Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып
6сын.қаз.т.Бжб.3тоқ (1), 2115
Сүдігерде изен ызыңдайды
суына жуынып-шайынып, таңертең үйден ала шыққан 
там-тұм тамағымызды бидайдан босаған қапшықтың 
үстіне жайып, əлденіп алатынбыз.
Бұл жолы мен жалғызбын. Ербиіп, жападан-жалғыз 
отырып тамақ жегім келмейді. Үйге тезірек жетсем 
деймін. Дегенмен, жалбыз бүркенген бұлаққа етпеттеп 
еңкейіп, мұздай судан сіміріп болып, енді түрегеле 
берсем, артымда шоқиып əлгі көк қасқа күшік отыр. 
Менің таңдана қарап қалғаныма жауап бергендей тез 
тұрып, құйрығын бұлғаңдатты. Қызғылтым нəзік тілін 
шығарып, жаланып қойды.
– Е, байғұс, бір нəрсенің иісін сезген екенсің ғой, 
– деп дорбадағы жарты таба нан мен қос жұмыртқаны 
шығарып, алдымен өзім наннан бір тістеп, содан соң 
барып көк қасқа күшікке бір үзімін тастадым. Лезде 
қақшып алып, шайнар-шайнамас бір-ақ қылғытып, 
басын қисайта қалып, тағы мөлиді. Енді оған 
жұмыртқаның бір түйірін тастап ем, шайнамай жұта 
салды. Бірақ қызғылт тілімен сүп-сүйрік дымқыл қара 
тұмсығын жалай-жалай берді. Мұнысы маған ұнаған 
болуы керек, жұмыртқаның қалғанын түгел тастай 
салдым. Ол өзбектердің аңшы иттерінің жоңышқа 
арасынан бəденесі бас салғанындай, қақшып түсті.
Кейіннен ойлаймын: менің қателескен жерім – 
күшікке жұмыртқа тастау болды.
Не керек, сайдың арғы қабағына шығып, ауылдың 
борпылдақ қара жолына түскенде де, күшік соңымнан 
қалмады.
– Қайт! – деп бір-екі рет жекіп едім, əлгі неме 
қаймығып, сəл шегінді де, шоқиып отыра қалып, мұңая 
қарағанда, шыдамадым.
– Мейлі, жүрсе жүре берсін, – дедім.


20
Сүдігерде изен ызыңдайды
Әйтсе де, Евгеньевка жаққа бұрылып көз салсам, 
күшік жоқтаған ешкім көрінбеді.
* * *
Үйге таяп қалғанда, бөрте лағын жетектеп, аузынан 
түспейтін махорка шылымын бұрқыратып, Хадиша 
кездесті.
Барсхан-ау, мынауың не сұмдық? – деді ол көк 
қасқаға ернін шығара, менсінбей қарап.
– Евгеньевкадан өзі ілесіп қалмай қойды, – дедім, 
ұрлады демесін деп ақтала сөйлеп.
– Сенің үйіңнің жуындысы біздің Майлыаяққа енді 
бұйырмайды десеңші, – деп Хадиша аузынан түтінді 
шеңберек атқыза түтінді шығарып, қасын керіп қойды. 
– Мейлі, ит жарықтық жеті қазынаның бірі дейді ғой, 
атын Ақжол қой, соғыстағы боздақтар аман келіп, 
жолдары ақ болсын.
Хадиша шылымын кебісімен таптап өшіріп, көк 
қасқаға енді сынай қарап:
– Тұмсығы біздей екен кəпірдің: не түлкі алатын 
тазы болады, не көзіне ұры болады, – деді.Тіпті күшіктің 
артқы бір аяғын тарбитып көтеріп те көрді. Күшік 
байғұс əуелі жағымпазданып, құйрығын бұлғаңдатып, 
көзі жылтың-жылтың етіп еркелеген болып еді, аяғын 
көтеріп абыройын ашқанда, қыңсылап тартыншақтап, 
менен көмек күткендей, маған қарап жаутаңдай берді.
Хадиша қолына бірдеңе жұғып қалғандай, алақанын 
бір-біріне үйкелеп тұрып:
– Қарай гөр өзін – төбет екен, – деді. – Дүбəра ма, 
қалай? Жоқ, тазы-тазы...
Хадиша жеңешем сөйтіп мені дал қылып, ойға 
қалдырып кетті. Біресе тазы, біресе ұры, біресе дүбəра 


21
Сүдігерде изен ызыңдайды
дейді. Көңіліме күдік алсам да, тазы дегеніне сенгім 
келіп, өзімше бір үміттеніп те қалдым.
* * *
Үмітімнің түрі – осы таяуда Керегетаста көрген 
түлкінің баласы. Керегетастағы тракторшыларға 
жалғыз өгіз жеккен арбамен су тасып, түс ауа ауылға 
қайтар жолда қызыл изен қалың өскен ойпаңнан бір 
түлкінің баласы жалт ете қалған. Есім кетіп, арбадан 
аунап түсіп, ұзын қамшымды серт ұстап, тұра кеп 
қуайын. Дəл иегімнің астынан ат басындай алтын 
қашқандай, ышқына жүгіргенім сонша, ə дегенде түлкі 
кəдімгідей қорқып, қос құлағын жымқыра зытты. 
Едəуір ұзап кетіп, құлағын біресе тікшитіп, біресе 
жымқырып, шоқиып отыра қалып, қиқ-қиқ күлгендей 
болды. Дəме шіркін қиын екен, енді ұрып алатындай 
барымды салып бағайын. Түлкі орнынан ыршып түсіп, 
дөңгеленіп ала жөнелді де, бұрылып тағы қарады.
Аузы-басын қисаңдатып мазақтап тұрғандай 
көрінеді. Енді оны ұстап алудан күдер үзе бастасам 
да мына ыржаңдап күлгендей күйігіне шыдай алмай, 
ентіге ентелей тағы бір ышқындым. Даусым да ащы 
шығып кетті.
Түлкі бұлаң етіп, изеннің қалыңына қарай бұралаң 
тартқанда, алдымыздан пырдай болып бозғылт 
балапандар жан-жаққа шашырап жорғалай жөнелді.
Әлі қанаттанбаған бұлдырық балапандар болды. 
Қанаты қатайған күннің өзінде бұлдырық аспандап 
алысқа ұша алмайды. Мына қу түлкінің қызыл изен 
алабын жағалап жүргені де осы əдемі құстың əлегі 
шығар. Дүниеде бұлдырық етінен тəтті дəм бар дейсің 
бе?


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет