Семинар. Психология Психолгия



Дата14.10.2023
өлшемі375,8 Kb.
#185473
түріСеминар
Байланысты:
1-семинар психология
Шәдетқызы Айтолқын психология 1мен2

1-семинар. Психология

  1. Психолгия — психикалық құбылыстардың (жанқуаттарының) пайда болу, даму не қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады. Психология ерте замандардан кележатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұлсөз “жантуралы ілім” деген ұғымды білдіреді.

Психологияның негізгі міндеттері:- психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу; — психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау; — психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;- психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруге жәрдем ету. Психология зерттеулерінің міндеттері мен әдістері қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының тоғысынан туындайды.


  1. Психологияның қазіргі даму кезеңінде әртүрлі ғылымдармен байланысы берік және табиғи болып байланысады, оның ішінде: философия, тарих, педагогика, медицина, әлеуметтану, экономика, биология, химия, физика және т. б. Бұл байланыстар, бір жағынан, психологияның адам психикасын, оның шығу тегі мен адамдардың өмірі мен қызметіндегі рөлін түсінуге әдіснамалық және теориялық тұрғыдан тереңірек қарау мүмкіндігін білдіреді. Екінші жағынан, психология- психикалық құбылыстар мен процестердің жүру жағдайлары мен ерекшеліктерін зерттей отырып, жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдарына объективті шындықтың заңдылықтарын дәлірек түсіндіруге, әлеуметтік және басқа құбылыстар мен процестердің себептілігін нақтылауға ықпал етеді. Қазір кезеңдегі психология — бұл өте ескі көзі және өте жас ғылым. Мың жылдық тарихы болғанымен, ол әлі де болашақта да қолданысқа ие. Ежелгі грек тілінен аудармада пән атауының өзі «психика» — жан, «логос» — ғылым, оқыту, яғни «жан туралы ғылым» дегенді білдіреді . Психология ғылым ретінде оны басқа ғылыми пәндерден ерекшелейтін ерекше қасиеттерге ие. Психологияны дәлелденген білім жүйесі ретінде білетіндер аз, көбінесе тек онымен арнайы айналысатындар, ғылыми және практикалық мәселелерді біледі. Сонымен бірге, өмір құбылыстарының жүйесі ретінде психология әр адамға таныс. Осы негізде өзінің сезімдері, бейнелері, идеялары, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, ерік, қиял, қызығушылықтар, мотивтер, қажеттіліктер, эмоциялар, сезімдер және тағы басқалар түрінде ұсынылған. Біз негізгі психикалық құбылыстарды өзімізден тікелей анықтай аламыз және жанама түрде басқа адамдардан байқай аламыз.




  1. Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады. Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы барысындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудық негізі болады. 




  1. Шетел психологиясында необихевиоризм, неофрейдизм, логотерапия, психогенетика, гуманистік психология дейтін бағыттар пайда бола бастады. Бұлар адамның жаны қуаттарының заңдылықтарын түрліше зерттеу әдістері арқылы түсіндіре бастады. Кеңес психологиясында адамның іс-әрекеті, сондай-ақ (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев т.б.) бір-бірімен қарым-қатынас жасады (Б.Ф.Ломов, т.б.), оның бағыт-бағдары (Д.Н.Узнадзе т.б.) туралы теориялар қалыптасты. Қазіргі кезде әлемде психологияның 40-тан астам саласы бар. Олардың бастылары: психофизиология, зоопсихология, салыстырмалы психология, әлеуметтік психология, балалар психологиясы, педагогикалық психология, жас ерекшелігі психологиясы, еңбек психологияcы, шығармашылық психология, медициналық психология, патопсихология, нейропсихология, инженерлік психология, психолингвистика, этнопсихология, практикалық психология, дифферециалды психология, әскери психология, спорт психологиясы, эксперименттік психология, үкімет немесе билік психологиясы және т.б.




  1. Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. 1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады
1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды.




  1. И.М.Сеченевтың “Бас миының рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі психолгия ғылымының дамуы үшін жаратылыстық-ғылыми негіз болды, сөйтіп, материалистік психологиялық ой-пікірдің дамуына күшті ықпал етті. Сонымен қатар, Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г.И.Челпановтың (1862-1936), кеңестік кезеңде В.М.Бехтеревтің (1857-1927), И.П.Павловтың зерттеулері, Н.Е.Введенский мен А.А.Ухтомскийдің рефлекске байланысты ашқан жаңалаықтары психологияның табиғи-ғылыми негізін одан әрі өрістеуге жол ашты.




  1. Кеңес өкіметі аясында психология ғылымының дамып, өр­кен­­дей түсуіне біраз тұсау са­лы­­нып, кедергі болғаны рас. Мә­се­лен, 1947 жылы КазГУ-де ашыл­ған логика және психология бөлімі 1953 жылы жабылды. Содан 35 жылдан кейін ғана (1988) жұртшылықтың үлкен дабылынан кейін орыс тілді 25 шәкіртке психологиядан білім алуға мүмкіндік туды. Ал оның қазақ бөлімі төрт жылдан кейін ғана барып ашылды.

Қазақстанда психология ғылымының әр түрлі сала­ла­рында зерттеу жұмыстары жан -­жақты жүргізіліп, қазақ пси­хо­ло­­гия­сының өзіндік даму тен­ден­­циясы қалыптаса бастады. Бұл үрдістің сипатын психология ғы­лым­дарының докторлары – про­фес­сорлар С.Жақыпов, Ж.Намазбаева, X.Шерьяз­данова, Б.Хамзин, С.Бер­­дібаева, О.Саң­ғылбаев, А.Ақа­­жанова, Б.Әмірова, А.Ер­мен­таева, Н.Тоқ­сан­баева, т.б. ға­лым­дардың өз­дері­нің және олар­дың жетек­шілігімен қорғал­ған жүздеген кандидаттық диссертациялардан көруге болады.



  1. Психологиянын салалары

Психологияның, салалары бірнеше критериялар бойынша жіктеледі :
1. Нақты іс-әрекет:еңбек психологиясы,педагогикалық психология, спорт психологиясы, өнер психологиясы, медициналық психология жане т.б.
2. Даму критерийлері: даму психологиясы, жас ерекшелік психологиясы, аномалды даму психологиясы, салыстырмалы психология.
3. Тула мен когам катынасы критерийі: әлеуметтік психология.

9.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет