Сецерненттер класс тармағы Острица, трихинелла, риштаның тіршілік кезеңдері мен дамуындағы, көбеюіндегі, құрылысындағы ерекшеліктері



бет2/4
Дата26.11.2022
өлшемі53,5 Kb.
#159914
1   2   3   4
Байланысты:
THOZKOLVLRAG23112022223225
тепе тендик, LIWFJMZWGECD23112022162410
Трихинелла Trichinella spiralis – трихинеллез қоздырғышы ұсақ гельминт, ұзындығы – 4 мм. Трихинеллез табиғи-ошақтық инвазия. Бұл гельминтоздың ареалы өте кең, барлық континеттерде кездеседі. Үй жануарларының ішінде үлкен эпидемиологиялық қауіп туыдыратындар-шошқалар, иттер және мысықтар. Олар негізінде бұл инвазияның антропургиялық ошағын құрады. Бірақ бірінші орында – трихенеллалармен залалданған көптеген хайуандар (жабайы хайуандардың 60-тан астам түрі), яғни табиғи ошақ синантроптық және антропургиялық ошақты үнемі қамтамасыз етеді. Табиғи ошақтарда тағы хайуандардың залалдануы өлген жануарлардың өлексесін жеуіне немесе жыртқыштық қимылына байланысты болады. Синатроптық ошақтарды үй жануарлары, соның ішінде иттер мен шошқалар, сойылған малдың ағзаларын, тамақ қалдықтарын, өлі малды, мал нәжістерін жұтқанда залалданады.
Инвазияның табиғи ошақтан антропурялық ошаққа ауысуы аңшылық кезінде үй жануарларын өлген тағы жануарлардың етімен қоректендіргенде іске асады. Инвазияны таратуда қаңғыған иттермен шошқалардың өлген үй жануарлары өлексесін жеуінің де маңызы бар. Егеуқұйрықтарға трихинеллалармен залалданған өлген үй жануарлары мен тағы хайандардың терісіндегі ет қалдықтарын жегенде жұғуы мүмкін. Трихинеллез антропургяилық ошақтан табиғи ошаққа тағы хайандар (қасқыр, қарсақ және т.б.) шошқаларды және басқа үй жануарларын немесе малдардың өлігін жегенде ауысады.
Адам алиментарлық жолмен тек қана инвазияланған жануарлардың (әсіресе шошқаның, қабанның, ит балықтың, аюдың және т.б.) шала піскен етін тамаққа пайдаланғанда залалданады. Адамдар арасында трихинеллезді қабылдаушылық өте жоғары. Трихинеллезбен сырқаттанушылық көп жағдайда топтылығымен сипатталады, яғни залалданған жануардың шикі немесе шала пісірілген етін (мысалы, шошқа) тамаққа пайдаланған жанұяның барлық мүшелері немесе оданда көбірек адамдар ауруға шалдығуы мүмкін.
Қазақстанда трихинеллездің тұрақты синантроптық ошақтары Батыс Қазақстан облысында және солтүстік, шығыс аймақтарда кездеседі. Трихинеллез ауруының клиникалық өтуі барысындағы көріністер негізінде паразиттің зат алмасуы өнімдерінің және ол өлгеннен кейінгі заттардың организмге сенсибилизациялық әсерімен, соған байланысты, дамыған аллергиялық реакциямен анықталады. Бұларға ие ұлпалары бұзылғаннан кейін аутосенсибилизация қосылады. Аурудың ішкі ағзаларында инфильтраттар, қан тамырларының аллергиялық асқынулары байқалады. Ауыру алдымен аяқтың, сонан соң бөксе, арқа, қарын, қол мойын, шайнау, тіл, жұтқыншақ, көз еттерінде пайда болып, 1-3 аптаға созылады және оқтын-оқтын қайталануы мүмкін. Дене қызуы көтеріліп, кесел қайталануы мүмкін. Дагноз қою диагноз қою үшін эпидемиологиялық анамнезін, берілу факторы ретіндегі қауіпті етті, ауру белгілері пайда болған кезден 9-11 күн өткеннен кейін науқастың бұлшық етін биопсиялық және бұлшық ет кесінділерін микроскопиялық әдіспен тексеру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет