару формаларының классификациясын жасады.

Ибн Халдуннын ілімі бойынша кез-келген қоғам адамның табиғи әрекеті негізінде, олардың бір-бірін табиғи жоюы менагрессиясын тоқтатуға арналған "тежеу бастамасын" қажет етеді. Мұндай ықтиярсыз билік мемлекетті көсемдер басқарған тайпалардан ерекшелендіреді және халықтар бастан кеішірген және қол жеткен өркениет деңгейіні көрсеткіші больш табылады.Мемлекеттің тайпадан басты ерекшелігі — қоғам мүшелерін бағыныштылықта ұстайды және олардың еркінен тыс билік жүргізеді, барлығына міндетті заңдар шығарады, елде тәртіпті қамтамасыз етеді, салық жинайды және әскер жасақтайды.

Ибн Халдунның пікірі бойынша мұсылман мемлекеттері өз дамуында төрт сатыдан өтті:

1     Нағыз халифалар басқарған "таза халифат"

2     Халифаттың сыртқы белгілерін сақтай отырып, біртіндеп монархияға көшуі (Омеядтар әулеті кезеңіндегі халифат)

3     Халифаттың   толық   монархияға   айналуы   (Аббасидтер


әулеті кезкезеңіндегі халифат)

4 Біріңғай мұсылман мемлекетінің ыдырауы және арабтарды басқа халыктардың жаулап алуы (Бағдадты моңғолдардың,Мысырды османдық түріктердің жаулауы).

Ибн Халдун басқару формасының үш түрін 1) "табиғи" мо нархия; 2) "саяси" монархия; 3) Халифатты атап көрсетеді.

Оның пікірінше, басқарудың бірінші формасында билік билеушінін жеке мүддесі үшін жүргізіледі, яғни "табиғи" монархия өзінін мақсатынан басқа  еш нәрсеге қатысы жоқ жеке биліктің деспоттық режимі. Бірінші формадан "саяси" монархияның ерекшелігі мұнда басқару рационалды, саналы өлшемге негізделеді, халық мүддесін қорғайтын саясат жүргізіледі. Бірақ бұл кездегі билеуші саясатында діни құндылықтар ескерілмеді.

Ибн Халдун халифаттың ықтиярсыз билігі мен зорлығына қарамастан, жоғары әділдікті қамтамасыз ететін мұсылман құқығы үшіноған басымдық береді. Өйткені, халифтің ықтиярсыз "саналы" билігі мұсылман қауымы үшін де, басқа халықтар үшін де "пайдалы іс" болып табылады.

 

Негізгі әдебиеттер:



1.  Саяси және құқықтық ілімдер тарихы

2.  История политических и правовых учений/ Под общей ред. Нерсесянца В.С. Изд. 2-е, стереотип. – М., 1997;1998;1999;2000.

3.  История политических и правовых учений/ Под ред. Лейста О.Э. –М., 1997;1999;2000.

4.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Малахова В.П. – М., 2000.

5.  История политических и правовых учений/ Хрестоматия / Под.ред. Лейста О.Э. – М., 2000.

6.  Антология мировой политической мысли: в 5т. Т.I: зарубежная политическая мысль: истоки и эволюция.

7.  История философии права. Учебное пособие СПб: Юрид.инс-т 1988. (содержит обстоятельные фрагменты классических трудов).

8.  Сравнительное изучение цивилизаций. Хрестоматия. Сост.Б.С.Ерасов. М.,1998

9.  Аль-Фараби. Афоризмы государственного деятеля // Аль-Фараби. Социально-этические трактаты. - Алма-Ата, 1973; или: Аль-Фараби. Избранные трактаты. - Алматы, 1994.

 

Қосымша әдебиеттер:



1.  Арабо-мусульманская философия в системе мировой культуры.М.,1983

2.  Бурабаев М.С., Кенесарин А.М., Курмангалиева. Проблемы бытия и познания в философии Аль-Фараби.Алма-Ата,1988

3.  Григорян С.Н. Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока.М.,1956

4.  Давид Р. Основные правовые системы современности.М.,1976

5.  История политических и правовых учений (Средние века и Возрождение), /Под ред.В.С.Нерсесянца. М., Наука, 1986

6.  История философии в кратком изложении.М.,1991

7.  Социальные, этические и эстетические взгляды Аль-Фараби. (коллектив авторов: Бурабаев, Сагадиев А.В.)А-а,1984

 
Пысықтау сұрақтары:




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет