Семинардыөткізудіңнегізгітүрі:теориялықдәрісжәнепрактикалықіс-әрекет.
Алдын- алажұмыс:тәрбиешілерге серуенбарысындақолданыпжүргентүрліойындардыжәнеоғанқажеттіатрибуттардыәкелутуралыұсынысжасалады.
Семинар амандасудан басталады.
Амандасу. Семинарға қатысушылар шеңбер бойында тұрады. Тьютор өз атын атап, қолындағы допты келесі көршісіне тілек тілек айтып береді.
Мысалы:
Менің есімім Бақытгүл, мен сізге жақсылық тілеймін.
Менің есімім Айнаш, сізге шығармашылық тілеймін т.с.с.
Семинарға қатысушылар бір-бірінің есімдерін біліп, танысып алған соң шығармашылық топтарға бөлінеді.
Тьютор:
Әріптестер, біз бір-бірімізмен танысып алдық. Енді бүгінгі іс-әрекетіміз сәтті болу үшін ең алдымен шағын шығармашылық топтар құрып алайық. Ол үшін мен сіздерді «Дауысынан таны» атты ойынға шақырамын. Ол үшін мен сіздерге мынадай суреттер таратып беремін.