Семинар Пысықтау сұрақтары: Төте жазудың алдыңғы екі жазудан басты айырмашылығы неде?


Төте жазу туралы орыс және қазақ зиялыларының пікірлерінен не түюге болады?



бет3/3
Дата10.12.2021
өлшемі17,3 Kb.
#78918
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
10-семинар Джумабаева Анель
10-семинар Джумабаева Анель, физикадан тестері
5. Төте жазу туралы орыс және қазақ зиялыларының пікірлерінен не түюге болады?

Ш.Жияшев «Ол و дыбысын орысша у деп қарайды. Жоқ мырза, و . еш уақытта у болмас. Белгі әр заман в орнына тұрып, волыс, вагон сықылды сөздерде жазылашақ» десе, А.Жанталин: «و, ي (ве) харіптерін жарты дауысты дыбыстар деп көрсетуі маған онша ұнап жетпей тұрады. Неге десеңіз бұрыннан бізде жазылып келе жатқан و) ве) дыбысы орысшаның в харпіне тура келеді» дейді. “Ал сөз ортасында, я басында анық һәм ұзын естілетін жерлерде екі /ұ/ жазуға тиіс. Мысалы, тура, туыс деген сөздерде. Басқа түркі тілінде екінші ұ орнына ғ келеді. Мысалы, туғра, туғыш” деп ұу, үу тіркесін ұұ, үү арқылы беру керек деп топшылайды. Сөз басында айтылса, екі таңба сөз аяғында қалай естіл-се де, жалғыз /у/ әрпімен беруді ұсынады. Мысалы, ашу, ашула-ну, тату, татулық, татуласу. Бұдан А.Байтұрсынұлының объ-ектіні бір деңгейде, объективті түрде сипаттайтынын көреміз. Мысалы, ашулану деген сөздегі бірінші /у/ әрпі ортаңғы буын болғанмен, ол ашу сөзінде соңғы буында тұр деген сияқты. 192 193 Байтұрсын әліпбиін көпшілік талқылау барысында мынадай пікір бар: “Бикеш, бауыр деген сөздердегі и, у хәрпін Ильминский бір түрлі жазса керек дейді екі харіпменен. Біздің фаһамымызша, айтылған и, у-дың орнына екі хәріп жазу дұрыс емес”. Ал , фонемаларының орфограммасы туралы ғалымның өз сөзін тыңдағанымыз жөн: “ы-жаны, малы, тары деген сөздерде н-ның, л-дың, р-дың соңынан естілетін дыбыстың белгісі. Сөздің басында, ортасында ы-ны қысқа һәм көмескі естіп, бар-жоғы еленбейтін орындарда жазбаймыз. Мысалы қн, қр, қрн, жлм, жлтр деген сөздердің ішінде -ның барлығы аз сезіледі, хатта сезілмейді деп те айтуға болады. Бұл сөздерді /ы/-ны жазғанда да жазбағанда да осылай оқимыз. Жазбағанда оқылуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. Қаны, жаны, малы деген сөздерді ы-ны жазбай, со-лай оқи алмаймыз, сондықтан сөздің аяғында ы жазу қажет. Сөз басында ы-ның өзі жазылмаса да, сүйеніш харпі алиф жазылады. Мысалы: ықтын,ынтық, ырғақ”. Талқыға салынған мақалаларда, мысалы, Ғ.Мусин:“Әпенденің ы харпін сөздің аяғына ғана жазып, басқа жерде жазбаймыз деуі де қызық емес пе? /Ы/ аяғында керегі болған сияқты басқа жерлерінде де керегі болса керек” деп, қарсы пікір білдірген. Бірақ ғалым фонемалық мәні болғанмен, жазылған сөзді оқуға зияны тимесе, үнемдеп жазу принципін осы дауысты таңбасына қатысты алған деп білеміз. Жалпы, ғалым дауыстылар жүйесінің таңбалануын былай бөлген: 1) дыбысына қатысты жазу үнемділігін жасаған. 2) дыбысының таңбасын үнемі бейнелеп отыру керек, өйткені сөз мағынасына әсер етеді. , қысаң еріндіктер сөз аяғында е-мен таңбалану. 3) и дыбысына екі таңба алу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет