Сценарий Өтетін орны: №55 омг-ның мәжіліс залы Уақыты



Дата23.10.2023
өлшемі19,31 Kb.
#187679
түріСценарий
Байланысты:
әскери спартакиада сценарий
1191--нұсқа, Мәлімет 31.01, kzchemistry

Тақырыбы: «Әскерге дейінгі жасөспірімдер арасындағы әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша спартакиада» жарысының ашылуы
Сценарий


Өтетін орны: №55 ОМГ—ның мәжіліс залы
Уақыты : 18.09.2023
Жүргізушілер: Арсен және Асемгуль -10 «Б» класс оқушылары
Арсен:
Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, құрметті қатысушылар және көрермендер!
Асемгуль:
№55 орта мектеп гимназиямызда өткелі отырған әскери спартакиаданың ашылу салтанатына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Арсен:
Жарыстың Мақсаты:

  1. Әскери –қолданбалы спорт түрлерін насихаттау және жасөспірімдерді әскери қызметке даярлау

  2. Жеткіншек ұрпақ арасында Отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімді қалыптастыру

  3. Салауатты өмір салтын насихаттау

  4. Отан қорғаушы мамандығының мәртебесін арттыру



Әскери жетекші:
Мектеп сап түзе, тік тұр!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына түзеліңдер! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні ойналады.



Арсен:
Мен қазақпын жаралған сүйек еттен,
Менде ар бар, мен де ой бар жан тербеткен.
Халқымның қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен деп Бауыржан атамыз жырлағандай
әскери спартакиада ойынының алғашқы құттықтау сөзі :
Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің алғашқы әскери дайындық пәні бойынша әдіскері Сраж Серік Аманжолұлы
Асемгуль:
Келесі құттықтау сөз кезегі –Облыстық ресурстық орталығы басшысының орынбасары Қайнарұлына береміз.
Ән: «Сәйгүлік». Орындайтын: мектеп гимназиямыздың мақтаныштары, 5 «А» класының оқушылары «Нұр» триосы. Қарсы алыңыздар!
Арсен: Отан ордан ыстық тауы орманы,
Күні кеше егемен ел болғаны.
Отан қорғау қасиетті борышың,
Бүгінгі шәкірт- ертеңгі ел қорғаны.
Асемгуль:
Қадірлі ұстаздар мен оқушылар !
Қазақстан Республикасын қорғау- оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті!- деп ата заңда көрсетілген осы мағыналы ұғымды өскелең ұрпақ жастайынан бойына сіңіріп өсуі керек.


Арсен:
Спартакиаданың төрешілерімен таныстырып өтейік:
1. Бас төреші қалалық біліім бөлімінің алғашқы әскери және технологиялық пәнінің әдіскері, капитан Сраж Серік Аманжолұлы
2. №55 ОМГ АӘД пәні мұғалімі Садыков Аскар Умиртаевич
3. №51 МГ АӘТД пәні мұғалімі Жұмағанбетов Бағдат Сағынбайұлы


Асемгуль:
Жүрегі де алып, өзі де алып арыстан,
Қарулы қолы жау жағасында қарысқан.
Батыр елімнің семсер ұлдары бар әне,
Жаралған биік Рух пенен Жігер, Намыстан! деп сайысымызды бастайық.
І.Арсен:
Жарыс үш бөлімнен тұрады:

1.Биік кермеге тартылу


2. Пневматикалық винтовкадан нысана көздеп ату


3. 1000 метрге жүгуру сайысы




Асемгуль:
Сайысты ұйымдастыру және өткізуге басшылықты қалалық білім бөлімі, әдістемелік кабинеті жетекшілікке алады. Сайысты өткізілуіне жауапкершілік бас төрешілерге жүктеледі.


Әскери жетекші:
Мектеп түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы жиын ортасынан шығарылсын. Назар Туға!


ІІ. Барлықтарыңызға сәттілік тілей отырып жарысымызды бастаймыз!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет