Семинар ( практикалық) сабақтарының мазмұны Оқытушы жетекшілігімен орындалатын


Дәріс сабақтарының тақырыптары және жоспары



бет2/4
Дата12.03.2018
өлшемі0.68 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4

Дәріс сабақтарының тақырыптары және жоспары.

Тақырып: Кіріспе. Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің қазіргі жағдайы.

Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің негізгі мәселелері. Мектепке дейінгі ұйымдағы қызметтің пән ретінде үш тұрғыдан қарастырылуы. Бүгінгі таңдағы психологиялық қызмет жүйесі.



Мақсаты:Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің негізгі мәселелерімен, бүгінгі жағдайымен таныстыру.

Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан асатын тарихы және мол тәжірибесі бар. Көптеген елдерде бұл қызмет өткеен ғасырдың басында пайда болып табысты дамып келе жатыр.Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р.Б. Радионов, И.А. Соколова, З.А.Малькова және т.б. ғалымдар зерттеген. Жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынды.

Республика аумағында психологиялық қызметтің енгізілуі мемлекетімізде білім сапасына, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруына, жалпы айтқанда, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізінде ұйымдастыруына ерекше назар аударуының дәлелі.Мектептегі психолог баланы мектеп қабырғасын алғаш келген күннен бастап бітіргенге дейін зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Психолог өз жұмысында әрбір оқушының жан-жақты білімді, білікті және тәрбиеленген тұлға болып жетілуіне әсер ететін барлық жағдайларды қарастырады. Мемлекетіміз бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекет қатарына кіру үшін жеткіншек балалар дүниежүзілік білім кеңістігінде өз білімі, қабілеті, тапқырлығы, еңбекқорлығымен өз орнын табу керек. Осы міндетті орындауда жас ұрпаққа, мұғалімдерге, ата-аналарға мектептегі психологтың көмегі үлкен роль атқарады. Қазіргі заман талаптарына орай педагог-психолог «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы», «мұғалім-ата-ана», «ата-ана-оқушы» қарым-қатынастарын жақсарту, оның сапасын көтеру үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оқу мен тәрбиенің бірге жүргізілуін қадағалайды.

Псиологиялық қызмет деген ұғым осы заманғы жантану ғылымының алға қойған зәру мәселелерінің бірі. Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екенін жете түсіндіріп, оны іс жүзінде қолданудың нақты шараларф мен әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттағы күрделі мәселе болып саналады. Психологиялық қызметтің іске асырылуы сипаттары түрліше мазмұнда және әрқилы формада болуы мүмкін. Бұл мәселенің гнесеологиялық негізі жеке адамның, дара тұлғаның жан-дүниесін белгілі бағытта дамыту мақсат-мүддеслерін көздейді.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет: ғылыми, қолданбалы және практикалық сияқты үш тұрғыда қарастырылады.

Ғылыми жағы білім берудегі психологиялық қызмет мәселелерінің зерттелуін, теориялық және әдіснамалық негіздемесін, психодиагностикалық жұмысты жүзеге асыру, қазіргі мектептегі білім берудің нақты жағдайына сай психологиялық білімді қолдану түрлері мен әдістерін дамыту және психологиялық түзетулерді қамтиды.Қолданбалы жағы оқыту мен тәрбиенің, оқулықтың дидактикалық және әдістемелік материялдардың оқу-бағдарламалардың пихологиялық негіздерін жасау және оны талдауды қоса алғандағы барлық үрдістерін психологиялық жағынан қамтамасыз ету. Практикалық жағы психологтардың білім беру мекемелеріндегі немесе білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет орталықтарындағы жұмыстарына тікелей қатысты. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет Білім және ғылым министрлігінің психологиялық қызмет бөлімі, білімдегі психологиялық қызметтің аймақтық орталығы, облыстық, аудандық орталықтары арнайы білім мекемесінің психологиялық қызметі сияқты еліміздің білім кеңістігіндегі біртұтас тікелей құрылым күйінде жобаланады. Тәлім-тәрбие үрдісінде оқушы жеке тұлғасына нұқсан келтірмеу үшін, сондай-ақ оның сапасын арттыру үшін әрбір жас кезеңдегі жетекші іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажет. Мектеп психологы пән мұғалімдері, сынып жетекшілері мен семинар, консилиумдарды ұйымдастыру арқылы білім алып жатқан балалардың жас ерекшеліктерін, бұл ерекшеліктердің білімді меңгеруге сондай-ақ тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әсерін көрсетіп беруі керек. Әр бір буындағы жетекші іс-әрекет типіне негізделіп тәлім және тәрбие беру жұмыстарын алып жүруіне психолог өз бақылауына алады. Психологиялық қызмет-баланың мектепке барған дайындығынан бастап, орта буынға бейімделу мәселесі, сондай-ақ жеткіншек,жасөспірім балаларға кәсіп таңдауына көмек беруімен аяқталады.

Психологиялық қызметтің тәлім тәрбиенің орталығы болып, жас ұрпақты қоғам талаптарына сай жеке тұлға ретінде жетілдірудегі ролі зор.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Психологиялық қызмет жүйесінің жағдайы қандай?

  2. Психологиялық қызметтің даму тарихын зерттеген ғалымдар?

  3. Психологиялық қызмет дегеніміз не?

  4. Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет пәні нені қарастырады?

Әдебиеттер:

  1. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. Вопросы теории и практики. М., 1991

  2. Детская практическая психология / Под.ред. Т.Д. Марцинковской. М. 2000

  3. Детский практический психолог / Под.ред. Шаграевой О.А. Козловой С.А.М. 2001г.

  4. Задачи и функции психолога в дошкольном учреждении. Руководство для практического психолога/ Под. Ред. Л. А. Венгера. М., 1993

  5. Чиркова Т. И. Психологическая служба в детском саду. М. 2001.


Тақырып 2. Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық білім беру саласындағы психологиялық қызметтің құрылымы ретінде.

Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің мақсаттары. Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары.



Мақсаты: психолог жұмысының негізгі қызметтері, психологиялық қызмет жүйесінің негізгі бағыттарымен таныстыру.

Психолог мамандығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру мекемелеріне психолог мамандығын енгізу туралы» нұсқау хаты негізінде, еңбекақы қорынан жалақысы бекітілген, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына, ҚР Үкіметінің бұйрықтары мен қаулыларына сүйеніп жұмысын атқарады.

Білім беру саласындағы психолог жоғыры білімді, біліктілік санатқа ие, еңбекақысы, зейнет кепілдігі мен кезекті демалысы бар, кәсіби құқықтар мен кепілдіктерге ие, нақты білім мекемесінің педагогтарға теңдестірілген маманы болып табылады.

Әр түрлі саладағы аудандық, қалалық, аймақтық білім беру психология орталықтарындағы білім мекемелерінің психологиялық қызмет көрсету саласы қызметкері ретінде, психологиялық жоғары білімі бар, арнайы курстарда қайта даярлаудан өткен, тұрғылықты жердің әлеуметтік-мәдени, этноерекшелігін толық білетін жоғары білімді мамандар жұмыс істей алады. Әр бір білім беру мекемесінде кемінде бір психолог қызмет енеді.

Аттестациялау жұмысы құзырлы мекемелермен мамандар тарапынан ҚР «Білім Заңына» сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс бағытын таңдау, әртүрлі жұмыс түрлерінің сәйкестігі білім мекемесінің қажеттіліктерімен және штаттық және штаттан тыс психологтар санымен анықталады.

Жұмысты жоғары сапада, тиімді атқару үшін ыңғайлы жағдай жасалу тиіс. Жеке жұмыс кабинеті, кеңес беру бөлмесі, топпен жүргізу бөлмесі болып әрбір кабинет қолдану мақсатына сәйкес таспа-бейне, көбейту техникасымен ыңғайлы жиһазбен жабдықталғаны жөн. Психолог қызметін орындаушы психология кабинетіне жетекшілік етеді.

Білім мекемелері мен орталықтарда жұмыс істейтін практик психологтар атқарған жұмыстарын тіркеп отырады. Әкімшілікке және кәсіби жағынан құзырлы орындарға есеп береді. Бұл психологиялық қызмет мекемелерінің, орталықтарының есептік құжаттарына, тиісті деңгейдегі білімді басқару орындарының есептеріне кіреді. Оқу мекемесіндегі психологиялық қызмет психологиялық ағарту, алдын-алу, диагностикалау, дамыту, түзету,әлеуметтік сұранысты қанағаттандыру бағыттарында практикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Әдістемелік және шығармашылық ізденістерге, өзіндік білімін жетілдіруге аптасына бір күн беріледі.

Психологиялық әдебиеттер алуға және білігін көтеруге қосымша қаражат білім беру мекемесі тарапынан бөлінгені абзал. Психологтың негізгі мақсаты- психологиялық саулықтың негізі-баланың рухани өсуіне оның жанының жайлы болуына психологиялық-педагогикалық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады.

Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтарменолардың психологиялық себептерін анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру,ата-ана, мұғалім басқа да қызметкерлерге психологиялық қызмет көзін көрсету, оқушылардың мамандыққа қабілеттілігін анықтау т.б. мектеп психологының тікелей міндеттері. Психолог оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын мақсат етіп,өзінің іс-әрекетін педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, социологтар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз ба йланыста ұйымдастырады. Психологтың жұмыс тәртібі осы. Ереже негізінде қабылданған психологиялық қызмет бағдарламасның мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, оқу мекемесінің жалпы жұмыс тәртібіне сәйкес орындалады, оқу мекемесінің мүдірі бекітеді. Оқу мекемелері мамандарының кәсіптік ісәрекеттерін кешенді психологиялық-педагогикалық сараптауға, білім басқару орындарының немесе жеке оқу мекемелеріұсынысьары арқылы жүргізілетін оқу бағдарламалары мен жобалары, оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру немесе жазуға қатысады.

Отандық және шетелдік психологиядағы жетістіктерді оқу мекемелеріне тарату және енгізуге, педагог қызметкерлердің іс-әрекетін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге ат салысады.

12 жылдық білім жүйесіне көшуде олқылық туғызып отырған мәселе-жасалып датқан оқу-әдістемелік кешендер, дидактикалық құралдар, бағдарламалар, жоспарлар, практик-психологтардың қатысуынсыз әзірленетін болғандықтан,тұлға бағытталған білім беру ұстанымдарының үнемі сақталып отыруын қамтамасыз ете алмайды.Олай болса, алдымен мектептерде жұмыс істейтін психолог мамандарды қайта оқыту, оларды теориялық біліммен қаруландырып қоймай, іргелі зерттеулердің қолданбалы тұрғысын жетік білуге ұмтылдыру басты мәселе. 12 жылдық білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсету саласының моделі әлі жаңару үстінде.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Психологиялық қызметтің мақсаты қандай?

  2. Психологиялық қызметтің міндеттері қандай?

  3. Психологиялық қызметтің қандай бағыттары бар?

  4. Психологиялық қызметтің дамуы?

Әдебиеттер:

  1. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. Вопросы теории и практики. М., 1991

  2. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога, М: 1993

  3. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. – М., 1997.

  4. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. Шымкент, 2006


Тақырып 3. Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру.

Мақстаты: Психологиялық кабинет. Психологтың іс-қағаздарын жүргізу қажеттілігі. Білім беру мекемесіндегі психолгтың іс-қағаздар тізімі. Оларды рәсімдеу ерекшеліктері.

Психолог кабинеті- психолог жайында 12-15 шаршы метрден ол туралы мағлұмат алуға көмектеседі,адамдарды жекелей қабылдау үшін және құжаттарды сақтау үшін, құралдарды таңдауда маңызы зор.

Стандартты сынып орнын қызметтік көрсеткіші бойынша бірнеше аймаққа бөлуге болады:


  • алғашқы қабылдау және клиентпен әңгімелесу аймағы;

  • кеңес беру жұмыс аймағы;

  • ойын терапия аймағы;

  • психоэмоциональды қысымды жою релаксация аймағы.

Бұл аймақтарды жылжымалы қабырғалар, декоративті заттар, өсімдіктер, жиһаздарды орналастыру арқылы жабдықтауға болады. [17].

Алғашқы қабылдау және клиентпен әңгімелесу аймағы жұмыс үстелі мен шкаф, диагностикалық және коррекциялық дамытушы жұмыстар бойынша әдістемелік материялдар қойылады. Клиент жайындағы мәліметі бар құжаттарды компьютерге енгізген абзал.

Кеңес беру жұмыс аймағы журнал үстелі, екі жұмсақ кресло, жарықпен жабдықталады.

Ойын терапия аймағы еденге жұмсақ төсеніш, қозғалмалы жеңіл жиһазбен жабдықталады, олар ойын кезінде жылдам орын ауысуға мүмкіндік береді. Ойындар, қолдан жасалған материалдар, қарындаштар, қағаз.

Психоэмоциональды қысымды жою релаксация аймағы демалыс үшін жұмсақ әрі ыңғайлы кресло, аквариум, жарық-музыка, слайдтық бейнелер арқылы жабдықталады.

Психолог іс-қағаздарының тізімі


  1. Мектепке дейінгі мекеме жұмысына негіз болып отырған тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс жоспары;

  2. Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жоспар;

  3. Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспар;

  4. Психологиялық кызмет көрсету кабинеті жоспары;

  5. Айылқ немесе апталық жұмыс жоспары;

  6. Диагностикалық материалдар картотекасы;

  7. Балаларды зерттеуге арналған психодиагностикалық альбомдар;

  8. Психодиагностикалық әдістемелер жинақтары;

  9. Психологиялық қызмет көрсетуге сұраныстар журналы;

  10. Кеңес беру, коррекциялау, жеке түзету-дамыту іс-шараларын тіркеу журналы;

  11. Өткізілетін сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы;

  12. Психологиялық түзету жұмысында қолдантылатын аудиоматериалдар;

  13. Кабинет паспорты, мүліктер мен құралдар тізімі;

  14. Жылдық есеп.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Психологтың кабинеті қандай болу керек?

  2. Психолог кабинетінің рәсімделу қандай болу қажет?

  3. Психологта қандай іс-қағаздар болу керек?

Әдебиеттер:

  1. Детская практическая психология / Под.ред. Т.Д. Марцинковской.М. 2000

  2. Детский практический психолог / Под.ред. Шаграевой О.А. Козловой С.А. М. 2001г.

  3. Задачи и функции психолога в дошкольном учреждении. Руководство для практического психолога / Под.ред. Л.А. Венгера. М. , 1993

  4. Чиркова Т.И. Психологическая служба в детском саду. М. 2001

Тақырып 4. Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері.

Нәрестелік және сәбилік жаста балалардың психикалық даму ерекшеліктері. Мектепке дейінгі жаста балалардың психикалық даму заңдылықтары.



Мақсаты:мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері туралы түсінік беру, оларды пихологиялық жұмыс барысында есепке алу дағдыларын калыптастыру.

Нәрестенің психикалық даму тым қарапайым түрде өтсе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Сәби жасының аяқ кезінде (3 жастағы кезі) бала ақылы-ойының даму жағынан едәуір жетістікке жетеді. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына: « іздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз.Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интеллект жағынан алып қарағанда қабілеті қандай екенін, соны біліңіз. Осыдан соң сәбиді алып, олжаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-оймен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз»,- дейді. Сонда Гудинафтың айтамын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамудың тең арасы- үш жас деуі. Үш жас адамдағы психикалық дамудың тең ортасы деуге АҚШ психологы Э. Торндайк қосылыпты. Біз осыдан психикалық даму қанша уақыт өмір байланысты емес екенін, осының себебі, психика дамуының шапщаңдығы әр жаста түрліше келетінін көреміз.

Жетістікке жетудің себептің бірі (бір жасқа толғанда) баланың түрегеліп жүруі. Тікелей жүруге көшу бірден болмайтын қазақтың балаға тұсау кесу дейтін ырымынан да белгілі. Әуелгі кезде нәресте табанын жерге басып, бірден жүріп кетуге қиналады. Қиналудың өзі тек дағдының жоқтығынан емес, «құлап кетем бе деп» қорқудан кездеседі. Дегенмен, әуелі үлкендердің көмегімен, кейін баланың өзі- өздігінен жүре бастайды. Біраздан соң өз аяғымен жүру автоматты түрде іске асатын болады. Ал осының өзі баланы үлкен жетістікке апарады: бала әр жерге не нәрсеге өзі келіп оның қасиеттерімен танысады, бұрын аңғармағанын біле бастайды. Бұрын өздігімен жүре алмайтын кезде кеңістіктегі заттардың өзара қаншалықты қашық екенін білмесе, енді оның өзі жүрудің арқасында лсыған төселіп, заттардың кеңістіктегі көлемін бір тұрақты ажырататын болады.

Екінші бір себеп – әр заттың өзіне тән қызметін ажырату. Егер нәресте жасындағылар әр заттың қандай қызмет атқаратынын білмесе, енді ол сәби жасына көшкенде оның атқаратын қызметінің мәнісін түсіне бастайды. Заттың атқаратын қызметі деп- қоғамдық ортада көпшілік арасында мойындалған оның атқаратын міндеті. Мысалы, қасық сорпа ішуге, кесе шай ішуге арналған және т.б. Заттардың осындай қызметіне үйренбей тұрғанда, нәрестелер сол заттарды тек орнынан қозғалтып, не бірін екіншісіне соқтыратын еді. Сондықтан заттың атқаратын қызметіне түсіну – үлкен жетістіктің белгісі.

Сәби жасында үй ішіндегі заттар не үшін керек және көшедегі нәрселер не үшін, нендей қызмет атқарады, осындай функцияларды бір бағыт тұрғысынан ұғына бастайды. Біз осыдан бала әлеумет ортасындағы және соны көпшілік мойындаған заттардың соның ішінде құрал-сайманның атқаратын қызметін үлкендердің көмегімен аз мезгілдің ішінде үйренетінін көреміз.

Сәби психологиясының дамуына негізгі әсер ететін ендігі фактордың бірі- оның қарапайым ойындары және балалар бақшасындағы тиісті өнерге үйренуі, мысалы, үй салу, сызу т.б. бұл сәбилер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен жаңағы іс-әрекеттер сәби психологиясының дамуына үлкен әсер етеді. Сәбилерде ойынның тек қарапайым ғана кездеседі. Әуелгі кезде сәбилер ойыншықтың сылдырлауына, не болуына мән берсе, бірақ нендей машинаның не жәндіктің бейнесі екеніне мән беріледі.

Сәби жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздар ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз балаға аюды бергенде, оған көйлек тіктіреді, кигізеді, кішкентай тарелкаға тамақ салып, оны тамақтандырады. Ал ұл балалар таяқты ат қылып мініп, осы менің атым деп жүгіретіні кездеседі. Осы мысалдарда ойынға қатысушылар аю ойнышығы нағыз аюдың өзі емес,ал таяқ ат емес, екенін өздері жақсы біледі. Ал осындай ойындағы заттарды, ойыншықтарды өзге заттың символы не белгісі деп түсіну сәбилердің фантазиясын, ой-өрісін дамытуға недәуір пайдасын тигізеді. Сәби 3 жасқа келгенде 120-150 сөз біледі. Осыған орай есінде морфемалар150-200 ге жақындауы мүмкін. К. Чуковский « Үштен беске дейін» деген кітабында сәбилер қалай сөйлем құрастыра алады және осыған байланысты икемділігі тілші ғалымдардан кем емес екенін атап көрсетеді. Оның солай деуі бөбектер тіпті ана тілінде кездеспейтін жаңа сөйлемдер құрастырады. Мұның себебі, сәби әлі қандай сөздер айтуға болатынын білмейді. Себебі жаңа сөйлемді бірден естіп, оны қайталап отырған жөн. Мұндай сәтсіздіктер кейін үлкендердің көмегімен түзетіледі.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Нәрестелік шақтағы балалардың психикалық ерекшелігі қандай?

  2. Сәбилік шақтағы балалардың психикалық ерекшелігі қандай?

  3. Мектепке дейінгі шақтағы балалардың даму ерекшелігі қандай?

  4. Сәби шақтағы бала неше сөз білу керек?

Әдебиеттер:

  1. Мухина В.С. Балалар психологиясы. А., 1998

  2. Детская практическая психология /Под.ред. Т.Д. Марциковской. М. 2000

  3. Детский практический психолог / Под.ред. Шаграевой О.А. Козловой С.А. М.2001

  4. Задачи и функции психолога / Под.ред. Л.А.Венгера М., 1993

  5. Чиркова Т.И. Психологическая служба в детском саду. М. 2001.

Тақырып 5. Мектепке дейінгі ұйымдағы психологтың кәсіби бағыттары.

Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары. Психологиялық диагностика, психологиялық коррекция, психологиялық алдын-алу және кеңес беру, психологиялық ағарту жұмыстары.



Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдағы психологиялық қызметтің жұмыс бағыттарымен, олардың ерекшеліктерімен таныстыру.

Психологиялық қызметтің принциптері:



  1. Жүйелілік принципі- психологтың барлық жұмыс бағытын қолдануы (профилактика, психодиагностика , психокоррекция)

  2. Тұтастық принципі- баланың танымдық, мотивациялық, эмоциональды сферасына бағытталған жұмыс жүргізуі керек.

  3. Мақсаттылық принципі- кез- келген психологиялық ықпал мақсатқа сай бағытталуы тиіс.

  4. Себепті-шарттылық принципі- кез-келген психологиялық ықпал құбылысының себебі мен салдарына бағытталуы тиіс.

  5. Мезгілдік принципі – кез-келген психологиялық ықпал жағдайдың жоғарғы тиімділігі үшін қажетті өз мезгілінде жүргізілуі тиіс.

Негізгі принциптер, мақсат, міндеттерді былай іске асыруға болады:

  1. Ақпараттық (мәселені теориялық зерттеу, әдістер, бағдарламалар, нәтижелерді божау, проектінің мектеп үшін пайдалылығын бағалау, проектінің мақсат, міндетін анықтау)

  2. Диагностикалық ( зерттеу жүргізу, нәтижелерді талдау, өңдей, педагогикалық кеңесте талқылау)

  3. Коррекциялық (алынған нәтижелерге сай коррекциялық бағдарлама құру, нұсқауларды өңдей, бағдарламаны іске асыру.)

  4. Бақылаушы (қайта диагностика жүргізу, алынған нәтижелерді талдау динамикасы, коррекциялық кезеңнің тиімділігін бағалау)

Психологиялық қызметтің алдына қоятын мақсат-міндеттерінің бірі-өскелең ұрпаққа гуманистік тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, олардың жүзеге асырудың қажеттігі.

Қазіргі кезеңдегі адамдардың түрлі практикалық іс-әрекетіне түрлі жолдармен әсер етеді. Мұндай жолдардың бірі-тұрғылықты халықтың түрлі категорияларына психологиялық көмек көрсету. Арнайы дайындыққа ие болған психолог маман ата-аналарға баланы тәрбиелеуде, отбасылықы шиеленіске тап болған жұбайларға, қалыпты тұлғалық дамуында бұзылыстары пайда болған балаларға, басқару стилі мен қарым-қатынасты қалыптастыруда басшыларға кеңестік психологиялық көмек көрсете алады.

Психолог жұмысы дәстүрлі түрде келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:


Бүгінде психологының диагностикалық жұмысы келесі міндеттерді қарастырады: балалардың әлеуметтік-психологиялық портретін жасау; оқуда, қарым-қатынаста кездесетін қиындықтарды жеңу; психикалық өзін-өзі нашарсезінетін оқушыларға көрсетілетін көмектің жолдары мен түрлерін анықтау; оқушылардың оқу және қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық көмек көрсетудің тәсілдері мен түрлерін таңдау.

Білім беру жүйесіндегі психодиагностикалық өзіндік принциптердің ерекшеліктері бар. Өйткені көптеген зерттеулерде ғылыми-зерттеу психодиагностикасы мен ғылыми-практикалық диагностиканы бір-бірінен ажырата білу қажеттілігі айтылған.

Ғылыми-практикалық диагностика қоғамдық іс-тәжірибенің түрлі міндеттеріне, оқушылардың таным процестеріне дамыту міндетіне және мұғалімдердің жеке басының ізгіліктілік бағытын зерттеуге бағытталады. Осы тұрғыда алғанда себептерді диагностикалау-оқушылардың қабілеттерін дамыту мен мұғалімдердің шығарамшылық мүмкіндігін айқындау міндеті және мұғалімдердің жеке басының ізгіліктік бағытын зерттеуге бағытталады. Білім беру мекемелеріндегі психодиагностика педагогикалық мәселелермен тығыз байланыста бола отырып, педагогикалық ықпал етудің неғұрлым тиімді амалдары мен қолайлы психологиялық жағдай тудырудың жолдарын ұсынып отыр.

Мектептегі мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттеріне оқу процесі барысында оның соңғы нәтижелерін күтпей-ақ түзету жұмыстарын енгізу қажеттіліктері туындап отырады. Сондықтан мұғалім мен оқушының дара мүмкіндігін дамытудың амалын құрастыру қажет.

Психологтың кеңес беру жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: ата-аналарға кеңес беру, педагогтарға кеңес беру.

Психологтың кеңес беру қызметі- психологиялық кеңес беру арқылы оқу, тәрбие және даму мәселелері жөнінде оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагог қызметкерлерге және басқа оқу үрдісіне қатысушыларға көмек көрсету.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Психологиялық қызмет жұмысының бағыттары қандай?

  2. Психологиялық диагностика дегеніміз не?

  3. Психологиялық коррекция дегеніміз не?

  4. Психологиялық алдын алу дегеніміз не?

  5. Психологиялық ағарту жұмыстары қалай жүзеге асырылады?

Әдебиеттер:

  1. Детская практическая психология / Под.ред. Т.Д. Марцинковской.М. 2000

  2. Детский практический психолог / Под.ред. Шаграевой О.А. Козловой С.А. М. 2001г.

  3. Задачи и функции психолога в дошкольном учреждении. Руководство для практического психолога / Под.ред. Л.А. Венгера. М. , 1993

  4. Чиркова Т.И. Психологическая служба в детском саду. М. 2001

  5. Дубровина И.В. Школьная психологическая служба. Вопросы теории и практики. М., 1991

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет