Семинар сабақ 15 Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат



бет4/4
Дата17.02.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9657
түріСеминар
1   2   3   4

Бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Адам мен табиғаттың арақатынасы...

  2. Территориялардың толық зерттелмеуінің қандай кемшілігі бар?

  3. Адам әрекеті іздерінің географиясы қандай?

  4. География мен елтанудың алдында қандай жаңа міндет тұр?

Өткізуге әдістемелік нұсқау: Осы тақырыпқа шығарма жазу үшін бұрын оқылған көптеген пәндердің мәліметтерімен қатар, бұқаралық ақпараттар материалдарын пайдалану.

Әдебиеттер: 2. 19 бет, 4.
3 апта

6 кредит сағат

Тақырыбы: Ағылшындардың бала тәрбиелеу мәднниеті.

Ағылшындардың ойы бойынша көптеген халықтар, соның ішінде итальяндар жануарларға қатаң, ал балаларына тым жұмсақ деп есептейді. Итальяндар оларға қарама-қарсы ағылшындар жануарларды қатты дәріптейді, ал балаларына шектен тыс қатал деп есептейді.

Ағылшындар балаға барынша қатал болуды дұрыс деп есептейді. Оларда «Пожалеть ребенка – значит испортить ребенка». Британияда баланы жазалау – ата-ананың құқы ғана емес, міндеті деп те есептелінеді. Ағылшындар балаға қатыгездік жасауды ұят санамайды. Мұнда осы кезге дейін оқу орындарында дене жазасына тиым салынбаған.

Егер сіз Британияда әкесінің мойнында отырған, не анасының етегіне жабысып, бір нәрсе сұрап жылап еркелеген бала, оған көңіл бөліп жұбатып жатқан ата-ана көрсеңіз, бұл міндетті түрде ағылшын жанұясы емес деген сөз. Ағылшындар балаға сүйіспеншілікті көп көрсетсе, ол бала мінез-құлқына зиян келтіреді деп есептейді. Олардың дәстүрінде балаға байыпты тіпті суық қарайды. Ата-аналар балаларының масылдығын көрмейді, ал балалар амалсыз бұған келіседі. Тіпті нәресте отырған арбаны ата-ана өзінен алысырақ қояды, өйткені оның жылағанын естімеу керек, естісе жұбату керек деп ойлап қалуы мүмкін. Бұл қатаң тәрбие балалар бойына кішкентай кезінен сіңеді. Ол белгілі бір мақсатқа бағытталып тәрбиеленеді, мысалы үй жануарларын азаптамауға, басқа адамдардың иеліктеріне нұқсан келтірмеуге т.б. Басқалардың бәрінен, айталық ата-ананың қажетті-қажетсіз шектен тыс қамқорлығынан құтқарып, олардың өз бетімен өмір сүруге дағдыландырады, немесе бала әр бір өз ісіне деген жауапкершілікті түсінеді. Балаға жылау масқара қорлық деп ұғындырады. Аяғын ауыртып алып жылап тұрған бала құрдастарының күлкісіне қалса, ата-анасының үнсіз қарсылығына тап болады.

Жанұяның табысына қарамай баланы өте қарапайым киіндіреді. Кейінгілер өзінен үлкен балалардың киімдерін киіп тоздырады. Кешкі сағат 8-9 да тек кішкентай балаларды ғана емес, мектеп жасындағыларды да ұйқыға жатқызады, олар ата-аналарының істеріне ешқандай кесел келтірмеуі керек. Баланы 5 жасқа толғанша жалпы тамақ ішетін столға отырғызбайды.

Әдебиеттер: 7.
10 апта

19 кредит сағат

Тақырыбы: Елтанудың сипаттау мүмкіндігі.

Кешенді елтанудың сипаттама беру мүмкіндігі. Сипаттама беру тек қана жалғыз географияның негізгі міндеті мен жұмысы ғана емес, ол басқа да көптеген ғылымдарда қолданылады. Сипаттама беру қажеттілігі ҒТР-сы (ғылыми техникалық революциясы) кезеңінде де ешқандай өзіне деген сұранысты жоймайды. Географияның дамуының болашағы сөз болғанда теоретик Ю.Г.Пузаченконың божамы бойынша «Новый этап непосредственного изучение географических явлений». Ол былай атап көрсетті: «Фактически речь идет о возвращении на качесивенно новом уровне к первой половине текущего столетия, когда описание фактов было важнейшей сферой деятельности географичеыкой науки».

Ол Гузаченконың «Будущее географических открытий // Первые сократические чтения по географии – М., 1993. – 14 бетте көрсетілген.

Мұнда ол өткен ғасырдың 50 жылдарындағы географияға сипаттама беру ең басты орында болған кезге жоғарғы сапалы деңгейде қайтып оралу дегенді білдіреді.

Әрине бұл кешенді елтануға да толық көлемде қатысты.

1960 жылы И.П.Герасимов сипаттаманың танымдық маңызын барлық жағынан бағалап, былай деп жазған: «Следует категорически отвергнуть мнение о том, что геогрфия в настоящее время выполнила в основном свои позновательно – описательные функции, что вся Земля – или во всяком случае ее основная обитаемая часть уже достаточно хорошо изучены в географическом отношении... Такой взгляд на современную географию глубоко ошибочен и архичен.

Мұнда география өзінің танымдық – сипаттама беру жұмысын орындады. Бүкіл жер шарын немесе ең кем дегенде оның адам қоныстанған бөлігі түгел зерттелді деген ой-тұжырым мүлдем қате дегенді білдіреді.

И.П.Герасимовтың бұл ойы өзінің мәнін алыс болашақта да жоймайды.

Бүкіл жер шарын кешенді елтану және картографиялық жағынан толық зерттеу әлі қанағаттанарлық дәрежеде емес. Бұл Ресейдің барлық аудандарына да соның ішінде барынша игерілген Европалық бөлігіне де қатысты. Бірақ бұл Ресейде нарықтық экономикамен терең жүріп жатқан әлеуметтік өзгерістер жергілікті табиғат жағдайымен оның мәселелеріне аймақтық жан-жақты зерттеуде қажет етеді. Бұл республиканы, өлкені және облыстарды басқару қызметін жергілікті өзін-өзі басқаруға берген кезде бұрынығыдан да маңыздырақ болады.

Танымдық – сипаттама беру қызметі оқу бағытындағы география үшін өте маңызды. Мектеп оқушылары, студент географтар және оқытушылар географияның барлық бағытындағы әдебиеттер мен кітаптардың жетіспеуін өте қатты сезінеді.

Мұны мектеп кітапханаларының жұтаңдығынан және географиялық елтану бағытындағы әдебиеттер мен жеке кітапхананы толықтырған кезде де көруге болады. Жеке кітапханадағы география және елтану бағытындағы әдебиеттердің болатындығының тамаша көрінісі.

Наполеонның Эльба аралында 1814-1815 ж.ж. аралығында айдауда болған кезіндегі



Әдебиеттер: 2. 53-55 б.б.
11 апта

22 кредит сағат

Тақырыбы: Конго халықтарының мәдениетінің ерекшелігі.

Мақсаты: Бұл Орталық Африка Демократиялық Республикасының 9 Африка мемлекетімен шектескен ерекше географиялық орнымен оның территориясының орналасқан жерінің табиғат ерекшелігінің халқының мәдениетіне тигізген ықпалын көрсету.

Өткізу формасы: Бірнеше студенттің шағын баяндауларын тыңдау.

Теориялық бөлім.

Конго Демократиялық Республикасы Орталық Африкадағы мемлекет. Ол Конго өзенінің алабы мен Ніл бастауының бір бөлігінде орналасқан, 9 африка мемлекетімен шектеседі. Астанасы – Киншаса. Онда 5 млн-дай халық тұрады. Халқы 1995ж мәлімет бойынша 43,9 млн адам. Елде 300-ден астам тайпалар мен халық бар. Әрбір халық пен тайпалар өз тілінде сөйлейді. Кейбір мәліметтерге қарағанда 500-ге жуық тіл мен диалектілер бар. Елде мемлекеттік тіл – француз тілі. Халықтың 40% католик, 12 % кимбангистер – афрохристьяндық ағымды ұстайтындар, қалғандары дәстүрлі анимистік сенімдегілер мен ислам дініндегілер.



Сабақтың барысында:

  1. Шағын теориялық материалмен танысу.

  2. Студенттердің Конго Демократиялық Республикасы туралы

баяндамаларын тыңдау.

  1. Ел мәдениеті туралы қорытынды пікір.

Өткізуге әдістемелік нұсқау: Ғылыми көпшілік әдебиеттер мен баспасөз материалдарынан Конго Демократиялық Республикасы материалдарды жинақтау.

Бекітуге арналған сұрақтар:

1. Конго Демократиялық Республикасының қандай үлкен қалаларын

білесіңдер?

2. Баконго, балуба, лулуа тайпалары қай елді мекендейді?

3. Конго Демократиялық Республикасында қанша тайпалар мен халықтар бар?

4. Конго Демократиялық Республикасындағы мемлекеттік тіл?

5. Кимбангистер деген кімдер?

6. Конго Демократиялық Республикасында конголез франк қай жылдан

бастап айналымға түсті?

7. Конго Демократиялық Республикасының тәуелсіздік алған уақыты?

8. Конго Демократиялық Республикасы территориясында орташа жылдық

ауаның температурасы?

9. Конго Демократиялық Республикасындағы экономикалық белсенді

халықтың қанша проценті өнеркәсіпте қызмет істейді?

10. Конго Демократиялық Республикасында экономикалық белсенді

халықтың қанша проценті ауыл шаруашылығында қызмет істейді?

11. Конго Демократиялық Республикасында жиынтық ішкі өнім жан басына

қаншадан келеді?



Әдебиеттер: 4, 6, 9, 11.
7. Практикалық сабақ.

1 апта

Тақырыбы: Елтану бағытындағы зерттеудің әдістері.

Мақсаты: Жаңа пән «Елтанудан» алғашқы теориялық білімдерін тиянақтап, бұл пәннің зерттеу әдістерін талдау.
Жұмыстың барысы:

  1. Жұмыс дәптеріне жазбаша түрде жауап беру:

а) елтанудың анықтамасы;

б) елтанудың мазмұны;

в) елтанудың түрлері;

д) елтанудың міндеттері.



  1. Елтану бағытындағы зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі әдістері.

а) әдістердің түрлері;

б) елтану бағытындағы зерттеулер жүргізу әдістерінің әр қайсысына сипаттама беру;



  1. Елтануда қолданылатын әдістердің әр қайсысын сипаттайтын кесте толтыру.




Әдістер

Әдістің өзіндік ерекшеліктері

Басқа әдістен өзгешелігі

Әдістің мамандануы

Зерттеулерден көрінуі

Мақсатты қанағаттандыруы

Баланс әдісі
















Салыстырмылы географиялық
















Типологиялық
















Картографиялық
















Математикалық
















Модельдеу



















Дистанциялық




















Бекітуге арналған сұрақтар.



Тапсырма орындауға әдістемелік нұсқау: Осы кезге дейін оқылған «Жалпы жертану», «Картография», «Халықтар географиясы» т.б. пәндердің зерттеу әдістерін еске түсіріп, пайдалану.
Әдебиеттер: 2. 45-48 б.б.
2 апта.

Тақырыбы: География ғылымдар жүйесіндегі кешенді елтану.

Мақсаты: География ғылымдар жүйесіндегі кешенді елтанудың орнын көрнекі түрде көрсетіп, адамның геоэкожүйемен байланысын модель құру арқылы елтануды адамзат қоғамы тіршілігі мен табиғатты біріктіріп қарастыратын ғылым екенін айқындау.
Жұмыстың барысы.

  1. Кешенді елтану ғылымының география ғылымдары жүйесінде алатын орнын схема түрінде көрсету.

  2. Адамның геоэкожүйемен байланысының біріктірілген (интегрированная) моделін құру.

  3. Сызылған схема мен модельге жазбаша түрде талдау жасау.

Тапсырма орындауға әдістемелік нұсқау: Барлық жаратылыстану ғылымдарының арасындағы байланыс және табиғат компоненттерінің арасындағы байланыс туралы білімдерін пайдалану

Бекітуге арналған сұрақтар.

  1. Кешенді елтанудың география ғылымдары жүйесіндегі орны қандай?

  2. Кешенді елтану ең басты қандай география ғылымдарының мәліметтерін пайдаланады?

  3. Кешенді елтану ғылымы басқа география ғылымдарына не береді?

  4. Адамның геоэкожүйемен байланысының біріктірілген моделі нені көрсетеді?

  5. Кешенді елтанудың практикалық маңызы қандай?


Әдебиеттер: 1, 2. 17-19, 43-45 б.б., 4.

5 апта.

Тақырыбы: Венесэула Республикасы.

Мақсаты: Оңтүстік Америка материгіндегі экономикасының даму дәрежесі мен мүмкіндіктері жөнінен 4-орын алатын елдің мұндай жағдайы оның табиғат ресурстарымен оны пайдаланатын халықтың жағдайына байланысты екенін көрсету.

Теориялық бөлім.

I. Басты қазба байлығы – Маракайбо қазан шұңқырынан өндірілетін мұнай мен газ 1913 жылы ашылды. 1916 жылы Маракайбо көлі жанынан 1-мұнай скважинасы бұрғыланды. Әрбір бұрғыланған мұнай скважинасы Венесуэлада АҚШ-тағыдан 22 рет мұнайды көп береді. Гвияна таулы үстіртінде жоғары сапалы темір рудасы, осында алтын, алмас, марганец өндіріледі. Таулы қыратты рельефіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру қиын. Венесуэла экспортқа мұнаймен оның өнімдерін шығарады. Ол барлық экспорттың ¾ құнын береді. Сонымен қатар ел экспортқа алюминий, темір рудасын, прокат, химия өнімдерін, минералды шикізат, алтын шығарады.

Халқы 1998 ж. 23,6 млн адам, оның 67% испандар мен үндістер ұрпағы – метистер, 21% испандар, италияндар және т.б. халықтар ұрпағы, 10% негрлер, 2% үндістер, испан колонизаторларының ұрпағы – креолдар мекендейді, 2 млн-дай шетелдіктер есепке алынбай тұрып жатқандар. Оңтүстіктегі аз игерілген жерлерде жартылай көшпелі үндіс тайпалары, Ориноко атырауында варрау тайпасы, батысында чибча, кариб, аравак тайпалары тұрады. Мемлекеттік тілі – испан тілі, католиктік дінді ұстайды. Халықтың өсу қарақыны жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде. Қала халқының үлесі 75%. Ақшасы – боливар.



II. Оңтүстік Американың кескін картасына Венесуэлла Республикасының шекарасын жүргізіп шектесіп жатқан елдерін астанасымен жазу.

III. Теориялық материалдар негізінде жұмыс дәптеріне төмендегі сұрақтарға жауап беру.

Тапсырма орындауға әдістемелік нұсқау: Шетелдердің экономикалық географиясынан алған білімдерін толығынан пайдалану қажет.

Бекітуге арналған сұрақтар.

  1. Венесуэлла Республикасының халқының қанша проценті метистер?

  2. Ориноко ойпатында қандай тайпалар мекендейді?

  3. Венесуэллада халықтың қанша проценті қалада тұрады?

  4. Боливар қай елдің ақшасы?

  5. Венесуэллада мұнай мен газ өндірілетін басты кен орны?

  6. Маракайбо кен орны қай жылы ашылды?

  7. Маракайбо кен орнынан 1-мұнай скважинасы қашан бұрғыланды?

  8. Венесуэлалық скважиналар өнімділігі АҚШ-тағыдан қанша рет артық?

  9. Неліктен Венесуэллада пайдалы қазбаларды өндіру қиын?

  10. Венесуэлла Республикасында экспорттың мұнай қанша құнын береді.

Әдебиеттер: 6, 9.
6 апта.

Тақырыбы: Физикалық география және кешенді елтану.

Мақсаты: Кешенді елтану ғылымын қалыптастырған басты ғылым физикалық география екенін, ал «ландшафт» түсінігінің өзі қоғамдық географиялық түсінікке ауысқанын терең ұғыну.
Теориялық бөлім.

Географиялық тұрғыдан алғанда адам өмірі мен қоғамның дамуы үшін табиғат ең маңызды болып есептеледі. Мұндай көзқарас елтанудың географиялық мәнін барынша жоғарлатады. Бұрынғы СССР-да физикалық – географияның ролі көптеген басқа географиялық ғылымдардан басқа шетелдерге қарағанда жоғары болды.

Ұзақ уақыттар бойы саяхатшылар мен ғалымдар өздерінің негізгі міндеттерін алыс елдердің территорияларын физикалық – географиялық сипаттама жасау деп білді. Физикалық – географиялық елтануға өткен ғасырдағы Ресей географтары үлкен үлес қосты. Классикалық орыс географиясының тарихында көрнекті ғалымдардың кешенді елтану бағытында берген сипаттамаларының мысалдары аз емес. Бұлар да адамдардың жеке өмірі мен мәдениетіне көп көңіл аударған. Бұл бағытта 1918 ж. шыққан Л.С.Бергтің «Бессарабия. Страна, люди, хозяйство» кітабын атауға болады. Бұдан 11 жыл бұрын белгілі физ-географ Д.Н.Анучиннің «Япония и японцы» атты кітабы жарық көрген болатын.

Салалық және кешенді елтануда басты рольді үнемі және әрқашанда «физикалық география – кешенді елтану» арасында байланыс бола береді. Бірақ табиғат пен адамның біртұтастығы атап көрсетіледі. Кешенді елтану физикалық және қоғамдық географияның түйіскен жерінде пайда болған, салыстырмалы түрде жас ғылым. Ол географияның шикізаттануымен (с географическим ресурсоведением) байланыста болады. Ол елдің әр түрлі табиғи ресурстармен қамтамасыз етілгенін, табиғи байлықтардың негізгі типтерінің территория бойынша ұштасуына баға беріп, табиғатты пайдаланудың бейнесін береді.

Кешенді елтану мен ландшафттанудың арасында тығыз байланыс бар. Адамзаттың көптеген ұрпақтарының ландшафтыны өзгертуі, оның тек бейнесін ғана емес, ел территориясы мен аудандардың табиғи қасиетін де өзгертті. ХХ ғасыр бойы «ландшафт» таза физикалық – географиялық түсініктен жалпы географиялық түсінікке ауысты. Бұл жағдайды көптеген белгілі географтар соның ішінде алғашқыларының бірі болып Л.С.Берг негіздеді. Ол нақты территориядағы ландшафтының құрамдас бөліктерін территориялық – зоналылық құрылымының (жер бедері, климат, өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі т.б. құрамдас бөліктер) арасындағы территориялық байланысты көрсетті. Бірақ табиғаттың құрамдас бөліктерінің арасындағы байланыстан гөрі, олардың адам мен оның мәдениетімен байланысы күрделірек, ол табиғат пен адамның біртұтастығын қалыптастырады немесе табиғи территориялық – антропогендік біртұтас жүйені қалыптастырады.

Кешенді елтануда зоналылық заңдылығын кеңінен пайдалану зоналық елтанудың қалыптасуына жағдай жасауы мүмкін. Оның негізгі мақсаты халық өмірінің барлық жақтарымен шарушылық жүргізу ерекшеліктерін, шаруашылықты территориялық ұйымдастыруды табиғи зоналық жағдайынан бөлмей қарау. Мұндай көзқарас территориялардың басты географиялық зоналылық ерекшеліктерін ашып көрсетуге мүмкіндік береді.


Тапсырма орындауға әдістемелік нұсқау: Ғылыми - әдеби ізденіс бұл барғытта жазылған ғылыми және көркем әдеби шығармаларды да іздестіріп, тақырыпты кеңейте түсу қажет.

Бекітуге арналған сұрақтар.

  1. Ресей мемлекетіндегі физикалық – географияның ролі қандай болды?

  2. Алғашқы саяхатшылар мен ғалымдардың өз міндеттері туралы түсінігі.

  3. Елтану бағытында Ресейде шыққан «Бессарабия. Страна, люди, хозяиство» кітабаның авторы кім?

  4. Елтану бағытында шыққан Л.С.Бергтің еңбегі қалай аталады?

  5. Алғашқы елтану бағытындағы еңбек Ресейде қай жылы шықты?

  6. «Япония и японцы» елтану бағытындағы еңбектің авторы кім?

  7. Кешенді елтануды қалыптастырғвн басты ғылымдар.

  8. Жалпы елтанудың ландшафттанумен байланысы неге қол

жеткізді?

  1. Қай ғасырдан бастап ландшафт тек физикалық – географиялық түсініктен қоғамдық түсінікке ауысты?

  2. Ландшафттың тек физикалық – географиялық түсінікке ауысуына үлес қосқан ғалым.

  3. Территориялық антропогендік біртұтас жүйе нені көрсетеді?

  4. Территориялық антропогендік біртұтас жүйе нені көрсетеді?


Әдебиеттер: 2. 40-41 б.б.
11 апта

Тақырыбы: Территорияны сипаттаудағы түсініктің ролі.

Мақсаты: Территорияны сипаттаудағы түсініктің рольдің орнын көрнекі түрде көрсете отырып, Адамның геоэкожүйсімен байланысын модеель құру арқылы көрсетіп, адамзат қоғамы тіршілігі мен табиғатты біріктіріп қарастыратын ғылым. Елтанудың географиялық ғылымдар жүйесіндегі орнын көрнекі түрде айқындау.
Кешенді елтану территорияны нақты түсінуді /қабылдау/ мәдениетін талап етеді. Бұл үшін әрбір елдер мен аудандардың өзіндік географиялық ерекшелігін терең түсіну мен нақты білім қажет. Әр адам өзі байқамаса да белгілі бір дәрежеде елтанушы болып келеді. Адам баласы қандай да болмасын территорияны немесе белгілі бір ареалды пайдалану үшін оны жақсы түсіну қажет. Ареалды пайдалану сипаты жердің қызметі деген атқа ие болады /негізінде мұнда салыстырмалы түрде шағын территориялар қарастырылғанда/. Кез-келген экономикалық картаға қарап жердің мұндай қызметінің өте көптігімен олардың бір-бірімен ұштасқандығын көруге болады.

Территорияны зерттеу үшін оның бейнесін көз алдында жасау қажет. Кешенді елтану бағытындағы сипаттамада жердің қызметі мен бейнесі оның мазмұнының басты құрамы болып есептелінеді. Жердің бейнесін қабылдау субъективті және жеке дара зерттеушінің қасиеті мен көңіл-күй эммоцияналдық жағдайына және белгілі бір территорияны сипаттаудың формасына байланысты. Мұндай үйлесімділікті Н.С.Мироненко «адами елтанушылық» /гуманитарно-страноведческие/ деп атап көрсетеді. Сондықтан жердің бейнесі бір жағынан объективті, сонымен қатар барынша субъективті болып есептелінеді. Бірақ географияда, соның ішінде кешенді елтануда жерді бейнелеуде объективтілік пен субъективтілік біртұтас бір-бірінен бөлініп қаралмайды. Бұл кешенді елтанудың ғылыми бөлігі мен көркем әдебиеттің қоршаған ортаны қабылдаудағы бөлінбейтіндігінің тағы бір жолы. Қоршаған ортаны қабылдаудың маңызды элементі болып сәулет өнерінің құрылыстары мен халықтың нақты қоныстану формалары, сондай-ақ ландшафтылар болып есептелінеді.

Кешенді елтануда бейнелілік, жеке дара және территорияны қабылдаудағы көңіл-күй немесе эмоционалдық жағдай елтану бағытындағы сипаттама беруде қисынды болады.

1922 жылы «Душа Петербурга» атты қызықты кітапты жазған. Н.П.Анциферов қаланы зерттеуде оның «жанын», «бейнесін» түсінудің маңыздылығын атап көрсетті. Ол кез-келген территорияның басты өзіндік жеке ерекшелігін көрсету үшін «гений места» ұғымын пайдаланды /ген - тек/.

Бұл қаланың құрылымында территориясының орналасуында, тіпті сол қаланың өзіне тән дыбыстардан да көрінеді. Н.П.Анциферовтың пайдаланған «гений места» ұғымы елдерді, аудандарды, қалаларды зерттеген кезде мәдениеттану бағытындағы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

В.В.Паншишевский ел бейнесі мен адамдардың өмір сүру жағдайын классикалық географияда біріктіріп қараудың дәстүрлі заңдылық екнін көрсетті. Кешенді елтануда мұндай үйлесімділік адам өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетеді. Бұл кез-келген территорияның этностық мәдениетін жан-жақты ашып көрсету арқылы жүзеге асады. Белгілі географ Р.М.Кабо 1941жылы «адамдар географиясын» жасаудың қажеттілігін негіздеді. Ол оның басты мазмұнының ішінде кешенді елтану үшін маңызды «адамдардың өмір сүру бейнесімен айналысатын істері географиясын» қамту керектігін көрсетті. Р.М.Кабо адам мен оның шаруашылық әрекетін материалдық және рухани байлығын, дәстүрлері мен еңбек дағдыларын қалыптастыру жағдайларын көрсететін әлеуметтік мәдени географияны құру керектігін негіздеді. 1947 жылы ол мәдени - шаруашылық зона мен тарихи – мәдени облысты бөліп, оларды географиялық тұрғыдан зерттеуді ұсынды.

Бұл тақырыптардың барлығы да кешенді елтану мен қоғамдық географияда «адами өлшемдерді» күшейтеді.
Өткізуге әдістемелік нұсқау: Материалды толық меңгеру үшін халықтар географиясынан алған білім мен әлем халықтары жайында жазылған шығармалармен танысу.
Бекіту сұрақтары:


  1. Кешенді елтану бағытындағы сипаттамада басты рольді не атқарады?

  2. Жердің бейнесі кешенді елтануда қалай қарастырылады?

  3. Кешенді елтану бағытында жазылған «Душа Петербурга» деген еңбектің авторы кім?

  4. Адамдардың өмірі, тұрмыс жағдайлары туралы географияны негіздеген ғалым:


Әдебиеттер: 2. 57-59 б.б., 5, 6.
9. Студенттердің өздік жұмысы.

Материалдары бар компьютерде терілмеген.


10. Пәннен оқу, өндірістік практика жоспарланбаған.
11. «Елтану» пәні бойынша білімді бағалау схемасы.





Бағалаудың критериялары

Бағалаудың түрі

Апта

1

Глоссарий

Жұмысы үшін%

Барлығы,%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

2

Жеке тапсырмалар

4

4
















+



















+







3

ОЖСӨЖ-ге әзірленуі мен белсенділігі

4

4




+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

СӨЖ тапсырмалары

1

14




+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5

Бақылау жұмысы

1

14







+




+




+




+




+




+

+




6

№1,№2 шағын емтихандар

2

10



















+






















+

7

Р1+Р2

5

60














































8

Емтихан




40














































Қосындысы




100
















































Емтиханға дайындық сұрақтар

  1. Кешенді елтану бағытындағы сипаттамада басты рольді не атқарады?

  2. Жердің бейнесі кешенді елтануда қалай қарастырылады?

  3. Кешенді елтану бағытында жазылған «Душа Петербурга» деген еңбектің авторы кім?

  4. Адамдардың өмірі, тұрмыс жағдайлары туралы географияны негіздеген ғалым:

  5. Елтану бағытындағы сипаттама неше типке бөлінеді?

  6. Н.Н.Баранскийдің 1946 жылы елтану бағытында шыққан еңбегі қалай аталады?

  7. «Страноведение и география физическая и экономическая» кітабының авторы кім?

  8. Н.Н.Баранский елтану бағытында сипаттама беру үшін жинақталған материалға қанша шарт қойды?

  9. Ресей мемлекетіндегі физикалық – географияның ролі қандай болды?

  10. Алғашқы саяхатшылар мен ғалымдардың өз міндеттері туралы түсінігі.

  11. Елтану бағытында Ресейде шыққан «Бессарабия. Страна, люди, хозяиство» кітабаның авторы кім?

  12. Елтану бағытында шыққан Л.С.Бергтің еңбегі қалай аталады?

  13. Алғашқы елтану бағытындағы еңбек Ресейде қай жылы шықты?

  14. «Япония и японцы» елтану бағытындағы еңбектің авторы кім?

  15. Кешенді елтануды қалыптастырғвн басты ғылымдар.

16. Жалпы елтанудың ландшафттанумен байланысы неге қол

жеткізді?

17.Қай ғасырдан бастап ландшафт тек физикалық – географиялық

түсініктен қоғамдық түсінікке ауысты?

18.Ландшафттың тек физикалық – географиялық түсінікке ауысуына

үлес қосқан ғалым.

19.Территориялық антропогендік біртұтас жүйе нені көрсетеді?

20.Территориялық антропогендік біртұтас жүйе нені көрсетеді?

21.Венесуэла Республикасының халқының қанша проценті испандар

мен үндістер ұрпағы – метистерден тұрады?

22.Ориноко ойпатында қандай тайпалар мекендейді?

23.Венесуэла Республикасында халықтың қанша проценті қалада

тұрады?

24.Боливар қай елдің ақшасы?



25.Венесуэла Республикасындағы мұнай мен газ өндірілетін басты

кен орны?

26.Маракайбо кен орны қай жылы ашылды?

27.Маракайбо кен орнынан 1-мұнай скважинасы қашан бұрғыланды?

28.Венесуэлалық скважиналар өнімділігі АҚШ-тағыдан қанша рет

артық?


29.Неліктен Венесуэла Республикасында пайдалы қазбаларды өндіру

қиын?


30.Венесуэла Республикасында экспорттың мұнай қанша құнын береді?


11. Білімді тексеруге және бағалауға арналған материалдар.

Тесталық тапсырмалар.


  1. Кешенді елтану бағытындағы сипаттамада басты рольді не атқарады?

а) жердің қызметі мен бейнесі

б) сол жердегі ауаның ылғалдылығы

в) топырақ құрамы

г) ауаның қысымы



  1. Жердің бейнесі кешенді елтануда қалай қарастырылады?

а) объективті және субъективті біртұтас жағдайда

б) жердің бейнесі тек объективті түрде қарастырылады

в) тек субъективті түрде қарастырылады

г) географияда мұндай түсінік жоқ.



  1. Кешенді елтану бағытында жазылған «Душа Петербурга» деген еңбектің авторы кім?

а) Н.П.Анциферов

б) В.В.Покшишевский

в) Р.М.Кабо

г) Н.Н.Баранский.



  1. Адамдардың өмірі, тұрмыс жағдайлары туралы географияны негіздеген ғалым:

а) Р.М.Кабо

б) Н.Н.Баранский

в) В.В.Покшишевский

г) Н.П.Анциферов



  1. Елтану бағытындағы сипаттама неше типке бөлінеді?

а) 3

б) 5


в) 2

г) 4


  1. Н.Н.Баранскийдің 1946 жылы елтану бағытында шыққан еңбегі қалай аталады?

а) Научные труды географий

б) Страноведение и география физическая и экономическая

в) Становление советской экономической географии

г) Страноведение: прошлое и будущее



  1. «Страноведение и география физическая и экономическая» кітабының авторы кім?

а) А.М.Берлянт

б) В.М.Гохман

в) Я.Г.Машбиц

г) Н.Н.Баранский



  1. Н.Н.Баранский елтану бағытында сипаттама беру үшін жинақталған материалға қанша шарт қойды?

а) 5

б) 3


в) 2

г) 4


  1. Ресей мемлекетіндегі физикалық – географияның ролі қандай болды?

а) жоғары болды

б) мүлде көңіл бөліндеді

в) тек салалық физикалық – географияға көңіл бөлді

г) тек физикалық – географиялық аудандастыруға көңіл бөлінді.



  1. Алғашқы саяхатшылар мен ғалымдардың өз міндеттері туралы түсінігі.

а) тек елдерді сипаттап жазу

б) тек елдерді картаға түсіру

в) тек елдердің органикалық дүниесін зерттеу

г) тек елдер дің гидрологиясын зерттеу



  1. Елтану бағытында Ресейде шыққан «Бессарабия. Страна, люди, хозяиство» кітабаның авторы кім?

а) Л.С.Берг

б) Д.И.Анучина

в) Н.Н.Баранский

г) В.В.Покшишевский



  1. Елтану бағытында шыққан Л.С.Бергтің еңбегі қалай аталады?

а) «Бессарабия. Страна, люди, хозяиство».

б) «Япония и японцы»

в) Страноведение: прошлое и будущее»

г) География и искусство»



  1. Алғашқы елтану бағытындағы еңбек Ресейде қай жылы шықты?

а) 1918

б) 1921


в) 1924

г) 1925


  1. «Япония и японцы» елтану бағытындағы еңбектің авторы кім?

а) Д.И.Анучина

б)Л.С.Берг

в) Н.Н.Баранский

г) В.В.Покшишевский



  1. Кешенді елтануды қалыптастырғвн басты ғылымдар.

а) физикалық және қоғамдық география

б) геология және тектоника

в) зоология және ботаника

г) сейсмология және метеорология.



  1. Жалпы елтанудың ландшафттанумен байланысы неге қол жеткізді?

а) ландшафтыны қорғап және оны оң бағытта өзгертуге

б) кешенді елтанудың ландшафттанумен байланысы жоқ

в) кешенді елтану ландшафтыны тек бір жақты қарастырады

г) кешенді елтану ландшафттағы антропогендік әсерді

қарастырмайды.


  1. Қай ғасырдан бастап ландшафт тек физикалық – географиялық түсініктен қоғамдық түсінікке ауысты?

а) ХХ-ғасырдан

б) ХIХ-ғасырдан

в) ХIII-ғасырдан

г) ХVII-ғасырдан



  1. Ландшафттың тек физикалық – географиялық түсінікке ауысуына үлес қосқан ғалым.

а) В.М.Гохман

б) Л.С.Берг

в) М.Н.Макргойз

г) Л.Г.Машбиц



  1. Территориялық антропогендік біртұтас жүйе нені көрсетеді?

а) адаммен оның мәдениетінің табиғатпен байланысын

б) территориялық антропогендік жүйе ұғымы жоқ

в) тек қана территориялық жүйе болады

г) тек қана антропогендік жүйе деген түсінік бар



  1. Кешенді елтануда зоналық заңдылықтарын пайдаланудың мақсаты неде?

а) шаруашылықты ұйымдастыруды табиғи жағдайлармен бірге қарау

б) кешенді елтануда табиғаттың зональдық заңдылығы қолданылмайды

в) кешенді елтану шаруашылықты қарастырады

г) кешенді елтану тек шаруашылықты қарастырады

21. Венесуэла Республикасының халқының қанша проценті испандар

мен үндістер ұрпағы – метистерден тұрады?

а) 67 %

б) 57 %


в) 47 %

г) 37 %



  1. Ориноко ойпатында қандай тайпалар мекендейді?

а) Варрау

б) Мая


в) Ацетек

г) Пигмеи



  1. Венесуэла Республикасында халықтың қанша проценті қалада тұрады?

а) 75%

б) 65%


в) 55%

г) 45%


  1. Боливар қай елдің ақшасы?

а) Венесуэла Республикасының

б) АҚШ-тың

в) Канаданың

г) Үндістанның



  1. Венесуэла Республикасындағы мұнай мен газ өндірілетін басты кен орны?

а) Маракайбо қазан шұңқыры

б) Бискай шығанағы

в) Парсы шығанағы

г) Мексика шығанағы



  1. Маракайбо кен орны қай жылы ашылды?

а) 1913

б) 1912


в) 1911

г) 1910


  1. Маракайбо кен орнынан 1-мұнай скважинасы қашан бұрғыланды?

а) 1916

б) 1917


в) 1918

г) 1919


  1. Венесуэлалық скважиналар өнімділігі АҚШ-тағыдан қанша рет артық?

а) 22

б) 21


в) 20

г) 10


  1. Неліктен Венесуэла Республикасында пайдалы қазбаларды өндіру қиын?

а) Таулы қыратты күрделі рельефі

б) Рельефінің жазықтығына байланысты

в) Территориясының батпақтануына

г) Орманның көптігіне



  1. Венесуэла Республикасында экспорттың мұнай қанша құнын береді?

а) 3/4

б) 2/4


в) 1/3

г) 2/3


31. Оңтүстік Африка Республикасы солтүстігінде неше мемлекетпен

шектеседі?

а) 5

б) 4


в) 3

г) 2


32. Африканерлер дегеніміз кімдер?

а) Оңтүстік Африка Республикасындағы голландиялықтар ұрпағы.

б) Оңтүстік Африка Республикасының байырғы халқы

в) Сахарадағы араб тайпасы.

г) Ондай халық жоқ.

33. Ранд – қай Африка елінің ақшасы.

а) Оңтүстік Африка Республикасының.

б) Алжирдің.

в) Тунистің

г) Ливияның

34. Оңтүстік Африка Республикасында халықтың тығыздығы қанша?

а) 1 км2/ 17 адам

б) 1 км2 / 18

в) 1 км2 / 20

г) 1 км2 / 25

35. Қап колониясының негізі қай жылы қаланды?

а) 1652 ж.

б) 1752 ж.

в) 1852 ж.

г) 1952 ж.

36. Оңтүстік Африка Республикасында елдегі тұңғыш нәсілшілдіктің

жойылған жылы?

а) 1994 ж.

б) 1984 ж.

в) 1974 ж.

г) 1964 ж.

37. Оңтүстік Африка Республикасында қандай ұлттық парк бар?

а) Крюгер

б) Вирунга

в) Цабо


г) Рувензори

38. Африка континентіндегі өнеркәсіптің 40 % келетін ел?

а) Оңтүстік Африка Республикасы

б) Конго


в) Лесото

г) Руанда

39. Әлемде алмас өндіруден 4-орын алатын Африка елі?

а) Оңтүстік Африка Республикасы

б) Конго

в) Лесото

г) Руанда

40. Жүнді экспортқа шығарудан дүние жүзінде 4-орын алатын ел?

а) Оңтүстік Африка Республикасы

б) Ангола

в) Мозамбик

г) Руанда

41. Елтануды оқудағы міндетіміз...

а) Қазақстан Республикасын әлем елдерімен салыстырып, қортынды

жасай алу.

б) Тек әлем елдерінің табиғат жағдайын білу.

в) Тек әлем елдерінің экономикасын білу.

г) Географияның бөлімі болғандықтан.

42. 2002 жылы әлемде қанша елдер мен аймақтар болды, оның қаншасы

егемен елдер?

а) 267-191 егемен

б) 200-80 егемен

в) 190-90 егемен

г) 180-90 егемен

43. Кешенді елтану зерттейтін объектілерлің көбею себебі...

а) Тек ХХ ғасырда ғана егемен елдер 5 рет өсті.

б) Әлем елдері санының азаюынан.

в) Елтану объектісінің саны елдер санына байланысты емес

г) Мұнда дұрыс жауап жоқ

44. Конго Демократиялық Республикасының қандай үлкен қалаларын

білесіңдер?

а) Лубумбаши, Колвези, Мбужи-Маин.

б) Пуэнт-Нуар, Долези, Лубомо.

в) Джамбала, Морони, Севилья.

г) Барселона, Долеви, Бильбао.

45. Баконго, балуба, лулуа тайпалары қай елді мекендейді?

а) Конго Демократиялық Республикасын

б) Алжирде

в) Сомалиде

г) Оңтүстік Африка Республикасын

46. Конго Демократиялық Республикасында қанша тайпалар мен халықтар

бар?


а) 300-ден астам

б) 250-ден астам

в) 150-ден астам

г) 100-ден астам

47. Конго Демократиялық Республикасындағы мемлекеттік тіл?

а) француз

б) ағылшын

в) киконго

г) чилуба

48. Кимбангистер деген кімдер?

а) Афрохристьяндық діни ағымды ұстайтындар

б) Мұсылман шийттер

в) Мұсылман сунниттер

г) Католик діні тармағын ұстайтындар

49. Конго Демократиялық Республикасында конголез франк қай жылдан

бастап айналымға түсті?

а) 1998 ж

б) 1988 ж

в) 1978 ж

г) 1968 ж.

50. Конго Демократиялық Республикасының тәуелсіздік алған уақыты?

а) 1960ж. 30 маусым

б) 1961 ж. 30 мамыр

в) 1962 ж. 30 қазан

г) 1960 ж. 30 қаңтар.

1- 7- аптадағы материалдарды тексеруге арналған сұрақтар.


    1. Кешенді елтану бағытындағы сипаттамада басты рольді не атқарады?

    2. Жердің бейнесі кешенді елтануда қалай қарастырылады?

    3. Кешенді елтану бағытында жазылған «Душа Петербурга» деген еңбектің авторы кім?

    4. Адамдардың өмірі, тұрмыс жағдайлары туралы географияны негіздеген ғалым:

    5. Елтану бағытындағы сипаттама неше типке бөлінеді?

    6. Н.Н.Баранскийдің 1946 жылы елтану бағытында шыққан еңбегі қалай аталады?

    7. «Страноведение и география физическая и экономическая» кітабының авторы кім?

    8. Н.Н.Баранский елтану бағытында сипаттама беру үшін жинақталған материалға қанша шарт қойды?

    9. Ресей мемлекетіндегі физикалық – географияның ролі қандай болды?

    10. Алғашқы саяхатшылар мен ғалымдардың өз міндеттері туралы түсінігі.

    11. Елтану бағытында Ресейде шыққан «Бессарабия. Страна, люди, хозяиство» кітабаның авторы кім?

    12. Елтану бағытында шыққан Л.С.Бергтің еңбегі қалай аталады?

    13. Алғашқы елтану бағытындағы еңбек Ресейде қай жылы шықты?

  1. «Япония и японцы» елтану бағытындағы еңбектің авторы кім?

  2. Кешенді елтануды қалыптастырғвн басты ғылымдар.

  3. . Жалпы елтанудың ландшафттанумен байланысы неге қол

жеткізді?

  1. .Қай ғасырдан бастап ландшафт тек физикалық – географиялық

түсініктен қоғамдық түсінікке ауысты?

  1. Ландшафттың тек физикалық – географиялық түсінікке ауысуына

үлес қосқан ғалым.

  1. Территориялық антропогендік біртұтас жүйе нені көрсетеді?

  2. Венесуэла Республикасының халқының қанша проценті испандар

мен үндістер ұрпағы – метистерден тұрады?

  1. Ориноко ойпатында қандай тайпалар мекендейді?

  2. Венесуэла Республикасында халықтың қанша проценті қалада

тұрады?

  1. Боливар қай елдің ақшасы?

  2. Венесуэла Республикасындағы мұнай мен газ өндірілетін басты

кен орны?

  1. Маракайбо кен орны қай жылы ашылды?

  2. Маракайбо кен орнынан 1-мұнай скважинасы қашан бұрғыланды?

  3. Венесуэлалық скважиналар өнімділігі АҚШ-тағыдан қанша рет

артық?

  1. Неліктен Венесуэла Республикасында пайдалы қазбаларды өндіру

қиын?

  1. Венесуэла Республикасында экспорттың мұнай қанша құнын береді?

31. Оңтүстік Африка Республикасы солтүстігінде неше мемлекетпен

шектеседі?

32. Африканерлер дегеніміз кімдер?

33. Ранд – қай Африка елінің ақшасы.

34. Оңтүстік Африка Республикасында халықтың тығыздығы қанша?

35. Қап колониясының негізі қай жылы қаланды?

36. Оңтүстік Африка Республикасында елдегі тұңғыш нәсілшілдіктің

37. Оңтүстік Африка Республикасында қандай ұлттық парк бар?

38. Африка континентіндегі өнеркәсіптің 40 % келетін ел?

39. Әлемде алмас өндіруден 4-орын алатын Африка елі?

40. Жүнді экспортқа шығарудан дүние жүзінде 4-орын алатын ел?

41. Елтануды оқудағы міндетіміз...

42. 2002 жылы әлемде қанша елдер мен аймақтар болды, оның қаншасы

43. Кешенді елтану зерттейтін объектілерлің көбею себебі...

44. Конго Демократиялық Республикасының қандай үлкен қалаларын

45. Баконго, балуба, лулуа тайпалары қай елді мекендейді?

46. Конго Демократиялық Республикасында қанша тайпалар мен халықтар

бар?

47. Конго Демократиялық Республикасындағы мемлекеттік тіл?



48. Кимбангистер деген кімдер?

49. Конго Демократиялық Республикасында конголез франк қай жылдан

50. Конго Демократиялық Республикасының тәуелсіздік алған уақыты?

51. Конго Демократиялық Республикасы территориясында орташа жылдық

ауаның температурасы?

52. Конго Демократиялық Республикасындағы экономикалық белсенді

халықтың қанша проценті өнеркәсіпте қызмет істейді?

53. Конго Демократиялық Республикасында экономикалық белсенді

халықтың қанша проценті ауыл шаруашылығында қызмет істейді?

54. Конго Демократиялық Республикасында жиынтық ішкі өнім жан басына

қаншадан келеді?

55. АҚШ территориясы қандай ендікте орналасқан?

56. АҚШ территориясының ауданы қанша?

57. АҚШ-тың ресми тілі?

58. Қай жылы АҚШ жеке мемлекет – Америка құрама Штаттары деп

жарияланды?

59. АҚШ территориясындағы өте аз пайдалы қазбаларды ата?

60. АҚШ территориясының қай жерінде қоңыржай климат?


8-15 аптадағы материалдарды тексеруге арналған сұрақтар.

  1. АҚШ территориясының қай жерінде субтропикалық климат?

  2. Флорида түбегінен оңтүстікте қандай климат белдеуі орналасқан?

  3. АҚШ-тың оңтүстік-батысында қаңтардың орташа температурасы?

  4. АҚШ-тың солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жылдық жауын- шашын мөлшері қандай?

  5. Парамарибо Бразилия Федеративті Республикасымен шектесетін қай елдің астанасы?

  6. Бразилия Федеративті Республикасы жер көлемі...

  7. Бразилия Федеративті Республикасы жер көлемі жөнінен нешінші орында?

  8. Бразилия Федеративті Республикасындағы мемлекеттік тіл...

  9. Реал – қай елдің ақша бірлігі?

  10. Бразилия таулы қыратының биік нүктесі, оның биіктігі.

  11. Мұнай өндіру Бразилия Федеративті Республикасында ел қажеттілігінің қанша прцентін өтейді

  12. Ағаштың қоры жөнінен 1-орын алатын Оңтүстік Америкадағы ел?

  13. Бразилия Федеративті Республикасында экономиканың барынша дамыған саласы?

  14. Оңтүстік Америкадағы ең үлкен металлургия комбинаты...

  15. Бразилия Федеративті Республикасындағы мата өндірудің орталығы?

  16. 1960 жылға дейінгі Бразилия Федеративті Республикасының астанасы?

  17. Бразилия Федеративті Республикасының өзендерінде кездесетін ең жыртқыш балық?

  18. Оңтүстік Америкада мекендейтін ірі жыртқыш құс?

  19. Қант қамысынан алынатын этил спиртімен жұмыс істейтін автомобиль

  20. Оңтүстік Американың қай елінде шығарылады?

  21. Түркия Республикасының географиялық орнының ерекшелігі қандай?

  22. Түркия территориясының Европада жатқаны жерінің пайызы...

  23. Түркияның жер көлемі қанша?

  24. Түрік Республикасы батыстан шығысқа 1600 шақырымға созылса, солтүстіктен оңтүстікке қаншаға созылып жатыр?

  25. Тавр тауының биік нүктесі...

  26. Түркия климаты...

  27. Түркия жерінде түгел жатқан өзен?

  28. Анкара қаласы қашан Түрік Республикасының астанасы болып жарияланды?

  29. Түрік Республикасына жылына қанша туристтер келеді?

  30. Анкараның Ататүрік атындағы педагогикалық институты қашан құрылған?

  31. «Жылнамалар жинағы» деген еңбектің авторы?



12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандырылмаған

13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.

Кесте бойынша






Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет