Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет3/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып
6сын.қаз.т.Бжб.3тоқ (1), 2115
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Балақай, берсеңші майыңды. Мə, кітап, менің тура 
сендей қызым ауырып жатыр. Соған бола. Бере ғой. Бұл 
жақсы кітап. Өкінбейсің. Кейін түсінесің.
– Айша ұрсады.
Ақылы болса, ұрыспайды. Бұл өте жақсы кітап. 
Оқып болған соң риза болып əлі мені еске аласың.
Базар тарқап барады. Борандыдан ауылға жаяу 
жеткенше талай жер. Қарным да ашты. «Е, мейлі, не 
де болса – көрейін» деп кітапты ала салып, ауылға 
қайттым.
Жолда Евгеньевканың бұзық балалары ұстап алып 
ұрар деп, ентіге жүгіріп келемін. Жаныңда серік 
болмағаны жаман-ақ. Құдай оңдап, Евгеньевкаға кіре 
берісте Хадиша жеңешемді қуып жеттім. Жанындағы 
Майлыаяқ мені танып, құйрығын бұлғаңдатып, 
сырмақсары фуфайкамның етегін иіскеп-иіскеп қойды.
– Е, шырақ, Боранды базарды көшіріп келе 
Жатқандай ентігесің ғой, тегі, – деп күлді Хадиша 
жеңешем қалжыңдап. Ауылдың салты бойынша, 
ол менің атымды атамайды. Кішкентай да болсам, 
қайнысымын. Шырақ дейді. Қандай жақсы. Шырақ 
дегені шырағдан деп естілгендей болады. Шырағдан – 
не жетілік, не ондық шишасы бар шам ғой. Мені жарық 
сəулеге теңегеніне іші-бауырым елжіреп-ақ тұрады.
– Не алдың?
– Е, сабын ғой..
– Қанша сабын алдың?
– Екеу.
– Шешең үш қадақ май деп еді ғой. Алданып қалған 
жоқсың ба?
Сол екеуі-ақ табылды.
– Екеуіне екі қадақ бердің бе? Біреуін не қылдың?


9
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Кітап... – деп күмілжідім.
– Қандай кітап?
– Міне, – деп қойнымнан суырып алып, қолына 
бердім. Хадиша көлемін көріп тыржиыңқырап қалды.
– Мына біреу күшік пе?
– Күшік қой.
– О, не қылған күшік?
– Білмеймін, əлі оқыған жоқпын ғой.
– Өзі пышақтың қырындай жіңішке ғой. Немене, 
сөзі жетпей қалған ба? Оқышы өзің. Шаршап та кеттім, 
қараң қалғыр-ай? Отыр-ей, шырақ. Кішкене жан 
шақырайық!
Евгеньевканың арғы шетіне шыққан соң, алыстан, 
тау бөктерінен бұлдырап біздің Мыңбұлақтың тал-
дарағы қарайып көрінеді. Сайдың қабағындағы тасқа 
Хадиша бос қапшықты төсеп, соған екеуміз қатар 
отырдық.
Қабақтағы қасат қар сəл-пəл жіпсіп, еріп жатыр. Күн 
жылы.
– Оқы, – деді Хадиша.
Мен оқи бастадым. Бұл өзі Герасим дейтін тіл-аузы 
жоқ, құлағы керең дəу кісі мен оның титтей күшігі 
Муму туралы екен. Бір-екі бет оқыған соң, Хадишаға 
қарап едім:
– Оқы! – деді.
Қарсы алдымызға етпеттеп Майлыаяқ жатыр. О да 
ұйып тыңдайтын сияқты. Көзін ашып-жұмып, ашып-
жұмып қояды.
Жіңішке кітапшаның соңғы бетін жауып болып, 
Хадиша неге үндемей қалды деп, бетіне қарасам: 
бетінен тарам-тарам болып жас ағып, жыла-а-ап отыр


10
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Бір қадақ майға бір қадақ алтын айырбастап 
алғаныңды білдің бе, шырақ? – деді Хадиша ақ 
жаулықтың ұшымен бетін сүртіп. Сөйтіп ақ қозының 
терісінен Айша тігіп берген малақайымды алып, 
басымнан сипап көпке дейін үндемеді, тек оқта-текте 
өксігін баса, əдемі мұрнын тартып-тартып қояды. 
Майлыаяқ көзі мөлиіп, құйрығын бұлғаңдатады. Муму 
туысқанының қайғылы тағдырын о да түсінді ме – 
білмеймін.
Енді ойлаймын ғой: шіркін «Мумуды» дүние жүзінің 
барлық тілдеріне аударып, жер бетінде қанша бала 
бар, тіпті ересегіне де, бəріне-бəріне оқытса... Сонда 
жер үстінде озбырлық, оспадар қодарлық, қатыгез 
қара жүректілік, жауыздық атаулы жойылып, адамдар 
ақылдырақ, мейірімдірек, қайырымдырақ болар ма 
еді...
Ал сонау мың да тоғыз жүз қырық үшінші жылдың 
қысында «Мумуды» оқып болған соң, Хадиша жеңешем, 
Майлыаяқ үшеуміз кеш бата ауылға жеттік.
Біздің үйдің алдында Айша, оның жанында кішкентай 
қарындасым мен інім үшеуі ербиіп жол жаққа қарап тұр 
екен.
– Немене, тегі, Қоқанның базарына барғандай жүріп 
алдыңдар. Басқалар баяғыда қайтты. Әбден зəреміз 
кетті, – деді Айша айқайлап сөйлейтін əдетіне басып.
– Айқайлама, ей, Айша! Балаң олжалы, – деді 
Хадиша жайбарақат жауап қатып. Бəріміз топырлап 
үйге кірдік.
Хадиша бізбен көрші ғой. Үйіне асыққан жоқ. 
Неменесіне асығады. Айша айтқандай, «шымылдығы 
желбіреп тұрған жоқ», бала жылап жатқан жоқ, бірер 
тұяқ малын Хадиша жолаушы кеткенде Айша-ақ 


11
Сүдігерде изен ызыңдайды
жайғастыра салады. Енді Хадиша жалғыз үйге барып, 
жападан-жалғыз отырғаннан қашып, біздің үйге 
бұрылды ғой. Онысы қандай оңды болған десеңші.
Біздің үйдің іші жып-жылы. Пеш қызып, пештің 
үстіндегі плитада шайнек сақыр-сұқыр қайнап тұр 
екен. Айша дереу дастарқан жайып жіберді
– Сендер қаталап жолдан келдіңдер ғой, шай іше 
беріңдер. Meн Барсханның көйлегін шайып тастайын. 
Таңертең мектепке барады ғой. Көйлегіңді шеш, ей, 
Барсхан.
Үстімдегі жалғыз жейдені шешіп беріп, жалаңаш 
етіме фуфайка жамылып отырдым.
– Сабының екеу-ақ қой-ей, Барсхан?
Осы сұрақты көптен күтіп, қорқып отырғанмын. 
Қорыққаннан үндей алмай қалдым, терши бастадым.
Менің орныма Хадиша саспастан, шайын сораптай 
отырып жауап берді. – Біреуін кітапқа айырбастадық, 
– деді
– О, кітапта басың қалғыр! – деп Айша маған көзін 
оқтай қадады.
– Жə, жə! Оқышы, ол кітапқа бір қадақ май емес, бір 
сиыр берсе де татиды. Жайыңа отыр, жұмысыңды істей 
бер, – деп Хадиша жеңешем Айшаның бетін тойтарып 
тастады.
Хадиша болмағанда менің күнім не боларын бір 
құдайдың өзі біледі.
Айша босаға жақта ыстық суға суық су араластырып, 
томыртқылап жылытып, қаңылтыр кірленге менің 
көйлегімді атып ұрып, үстіне томыртқылаған суды 
құйып, мен базардан əкелген сабынның біреуін 
«бісміллə» деп жібіген көйлекке сүйкеп кеп қалды. 
Бізге арқасын беріп ары қарап отыр еді, адырайып бері 


12
Сүдігерде изен ызыңдайды
қарады. Дорбадағы сабынның қалған біреуін алып, тағы 
сүйкеп қалды. Сөйтті де білектерінен су тамшылап, екі 
қолына сабынды алып, орнынан зілдене түрегелді.
– Мынау не?! – деді əлгі екеуін менің мұрныма 
тақап.
– Не болды, байғұс-ау? – деп терлеп отырған 
Хадиша да үңілді. Хадиша шайын қоя салып орнынан 
тұрды. Мен де түрегелдім, Хадишаның арқасына тығыла 
бердім. Айшаның екі қолында жуан-жуан шегелер 
қағылған кəдімгі екі кеспек ағаш. Салмақтырақ болсын 
деп шеге қағып, сыртына болар-болмас сабын жағып, 
лекерлеп, мөрлеп қойған екен.
Хадишаның арқасына тығыла түстім...


13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет