Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет38/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221
саусақ жаттығулары, Қимылды ойындар 1 кіші топ
 
 
 


71 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ 
Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ 
Ингенбаева Ернат Капановна 
«Арман» балалар бақшасының тәрбиешісі
Бақбақты ауылы
Алматы облысы Балқаш ауданы
 
Еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толу қарсаңында аса көрнекті 
ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин туралы айтпай кету мүмкін емес. 
ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан 
халқына Жолдауларында және өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
атты бағдарламалық мақаласында: «Ұлттық бірегейліктің сақталуы, 
қоғамдық сананы жаңғырту, ұлттық кодымызды сақтау, яғни ана тілін, ұлттық 
дәстүр, ұлттық сана-сезім, ұлттық болмыс, әдет-ғұрып, мәдениет, музыка, 
әдебиет, өнерді қастерлеу» - деп атап көрсеткен. 
Біздің болашағымыз бесікте жатқан бөбектерді, балабақшада жүрген 
балдырғандарды, 
мектеп 
шәкірттерін 
тектілікке, 
инабаттылыққа, 
имандылыққа тәрбиелеуді қазіргі уақыттың міндеті, талабы деп қарауымыз 
абзал. Осы талап пен міндеттерді орындалудағы ең бір пәрменді құрал– оқу, 
тәлім-тәрбие жұмыстарында халықтық құндылықтардың алтын мұрасын 
жүзеге асыру. Қазіргі таңда білімнің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, кәсіби 
құзыреттілігі жоғары, жаңаша ойлайтын шығармашылықты мамандар 
даярлау және жасампаз іс-әрекетті оңтайландыру. Олай болса, тарих көшінде 
өзіндік орны бар айрықша зиялы қауым өкілдерінің ұрпақ тәрбиесі туралы ой 
пікірлерін зерделеу, сипаттаудың, таразылаудың, жинақтаудың, оларды 
қоғамдық іс – тәжірибе шеңберіне енгізудің маңызы зор. 
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында 
Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген.
1850 жылы 22-тамыз күні, Орынбор қаласында мектеп ашылады, оған 
қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды. 
Ыбырай Алтынсарин бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы тәмәмдайды. 
Ыбырай Алтынсариннің Торғайдағы нағашылары Шеген би әулетімен 
оған қолдау көрсетіп, Балқожа би немересінен аянып қалмайды.
«Балаң мектептің ірге тасын көтеріп жатыр» дегенді естіген Ыбырай 
Алтынсариннің атасы Балқожа би үйірлеп жылқы айдатып, 500 шақырым 
жердегі Аманқарағай деген жерден бөренелер тиетіп жатыпты дейді 
естеліктерде. Мектеп құрлысы жоғары жақ тарапынан онша қолдау көрмей, 
кешеуілдеп жатса да, ұлы ұстаз мектеп үйінің әр кірпішін өз қолымен қалап, 
сан қиыншылықтардан соң, алға қойған мақсаттарына жетеді. 1864 жылы 
Торғай қаласында алғашқы қазақ мектебі де ашылады.Бойындағы бар білімін 
сол уақыттардағы алдыңғы педагогика үрдісі негізіне ыңғайластыра 
жоспарлай отырып, жаңа оқыту жүйесімен жұмыс істеуді мақсат етеді. 


72 
Бастысы, оқуды ана тілінде жүргізіп, оқушылардың ынтасы мен 
қызығушылығына бағыттай отырып, тәрбиелей оқытуды көздейді. 
«Қарағым, мұнда жүрсең нетер едің? 
Қолыңа құрықалып кетер едің! 
Тентіреп екі ауылдың арасында 
Жүргеннен не мұратқа жетер едің?», - деп, атасы Балғожа би айтқандай, 
Ыбырай Алтынсарин бүкіл бір халықтың маңдайына біткен жарық жұлдызы 
болды. Ы.Алтынсариннің демократиялық - ағартушылық бағыты, оның 
педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. 
Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға 
тартуға және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнады. 
Екіншіден, ұстаз тәлімгерлер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми - 
әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. 
Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық 
өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан - жақты қамтып жазуға 
жұмсады. Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнап мектеп ашумен бірге онда 
қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдерді даярлауға аса 
зор мән берген.
Ол мектептегі ең басты тұлға – мұғалім деп есептеген. Жақсылап 
салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу құралдарын да 
табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы деп 
көрегендік танытқан. 
«Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы. Тамаша жақсы 
педагогика құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде 
жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. 
Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат 
көремін»,-деп мұғалімді жоғары бағалады. 
Елде мектептер саны өсіп, мақсаттарына біртіндеп аяқ басып келе 
жатқан ағартушыға енді, жаңа мектептерге, жаңаша көзқараста білім мен 
тәрбие беретін мұғалімдер қажет болады. Осыған орай, Орал қаласында 
тұңғыш мұғалімдер даярлайтын мектептің ашылуы да заңдылық еді. 
Ы. Алтынсарин Петербург, Қазан қалаларына сапарлап барып, 
орыстардың ағартушылық жүйесін, озық ойлы педагогтардың еңбектерін 
етене зерттейді. Білім мен ізденістің биігінде жүріп, өзі құрастырған алғашқы 
оқулықтан соң, екі төл оқу құралы – «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға 
орыс тілін үйрету бастауыш құралын» баспадан шығарады.
1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай өңірі мектептерінің инспекторы 
қызметіне тағайындалады, бұдан оның ағартушылық қызметінің дамып, 
жетілуіне жол ашылып, бастауыш 1-2- сыныптарға орыс-қазақ мектептерін 
ашып, оларды оқулықтармен қамтамасыз етуге кіріседі.
1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін ашады және бұл қазақ 
жерінде техникалық білім беретін алғашқы оқу орны ретінде тарихта қалады. 
Осы ізбен бүгінде сан түрлі кәсіптік – бағдар беретін оқу орындары жалғасын 
тауып келеді. Ұлы даланың ұлт ұстазы - Ы. Алтынсариннің Торғайда ашқан 


73 
мектебінен қоғам қайраткерлері, ғалым-ұстаздар Ахмет Байтұрсынов, 
Міржақып Дулатов білім алады.
Бүгінде, Ыбырай Алтынсарин салған сара жол өсіп-өркендеген
экономикасы мен мәдениеті дамыған Тәуелсіз Қазақстан Республикасының 
білім ошақтарында жалғасын табуда. 
Қазақ халқы Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін 
салушы, прозашы, және ақын деп қана білмей, қазақ балалар әдебиетінің 
негізін қалаушы деп те таниды. Әрбір болыстықта ашылған мектептердің 
бірінші бөлімінің оқыту бағдарламасы барлық ауыл мектептерінде болуын 
мақсат тұтты және оған қол жеткізе білді. Ұлт ұстазы – қазақ қоғамының 
сауатын ашу тек бастауыш деңгейінде қалып қоймауын көкседі.
Кемеңгер ағартушы, «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы бетіне өзінің 
өнер білімге шақырған өлеңі «Кел, балалар, оқылықтың» алғашқы шумағынан 
басталды. Ы. Алтынсариннің қысқа әңгімелері арқылы, ол жас шәкірттерді 
адамгершілікке, ізгілік пен бауырмашылдыққа, еңбекке, шындыққа, 
әдептілікке, сабырлылыққа, зейінділікпен білімді меңгеруге бастайды. Оның 
шағын әңгімелерінің ерекшелігі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін мысалға 
ала отырып, кейінгі ұрпақтың өсіп жетілуіне ықпал ете білген. 
Ы.Алтынсариннің «Аурудан аяған күштірек», «Асыл шөп», «Малды пайдаға 
жарату» әңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлылық пен 
шыдамдылық секілді қасиеттерді бала бойына сіңдіру мақсатына бағытталған. 
Кейбір әңгімелерінің легі табиғат құбылысы мен оған адамның көзқарасын 
ашуға бейімделген. Осы арқылы жастардың көңіл көкжиегін кеңейтіп, 
санасын өсірген. Олардың көпшілігі жан-жануарлар тіршілігінен алынып 
жазылғандар. Мысалы, «Түлкі мен ешкі», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен 
қарға» т.б Балалар табиғатына ыңғайлы, қазақ тыныс-тіршілігіне 
орайластырып жазған шығармаларының орны елеулі. 
Айтыс өнеріне ұқсас «Жан-жануардың дауласқаны», «Байұлы», 
«Сәтемір хан», «Жәнібек батыр», «Оқудағы балалардың үйіне жазған хаты» 
секілді туындыларында балаларды тапқырлыққа, шешендікке баулуды мақсат 
етеді. 
Бүгінгі 
педагог 
қауымы 
ағартушы-педагог 
Ы.Алтынсариннің 
шығармаларын өз жұмыстарында үнемі басшылыққа алып келеді. 
Ы.Алтынсариннің қай шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін 
көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Біз үшін 
ұлы ағартушы –педагогтің, ұлт ұстазының еңбектері мәңгі өшпейтін мұра 
болып қалмақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет