Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет40/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221
саусақ жаттығулары, Қимылды ойындар 1 кіші топ
Өзектілігі: 
Жас 
ұрпақтың 
бойына 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарды 
қалыптастыру мақсатында, жас ұрпақты үлттық рухани біліммен қаруландыру 
– осы әдістеменің негізі болып табылады. Ұлтын тануға ықпал етеді, өз 
тарихына, мәдениетіне қызығушылығы артады. Қазақ балалар әдебиет 
негізінде тәрбиелеп, қазақ балалар әдебиетінің ақындармен танысады. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытып, 
байланыстыра сөйлеу, ақыл-ой жұмысын күшейтетін-өзіміздің ежелден 


75 
қалыптасқан ұлттық ою-өрнектері негізге алынды.Ою-өрнектер арқылы оқып 
мазмұндау – баланың тіл байлығын жетілдіреді, белсенділік арттырады, бала 
жан-жақты ізденеді, практикалық іс-әрекетте болады. Бала ең алдымен 
қазақтың ою-өрнектерін танып, атауын біліп, мағынасын түсініп, сөзге 
алмастырады. Яғни, бала осы ою-өрнектерге қарап мәтіндік ақпаратты оңай 
қабылдайды. Тіпті әріп танымайтын бала ою-өрнектер арқылы оқи алатын 
болады. Ою-өрнектер арқылы балалар мақал-мәтел, тақпақ, өлең, тыйым 
сөздер, жаңылтпаштарды жаттап қана қоймай, тіпті ертегілерді де 
мазмұндайды. Оқу қызметінің барысында ою-өрнектер арқылы балаға жұмыс 
жасауға, тапсырмаларды орындауға оңайға түседі. Өйткені баланың алдында 
ою картасы, ою үлгілері мен түрлері, ою мағыналарына сәйкес түстер картасы 
бар. Бала сабақта өз бетімен бақылаусыз отырмай жұмыста болады. 
Ұлттық ою-өрнектер арқылы балаларды оқыту, балалардың қазақ тілін 
жетік меңгеруге ыңғайлы, белсенді сөздік қорына көне сөздер енеді. Балалар 
таныс емес сөздерді ою атауларынан еститін болады. Мысалға, шытырман, 
балдақ, тоғызтөбе, шиыршық, Айша бибі, т.б оюларының атауларын ғана біліп 
қоймай, мағыналарын да білетін болады. Осының нәтижесінде баланың 
байланыстырып сөйлеу дағдылары, ауызекі сөйлеу мәдениеті, ұлттық 
этикалық құндылықтары артады. 
Әдебиеттану бағдарламасына қосымша жұмыс дәптерлері жасалды. 
Жұмыс дәптер ішінде жазылым буындап жазылған, баланы әріп танып оқуға 
құштарландырады, мектепалды топтарындағы оқи білетін балаға тапсырманы 
оқып барып орындауға мүмкіншілік береді. 
Ертегілер, әңгімелер, мақал-мәтелдер, сонымен қатар жаңылтпаш, 
тыйым сөздер ою-өрнекпен жазылып, әріп танымайтын мектеп жасына дейінгі 
бала, өздігімен кез келген мәтінді «оқи алады». Әріпті танымайтын бала 
оқылған мәтінді есіне ою-өрнек арқылы сақтайды. Тапсырмалар балалардың 
жас ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылған: қарапайымнан – күрделі
тапсырмаларға дейін, бұл – логикалық, шығармашылық, дамытушылық 
тапсырмалар. 
Жұмыс дәптері арқылы балалар ұлттық оюлардың 80-нен аса түрлерімен 
танысып, түстерін ажырата алып, мағыналарын да біліп таниды. Ою-
өрнектерден ою карталарын шығарып, оюды затты суретпен сәйкестендіріп, 
оюдың мағынасына келтіріп өрнектермен өлеңдерді оқып, жаттап, ертегілерді 
мазмұндайды. Мысалы кіші топта 8, орта топта - 26, ересек - 34, даярлық 
тобында - 48 ою-орнекті жұмыс дәптері негізінде бала меңгереді және де 
жылдан жылға оюмен меңгерілетін мәтіндерде күрделенеді. Екі-үш жолдық 
мәтіннен ертегі, әңгімеге айланады. 
Жұмыс дәптерлері педагогқа арналған және балаларға арналған нұсқада. 
Педагогқа арналған жұмыс дәптері педагогтің қосымша ақпарат, мағлұмат 
іздеуін талап етпейді. Барлық педагогке деген мәліметтер жұмыс дәптерінің 
бірінші беттерінде. 
Балаға арналған жұмыс дәптерінің құрылымы: 
-
шартты белгілер 
-
суретпен сәйкестірілген оюлар 


76 
-
көркем әдебиетке 36 сағат, әдебиеттануға-18 сағаттан қарастырылған 
Педагогқа арналған жұмыс дәптерінде қосымша: 
-
ою картасы, ою-өрнектердің атауы 
-
түстерге сәйкестірілген ою мағыналар картасы 
Дәптерлердің ерекшелігі мен құндылығы: 
-
бала шарт белгілеріне қарап өздігімен тапсырманы орындайды 
-
екі пәннің дәптеріндеде де шарт белгілері бірдей, сондықтан бала 
шатаспайды. 
Мысалы: «құс қанаты» оюын алатын болсақ, оны балалар тірек суретке 
қарап алдымен түрімен танысады, сонан кейін ою картасынан сәйкес құстың 
бейнесін тауып түсін анықтап мағынасын табады. Бұл оюдың түсі – көк және 
де бірнеше мағына береді-құстай болып самғау, биіктен көріну, ұшқан құс, 
және бірнеше құстың түрлеріне келтіруге болады. Осылайша келтіріп өз 
беттерінше тақпақтарды, мақалдарды оңай оқи алады, ою картасын пайдалана 
отырып бала өздігімен жаттап, ертегілерді мазмұндап та алады. 
Шығармашылық тапсырмалар балалардың ойлануға, салыстыруға, 
қорытынды жасауға құрылған. Өлеңдерді, мақалдарды, ертегілерді ою-өрнек 
түрлерімен құрастыруға және оның мазмұнын ұлттық ою-өрнек арқылы 
қалыптастырады. Көркем шығарманың жанрын ажыратып, ою -өрнек 
түрлеріне сәйкестіріп, оқиғаны болжауға және рөлге бөліп орындауды 
үйренеді. Ата-бабамыздан қалған ою-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап
барынша ұлықтауымыз қажет. Ою тілін түсініп, ою-өрнектерді «сөйлетіп», ою 
арқылы ойымызды білдіруге болады, сондықтан ұлттық тәрбиенің 
элементтерін баланың дамуы сатысында қолдану өте маңызды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет