Сборник текстов на казахском, русском, английском языках для формирования навыков по видам речевой деятельности обучающихся уровней среднего образования



бет5/87
Дата28.01.2018
өлшемі18,66 Mb.
#34871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87

Болашақ энергия көздері
Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк , экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды.
Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатын , қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтын және осы қоғамдастықтардағы адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады. Болашақ энергиясы – бұл қазіргі заманның келелі мәселелеріне және болашақтағы шешімдерді болжауға қатысты міндеттерді

73


шешуге бағытталған, ойлануға нәр беретін ауқымы кең тақырып болып отыр. Қазақстанның бұл бастамасын энергетика саласының алдыңғы қатарлы
сарапшылары, ғалымдар мен қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдар жетекшілері қолдап отыр. «Энергияның экологиялық таза көздерін пайдалануға көшсек, қомақты экономикалық табысқа жете аламыз.
«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ. Бұл шара көрме нысандары мен Астананың инфрақұрылымын салуға жеке инвестицияның елеулі көлемін тартуға мүмкіндік береді. Елорданың да, тұтас республиканың да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша ынталандыру болады. Астанадағы және оның маңындағы шағын және орта бизнес, ең алдымен қызмет көрсету саласы, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм дамуға елеулі үлес алады.
Алаш идеясы мен қайраткерлері
Алаш – көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым, казақтың өз алдында ел болып хандық құрғанға дейінгі ортақ атауы. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Алаш атауы бүгінгі күнге дейін түркімен, қырғыз, қазақ, ноғай , т.б. халықтардың есінде сақталған. Кеген тас жазуында «алты бөріг» («алты қасқыр») деген сөздің » алты алаш» мағынасын беретіні жөнінде ғылыми болжамдар бар. Алаш туралы аңыздарда мал-мүлікке жекеменшік болмаған кездегі қауым тұрмысының сілемі байқалды». Алаш деген атау Алтын Орда ыдырағаннан кейін бауырлас түрік халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы да болған сияқты.
Алашорда – Алаш автономиясының үкіметі (1917 жылдың желтоқсан айы- 1920). Алашорда құрамына облыстардан тыс халыққа кеңінен таныс қайраткерлер : Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Алашорда өз алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай үшін Алаш автономиясының «халықтық милиция» атанған қарулы күштерін жасақтауға үлкен мән берді.Оған қажетті офицерлер дайындау үшін атаман Дутов басқарған Орынбор қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажет деп табылды. Алашорданың Дутовпен жақындасуы Алаш жетекшілерінің жағдайын қиындата түсті. Өйткені, Оңтүстік Оралда Әліби Жангелдин ұйымдастырған қызылдар жасағы қызылгвардия отрядымен бірлесе отырып 1918 жылғы 18 қаңтарда Орынборды басып алды. Қызылдардан ыққан Дутовпен бірге алашордашылар да Орынборды тас кетуге мәжбүр болды.

Осыған байланысты Алаш да біртұтас қазақ автономиясын құрып үлгермей барлық қазақ жерлеріндегі үкімет бірлігінен айрылып қалды. Үкімет мүшелерінің біразы Семей маңындағы Алаш қаласы атанған (қазіргі Жаңа Семей) елдімекеніне келіп, өздерін Алашордадан шығыс бөлімі деп жариялады. 1918 жылдың жазы Алашорда бастаған күштері және Кеңес өкімет


74


соңынан ерген күштер қарама- қарсы жақта қалған өкімет үшін бір – бірімен ашық күреске шықты, нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі таратты. Кезінде (1919, 1920) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығы кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды.
Жаһандық мәселе: демография
«Жаһандану» деген терминді қазіргі таңда естімеген адам жоқ шығар. Бұл сөзді балабақшадағы балаға дейін біледі деген ойдамын. Бірақ «Жаһандану деген не?» деген сұраққа адамдардың көбісі нақты жауап бермейді. Елдің көп бөлігі бұл сөздің мағынасын түсінгенімен аталған сұраққа нақты жауап бере алмайды. Сонымен, ең алдымен біз жаһанданудың не екенін біліп алу керекпіз.

Жаһандық мәселелер дегеніміз шешімі өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығы болып табылады. Олар қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік – экономикалық, саяси – идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама – қайшылықтардың себебінен туындайды. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді.


Адамзаттың жаһандық мәселелері – ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және бұл мәселелерді әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер. Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар:
Оңтүстік-Солтүстік мәселесі; азық-түлік мәселесі; кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология мен тұрақты даму мәселесі; әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т.б.
Демографиялық мәселе екі түрлі көрініс табады: дамушы елдердегі демографиялық күрт өсу және дамыған және өтпелі кезеңдердегі елдердің демографиялық қартаюы. Біріншісінің шешімі – экономикалық даму қарқынының дамуын жоғарылатып, халық санының өсу қарқынын төмендету болса, екіншісінің шешімі – эмиграция мен зейнетақы жүйесін реформалау болып тұр.
Экономикалық өсу мен халық санының өсу ұзақ уақыттан бері экономистердің зерттеу пәні болып келеді. Бірақ осыған қарамастан , көптеген мамандар негізгі мәселе – халық санының өсуі емес, келесі 2 мәселені айтады:


  • нашар дамушылық, яғни дамуда артта қалу;

-әлемдік қорлардың таусылуы мен қоршаған ортаның бұзылуы.

Қорыта айтқанда, адамзат дамуының жаһандық мәселелері оның кез келген даму кезеңдерінде өзекті болды. Десек те, аталған мәселелер ХХІ ғасырда ерекше маңыздылыққа ие болып, бүкіл халықаралық қоғамдастықты алаңдатып отырғаны жасырын емес.


Роботтар мен киборгтар

75


Робот – антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина. Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарды. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады.
Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады.
Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айлатетіктердің) және технологиялық құралдардың (айлатетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше технологиялық өңдеуші машиналардың , өндірістік машиналардың, тасымалдау және көмекші жабдықтардың жиынтығын робот-техникалық кешеннің, әдетте, компьютер немесе микроконтроллер негізіндегі бағдармалық басқару жүйесі болады. Робот-тех. кешен «адамсыз технологияны» енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жуйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-тех. кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды.
Киборгтар кең ауқымда дамып келе жатқан технологияның бір бөлшегі. Киборгтардың пайдасы бұл сал адамдарға шамшырақтай үміт сыйлайтын, адамды техникамен ұштастыратын және медицинаға көмек беретін дамыған технологиялар. Тағы да айта кететін бір жаңалық киборгтардың 1 саусағы - 25 килограммдағы салмақты көтереді.
Қазақстандағы туризм мен экотуризм
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмдi дамыту қажеттiлiгi тек экономикалық фактормен – жаңа жұмыс орындарын ашу, шалғай өңiрлердегi жергiлiктi қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк тапсырыспен – халықтың денсаулық және бос уақытын пайдалану мәселесіне тұтастай әрi жүйелi түрде мән берумен де түсiндiрiледi. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал және кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралы болып табылады . Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Туристiк әлеуеттi зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмдi дамыту үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Оның негiзiн Еуразия орталығындағы бiрегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткiштер құрайды.
Тұтастай алғанда, Қазақстандағы экологиялық туризмнiң жағдайы

76


тұрақталып келедi. Алайда экологиялық туризмнiң басқа туризм түрлерiне қарағанда табиғи ортаға әлсiз әсерiне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтiнiне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделi қиындықтарға ұшырауда, ол рекреациялық -туристiк инфрақұрылымның көп бөлiгiнiң әлi қалыптасу кезеңiнде болуына байланысты.

Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы – табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын болдырмау.




Тыңдалым
Отбасы дәстүрлері
Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұрпақтарға ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Қазақ отбасында ұл баланы, қыз баланы тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Отбасында ұл балаға үйдің ірі, күрделі жұмыстарын үйретеді. Қыз балаға тамақ істеу, үй ұстау дағдыларын қалыптастырады.

Отбасында белгілі дәстүрлер қалыптасуы керек. Ол отбасы үшін маңызды. Әрбір қазақ отбасында балаларына қамқор болып, оларды жақсы шаңырақта тәрбиелеуге күш салады.

Біз де өз отбасымызда жақсы дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысамыз. Отбасымызда туған күн әрдайым тойланады. Ата-анамыз үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды бізге үйретіп отырады.
Баланың өскен бесігі, кең дүниенің есігі
Баланы әдептілікке тәрбиелеу отбасынан басталады . Әдептілік күнделікті отбасының өмірімен, ұлттың салт-дәстүрлерімен бірге қалыптасады. Қазақ халқының әдеп туралы түсінігінде өздік пайым жатыр. Мысалы: Обал – әр нәрсенің қасиетін бағалауды ескертетін ұғым; Сауап – басқа адамға, қоршаған ортаға жақсылық жасау ұғымын білдіреді.

Әдеп сақтау дегенді – қоғамда қалыптасқан ережелерді, халықтың дәстүрін құрметтеп, оны бұзбай сақтау деп түсігу қажет.


Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі

77


Кең байтақ Қазақстан жерiн мекендеген жануарлардың сан алуан түрін еліміздің түкпір-түкпірінен кездестілуге болады. Қазақстанның солтүстігіндегi орманды дала белдемiнде бұлан, елiк, ақ қоян, сұр тышқан , су егеуқұйрық, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекiлiк, аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақтар мекендеген. Едiл өзені аймағынан суыр , дала алақоржыны, сүйiрбас сұр тышқан , дала тышқаны , саршұнақ, ал құстан — дуадақ , безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседi. Көктемнен күзге дей iн бұл жерлерде ақ бөкен үйiрлерi жайылады, олар қысқа қарай шөлдi аймаққа ығысады.
Ал өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлері мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әртүрлi. Қазақстанның табиғи флорасы — пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiрушiлiк 700 — 800, 300-ден астам ширнелiк, 450-ге жуық эфир-майлық, 250-ден астам улы-зиянды өсiмдiктер түрлерi бар.
Ежелгі көшпенділер мәдениеті
Бүкіл Евразияның байтақ даласын күн шуақты – алтынды “аң тәсілді” өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, біртума ескерткіш Есік қорғанынан табылған “Алтын адам” кейіпі жерленген мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған киім киісіне қарағанда, оның анау-мынау адам емес, патша сарайы қызметшісі немесе бір тайпа елдің көсемі екеніне шүбә келтірмейсіз. Алтын адам киімі – сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы. Әлем мәдениетіне қайталанбас, эстетикалық талғамы зор өнер стилін әкелген сақ-скиф тайпа бірлестіктері басқа елдердің өнерінің дамуына игі ықпалын тигізді. Көшпенділер өнерінің шуағы бір шеті Қытайға, екінші шеті ертедегі Иберияға (Испания) дейін жетті.
Су – тіршілік көзі
Дана халқымыз тіршіліктің көзіне суды балап, қалт айтпаған. Сусыз бір күн де өмір сүре алмасымыз анық . Ал, енді, суға бай жерімізге тарихи беттерді парақтап деректерге көз салайық. Қарағанды облысы аймағында 1600-ге жуық көл бар екен . Үлкен тұйық ойыстардағы көлдер беткі және жер асты су ағындарының негізі болып саналады. Облысты сумен тұрақты қамтамасыз етуде су қоймалары Самарқан, Шерубай – Нұра, Кеңгір, Жезді өзендері бар. Кіші өзендерде де көптеген тоғандар жеткіліксіз болғандықтан жер асты суларының маңызы зор. Әртүрлі тереңдікте, яғни, 10-100м аралығында еспе су көздері мол.
Су тасқыны сәуірдің екінші, мамырдың бірінші жартылары аралығында болып өтеді. Осы кезде өзендердің жылдық қорының 80 -90 пайызы ағады. Қаракеңгірдің, Сарыкеңгір, Жезді өзендері Сарысуға сала боп құяды. Тұщы судың сенімді көзі – жер асты суларының мол қоры.

78


Әлемдегі ірі кітапханалар
Әйгілі Отырар кітапханасы әлемде «Александрия » кітапханасынан кейінгі екінші орынды алған. Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы – Отырар кітапханасы Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған бұл қаладан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние жүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққан-ды. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған.
Қазақстандағы ең бай кітап қоры «Ғылым ордасы» ғылыми кітапханасында сақталған. 80-жылдық тарихы бар ең көне кітапханадағы кіта
Денсаулық – зор байлық
Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей «Бірінші байлық – денсаулық демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. “Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Ауруға қарсы тұруды спортпен шұғылданудан бастау керек.
Отан – оттан да ыстық
Отан – туып-өскен жер. Әр халықтың өз Отаны болады. Біздің Отанымыз

– Қазақстан Республикасы. Қазақстан – ірі мемлекеттердің бірі. Еліміз күннен-күнге көркейіп, халықтың тұрмыс жағдайы жақсарып келеді.


Тәуелсіздігімізді алғалы елімізде көптеген өзгерістер болды. Республикамыздың астанасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіріліп, Астана деп аталды. Астана қаласы күннен-күнге ажарланып келеді. Көптеген ұлт өкілдері өзара тату, ынтымақты өмір сүруде. Жылдан-жылға экономикамыз өркендеп, тәуелсіздігіміз нығайып келеді. Қазақстанның кең даласы, биік таулары, ну ормандары мен көгілдір көлдері сұлулығымен көз тартады. Біз жер шарының осындай көрікті, бай өлкесінде тұратынымызды мақтан етеміз!
Аспан әлемінің құпиялары
Аспан әлемінің құпиялары бүгінгі таңда ғылымдармен үздіксіз зерттелуде . Түнгі аспанның көркіне айналған жұлдыздар да ғалымдардың назарынан тыс қалмауды. Жұлдыздар әлемі өте әр алуан. Кейбір жұлдыздар көлемі бойынша Күннен мың есе үлкен әрі жарығырақ болып келсе, ал
79

кейбіреуінің мөлшері мен шығаратын жарығының энергиясы Күннен әлдеқайда аз болып келеді. Жұлдыздардың жарқырауы да түрліше болады. Алтын Балық шоқжұлдызы Күннен 400 мың есе артық жарқырайды.


Күн өзінің барлық белгілері жағынан қатардағы жұлдыз болып саналады. Көптеген жұлдыздарды күн секілді ғаламшарлық жүйеден тұрады деп санауға толық негіз бар. Жұлдыздар өте алыс қашықтықта орналасқандықтан, олардың серіктері ең күшті телескоппен де көрінбейді. Оларды анықтау үшін зерттеудің нәзік әдістерін қолданып, бірнеше ондаған жылдар бойы ұқыпты бақылау мен күрделі есептеулер жүргізу қажет.
Компьютердің тілін табу өнер
Компьютерде жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Сол себепті компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады . Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды. Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс. Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды.
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды. Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Халықтар достығы
Түрлі ұлттардың мәдени сыйластығымен Ел бірлігін сақтау титульді ұлттың ғана мүддесін көздеумен шектелмейтіндіктен, Қазақстанда тұратын барлық этностардың ана тілдерін , мәдени мұралары мен дәстүрлерін еркін дамытуға аса көңіл бөлінген. Әр ұлттың өзінің ата – дәстүрі, салт санасы болатыны сөзсіз.
Ол өз ұлтын тәрбиелікке, адамкершілікке баули отырып, тұрмыстық дәстүрлері мен ұлттық нақыл сөздерін сақтап қалу үшін қажет. Ал біздің тәуелсіз мемлекетімізде жүз отыздан астам ұлт мекендейтіндіктен мемлекетіміздің дамып, өркендеу жолын ұстанған бағытында өзара келісім арқылы ұлттар татулығын сақтау, бейбітшіл және ынтымақты жол. Бірлік – деген қасиетті ұғым. Еліміздің берекесі гүлденіп, өсуі осы бірлікпен тығыз байланысты . Сондықтан бірлік, сыйластық бір отбасына ғана емес, тұтас елге, мемлекетке де тікелей қатысты.

Ұлы Дала табиғаты

80


Республикамыздың әсем де әдемі жерлері көп. Оларға Іле Алатауы, Павлодар облысының Жасыбай көлі, Қарағанды облысындағы таулы-ормандар, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені, Орал қаласы, Жайық өзені, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығы, Көкшетау тауларын жатқыза аламыз. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туристерді көптеп кездестіруге болады. Бұл қазақ даласының қаймағы бұзылмаған ерекше әсем табиғатының ерекше көрністарі бар, ірі саябақтар. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан.
Ел үмітін ер ақтар
Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы кезінде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Қазақстанға оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады. 1953-1972 жылдар аралығында «Жазушы» баспасы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры болып қызмет істейді.
Еліміздің бейбіт күні үшін жанкешті соғыста арлік көрсеткен ерен тұлға есімі әрқашан ұрпақтар санасында болмақ.
Отан – елдің анасы
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол: ата, әке, бала. Аталар мен әжелер – ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау – көрегенділік. Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған . Ата-әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Қазақтаң ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан , балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-әжесін өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек қана өскеннен кейін танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та қалатын жайт кездеседі.
Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі

81


Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманы, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махаббат сезіміне бөлейді.

«Ауыл-қаланың күре тамыры» демекші, қаланың дамуын ауылдың дамуымен тығыз байланыстыратын қазақ баласы қашанда ауылдың тыныс-тіршілігіне етене араласып, өзінің өмірін шет шалғайда орын тепкен туған мекенінсіз елестете алмайды. Таң атқаннан бастап күнделікті қарбалас тірлікке кірісетін ауыл тұрғындарының қазіргі әлеуметтік жағдайы төмен емес.


Таулар сыры
Тау – жер бетінен жоғары да көтеріңкі өркештене тізбектеліп, созылып жатқан заңғар құзды биіктік. Таулардың түзілуіне мыңдаған жылдар керек. Көптеген таулар жердің бір платформасы басқасын жаншып жатқанда пайда болған. Платформаның шетіндегі жартастардың бірін-бірі жаншуынан орасан зор қатпарлар пайда болады. Таудың биік басына қарай климат суыта бастайды. Кейбір таулардың басында суық болғаны соншалық, олардың ұшар басындағы қар жыл бойы ерімейді. Тау қатпары түрлі тау жыныстарынан тұратын бірнеше қабаттан тұрады. Олар оңай жіктеледі және жер тақталарының қозғалысынан бүгіледі.
Астана – өнер ордасы
Астана қаласы бүгінгі таңда республикалық автокөлік және темір жол салалары мен әуе жолдарын байланыстырып тұрған ірі тасымал торабына айналды. Елордамызда экономиканың бірнеше салалары: машина жасау; құрылыс материалдары өнеркәсібі; энергетика; полиграфия өнеркәсібі; жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, байланыс және телекоммуникация дамыған.
Бүгінгі өркендеген жаңа Астанамызда көптеген зәулім ғимараттар мен ескерткіштер, даңғылдар мен көшелер бой түзеуде . Астана қаласы үш ауданға бөлінеді. Олар: Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары.
Қаламыздың көрікті жерлерінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, С.Сейфуллин мұражайы мен Қазіргі заман өнер мұражайлары орналасқан. Сонымен қатар қаламызда «Мега», «Керуен», «Хан шатыр», «Думан» ойын-сауық орындары , «Еуразия», «Рамстор», «Астаналық», «Әлем», «Түркістан» секілді үлкен сауда орталықтары ашылған. Ел мақтанышы Астана – ХХІ ғасыр қаласы ретінде әлемдік өркениеттен лайықты орынға ие болып келеді.

Қазақстанның қорықтары

82


Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.
Қазақстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың , әсіресе Бадхыз қорығының рөлі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелді.
Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке.
Қазақстан және Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының сан тарау жолдары Қазақстан жерінің Сырдария мен Таластың, Арыс пен Ертістің жағасымен шектескен. Оның аса ірі сауда-саттық көші ретінде терең тарихы бар.
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жылдары туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды.

Қазіргі уақытта бұл бағдарламаның басты мақсаты – республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі және бәсекеге қабылетті туристік кешен құру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету.


Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы
Қазақстан Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орын алды. Олимпиада ойындарына әлемнің 204 елінен он мыңнан астам спортшы қатысты. Ойындарда барлығы үш жүзден астам медаль жұбы сарапқа салынған. Олимпиада жүлдесін 85 елдің спортшылары иеленді.
Қазақстан 12-орын алып , Голландия, Украина , Куба, Иран, Чехия, Испания, Бразилия, Аргентина сияқты елдерді артқа тастады. ТМД елдері арасынан Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орынды алды, Азия құрлығы бойынша Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониядан кейінгі төртінші сатыдан көрінді. Алғашқы алтынды, велоспортшы - Александр Винокуров алды.

Абай –дана, Абай –дара қазақта

83


Ақындық шеберлігі баршамызға үлгі болған Абайды терең білу ұрпаққа парыз спеттес. Абайдың ғылыми өмірбаянын жасауда бірінші рет негіз салған адам – жазушы Мұхтар Әуезов. 1940 жылы Алматыда басылған Абайдың «толық жинағының » ІІ томына қосқан оның «Абайдың өмірбаяны» деген еңбегі Абайдың оқушыларын бұрын білмейтін көп мәліметпен таныстырады. Абайдың қоғамдық және жеке өмірінде болған бірнеше бағалы кезеңдерді оқушылар бірінші рет Мұхтардың осы еңбегінен көреді. Бұл еңбектің және бір бағалы жағы- еңбекке негіз болған материалдарды Мұхтар Абайды көрген, істес болған адамдардың аузынан жазып алған.
Ұлттық қолөнер
Халқымыздың бізге жеткен ою – өрнек үлгілері бай мұра, салқылмас қазына. Ою-өрнек - тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен құралады. Ғалымдар ою-өрнектердің 200-дей түрін анықтады. Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер «ай», «күн» деп аталса, заттардың атауына байланысты өрнектер «балға», «балта», деген атқа ие, ал эпиграфиялық өрнектер, яғни жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу мен ру таңбалары мен ел таңбаларға байланысты ою-өрнек элементтері:«тұмар», «айшық», «ашамай» деп аталған.
Халық шеберлері қолөнердің турлерін игере отырып көз қуантарлықтай тамаша өнер шығармаларын тудырған.
Саяхат және туризм
Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін халықаралық инвестициясының 11%-дан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кірді. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.
Қазіргі уақытта бұл бағдарламаның басты мақсаты – республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі және бәсекеге қабылетті туристік кешен құру, экономиканың қосалқы салаларын өркендету.
Ана тілің – арың бұл
«Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстан» атты халыққа

84


Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды.
Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленеді. Яғни идеяның негізі мынадай:қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі.
Уақыт - ұлы күш
Меніңше, адамға қажет нәрсе-уақыттың қадірін білу, оның әрбір сәтін ұтымды пайдалану. Менің байқауымша, құрдастарым уақытты босқа өткізеді. Олар компьютерде отырады, ойын автоматтарына қаншама уақыттарын құрбан етеді. Соларға қарап, жаным ашиды. Қаншама мүмкіндік кетіп жатыр.
Әрине, электронды технологияларға қатты қызығамыз. Бірақ осы қызығушылық тек фильмдер көру, музыка тыңдау, ойын ойнаумен шектелу керек пе? Таңетеңннен кешке дейін комьютерден бас алмайтын достарым бар. Алғашқыда ойлайтынмын: «Міне, нағыз болатын адам, комьютерден қаншама материал қарайды , оқиды, үйреніп жатыр» деп. Ал кейін сұрасаң, «ойын ойнадым, поштада отырдым» деп таңғалдырады.
Жердегі климаттық өзгерістер
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.
БҰҰ ДБ мәліметі бойынша, Қазақстанда соңғы 50 жылда орташа ауа температурасы 1,5°С-қа өскен. Ауа температурасындағы өзгерістердің дені ерте көктем маусымындағы жерасты ылғалдылығымен байланысты болған.
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін ІІ ғасырдан басталады. Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың қызметін атқарған. Оның бағыттары мен тармақтары тынымсыз өзгеріп отырған. Осы жолдың бір тармағы Византиядан шығып, Оңтүстік Қазақстанға жеткен. VІ ғасырдың соңғы жылдарында бұл бағыт жанданып, осы аймақтағы қалалардың салынуына әсерін тигізеді.
Керуен жолы үстіндегі ірі қалалрдың бірі-Отырар. Ол тоғыз жолдың торабында орналасқан Отырардан Жібек жолының бірнеше бағыты жан-жаққа таралады.

85


Жібек жолы әуелгі кезде Қытай жібегін сыртқа шығаруға қызмет етті. Содан соң сауда-саттық пен елшілік қарым-қатынас ұлғая бастады. Ұлы Жібек жолы арқылы кілемдер мен маталар, асыл тастар, әртүрлі жемістер тасылып жатты . Алайда басты тауар жібек болды.
Салауатты өмір – нұрлы болашақ
Салауатты өмір салты-бұл, ең бірінші, адамның денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған адамның белсенді әрекеті.
Салауатты өмір салты аурудың алдын-алу және денсаулықты нығайтудың негізі болып табылады. Салауатты өмір сүру үшін әрбір жасөспірім дене шынықтырумен айналысуы қажет. Шылым шекпеу, уақытында тамақ ішу, әдепті болу, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасау-осының бәрі салауатты өмір деген ұғымға жатады. Әрбір адамның міндеті-өзінің денсаулығына көңіл бөліп, оны нығайту.
1997 жылы Елбасының Республика халқына арналған «Қазақстан-2030» Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті Қазақстан халқының тұрмысын өркендету және тыныштығын сақтау.
Ұқсатым. Сән . Талғам.
«Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» дегендей, жарасымды да сәнді киінудің маңызы зор. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Киім тігісті және тігіссіз болып негізгі екі топқа бөлінеді. Тігіссіз киімді адам үстіне жамылып немесе орап киеді. Тігісті киімге қандай киімдер жататыны белгілі. Қазіргі заманғы киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналған.
Киім кию әдебі адамның жас ерекшелігі мен мамандығына тікелей байланысты Сонымен қатар классикалық үлгідегі киімді спорттық киіммен, ұлттық киімді романтикалық стильмен араластырып кимейді.
Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет
Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз. Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды. Өз мүмкіншілігінде ғаламтор философиялық дисциплина және философияның ғылыми жұмыстарын зерттейді. Маған ұсынылған желілік ресурстардың анықталған формасының мүмкіндіктері бір бірімен байланысты . Олардың орталығы ғылыми ресми немесе бейресми сайттары ғылыми және оқыту ұйымдарды болып табылады.
Нағыз қазақ - домбыра

86


Ұлттың ұлы мұрасының бірі домбыраны ғалымдар қазақ жерінде сақталған жеті қазынаның біріне есептепті. Дұрыс шешім деп бас иіп қосыламыз.
Қазақтың музыкалық аспаптарын шертпелі аспаптар, ыспалы аспаптар, үрмелі аспаптар, ұрмалы- сілкімелі аспаптар деп топтауға болады.
Домбыра қазақ халқының ұлттық болмысын, жан-дүниесінің тылсым сырларын сыртқы дүниеге паш еткен таңғажайып аспап.Домбыраның пайда болуын археолог ғалымдар тасқа салынған суреттердің ішінде домбыраның бедері кездескеніне қарап,неолит дәуіріне жатқызады. Домбыра тым ерте пайда болып , уақыт озған сайын түрленіп, дамып отырған екі ішекті, әр қазақтың үйінің төрінде тұрған аспап.
Ұлыстың Ұлы күні
Әр халықтың өзінше Жаңа жыл, жыл басы болады . Қай уақытта, қай халықта болса да, Жаңа жыл осы халықтың шаруа жағдайына қарай белгіленген. Мұсылман қауымның Жаңа жылы жазғытұры күн мен түннің теңелген күні-22 наурыз. Наурыз айында шаруаның малы төлдеп , бірі екеу болады. Наурыз діни мейрам емес. Наурыз мейрамы-тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамы.
Адамдар күнге бас иеді, содан кейін ер адамдар бұлақтарды тазартады. Ата-бабаларымыз: «Бұлақ көрсең, көзін аш!» дейтін. Бұлақтардың қасына ағаштар отырғызылады. «Бір тал кессең, он тал ек» деген мақал осыдан шыққан.
Жастықтың оты қайдасың?
Абай өлең жазуды 10 жасында, «Кім екен деп келіп ем түйе қуған...» өлеңінен бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап , көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық -қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады.
«Жастықтың оты қайдасың?» өлеңін жастардың білім мен оқуға деген құштарлығына қатысты жазған екен. Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес , сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.

Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары

87


Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік сыйлық иегерлері бұл салаға шексіз еңбек сіңіруде.

«Дифференциалдық теңдеулердің бастапқы-шекаралық есептер теориясына» атты жұмыстар топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Математика және математикалық моделдеу институтының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Жоғары наградаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы ұсынған, авторлары Серік Қуандықұлы Ақшолақов, Талғат Тынышбайұлы Керімбаев, Eрбол Тарғынұлы Махамбетов, Айса Захарұлы Нұрпейісов, Марат Рабандиярұлы Рабандияров, Нұржан Әмірбекұлы Рыскелдиев болып табылатын «Қазақстан Республикасында жоғары технологиялық инновациялық ем әдістерін нейрохирургия патологиясында дамыту» жұмыстар топтамасы ие болды .
Елін сүйген жауынгер ер болады
Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында ұшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери ұшқыш дайындайтын курстарға жіберді.
Теңдесі жоқ ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді.
Оның қаһармандығы бүкіл елге жайылды. Қарағанды енбеккерлері, олардың ішінде кеншілер Нұркен Әбдіров атындағы самолетке қаржы жинап, жауға аттандырды. Бұл самолет кейін Жеңіске дейін қатарда болды.
Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.
Ғылым
Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы обьективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымының ең жоғарғы пішімі. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады.

88


Ежелгі Шығыста ( Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты.
Ежелгі Грекияда дамыған ғылым ( Аристотель, т.б.) қоғам мен табиғат заңдылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде білімнің кейбір салалары даралана бастады. Геометрия (Эвклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түрінде бөлініп шықты.

Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары ( әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ибн Рушд, Бируни, Махмұт Қашқари, Жүйнеки т.б.) елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда толыктырып, дамытты.


Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп таныды. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т.б. ғылым салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды. Мысалы, Омейя әулеті халифатында ғылым үйі болды , онда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударды, ғылымның ерекше формасы, «фәлсафа» қалыптасты.
Еуропада бұл дәстүрді кейін схоластар дамытты. Ғылымның қалыптасуына негіз болған тағы бір тірек алхимия мен астрологияның дамуы болды. Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе жасау арқылы зерттеп, химияның қалыптасуының алғышартын жасады. Астрология аспан денелерін зерттеу арқылы астрономияның дамуына ықпал етті . Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның (Леонардо да Винчи, Николай Коперник) негізгі тірегіне айналды. Сондай-ақ ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті. 16-17 ғасырларда ғылымда болған терең өзгерістер алғашқы ғылыми революцияға (Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Уильям Гарвей, Рене Декарт, Христиан Гюйгенс, Исаак Ньютан және т.б.) алып келді. Ғылымның қарқынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы рөлінің артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғарғы мәдени құндылық ретінде тануға, көптеген философиялық мектептер мен бағыттардың ғылымға қарап бой түзуіне ықпал етті.
Сауда жасау маркетингі
Сауда жасауда біз білуге міндетті тағы бір жайт бұл - маркетингтік жүріс. Яғни, қандайда бір сауда жасайтын адам алатын тауарының өзіне қаншалықты қажеттілігін тереңірек білгені дұрыс.
Жалпы, маркетингтік жүріс дегенде алдымен жоспарланбаған шығыс жасаған себепті жазып отыру керек. Сондай-ақ өзіңіздің көңіліңіз әбден толғанша болған жағдайларға талдау жасауды жалғастыра берген жөн. Негізінен сауатты саудаласуға қатысты қаржыгерлер: «соңғы уақытта «ақша жоқ» деген сөз тіркесін жиі-жиі естуге тура келеді. Ақша, әрине бәрінде де бар,

89


бірақ неге екені белгісіз, әйтеуір ешкімге жетпей жатады. Ақшаның жетіспеушілігі еңбекақысы төмен адамдарда ғана емес, жалақылары әжептәуір адамдарда да кездесіп жатады. Сондықтан бізге заманға сай үнемдеуді үйренген абзал. Үнемделген теңге де таза еңбекпен келеді. Негізінде еңбектеніп тапқаннан гөрі, үнемдеген әлдеқайда жеңіл болады» деседі. Қаржыны үнемдеу тұрғысында отандық кәсіпкерлер қолда бар ақшаны үнемдеудің, қарызға белшеден батпаудың, қажетті затқа қиналмай қол жеткізудің мынадай біршама тетіктері бар екенін алға тартады:
а) Біріншіден, әмияныңызға көп ақша салып жүруден сақтаныңыз. Бұл сізді үнемділікке бастайтын бірінші жол.
ә) Екіншіден, жалақы алған күні дүкендерге әсіресе киім дүкендеріне, базарға барудан бас тарта тұрыңыз. Себебі сіз қолыңызға тиген ақшаның буымен ертеңгі күніңізді ойламай, өзіңізге қажетсіз нәрселерді көптеп алып қоюуыңыз мүмкін.
б) Үшінші бір жадыңызда ұстайтын нәрсе – қолыңызға қаржы тиген соң алдымен үйіңізге қажетті азық-түліктің легін жазып, тізіп алыңыз. Сосын азық-түлік алуға барғанда әрқайсысының тұсына қанша мөлшерде ақша кеткенін белгілеп қойыңыз. Бұл да кеткен ақшаның есебін шығаруға өте қолайлы дүние.
в) Төртінші бір ескерер жайт – егер жекеменшік көлігіңіз болып, ал оның шығынын өтеуге қолыңыздағы қаржыңыз жетпесе, дереу көліктен бас тартыңыз немесе шығыны аз көлікке ықыласыңыз аусын.
г) Бастысы күнделікті жұмсаған қаржыңызды дәйім белгілі бір дәптерге есептеп жазып отырыңыз. Бұл отбасы бюджетінен шыққан шығыс пен кірісті есептеуге,үнемдеугетаптырмайтын – тәсіл.
Жаһандық энергетикалық дағдарыс
Жаһандық энергетикалық тоқырау соңғы жылдары жиі-жиі бой көтере бастаған экономикалық дағдарыстардың негізгі себебіне айналды. Дүниежүзілік дағдарыстардың созылмалы сырқаттары қолданыстағы энергетиканың мүмкіндіктерінің сарқылып бара жатқандығын байқатады. Енді ол тауардың өзіндік құнын арзандатып, экономикалық өсімге қол жеткізуге тиімді жағдай жасай алмайды. Энергетикалық қуат көздерін игерудің күннен-күнге қиындауы және оның бағасының қымбаттауы экономикалық дамудың болашағын тығырыққа тіреді. Осыған байланысты бүгінгі таңда адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы «энергетикалық тоқырау», «энергетикалық қатер», «энергетикалық төңкеріс» атты ұғымдар төңірегінде толғануда.
Жаһандық энергетикалық тоқыраудың бастау алғандығы туралы осыдан 6 жыл бұрын жазған «Жаһандық энергетикалық қауіп: аңыз бен ақиқат» атты мақаламызда «Сонымен қазір өркениет әлемін толғандырып отырған энерге-тикалық қауіпсіздік мәселесінің астарына үңіліп көрейік. Бүгінде әлем бойынша бір күнде 85 миллион баррель мұнай тұтынылады екен . Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 100 миллион баррельге жетпек. Соңғы кезде халқы да, экономикасы да күрт өскен Үндістан мен Қытайдың сұранымын ескергенде, қазір күніне 3,5 миллион баррель мұнайды көп өндіруге тура келеді.

90


Энергетика жөніндегі халықаралық агенттіктің деректеріне сүйенсек, Азияда мұнай тұтыну жыл сайын 3-4 пайызға, газ тұтыну 4-6 пайызға артып отыр. Көмірсутегіне деген Үндістан мен Қытайдың барған сайын артып бара жатқан сұранысы осы шикізат көздерін шығарушы елдердің экспорттық қуатын әртараптандыруға мәжбүр етуде».
Достық пен татулық – таптырмас бақыт
Татулық пен достық – мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «жалғыздың үні шықпас , жаяудың шаңы шықпас» болмаса «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас », немесе «бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада өскен ағашпен тең. Сондықтан да «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен» дейді . Ал көппен қарым қатынаста болу-береке, бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ . Адам баласы әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі тірлік етсе, айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «алтын алма, алғыс ал, алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйына» ие болады.
Татулық пен достық – ынтымағы жарасқан көп ұлтты қазақ елінің ежелден қонақжай табиғаты.
Татулық пен достық – айналадағы дос құрбыларыңның өзіңе деген құрметі . Ойыңдағы сырды айтып бөлісер, адал дос адамға әрқашан қажет. Досыңа адал болу қасиетіде арадағы татулық пен сыйластықтан туады. Ал ешкіммен тату болмасаң, досыңа көмек керек жерде болыспасаң, олармен бірікпесең кімді серік етесің! Ендеше «татулық – бұзылмайтын қорған» екені рас.
Татулық пен достық – отбасындағы туған туысқандар үшін де маңызы терең. «Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса ат көп», «жақыныңды жат етсең елге күлкі боларсың», «туысы бірдің уысы бір», «жақыныңды жаттай сыйла , жат жанынан түңілсін», «жақсы ағаң –орман, жақсы інің-қорған» деген аталы сөздер осының айғағы. Өз үйінде сыйласпаған жан көпшілікпен сыйыспайды.
Татулық пен достық – қазақ жерін мекен ететін түрлі ұлт пен ұлыстың барлығы еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келе жатқаны .Достық пен татулық, тұрақтылық пен рухани келісім бар жерде береке де бар. Татулық пен достықтың жеңісі жалғасын таба берсін деп тілейік!
Кәсіп – бақыттың шырағы
Қазақ өзінің малын қой-ешкі, жылқы, түйе, сиыр деп төрт түлікке бөледі. Осы төрт түлік малдың әрқайсысын қазақ халқы барынша өнімді, толық пайдалануды үйренді. Бұдан басқа да үй хайуандарының ( есек, ит, шошқа, т.б) өнімін пайдалануы мүмкін еді, бірақ арам деп етін жемейтін, сүтін ішпейтін.
Мал бағудың өзіндік тәсілдері бар, онымен айналысқан ел малдың қасиетін, кемшіліктерін жете білген. Мал шаруашылығы егін шаруашылығына,

91


балықшылықққа қарағанда еңбекті көп қажет етеді. Әйтсе де қазақ осы тіршілікте де поэзияны, әсемдікті тауып көре білді. Егінші алты ай жаз ауыр еңбек еткенімен, қыс айларында азадап тыныс алады, балықшы да солай. Ал мал шаруашылығында керісінше, қыста тіршілік , еңбек қиындай түседі де, жазда ғана жайлауда қазақ біраз сайрандап қалады. Көшпелі мал шаруашылығы жыл мезгілінің төрт кезеңінен тұрады: қыстау, көктеу, жайлау, күздеу.

Жер-судың ыңғайына қарай жайлау мен қыстаудың арақашықтығы әртүрлі келеді. Таулы жерлерде жайлау жақын болады, 100 шақырымнан аспайды; жартылай көшпелі немесе, отырықшы шаруашылықтың көші-қоны оданда қысқа, 20-30 шақырымдай. Ал тегіс даланы мекендеген қазақтардың жайлауы мен қыстауының арасы 600-700, тіпті мың шақырымнан асады. Көші-қоны ұзақ шаруашылықтарда сиыр малы болмайды.

Қой шаруашылығы қазақтың көшпелі шаруашылығының негізі болып табылады. Кең-байтақ жердің шөбі мен суы – тиімді пайдаланудың кезіндегі ең бір ұтымды тәсілі . Солтүстік Қазақстанның суығына, ұзақ қысы, қалың қары мен боранына қой малы шыдамайды, жабулы қорасыз, мол дайындалған пішен, жем-шөпсіз қырылып қалады.
Ал Оңтүстіктің қысында жазда жиған күйімен қиналмай, қыстан шығып, көктемде екі-үш қойдың біреуі – егіз қозы табады. Екі ешкінің бірі егіз лақ табады. Осындай жағдайда мыңдаған жылдардың барысында денсаулығы күшті, тез ет алғыш, табиғаттың ыстық-суығына көнбіс қазақтың қойы пайда болады. Ал ірі қошқарлары көп жағдайда мүйізді, қызғылт, қоңыр, ақ, қара түсті болып келеді, құйрығы сойғаннан кейін өлшегенде екі пұттан астам шыққанын ақсақалдар әңгімелеп отыратын . Бірақ малдың күйін осындай жағдайға жеткізу үшін, малға деген зор ықылас, асқан шеберлік пен еңбекқорлық керек.
Қыз өссе, елдің көркі
Қызын ардақтап, қырық үйден тыйым салып, тәрбие берген қазақ қыздарынан талай ел аналары шыққан . Солардың бірі – ерлігі ерен, Сақ патшайымы болған Тұмар ана. Томирис – Тұмар патша өз елінде талай жыл билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таңғалдырған.

Қазақ қыздарында батыр, батылдығынан бөлек, Зере, Ұлжандар мейірімділігі мен даналығы арқылы үлгі болған. Ұрпақ тәрбиесіне де аса мән берген Ұлжан баланы дәретсіз емізбеген, атаның ұлы емес, адамның ұлы етіп тәрбиелеген. Адалдығы үшін Құнанбайдың өзі рахмет, алғысын айтқан. Ақылдылығы, зейінділігі және мейірімге толы Зеренің ізгі жүрегі арқылы Абай

– Абай атанды десек те болады. Тоғжан мен Әйгерім сынды аруларымыз – өнердің, сұлулықтың, тектіліктің белгілері. Болмысы нәзіктік пен әдептен жаралған, талай батырдың жүрегіне «жара» салған Қыз Жібек, Баян сұлу сынды қыздарымыз сұлулық пен әсемдіктің ұранына айналған.
Ерлерімізбен бірдей ерлік көрсеткен Әлия мен Мәншүктей батырлар да бар. «Шығыстың қос шынары» атанған ондай аруларымызды жадыдан өшіру

92


мүмкін емес. Өскелең ұрпақтың бақытты болашағы үшін бастарын тәуекелге тіккен Ләззат пен Сәбиралар Тәуелсіздік үшін күресті. Көк байрағымыз көгімізде желбіреген, күллі әлеммен бірге замана көшіне ілескен еліміздің ертеңі үшін батыр қыздарымыздың ерлігі ұрпаққа үлгі болып қала береді.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген.

Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.


Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.

Халқымыз ер баланың 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескере отырып, «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын , «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын еді халқымыз.


Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Ж.Баласағұни өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «ақ маңдайлы ұл-қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен.
Каталог: kopilka
kopilka -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
kopilka -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
kopilka -> Сабақтың тақырыбы Қадыр Мырзалиев "Ана"
kopilka -> Тақырыптың туындау себептері
kopilka -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
kopilka -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
kopilka -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
kopilka -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
kopilka -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет