Сүдігерде изен indd



Pdf көрінісі
бет33/38
Дата24.04.2022
өлшемі1,05 Mb.
#140653
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
5-7 сынып
6сын.қаз.т.Бжб.3тоқ (1), 2115
Сүдігерде изен ызыңдайды
менің басымнан нелер хал өтті, не көрдім, не білдім – 
оның бəрі ұзақ-ұзақ хикая. Егер шын Сағын Рахметов 
сіз болсаңыз, осы хатты алысымен өзіңізден бір хабар 
берерсіз. (Әрине, «Ғалия-Бануды» ұмытпасаңыз, əрине, 
керек деп тапсаңыз). Әне, сонда мен сіздің нағыз Сағын 
Рахметов екеніңізге көзім жетіп, тəңірге көп-көп тəубе 
айтып, сізді тірі сақтаған тағдырға табынып, тағы бір 
хат жазармын. Сонда бəрін тізермін. Ал əзірге тек 
«Сизлар яктан искəн жиллəр белəн бер хабар килəрсің 
ми» деп үміт етуші, ұмытпасаңыз, Энже Ихсанова».
– Безобразие. Міне, хаттың сипаты осындай. Ауру 
адамдай мең-зең халге душар болдым. Бозым бозбала 
шаққа қайта оралғандай, жүрегі түскір тəтті бір сезімнен 
уылжып қоя берді. Адам қартайса бала болады, деуші 
еді бұрынғылар. Сол рас, бала болдым ба, деймін өзіме 
өзім. Бірақ есіл-дертім Энжеде. Қартайғанда қара 
басты ма, мұнша толқып, топалаң тигендей, аласұрған 
не деймін. Сөйте тұра енді қазір шамаданды көтеріп, 
Қазанға жиналғандай боламын. Қой, сандалма, деп 
тағы өзімді қайраймын.
Содан бір мезгіл қу сезімді тежеп, ақылға салып көріп 
едім, ақылым айтты: хат жаз деді. Оп-оңай нəрсе, осы 
ойыма келмей, қаншама уақыт апиын ішкен адамдай дал 
болдым десеңші. Тіпті айтуға да ұят. Отыра қалып, хат 
жаздым. Не жазғанымды тізіп қайтейін, ақыр соңында: 
«Энже, суретіңді салып жібер», – деппін.
Содан күнде таңертең елеңдеп тұратын болдым. 
Тұра салып пошта жəшікке жүгіремін. Төртінші 
қабаттан бірінші қабатқа қайта-қайта түсіп-шығу менің 
жасымдағы адамға едəуір күш болса да, емпеңдеп 
тыным таппаймын. Бір түсіп, бір шығып, еліріп 
жүргенімді көрші де байқап:


116
Сүдігерде изен ызыңдайды
– Сəке, тыныштық па? – деді.
– Е, əшейін, газет келді ме деп...
– Біздің поштаны қойсаңызшы, газетті өмірі 
уақытылы əкелмейді ғой, – деп көршім мені əурелеген 
поштаға айдаладан кіжінеді-ай кеп.
Біреуден өмірі бүйтіп хат күткен емеспін ғой. 
Сөйтсем, хат күту деген қасірет болады екен. Конверттің 
ішінде баяғы тірі Энженің өзі құндақталып келетіндей 
тағатым таусылды. Сол баяғы он жеті-он сегіз жас 
кезіміз болса, жөн басқа, сексендегі селдір шақта не 
азап. Сексенге келгендер некен-саяқ, олар енді ақырғы 
сапарға бет түзеп, тіршіліктің анау-мынау күйбеңіне 
араласа бермейтін, қызық-шыжықтың базарынан 
əлдеқашан қайтқан адамдар. Сексендегілер өткен 
өмірдің қатпар-қатпар естеліктерінің сеңі бұзылса, 
соны қызықтап қана өмір сүреді. Қағазға жазылмаған 
қалың естелікті бір-бір парақтап жыртып алып отқа 
жағып, соның қызуына жылынып отыруы керек қой 
сексендегілер. Біздің жаста адамдар төсегінде жалғыз 
жатады. Қалың көрпе жылыта алмайтын жаурауық 
жанды естеліктің демімен жылытады. Ол үшін еске 
алатын өткен шақтың тəтті-тəтті кезеңдері бола қойса 
ғой. Алдан не күтеді? Ал мен болсам əлденені алдан 
күтетін болдым. Әлдене болғанда – əлгі хат. Хат келсе, 
маған жастық шақты жібек бұйдамен жетектей келетін 
тəрізді.
Баяғыда біз Уфада оқып жүргенде башқұрттар 
театрына баратынбыз. Сонда қай спектакль екені есімде 
жоқ, əйтеуір, біреуінде қалыңдығын сағынған бір жігіт:
– Жыраклардан язған,
Сəлем хатларынны
Күте-күте түземлегем биткас, – 


117
Сүдігерде изен ызыңдайды
деп жырлайтыны есімде қалыпты. Яғни, «алыстан 
жазған сəлем хатыңды күте-күте төзімім бітті» дегені 
ғой. Енді, құданың құдіреті, мен сол болдым. Әдейі 
пошта бөліміне барып, сондағы бір қыздан:
– Қызым, Қазаннан хат қанша күнде келеді? – деп 
те сұрадым. Оның айтуынша, көп кешікпейтін сияқты. 
Салбырап, еңсем түсіп үйге қайтып келсем, жəшікте 
газет жатыр екен: ала салып сілкілеп едім, көк конверт 
сусып барып еденге түсті. Жарылып қалатын жаны бар 
заттай лезде қақшып алдым. Суреті бар ма екен деп 
саусағыммен сипалаймын. Жұқалау көрінді. Әдетте 
суреті бар хаттың конвертінде: «Осторожно – фото!» 
деген ескертуі болар еді, мынада ондай жазу жоқ...
Сексенге келген адамда сабыр-шыдам мол болса 
керек еді, енді қайда асығады? Жоқ, мен мұны ұмытып, 
конвертті ашып жіберіп, баспалдақ бойлап оқып келе 
жатыппын. Қарсы алдымнан шелек көтеріп төмен түсіп 
келе жатқан көршімді де көрмеппін. Соқтығысып қала 
жаздадық.
– Сəке, немене, қалыңдығыңыздан хат алдыңыз ба? 
– деп қалжыңдайды əлгі.
Сасқанымнан:
– Иə, иə, жо-жоқ, бір жолдастан, – деппін.
Осы жұрттың сұңғыласы бар ма, қайдағы-жайдағы 
сырыңды біліп қоятын сияқты. Мынау білмеген де 
шығар, бірақ қалжыңының өзі шын шыққаны таң 
қаларлық.
Майда əріппен маржандай тізіліп жазылған қол 
сол баяғы Энже қолы. Адамның жасына қарай өңі, 
бəлкім мінез-құлқы өзгерсе де, жазуы өзгермейді екен. 
Дүниеде қанша адам бар, бірақ саусақ ізі өмірі бір-
біріне ұқсамайтын көрінеді. Сол сияқты жазулары да 


118


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет