Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»


D. диагностическое значение рентгенграфии грудной клетки, ЭКГ, ЭхоКГ при легочной гипертензии, хроническом легочном сердце и ДН; E



бет14/78
Дата23.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#177472
түріСборник
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)
Shonbay Ekinshi-bolma.561257
D. диагностическое значение рентгенграфии грудной клетки, ЭКГ, ЭхоКГ при легочной гипертензии, хроническом легочном сердце и ДН;


E. научить больных БА, ХОБЛ технике применения препаратов с помощью ингалятора, спейсера и небулайзера; научить больных технике пикфлоуметрии для диагностических целей и для контроля лечения.
2. Практичекая часть: прием больных вместе с участковым врачом или врачом ОВП, обслуживание вызовов на дому, работа с соответствующими приказами и нормативными документами; изучение и заучивание протоколов диагностики и лечения нозологичеких единиц, подозреваемых на основе ведущего синдрома (республиканский центр развития здоровья - РЦ РЗ – портал медэлемент). Работа в клинических лабораториях, диагностических отделениях (рентген кабинете, в кабинете спирографии, лаборатории). Интерпретация результатов обследования и написание заключения. Отражение работы в дневниках.


ІІІ. Заключение.

Итоговое тестирование. Работа с ПДЛ при решении клинических случаев.




Клиникалық жағдай №1

4 жастағы балғынды жалпы тәжірибелі дәрігерінің қабылдауына әкесі көтеріп әкелді, сәбиді дене қызуының 38,50С жоғарылауы, “тұмау”, “үріп” жөтелу, дауысының қарлығуы мен тынысының шулы, ауырлауы мазалайды. Анамнезінен сәби жедел ауырған, ауруы қызуының көтерілуі, құрғақ жөтел, “тұмау” (насморк), жалпы жағдайының нашарлауынан басталған. Бұған дейін балғын жасына сай дамыған, жедел респирациялық аурулармен жылына 2-3 ретке дейін ғана ауырған, өмірінің бірінші жылында атопиялық дерматитпен сипатталған тағамдық аллергиядан зардап шеккен. Бала бақшаға бармайды.


Об-ті: балғын қозулы, терісі таза, беті алаулаған. Мұрын-еріндік аймағының цианозы. Кілегей қабықтары таза, аңқасы гиперемияланған, бадамша бездері ІІ дәрежелі ұлғайған, мұрын жолдарынан серозды бөлінді. Тынысы қиындаған, шулы, алысқа естіледі, “үріп” жөтелу мен дауысының қарлығуы бар. Тыныс актіне қосымша бұлшық еттері қатысуда, тыныс жиілігі 35 мин. Жүрек тондары күшті, ырғақты, шулар жоқ, ЖЖС 126 мин. Іші жұмсақ, ауырсынулар жоқ.



  1. Жетекші симптомды бөліңіз, оның диагноздық алгоритмін шұғыл жүргізіңіз.

  2. Жетекші симптом мен басқа клиникалық белгілеріне сүйеніп, басты синдромдарын нақтаңыз, олардың ерекшеліктеріне байланысты күдікті аурулар тізімін құрыңыз (дифференциялық диагнозын шұғыл жүргізіңіз).

  3. Ауруханаға жолдау (немесе стационар алмастырушы технология) сұрақтарын жедел шешіңіз (дәрігерлік тактика).

  4. Ауруханаға жатқызғанға дейін шұғыл және жедел көмек көрсету сұрақтарын шешіңіз. Глюкокортикоидтар тағайындау көрсетпелерін жазыңыз.

  5. Осы жағдайдағы дамуы мүмкін асқынулар, оның ішінде өмірге қауіптілері. Коникотомия жасау көрсетпелерін талдаңыз.

1. Жауаптары:


1. Жетекші симптомы – жөтел, келесі ерекшеліктерімен (диагноздық алгоритм): дауысының қарлығуы, жөтелдің ұстамалылығы және “үріп жөтелу” – ларингстің зақымдануын (ІІ дәрежелі стенозын) көрсетеді. Дауысының өшуі (афония), тынысының тарылуы – крупты дәлелдейді.


2. Жөтелдің жоғарыда аталған ерекшеліктері тыныстың жоғары бөліктерінің кілегей қабатының зақымдану синдромын дәлелдейді, сонымен қатар, тыныстың жедел шамасыздық, қызба, аллергиялық анамнез синдромдары бар. Осыларға сүйеніп, келесі нозобірліктерден күдіктенеміз:
Нег. ауруы: ЖРВИ. Көмей стенозы ІІ дәрежелі, “круп” синдромы. (J05) Дифтерия (Күл) ауруы?
3. “Истерияға бейім” туыстарын аластау, науқасты орап ұстау; ауруханаға, оның ішінде реанимацияға шұғыл тасымалдауды жедел жәрдем арқылы ұйымдастыру тактикасын қолданамыз.
4. Науқасты тек отырғызып емдеу; О2-мен қамсыздандыру және/немесе терезе ашу; венаға түсу – белсенді инфузиялық ем бастау: ГКС (преднизолон 2-5 мг/кг, немесе гидрокортизон 10мг), антигистаминді дәрмектер; ингаляциялар (атровент, беротек, беродуал, ингакорт 3 реттен тыныс алдыру); жөтел басатын (АЦЦ, содалық қоспалар, жалаңмия немесе жалбызтікен); теріге әсерлер арқылы жөтелді басу (отвлекающая терапия). Стеноздың ІІ дәрежесі – ГКС тікелей көрсетпе.
5. ІІІ дәрежелі круп; ателектаз; асфиксия; өмірге қауіпті аритмиялар. Крикотиреоидотомияны (коникотомия) немесе осы мембрананың пункциясын дауыс желбезегі деңгейінде немесе одан жоғары тыныс жолдарының бүтіндей немесе жартылай жабылуынан асфиксия дамыған шұғыл көрсетпелер жағдайларында ғана, трахеяның интубациясы мүмкін болмағанда, жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет