Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет9/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221
саусақ жаттығулары, Қимылды ойындар 1 кіші топ
Әдебиеттер
1. «Ы.Алтынсарин тағылымы»: Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер 
/Құрастырған М. Жармухамедов - Алматы: Жазушы, 1991 ж 
2. «Қазақ тілі мен әдебиет» журналы. 2008ж, № 4,5 
3. «Бес ғасыр жырлайды». Алматы, «Жазушы», 1989 І том 
4. «Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006ж 
5. Ы. Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар» Алматы, 1989ж 
6. Ы.Алтынсарин «Таңдамалы шығармалары». Алматы, 1998 ж 
7. Ғ. Қайырбеков Дала қоңырауы: Ыбырай Алтынсарин өмiрiнен кiтап – 
Алматы: Жазушы 1987 – 180 б. 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ 
Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ 
 
Темирбекова Назгуль Жумагуловна
№39 «Балдәурен» бөбекжай - бақшасы, 
педагог-психолог, Тараз қаласы 
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Ы.Алтынсариннің 
идеяларын қолданудың өзектілігі 
Қазақ халқының аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсаринді 
танып білудің өзектілігі мол. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 
– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазахстан халқына Жолдауларында және 
өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 
ұлттық бірегейліктің сақталуы, қоғамды сананы жаңғырту – ұлттық 
мұраларымызды сақтау, яғни, ана тілін, ұлттық дәстүр, ұлттық сана-сезім, 
ұлттық болмыс, әдет-ғұрып, мәдениет, музыка, әдебиет, өнерді қастерлеу, – 
деп атап көрсеткен.
Елбасымыз «Тарих толқынында» кітабында Ыбырай 
Алтынсаринді Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш абызы деп атады.
«Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты 
жобалар ұлттық код тұрғысынан өзектелінуде. Бұл жобалардың тарихи 
бастаулары XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ демократ 
ағартушыларының, оның ішінде ұлт ұстазы «Даланың алып қоңырауы»
 
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасында айқын орын алған.
Ыбырай Алтынсарин қазақ балалары үшін ана тілінде құнды әңгімелер 
мен өлеңдер жазған.
Заманауи 
білім 
беру 
саласының 
стратегиялық 
мәселелерін 
қарастырғанда ағартушы-педагогтің бай мұрасын терең зерделеп пайдалану 
қажеттігі туындап отыр. 


11 
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесін нақтылауда мәдени-
танымдық, этнопедагогикалық тұғырлар аясындағы жүйелiлiк, ақиқаттылық, 
баламалық, мәндік талдау, генетикалық, тарихилық және қисындылық
тұжырымдамалық бірлік ұстанымдары басшылыққа алынды.
 
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұралары өз алдына дербес, 
тұтас бір педагогикалық жүйе болып табылатындығы ақиқат. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет