Сәбит Жәмбек Қазақ әдебиетінің тарихы Оқу-әдістемелік құрал Көкшетау 2006 ббк



бет4/6
Дата29.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#12732
1   2   3   4   5   6

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет».XV – XVIII ғасырлар. ІІІ-кітап. Оқулық. Алматы-1992.

2. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» 4 кітап хрестоматия Алматы-1993.

3. Х.Сүйіншәлиев. «VIII – XVIII ғ.ғ қазақ әдебиеті». Оқулық.

4. Х.Сүйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Оқулық, Алматы-1997.

5. «XV – XVIII ғ.ғ қазақ поэзиясы». Алматы-1982.

6. Бес ғасыр жырлайды. І-том. Алматы -1993.

7. Б.Кенжебаев. «Қ.Ә. тарихының мәселелері». Алматы-1973.

8. C.Негимов. «Ақын – жыраулар поэзиясы», (Генезис, стилистика, поэтика) А-2001.

9. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ-том, Алматы-1967.

10. Қ. Ә. тарихы. ІІI-том, (XV – XVIII ғ.ғ Қ.Ә. тарихы)Алматы «Ғылым»-2000.

V Лекция.

Тақырыбы: Доспамбет жырау мұралары.
Жоспары:

1. Доспамбет жырау өмірінің деректері.

2. Жырау толғауларының тақырыптары.

3. Жырау мұраларының көркемдік мәні.



Тезистер:

1. Доспамбет жыраудың XVғ соңы XVIғ алғашқы жартысында өмір сүрген жырау екендігі. Оның есімінің бүкіл Ноғайлы Ордасы мен Азаулыға мәлім мәшһүрлігі. Доспамбет жорықшы жырау, талай шайқастарда ерлік көрсеткен батыр, қолбасы. Ол Азаулы Ордасы (Кіші Ноғайлы) Қырым хандығы, Астрахань хандығы, Үлкен Ноғайлы Ордасы арасындағы (ағайынаралық) қиян-кескі ұрыста қаза табады. (1523) Доспамбет жырау ол кезде отызға да толмаған болатын. Бұл жайындағы Н.М.Карамзиннің дерегі. (Н.М.Карамзин. история Государства Российского, Т.VII, спб,1817, стр.123; В.Д.Смирнов, Крымское ханство под верховенством Оттаманской Порты до начала XVIII в, спб. 1887, стр 392)

Доспамбеттің қазасы жайындағы ел арасындағы әңгімені орыс ғалымы В.Радловтың Қрым ноғайларынан жазып алуы.

2. Доспамбет өз толғауларында батырлықты, жауынгерлікті, ерлік рухты жырлады. Оның идеалы қан майданда қаза болу. («Айнала бұлақ басы тең», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Бетегелі Сарыарқаның бойында соғысып өлген өкінбес» деген жырау арманының мәні. Бұлардан басқа Еділдің бойын ен жайлап, бейбіт тұрмыс кешкен заманды өз толғауларына өзек етуі. («Айналайын Ақ Жайық»)

3. Доспамбет жырау толғауларындағы дәуір көрінісінің шебер берілуі. Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын Ақ Жайық» «Тоғай, тоғай, тоғай су» толғауларының идеялық мазмұны, көркемдік ерекшеліктерін талдау.

Көркемдік өрнегі. (Аллитерация, ассонанс, метафора, теңеу)



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет».XV – XVIII ғасырлар. ІІІ-кітап. Оқулық. Алматы-1992.

2. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» 4 кітап хрестоматия Алматы-1993.

3. Х.Сүйіншәлиев. «VIII – XVIII ғ.ғ қазақ әдебиеті». Оқулық.

4. Х.Сүйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Оқулық, Алматы-1997.

5. «XV – XVIII ғ.ғ қазақ поэзиясы». Алматы-1982.

6. Бес ғасыр жырлайды. І-том. Алматы -1993.

7. Б.Кенжебаев. «Қ.Ә. тарихының мәселелері». Алматы-1973.

8. C.Негимов. «Ақын – жыраулар поэзиясы», (Генезис, стилистика, поэтика) А-2001.

9. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ-том, Алматы-1967.

10. Қ. Ә. тарихы. ІІI-том, (XV – XVIII ғ.ғ Қ.Ә. тарихы)Алматы «Ғылым»-2000.

VІ Лекция.

Тақырыбы: XVIIғ тарихи-әлеуметтік жағдай және Жиембет Бортағашұлы мұралары.
Жоспары:

1. XVIIғ тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиет.

2. Жырау өмірінен деректер.

3. Жырау толғауларының тақырыптық мәні.



Тезистер:

1. XVIIғ қазақ хандығындағы тарихи-әлеуметтік жағдай. Есім мен Жәңгір ханның ішкі және сыртқы саясаты. Есім ханның бір орталыққа бағынатын мемлекет құру саясаты.

Есім хан мен Қатаған ұлысы мен Ташкенттің ханы Тұрсын Мұхамед Сұлтан арасындағы қайшылықтың себептері. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңдар жүйесі. Сыртқы жау ойрат шапқыншыларына қарсы Есім мен Жәңгірдің қазақ жерін азат ету соғысы. Жәңгір ханның әскери істегі реформаларының мәні. Осы дәуірде өмір сүрген Жиембет пен Марғасқа жыраулардың толғауларындаЕсім хан заманының кемел оқиғаларының көрініс табуы.

2. Бортағашұлы Жиембет жыраудың Алшын руының көшкелі әскери аристократиясынан шыққандығы.

Алшын руынан Самарқанд қаласының әкімі болған атақты Жалаңтөс баһадүрдің шығуы. (Ол Самарқанд шаһарындағы Регистанда орналасқан шер – Дор медресесі мен Тіллә – қари мешіттерін салғызған)

Халық аңыздарының және шәкірттерінің айтуынша, Жиембеттің арғы атасы – Ноғайлыдан шыққан атақты Алау батыр; Алау – XVI ғасырдың алғашқы жартысында жасаған, тарихқа белгілі адам екендігі.

Жиембет – Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырау екендігі. Сонымен бірге Жиембет – ел аузынан алынған тарихи әңгімелерге және өз шығармаларындағы кейбір сөздерге қарағанда, өз заманының мемлекет істерінде үлкен рөл атқарған қабырғалы биі екендігіне тоқталу.

3. Жиембет толғауларынан байқалатыны оның мемлекет ішіндегі, халық алдындағы беделі жоғары болғандығы. Жиембеттен қалған ең елеулі мұра – оның Есім ханға арналған толғауы екендігі. Толғаудың туу себебі жайында ел арасында сақталған әңгімеге тоқталу. (Жиембеттің батыр інісі Жолымбет батырдың хан олжасы қалмақтың сұлу қызын барар жеріне жеткізбей жолдан тартып әкетуі жайында) өміріннің соңында Жиембеттің осы оқиғаның әсерінен ханмен араздасуы, өз елі Алшын ішіне кетіп, хан ордасынан сырт, шет жүруі. Осы оқиғалардың «Әмірің қатты Есім хан», «Қол-аяғым бұғауда» толғауларында көрініс табуы. Жыраудың «Әмірің қатты Есім хан», «Қол-аяғым бұғауда» «Еңсегей бойлы ер Есім» тағы басқа толғауларының мәні. «Еңсегей бойлы ер Есім» жырының әу баста ұзақ тарихи жыр-толғау болғандығы.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет».XV – XVIII ғасырлар. ІІІ-кітап. Оқулық. Алматы-1992.

2. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» 4 кітап хрестоматия Алматы-1993.

3. Х.Сүйіншәлиев. «VIII – XVIII ғ.ғ қазақ әдебиеті». Оқулық.

4. Х.Сүйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Оқулық, Алматы-1997.

5. «XV – XVIII ғ.ғ қазақ поэзиясы». Алматы-1982.

6. Бес ғасыр жырлайды. І-том. Алматы -1993.

7. Б.Кенжебаев. «Қ.Ә. тарихының мәселелері». Алматы-1973.

8. C.Негимов. «Ақын – жыраулар поэзиясы», (Генезис, стилистика, поэтика) А-2001.

9. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ-том, Алматы-1967.

10. Қ. Ә. тарихы. ІІI-том, (XV – XVIII ғ.ғ Қ.Ә. тарихы)Алматы «Ғылым»-2000.

VІІ Лекция.

Тақырыбы: Марғасқа жыраудың тарихи орны және мұрасы.
Жоспары:

1. Жырау өмірінен деректер.

2. «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жырының тарихи мәні.

Тезистер:

1. Марғасқа жыраудың Есім ханның белгілі батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы болғандығы. XVII ғасырдың айтулы тарихи тұлғаларының бірі екендігі. Мұраларының біздің заманымызға толық жетпеуі. Марғасқа жыраудың (XVII ғасыр) ерлікті, достықты, адалдықты жырлаушы, қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы екендігі.

2. Марғасқа жыраудың Есімге қарсы бағынбау саясатын ұстанған Ташкент ханы Тұрсын-Мұхамед Сұлтанның бүлігін басуға қатысуы.(1627 жыл) Осы оқиғаға байланысты ел арасында сақталған әңгіме мен нақты тарихи деректерді салыстыра тоқталу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет».XV – XVIII ғасырлар. ІІІ-кітап. Оқулық. Алматы-1992.

2. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» 4 кітап хрестоматия Алматы-1993.

3. Х.Сүйіншәлиев. «VIII – XVIII ғ.ғ қазақ әдебиеті». Оқулық.

4. Х.Сүйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Оқулық, Алматы-1997.

5. «XV – XVIII ғ.ғ қазақ поэзиясы». Алматы-1982.

6. Бес ғасыр жырлайды. І-том. Алматы -1993.

7. Б.Кенжебаев. «Қ.Ә. тарихының мәселелері». Алматы-1973.

8. C.Негимов. «Ақын – жыраулар поэзиясы», (Генезис, стилистика, поэтика) А-2001.

9. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ-том, Алматы-1967.

10. Қ. Ә. тарихы. ІІI-том, (XV – XVIII ғ.ғ Қ.Ә. тарихы)Алматы «Ғылым»-2000.

11. С.Г.Кляштарный, Т.И.Сұлтанов Казахстан. Летопись трех тысячелетий, Алматы-1992.

12. Қазақтың көне тарихы. Зерттеу. Алматы-1993.

ІІ Модул.

XVIII ғ.ғ қазақ поэзиясы.

VІІІ Лекция.

Тақырыбы: XVIII ғ.ғ тарихи -әлеуметтік жағдай және әдебиет.

Жоспары:

1. XVIII ғ.ғ тарихи – әлеуметтік жағдай.

2. XVIII ғ.ғ халық басынан өткен тарихи оқиғалардың Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар жыраудың шығармашылығында шынайы көрініс табуы.

Тезистер:

1. XVIII ғасырда қазақ даласына ойрат басқыншыларының жойқын шабуыл жасауы. Қазақ халқының «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» трагедиясына ұшырауы (1723ж). Қазақ хандығының іштей ыдырап, елдің ауыр дағдарысқа ұшырауы.

2. Саяси бірліктің әлсіздігі. Ел бірлігіне шақыратын Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің қазақ тарихынан алатын орны, оның жыраулар поэзиясындағы көрінісі. Ойраттардың 1723 – 1725 және 1740 – 1742 жылдардағы қазақ даласына шабуыл жасауы. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» апаты. Ойраттың Сыбан Раптан (1697 – 1727 ж.ж.) және Галдан Церен (1727 – 1746 ж.ж.) сияқты Қоңтайшыларына күйрете соққы берген қазақтың ер жүрек батырлары (Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Олжабай, Райымбек, Жанатай, Жәпек, Сары, Баян, Малайсары, Ер Жәнібек) мен үшт жүздің басын қосып, сыртқы жауға бастаған ержүрек хан Абылай бейнелерінің жыраулар поэзиясында асқақ жырлануы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет».XV – XVIII ғасырлар. ІІІ-кітап. Оқулық. Алматы-1992.

2. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет». 4 кітап Хрестоматия Алматы-1993.

3. Х.Сүйіншәлиев. «VIII – XVIII ғ.ғ қазақ әдебиеті». Оқулық.

4. Х.Сүйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Оқулық, Алматы-1997.

5. «XV – XVIII ғ.ғ қазақ поэзиясы». Алматы-1982.

6. Бес ғасыр жырлайды. І-том. Алматы -1993.

7. Б.Кенжебаев. «Қ.Ә. тарихының мәселелері». Алматы-1973.

8. C.Негимов. «Ақын – жыраулар поэзиясы», (Генезис, стилистика, поэтика) А-2001.

9. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ-том, Алматы-1967.

10. Қ. Ә. тарихы. ІІI-том, (XV – XVIII ғ.ғ Қ.Ә. тарихы) Алматы «Ғылым»-2000.

11. С.Г.Кляшторный. Т.И.Сұлтанов. Казахстан. Летопись трех тысячелетий, Алматы-1992.

12. Қазақтың көне тарихы. Зерттеу. Алматы-1993.

ІХ Лекция.

Тақырыбы: Ақтамберді жырау мұралары.

Жоспары:

1. Ақтамберді жырау өмірінің деректері.

2. Жырау толғауларының тақырыптық сипаты.

3. Жырау мұраларының әлеуметтік мәні, көркемдігі, сөз нақыштары.



Тезистер:

1. Ақтамберді жырау Қаратау өңірінде 1675 жылы дүниеге келген. Бұл туралы М.Мағауиннің «Алдаспан», «Қобыз сарыны» еңбектерінде нақты айтылуы. (Ақтамбердінің жетінші буындағы ұрпағы Сәрсенбек Нүрпейісов ақсақал (1883ж туған) менің бабам Шақантай ақ патша қазақтан солдат алатын жылы 106 жасында опат тапты дейді. Шақантай өзінің үлкен әкесі Арықты көріпті. Ол кісі Шақантайдың 7 жасында 92-ге келіп өлген екен. Арық – Ақтамбердінің кіші әйелі башқұрт қызы Күмістен (жыраудың бәйбішесінің аты Базар екен) әкесінің 50 жасында туған көрінеді. Сонда Ақтамберді 1675 жылы дүниеге келген болып шығады.)

Ақтамбердінің - әкесі Сары, шешесі Сыр бике екендігі. Найманның Сыбан атасынан шыққан Сарының ағайыннан жалғыз екендігі. Ақтамберді өмір бойы ат үстінен түспей, бел шешпей, елін қалмақ басқыншыларынан қорғаған батыр, жауынгер, жорық жыршысы, жырау. Кейін бейбіт тұста еліне егін ектірген, елінің қамын ойлаған ақылман, данагөй қария, ел ағасы. Ұзақ жасап, 93 жасында 1768 жылы қайтыс болған. Зираты Шыңғыстау маңында, Абай ауданының шетіндегі Шеп өзенінің шығысында, Құндызды Қос өңіріндегі Жүрек Жота деген төбенің басында тұр.

2. Жырау шығармаларында өз өмірінің белестерінің көрініс табуы. Атадан жалғыздығы, ағайыннан көрген қорлық, азабы шығармаларында ішкі қайғы мұң болып қозғалуы. Осы тақырыптағы «Дұшпаннан көрген қорлығым», «Жағалбай деген ел болар», «әңгіме жамау түскенін», «Атадан тудым жалқы боп», «Әкем көрген зорлықты», «Көк көгершін, көгершін» деп басталатын толғауларына тоқталу.

Ақтамберді жырау толғауларындағы басты сарын – ерлікке, батырлыққа, дұшпаннан кек алуға, елді сыртқы жаудан қорғауға шақыру. («Балпаң-балпаң басарсың», «Жауға шаптым ту байлап», «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Көк көгершін, көгершін», «Салпаң да салпаң жортармын» т.б.)

Жыраудың «Күлдір –күлдір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Еділ, Жайық екі өзен», «Балпаң-балпаң кім баспас» т.б. толғауларына тоқталып талдау.

3. Жырау толғауларының әлеуметтік мәніне үңіле отырып, ондағы ерлікке, батырлыққа үндеген, елдің бірлігіне, адамгершілікке шақырған сөздерінің әсерлі көркем тұрғыда берілуі. Осы мақсатта сөз қайталау, дыбыс қайталау (аллитерация, ассонанс) теңеу, метафоарлардың ұтымды пайдаланылуы. Жырау толғауларының көркемдік қуатын айқындау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет».XV – XVIII ғасырлар. ІІІ-кітап. Оқулық. Алматы-1992.

2. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» 4 кітап хрестоматия Алматы-1993.

3. Х.Сүйіншәлиев. «VIII – XVIII ғ.ғ қазақ әдебиеті». Оқулық.

4. Х.Сүйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Оқулық, Алматы-1997.

5. «XV – XVIII ғ.ғ қазақ поэзиясы». Алматы-1982.

6. Бес ғасыр жырлайды. І-том. Алматы -1993.

7. Б.Кенжебаев. «Қ.Ә. тарихының мәселелері». Алматы-1973.

8. C.Негимов. «Ақын – жыраулар поэзиясы», (Генезис, стилистика, поэтика) А-2001.

9. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ-том, Алматы-1967.

10. Қ. Ә. тарихы. ІІI-том, (XV – XVIII ғ.ғ Қ.Ә. тарихы)Алматы «Ғылым»-2000.

Х Лекция.

Тақырыбы: Тәтіқара жырау мұралары.
Жоспары:

1. Тәтіқар жырау өмірінің деректері.

2. Жырау шығармаларының тарихилық мәні.

Тезистер:

1. Тәтіқараның сүйегі – Сарыкөл маңындағы Уақ руынан. Уақ ішінде Қалмақ деген атадан шыққан. Ақынның туып-өскен жері қазіргі Қостанай облысының Урицкий ауданының териториясы. Дегенмен ақынның саналы ғұмыры Абылай ханның төңірегінде өтуі. Ел аузындағы сөздерге қарағанда, Абылай хан жаугершілікке аттанғанда Тәтіқараны тастамаған. Оның суырып салма ақындығын, турашылдығын, сонымен қатар жаудан қайтпайтын батырлығын қатты бағалауы.

2. Тәтіқара XVIII ғасырда қазақ елін сыртқы жауға қарсы күреске үндеуші жауынгер жырау. Тәтіқара әскери жорықтарда ұдайы Абылай ханның қасында жүретін жортуыл жыршысы бола жүріп, өз дәуірінің тарихи оқиғаларын, дәуір келбетін молынан жырлаушы жырау екендігі.

Тәтіқара – қалмақтармен соғыста ерлік көрсеткен қазақ батырлары – Жәнібек Шақшақұлы, Бөкей, Сағыр, Дәріпсәлі, Бөгенбай .т.б. ерлік істерін шынайы жырлаған жырау. («Қамыстың басы майда, түбі сайда»)

Шоқан Уәлиханов осы жанрларға тоқтала отырып, оны орысшаға аударған. Және жырдағы Абылай хан қолы мен Цин империясы әскерлерінің 1756 жылғы шайқасымен тұспа-тұс келетіндігін анықтаған. Шоқан Тәтіқара жырларының тарихына үлкен баға береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет».XV – XVIII ғасырлар. ІІІ-кітап. Оқулық. Алматы-1992.

2. М.Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет». 4 кітап хрестоматия Алматы-1993.

3. Х.Сүйіншәлиев. «VIII – XVIII ғ.ғ қазақ әдебиеті». Оқулық.

4. Х.Сүйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Оқулық, Алматы-1997.

5. «XV – XVIII ғ.ғ қазақ поэзиясы». Алматы-1982.

6. Бес ғасыр жырлайды. І-том. Алматы -1993.

7. Б.Кенжебаев. «Қ.Ә. тарихының мәселелері». Алматы-1973.

8. C.Негимов. «Ақын – жыраулар поэзиясы», (Генезис, стилистика, поэтика) А-2001.

9. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ-том, Алматы-1967.

10. Қ. Ә. тарихы. ІІI-том, (XV – XVIII ғ.ғ Қ.Ә. тарихы)Алматы «Ғылым»-2000.

XI лекция.



Тақырыбы: Үмбетей жырау мұралары.

Жоспар.


  1. Өмірінен деректер.

  2. Жырау толғаүларының тақырыптық мәні.

Тезистер:



  1. Үмбетей жырау (1706- 1778) Абылайхан заманындағы әйгілі Бөгембай батырдың ерлігін дәріптеуші, қазасына қайғырушы, жерлесі. Жырау арқадағы Ерементау маңында туып өскен. Оның әкесі Тілеу ақын, шешен, қобызшы болған. Үмбетей де жастайынан өнер қуып, жыр-дастан айтып, өзі де арнау, толғау шығарып елге танылған.

  2. Үмбетей - өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін дидиктикалық- философиялық сарында жырлаған кең тынысты жырау.

Үмбетей жыраудың даңқын шығарған жырлары – Бөгембай батырға арналған толғаулары. Олар: «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту», деп аталатын екі ұзақ толғауы.

Үмбетей – қазақ пөэзиясында Бөгембай батырдың өшпес образын жасаған жырау.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. (XV- XVIII ғасырлар) Үшінші кітап. Оқулық. А., 1992;

  2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Төртінші кітап. Хрестоматия.(Құрастырған М. Мағауин) А., 1993;

  3. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. А., 1997;

  4. Сүйіншәлиев Х. VIII- XVIII ғасырлар. Қазақ әдебиеті. Оқулық.

  5. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982;

  6. Бес ғасыр жырлайды. І том. А.1993;

  7. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973;

  8. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. (Генезис, Стилистика, Поэтика) А., 1967;

  9. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІІ том. (XV- XVIIIғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы). Алматы, «Ғылым» 2000.

ХІІ лекция.



Тақырыбы: Бұқар жырау Қалқаманұлы өмірі және шығармашылық мұрасы.

Жоспар:


  1. Өмірінен мәліметтер.

  2. Жырау мұраларының тақырыптық өрісі.

Тезистер:



  1. XVIII ғасыр әдебиетінің ең көрнекті тұлғасы – Бұқар жырау (1668-1781). Мәшһүр Жүсіптің айтуынша, Бұқар арғын ішінде Төртуыл Қаржастан шыққан. Бұқардың ата-мекені – Баянауыл төңірегі. Әкесі Қалқаман батыр болған. Зерттеуші М. Мағауин Бұқар жырау Қалқаман ұлын 1668жылдар шамасында туып, бір ғасырдан астам жасап, 1781 жылдар шамасында өлген деп есептейді. Бұқар Абылай ханның ақылшысы, кеңесшісі, бітімгер биі болған. Тіпті Тәуке ханның тұсында-ақ ордадағы белді би, батагөй адамдардың бірі болғаны аңғарылады. Абылай ханның қазақ елін бір орталыққа бағынатын күшті мемлекет ету саясатын өзінің сөзімен, жырларымен қолдап, елді бірліікке шақырған көрнекті мемлекет қайраткері.

  2. Бұқар жырау - өз дәуірінің данышпан ойшылы. (Философиялық тақырыптағы жырларына тоқталу). Абылай ханның ақылгөй кеңесшісі, белгілі қоғам қайраткері ретінде ол қазақ елінің ішкі ынтымағы мен ырысын, бірлік- тұтастығын, қазақ мемлекетінің дербес өмір сүру қажеттігін ту етіп көтерген ірі тұлға, кемеңгер жырау ретінде терең ойлы, елді бірлікке шақырған толғаулар тудырды. (Осы тақырыптағы жырларына тоқталу).

Қазақ елін жоңғар басқыншылығынан сақтап қалған ержүрек батырлар туралы жырлар туғызды.(Осы тақырыптағы жырларына тоқталу).

Бұқар жырау толғауларының басты қаһарманы Абылай хан және оның жорықтас батырлары, мәслихаттас билері, ең басты қаһарманы – қазақ халқының өзі.

Бұқар жырау толғуларындағы Абылай хан бейнесі.
Пайдаланылғна әдебиеттер:

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. (XV- XVIII ғасырлар) Үшінші кітап. Оқулық. А., 1992;

2.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Төртінші кітап. Хрестоматия.(Құрастырған М. Мағауин) А., 1993;



  1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. А., 1997;

  2. Сүйіншәлиев Х. VIII- XVIII ғасырлар. Қазақ әдебиеті. Оқулық.

  3. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А., 1982;

  4. Бес ғасыр жырлайды. І том. А.1993;

  5. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973;

  6. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. (Генезис, Стилистика, Поэтика) А., 1967;

  7. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІІ том. (XV- XVIIIғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы). Алматы, «Ғылым» 2000.

ХІІІ лекция.



Тақырыбы: Бұқар Қалқаманұлы мұрасының көркемдік ерекшеліктері.

Жоспар:


1.Бұқар – Шалкиіз дәстүрінің шәкірті.

  1. Бұқар жырау поэизясының тіліндегі көркем сөз нақыштары, теңеулер, метафоралар, тұрақты сөз тіркестері.

Тезистер.

1) Бұқар Шалкиіз үрдісін әрі қарай жалғастырушы жырау. Бұқар тіпті Шалкиіз жасаған көркем образдарды, кейде тіпті тұтас жолдарды пайдаланып отырды. Мысалы, Шалкиіз:

«Жауынды күні көп жүрме,

Жар жағасы тайғақ-ты,

Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,

Күндердің күні болғанда,

Сол жаман басыңа айғақ-ты… » - десе,

Бұқар:

«Жар басына қонбаңыз,



Дауыл соқса үй кетер,

Жатқа тізгін бермеңіз,

Жаламенен бас кетер.

Жаманменен жолдас болсаңыз,

Көрінгенге күлкі етер…»

Бұқар осы жолдарда айтылған ойларды сол күйінде алады, алайда кейбір сөздерін өзгертіп, өзінше талдайды. Сол сияқты Бұқардың «Айтар болсаң, алланы айт» деп басталатын өлеңіндегі негізгі Шалкиіздің «Ау, бөрілер, бөрілер» деп басталатын жолдарын қайталау болып есептеледі.

2) Бұқар тек қана Шалкиіз поэзиясынан ғана үйреніп қойған жоқ, қазақтың ескі халық поэзиясының тұнығынан да мейлінше сусындағандығы.Бұқардың жаңашылдығы. Қазақ өлеңін тақырыптық жағынан байытуы. Кейінгі уақытта, Абай заманында, аренаға шыққан аренаға шыққан жаңа кейіпті, жаңа сападағы поэзияға көшудің кейбір белгілерін Бұқардан ұшыратамыз. Бұқардың «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» деп басталатын туындысы тамаша суреттерімен табиғат лирикасының өзіндік бір әсем үлгісіне жатуы.

«Бұл, үйрек, бұл үйрек,

Бұрылып ұшар жаз күні,

Боз мойынды сұр үйрек

Көлге қонар жаз күні»

Бұл туындыны Абайдың атақты «Жаз»өлеңінің алғашқы бір нұсқаларының қатарына жатқызса да боларлық.

«Бұқар өзінің кейбір жырларында ескі канондарды бұзады, өз жолын салады. Көне жыраулық поэзия көбіне өз алдына дербес, жекелеген ойларға құрылған жолдардың жиынтығы болып келетін, қанша әдемі болғанмен құрау-құрау сияқты көрінетін : бұрынғы өткен жыраулар творчествосының әлсіз жақтары осыған байланыты. Бұқар, негізінен байырғы дәстүрді қабалдайды. Алайда, заманының озықтығы, қазақ әдебиетінің ескімен салыстырғанда біршама өскендігі және өзінің зор таланты мен ақыындық интуициясының тереңдігі. Бұқардың жекелеген реттерде көне сүрлеуден шығарып жіберіп отырады. Бұқар санасыз түрде кейін Абай қазақтық еткен европалық поэзия үлгілеріне жақын барады» (М. Мағауин).

Бұқардың «Әлемді түгел көрсе де» деп басталатын философиялық толғауы европалық лириканың озық үлгілерінің деңгейіндегі жыраудың дүниетанымының ғарыштық санаға көтерілгендігін айғақтайтын туынды екендігі.

Жырау толғауларындағы көркем сөз нақыштары ,теңеулер,метафоралар,тұрақты сөз тіркестеріне тоқталып,талдату.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. М. Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет./ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар/ Үшінші кітап. Оқулық А.,1992

  2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Төртінші кітап.Хрестоматитя./Құрастырған М.Мағауин./А.,1993.

  3. Сүйіншәлиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІғ.ғ. қазақ әдебиеті. Оқулық.

  4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. А.,1997.

  5. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. А.,1982.

  6. Бес ғасыр жырлайды. І-томА.,1993.

  7. КенжебаевБ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А.,1973

  8. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы./Генезис,Стилистика,Поэтика/А.,2001.

  9. Қазақ әдебиетінің тарихы.ІІ том А.,1967

  10. Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІІ том./ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы/Алматы «Ғылым» 2000.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет