Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 30 сағат Барлығы 90 сағат Орал 2010 ж



бет3/57
Дата05.02.2022
өлшемі1,23 Mb.
#17439
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
2.2 Пән туралы мәлімет

Пән атауы: Шығыс әдебиетінің тарихы


Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағат, әр кредит-сағат екі байланыс сағаттан (дәріс немесе семинар) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ) тұрады.




Кредит саны – 2
Өту орны: № 4 оқу ғимараты, 4-қабат, сабақ кестесі бойынша.


Оқу жоспарынан көшірме:



Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

1 байланыс сағаты
(1 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ

50+50 мин.

2 байланыс сағаты
(1 семинар)

50 мин.

ОЖСӨЖ

50+50 мин.



2.3 Курстың қысқаша сипаттамасы: Шығыс халықтарының әдебиеттері рухани мәдениеттің ең негізгі арнасы болып саналады. Дүние жүзінің барлық құрлықтарын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан байырғы халықтардың бәрінің де әдеби-фольклорлық мұралары бар. Ол мұралар жалпыадамзаттық дүниетанымның ортақ кеңістігін құрайды. Сөз өнері - фольклор мен әдебиет бірлігінің көрсеткіші. Әдебиеттердің эстетикалық жүйесінде әр түрлі халықтардың мәдениет қазыналары айқындалады.
Курс мазмұнында қарастырылған дәуірлер тізбегі мынадай: 1. Көне дәуір (ежелгі Мысыр, Үнді, Қытай, Жапон әдебиеті), 2 - Ортағасырлық әдебиет (1200 жылдай уақытты қамтиды), 3 – Шығыстық Қайта Өрлеу (Ренессанс) және Жаңа заман әдебиеті, 4 – ХҮІІ, ХҮІІІ, ХІХ, ХХ ғасырлар әдебиеті және олардың ең көрнекті өкілдері. Сонымен қатар шығыс халықтары жер бетіндегі адамзаттың үлкен бөлігін құрайды. Шығыс сөзінің географиялық кеңістік ауқымына мемлекеттік құрылымы бар көптеген елдер кіреді. Мысалы, Жапония, Индонезия, Солтүстік Африканың батыс жағындагы Марокко, сонымен бірге Үндістан (Индия), Ауғанстан, Пәкстан, Иран, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Ирак, Йемен, Египет, Корея, Қытай, Вьетнам, Бирма, Непал, Бангладеш және т.б. елдерді айтамыз. Кіші Азиядағы Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Өзбекстан, Түркменстан және т.б. шығыс елдері қатарында атала алады.
Курс мақсаты:
Пәннің негізгі мақсаты - әлем әдебиетінің даму тарихын, әр кезеңдердегі әдебиеттің өркендеуіне үлес қосқан көрнекті өкілдердің, әдебиет қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын жете таныстыру. Осы пәнді жүргізу барысында ақын-жазушылардың әлем әдебиеті классикасына енген шығармаларын студенттерге оқыту басты назарда ұсталады. Сол сияқты, шығармаларды мазмұндап қана қоймай, оны теориялық тұрғыдан жан-жақты талдау қарастырылған.
Курс міндеті:
Әлем әдебиетінің ең көрнекті үлгілерін оқып-үйрену мақсатына орай мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

  • Студенттер қауымына әлем әдебиетінің жалпы даму барысымен таныстыру, әлем әдебиетінің көптеген әдебиет әлемінде жарқыраған жұлдыздардың мәңгі өшпес шығармаларына тәнті ету. Бұл – аталған курстың танымдық тұрғыдағы мақсаты.

  • Сонымен қатар, студенттерді шығыс әдебиетінің алтын қорына енген шығармалар табиғатымен таныстыра отырып, жалпы адамзат әдебиетінің өсу, даму заңдылықтарына, әр кезеңдердегі әдеби ағым-бағыттардың өзегіне көз жүгіртіп, оларға төл әдебиетіміздің сол әлемдік критерийлер тұрғысынан сараптағандағы қаншалықты іргеленіп, қаншалықты ілгерілегеніне салыстырмалы түрде анализ жасату. Бұл – курстың ғылыми-зерттеу тұрғысынан қарағандағы мақсаты.

  • Студент қауымының ақыл-ой, сезім дүниесіне әлем әдебиеті шығармалары үндеген адамгершілік, отансүйгіштік идеялары арқылы ықпал етіп, олардың рухани дүниесінің кеңейтіп, адами ізгі қасиеттерге баулу – бұл аталған пән курсының тәрбиелік мақсаты болып табылады.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет