Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат СӨЖ 45 сағат



бет39/99
Дата04.10.2020
өлшемі0,9 Mb.
#63899
түріСеминар
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99
Бақылауға арналған сұрақтар:

1. Ғаламдық экологиялық проблемелер дегеніміз не?

2. Ғаламдық экологиялық проблемалардың пайда болу себептері?
2 кредит сағат

2 дәріс



Тақырып: Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы нәтижесінде туындаған мәселелер

Дәрістің мазмұны:

  1. Табиғат ресурстарының қазіргі кездегі жағдайы мәселелсі

  2. Қоршаған орта күйі мәселесі

Дәрістің мақсаты: табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі, қоршаған орта мәселесінің негізгі бағыттарымен танысу

Негізгі сөздер: табиғат ресурстары, ластану дәрежесі

Шындығында адамның биосферадағы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бір жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, басқа тіршілік иелерінен ерекше адамға биологиялық емес, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән. Ол техниканы, жаңа жасанды заттарды жасап, ғимараттар мен жолдар салады. Бұл үшін ол бұрын ешқандай тіршілік иелері пайдаланбаған кен, мұнай, ағаш және тағы басқа қоршаған орта ресурстарын қолданады. Сонымен қатар, табиғатқа, оған тән емес қалдықтар — пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.

Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің кемуі адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.

Адамның қоршаған ортаға мұндай айтарлықтай әсері «экологияның» анықтамасын өзгертті.

Ол көптеген білім салаларына ене бастады. Экологиямен жаратылыстану және техникалық ғылымдардың гуманизациясы, экономика, әлеуметтану, мәдениет және т.б. байланыстырыла бастады.

Экологиялық ойлар мен мәселелердің білімнің басқа салаларына енуін экологизация деп атайды.

Қазіргі кезеңде экология кең, әлі толық қалыптасып бітпеген іргелі (фундаменталды) және қолданбалы пәндер комплексіне айналып отыр. Оны Н.Ф. Реймерс (1992 ж.) «Үлкен экология» деп атады.

Экологияның зерттеу объектілерінің кеңеюі оның жаңа анықтамаларының пайда болуына келді. Олардың кейбіреулерін келтірейік.

Н.Ф. Реймерс: «Қазіргі жағдайда экология қазіргі заманғы кең мағынада алғанда биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмұны бойьшша Жер туралы физика-математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналды».

Ю. Одум: «Экология — табиғат пен қоғамдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдер саласы».

Н.А. Воронков: «Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың, соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет.

Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым».




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет