Сценарий Тәуелсіздікке жол азаматтық пен патриоттизімге тәрбиелеу



Дата06.06.2023
өлшемі15,3 Kb.
#178353
түріСценарий
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)


Сынып сағат сценарий
Тәуелсіздікке жол азаматтық
пен
патриоттизімге тәрбиелеу
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге Тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында елтарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Ән-ұран айтамыз
Қазақстан Республикасының туын балалар салады
Қасым Жомарт Кемелұлы айтып кеткендей
Біз «әртүрліліктегі бірлік» деген басты қағидамыздан ешқашан ауытқымаймыз. Біз жас ұрпақты нағыз патриот етіп тәрбиелеуіміз керек. Сонымен бірге саяси және әлеуметтік плюрализмнің радикалды формаларға енуіне жол бермеу керек. Азаматтарды кемсітуге, олардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға жол берiлмейдi».
Мектепке дейінгі жастағы балалардың адами-патриотттық міндеттері:
1.Баланың өзінің отбасына, үйіне, балабақшасына, көшесіне, қаласына деген сүйіспеншілік пен бауыр басып кетуін тәрбиелеу;
2.Табиғат пен бүкіл тірі жанға ұқыпты қатынасты қалыптастыру;
3.Еңбекке деген сыйластықты тәрбиелеу;
4.Халық салтына және кәсіптікке қызығушылығын тудыру;
5.Адам құқығы жайлы қарапайым білімдерді қалыптастыру;
6.Қазақстан қалалары жайлы хабарын кеңейту;
7.Балаларды мемлекет рәміздерімен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран);
8.Мемлекет жетістіктері үшін жауапкершілік пен абырой сезімдерін дамыту;
9.Өзара сыйлау, басқа ұлттарға олардың салттарына деген сыйластықты қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының киелі жерлері бейнеролик
Астана (бұрынғы атаулары: Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Нұр-Сұлтан) — 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының елордасы.
Алматы (1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы)) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
Шарын - пайда болуы неоген кезеңіне тұспа тұс келетін Тянь-Шань тау тарамдарындағы тылсым шатқал. Арайлы Алматыдан 200 шақырым қашықтықта орналасқан Шарынды АҚШ-тағы Гранд Каньонмен жиі салыстырып жатады.
Көлсай көлдері – Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған 3 көл.
Каспий теңізі (орыс. Каспийское море, әз. Xəzər dənizi, парсы: دریای خزر‎ — Daryâ-ye Xazar, түрікм. Hazar deňzi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан.
Сергету сәті
Сақина салу ойыны
Желтоқсанда ата бабаларымыздың тәуелсіздікке күрескені туралы бейнеролик
Желтоқсан жағдайына қатысқан батырлармыз туралы мағлұмат.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет