Семинар (практика) сабақтың тақырыбы : Экология және ӨҚ пәнінің мазмұны және шарттарымен таныстыру, экология ғылымының даму кезеңдері, экологиялық зерттеу әдістері. Экология ғылымына кіріспе



Дата06.02.2022
өлшемі23,46 Kb.
#82063
түріСеминар
Байланысты:
семинар 1


1 семинар (практика) сабақтың тақырыбы: Экология және ӨҚ пәнінің мазмұны және шарттарымен таныстыру, экология ғылымының даму кезеңдері, экологиялық зерттеу әдістері.

  1. Экология ғылымына кіріспе

  2. Экологияның мақсат мен міндеті

  3. Экологиялық мәдениет дегенге қалай түсінеміз

  4. Ислам экологиясы жайлы не білеміз

  5. Экология ғылымының даму кезеңдері

- тезис. Қазіргі кезде экология бастапқы пәнаралық синтезделген ғылым болып кетті. Қазіргі экологияның адамзатты қоршаған ортаның қарым- қатынасын түсінудегі маңызы өте жоғары. Ғылыми – техникалық үдеудің экологиялық теріс салдары техникалық және экологиялық саяси мәселелерді шешудегі қателіктерден, антропогендік әсерлердің экологиялық салдарын және экономикалық шығынды дұрыс бағаламау себептерінен туады. Табиғат пен қоғамның арақатынасын гармониялық түрде шешу жауаптылығы жоғары білімді мамандарға байланысты. Қоғам мүшелерінің қоршаған орта саласында интеллектуалды деңгейі жоғары болған сайын қазіргі кезде экологиялық мәселелерді шешіп, оны болдырмау жеңілге түседі.
Әдебиеттер
1. Бейсенова Ә.С.,Самақова А.Б.,ЕсполовТ.И.,Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты пайдалану.-А.: Ғылым, 2004.-Б.324.
2. Оспанова Г.С.,Бозшатаева Г.Т.Экология.-А.:Экономика,2002.- Б. 3-4.
3. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері.-А.Рбк,1995. Б. 3-8.
Презентация немесе аудио немесе видеожазба, сұрақ‑жауап тапсыру қажет.


Әдістемелік ұсыныс : Студенттер семинар сабақтарында баяндама түрінде әр сұраққа әзірленіп өз білімдері мен белсенділігін көрсетуі керек; семинарларға берілген сұрақтарға конспект жасап , шептік және қортынды бақылауда ауызша немесе тест сұрақтары бойынша жауап беру үшін өткен материалдарды үнемі қайталап, лекцияда алған теориялық білімдерін толықтырып отыру керек.
Презентациялар жасауға талаптар:
PowerPoint программасын көлемі 10-15 слайдтан тұруы қажет.
-Презентацияның құрылымы мұқабасы, кіріспе (зерттелетін мәселенің түйіні,
мәселенің мңыздылығы, мақсаты мен міндеттері жазылады), негізгі бөлімі
(бұл бөлімнің әрбір бөлігі жеке мәселелерді ашады немесе бір-бірін
жалғастырып отырады, бұл бөлімде кесте, сызба, график, суреттер болуы
мүмкін), қорытынды (презентация бойынша қысқаша қорытынды беріледі,
ұсыныстар беріледі), әдебиеттер тізімі болады.
- Презентация әдеби тілде жазылуы қажет.
- Материал жоғары техникалық деңгейде болуы қажет.
Иллюстрациялық материалға қойылатын талаптар:
- Иллюстрациялық материал қойылған мақсатқа және тақырыпқа сәйкес
болуы қажет.
- Ақпарат қазіргі мәселелерді қозғауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет