Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет38/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
5-7 сынып
6сын.қаз.т.Бжб.3тоқ (1), 2115
Сүдігерде изен ызыңдайды
Адамдар аспанға жиі-жиі қараса мейірімдірек болар 
еді. Бірақ бұл қалада аспан дейтін аспан да жоқ. Түтін 
тұмшалап тұрады.
Мені алдымен шымшықтар көрді. Кəдімгі 
жаушымшықтар. Оларды кейбіреулер: «воробей» 
дейді екен. «Ұрыны ұр» дегені болса керек. Шымшық 
байғұс ешкімді тонап та жатқан жоқ. Адамдар қызық: 
өз ұрыларын ұстап алып ұрса да жарар еді. Түйені 
түгімен, кемені жүгімен жұтып жатқандар жетеді ғой. 
Бейшара, қысы-жазы мекенін тастамайтын, өз отанына 
пəруана берілген момын, əлсіз құсты ұры дейді.
Шымшықтар маған үйір болып алды. Таудағы құстар 
сияқты бұлар да шыршалар тілін біледі екен. Тек 
адамдар ғой өздерінің тілдерінен басқаны түсінбейтін.
Шымшықтар шиқ-шиқ етіп:
– Қайдан келдің?
– Қалқан-қалпаққа қай қабаттан түстің? – деп 
сұрайды.
Мен болған істің бəрін айтып бердім. Олар мені аяп, 
Қабасақалға ашуланып, өздерінше шу-шу етті.
Менен:
– Не керек, жаурамайсың ба? – деп сұрады.
– Жоқ, жаурамаймын. Тек аяғым сырқырап ауырады. 
Жарасы жазылмай қойды, – дедім.
– Олар:
– Қар кеткен соң аяғыңды балшықпен емдейміз, – 
деді.
– Қар кəзір мені тіреп тұр ғой. Еріп кетсе, құлап 
қалмаймын ба? – деймін.
– Құлатпаймыз!
– Құлатпаймыз! – деп шулады шымшықтар.
– Аяғыңның айналасына топырақ үйеміз.


131
Сүдігерде изен ызыңдайды
Кəдімгідей үміттеніп қалдым. Аяғымның қақсап 
ауырғаны да азаяйын деді.
Ақыры күн жылып, қар ери бастады. Мен бір жағыма 
қисайып, құлайын деп те қалдым. Астымдағы сұр бетон 
жалаңаштанып бара жатыр. Қап-қатты.
Әне сонда шымшықтар аяғымның айналасына 
балшық, топырақ таси бастады. Олар бұрынғыдан да 
көбейіп кетті. Сірə, басқа аулалардың да шымшықтарын 
асарға шақырған болуы керек.
Енді шымшықтарға қараторғайлар қосылды. 
Қараторғайлар шымшықтардан гөрі үлкенірек қой. 
Қаланың 
қараторғайлары.
Қарғалар жаныма жоламай, аулақтан бақылап 
отырады. Ақыры олар да істің мəн-жайын түсініп, 
жүн-жұрқа аралас балшықты тұяқтарына уыстап алып, 
төбемнен төмен қарай тастайтынды шығарды.
Алыстан-алыстан, Африкадан арып-ашып жеткен 
наурыз-көктер де қарап қалмады. Олар да шымшық 
сияқты кішкентай. Ол бір арамдығы жоқ, тілеуқор құс 
қой.
Тіпті кептерлер де қаптап келді. Мысыр кептерлері 
де қарап қалмады.
Сөйтіп астыма едəуір төбешік үйілді. Мен енді 
құламайтын болдым. Балта шапқан жарам да қақсағанын 
қояйын деді. Тұла бойым исініп, тамырларыма сол 
жүгіре бастады. Біздің сөліміз – адамдардың қаны 
сияқты ғой. Сөлі барда ағаш дүниесі оп-оңай өле 
қоймайды. Сөлі біткенде ағаш қурайды, өледі.
Ақыры астымдағы тас бетон шытынай бастады. 
Балта шапқан жарамнан тамыр өсіп, бетон жарықшағын 
кеулеп, тереңдей берген сияқты.


132
Сүдігерде изен ызыңдайды
Сөйтіп тоғыз қабат үлкен үйдің қалқан-қалпағының 
үстінде мен жайраңдап, қайтадан құлпыра бастадым. 
Шымшықтар мені ұмытқан жоқ. Бұтақтарыма қонып, 
қылқандарыма тұмсықтарын үйкеп, мені аялап, 
мəпелегендей болады. Тіпті Мысыр кептері менің 
бұтағыма ұя сала бастады. Мысыр кептері дүниедегі 
момын құс. Бұтағына құс ұя салған ағаш – зəһарсыз, 
мейірлі ағаш.
Мені адамдар да байқай бастады. Сұп-сұр бетонның 
үстіне өсіп тұрған бұл не керемет деп таңғалып, 
таңдайларын тақылдатты. Қабасақал сонда мақтанып:
– Бұл менікі ғой. Оһо! Қалай, ə! Келер Жаңа жылда 
үйге қайтып апарамын, – деп кеңк-кеңк күліп алды.
Бірақ, «бұйырса» деп айтпады. Айтқанда, бəлкім, 
мені тағы да балталап шауып, үстіме əлем-жəлемін іліп, 
ит əуреге салар ма еді, кім біледі.
Астымдағы сұр бетон əбден шытынап, о да топыраққа 
айнала бастағандай еді. Негізіне тартқан шығар. Дүн-
дүниенің негізі топырақ қой.
Бірде түні бойы жаңбыр жауды. Жердің бетін сел 
алып кетті. Таңертең жұмысқа асыққан адамдар қалқан-
қалпақтың астына тұра қалып, қолшатырларын ашып, 
су кешіп, бүрсеңдеп кетіп бара жатты.
– Оһо! – деген дауысты бірден таныдым. Бұл 
Қабасақал еді. Қалқан-қалпақтың астында шылымын 
тұтатып біраз тұрып қалды. Шылым тартқанын түтіннің 
иісінен білдім.
Бір кезде қалқан-қалпақ күтір-күтір ете қалып, гүрс 
етіп жерге құлап түсті. Мен де құладым. Есім ауып көп 
жатыппын.


133
Сүдігерде изен ызыңдайды
Бір уақытта бульдозер деген келіп, бетон 
сынықтарын, олармен қоса мені де қоқыс машинаның 
үстіне лақтырып-лақтырып тастады.
Есім сəл-сəл кіре бастағанда байқасам: адамдар у-шу. 
Әлдекімдер бақырып жылап жатыр. Сірə, Қабасақалдың 
əйелі, балалары-ау дедім. Жөнді көре алмадым. Өйткені 
машинаның қорабында, бетон сынықтардың астында 
қалдым ғой.
Машина жүріп кеп берді. Қайда бара жатыр – 
білмеймін. Сірə, қаланың сыртына апарып төгетін 
шығар. Сонда мен ол жерде тағы да тамыр жая аламын 
ба, жоқ па – болжаусыз. Бəлкім мен де, Қабасақал да 
топыраққа айналармыз. Өйткені бəріміздің негізіміз 
топырақ қой.


134
МАЗМҰНЫ
Айырбас ...............................................................................................3
Сүдігерде изен ызыңдайды ..............................................................13
Нөсер ..................................................................................................26
Қыз бен бота ......................................................................................40
Көкемарал гүлдегенде ......................................................................45
Шақалақ .............................................................................................56
Жаңбырлы той ...................................................................................62
Сусамыр .............................................................................................71
Дəрігердің үшінші қаруы .................................................................87
Тастай берік, гүлдей нəзік ..............................................................101
Жүрекке əжім түспейді ...................................................................106
Шыршаның жыры ..........................................................................121



Шерхан МҰРТАЗА
СҮДІГЕРДЕ ИЗЕН 
ЫЗЫҢДАЙДЫ
Ә Ң Г І М Е Л Е Р Ж И Н А Ғ Ы
Корректор:
Мақпал Қалдыбекқызы
Дизайнер
Бекболат Алтынбек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет