Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
5-7 сынып
6сын.қаз.т.Бжб.3тоқ (1), 2115
ЖҮРЕККЕ ӘЖІМ ТҮСПЕЙДІ
Жазушы Ғалым Ахмедовке арналды.
Автор
Сағын аға екеуіміз сəскеліктен соң серуенге 
шығамыз. Сағын аға сəмбі талдан жонған ақ таяғын 
қолына алады:
– Е, бар болғыр, жүр енді, күн ысып кетеді, аяғыңа 
жеңіл бірдеңе ки, тауда туфлимен жүре алмайсың, – деп 
мені мектепке жетектеп апаратын баладай баптайды.
Сағын аға, құдай бұйыртса, енді бір жылдан кейін 
сексенге келеді. Ал соған қарап, бүкірейген шал екен 
деп ойлап қаларсыздар. Қайдағы шал? Жігіт ағасымыз 
деп жүрген біздерден көп ширақ. Өзі бойшаң, сол сұңғақ 
бойын тіп-тік ұстайды. Екі беті нарттай, мейірімді 
көздері көзілдірік дегенді білмейді, əлі шоқтай жайнап, 
күлімсірейді де тұрады, жарықтық. Өмірі ызғар шашып, 
суық тартып көрген көз емес, көп жасауы, көп жасай 
тұрып, жігіт қалпында қалуы сондықтан да шығар. Жап-
жазық маңдай дөңестеніп барып басының қас-қасына 
жалғасады. Қарын дегеннен белгі жоқ, жіптіктей.
Бау-бақшаның ішінде, шипа теректердің тасасында 
тұрған демалыс үйінен ұзай бере жолымыз жалғыз 
аяқтанып, өрге қиялай бастайды. Сағын аға ұзын таяғын 
шаңғы тепкендей алға сермей тастап, жауырындары 
бұлтыңдайды. Анда-санда артына бұрылып қарап
пысылдап келе жатқан маған:


107
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Таяғыңды алшақ таста, қолыңа салмақ сал, 
жауырыныңды бүкшитпей жазып жүр, – деп қояды.
Менің шолақ жеңді ақ жейдем терге бөгіп қарая 
бастағанда, Сағын ағаның маңдайы ғана жіпсиді.
Сөйтіп біз қатар-қатар дачалардың тұсынан, қалың-
қалың баулардан қаздай тізіліп өтіп, бөгде көзді таң 
қалдырып (өйткені біріміз Дон Кихот, біріміз Санчо 
Панчо сияқтымыз) Шыбынсай беткейіне өтеміз. 
Шыбынсай беткейі жабайы өрікке, жабайы алмаға 
тұнып тұрады. Пісіп жеткен жеміс жерге төгіліп, алды 
шіри де бастаған екен. Айнала алма аңқиды.
Біреулер беткейдің қалың шөбін шауып маялап 
қойған екен, соның көлеңкесіне барып тыныстаймыз. 
Пішен иісі жұпар аңқиды. Сай табанында таспадай 
су ирелеңдеп ағып жатады. Құс біткен құйқылжыта 
сайрайды.
– І-і-і, – дейді Сағын аға көзі күлімдеп.
Онысы: «қалайсың» дегені.
– Шаршап қалдым.
– Безобразие, – деп қояды ол жазық маңдайлы қасқа 
басын салмақтай шайқап. – Мен сенің жасыңда болсам 
ғой...
– Не істер едіңіз?
– О, онда, – əдемі көзін Шыбынсайдың арғы 
қабағына қадайды. Шыбынсайдың арғы бетінен 
іздегенін тапқандай, орнынан көтеріле бір қозғалып 
қояды.
– Баяғыда, сендей кезім... Жоқ, сенен жасырақ кезім, 
Уфада оқып жүрген шағым... Жə, қашанғы əңгіме, қай-
қайдағы еске түседі, керек емес, саған түк те қызығы 
жоқ, – деп қолын сілтей салды.


108
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Ойбай, аға, айтыңыз. Айдалада екеуден-екеу 
үндемей отырайық, əйтпесе. Маған неге қызық 
болмасын.
Өмірі тұнжырамайтын аялы көздерді сəл-пəл мұң 
шалғандай болады.
– Сен Уфада болғаның бар ма? – деп маған сол 
күлімсіреген қалпын өзгертпей бұрылды.
– Екі рет барып едім.
– Е, онда біледі екенсің ғой. Сол Уфаңызға жиырма 
екінші жылы оқуға бардым. Екі-үш жыл бұрын 
ғана неше дүркін сұрапыл соққан жер. Колчактың 
қылышынан қан сорғалап, оны Фрунзе тас-талқан 
етіп, Орал таудан айдап шыққалы да көп болған жоқ. 
Ақ Еділдің бойында, Орал таудың бауырында бозбала 
шағым, өмірімнің ең бір аяулы жылдары өтті. Иə... 
Оның бəрі көп əңгіме. Өзің білесің, Уфада революцияға 
дейін Би-ағаң, Бейімбетті айтам, Биағаң оқыған. Тағы 
біраз қазақтың зиялылары шəкірт болған жер.
Не керек, менімен бір татар-башқұрт қызы оқыды. 
Аты Кенже еді.
– Кенже?
– Кенже емес, Энже. Қазақша «Інжу» дегені. Інжу-
маржан ше?
– «Татар-башқұрты» қалай?
– Е, əкесі татар, шешесі башқұрт та. Ондайларды 
«диптəрлəр» дейді. Сен əлі жассың, сұлулықтың 
қадірін білмейсің ғой. Сұлуды, сұлулықты əлдерің 
жеткенше жазып та жүрсіңдер. Мен де жазғым келеді. 
Бірақ Энженің сұлулығын жазуға шамам келмейді. 
Көркі – көз алдымда, жай сөйлегенінің өзі əсем бір 
əн салып тұрғандай: əйел біткеннің нəзігі сол шығар. 
Әлде маған солай көріне ме? Бірақ содан бері талай 


109


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет