Семинар сабақ Тақырыбы : «Отбасы адамгершілікпен руханилықтың көзі»



Дата24.01.2022
өлшемі1,22 Mb.
#113929
түріСеминар
Байланысты:
Ашық сабақ Отбасы СЕМИНАР 2021ж
еңбекті қорғау, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, Қанайналым жүйесі, Нурметова Сарвиназ, Нурметова Сарвиназ, Ақпан 19, Ақпан 19, слайд розак, loglog 1431414032 129234, тест, физика 2019 нов 152сағ. 6-11-топ (1), ҚР 2050 стратегия, Білім коды мен бейіні, Қаз құқық 1

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледж

«Педагогика,жаратылыстану» пән бірлестігі

Семинар сабақ

Тақырыбы :

«Отбасы адамгершілікпен руханилықтың көзі»

 

 

 


Семинардың мақсаты :

Білімділік : Отбасылық тәрбиенің халықтық педагогикадағы алатын оры, «Отбасы», «Шаңырақ» ұғымдарын кеңінен түсіну. Мектеппен отбасын тығыз байланыстыруды,ата-ананың міндетті,баланың құқықтары туралы білімдерін нығайту.

Тәрбиелік : Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, адамгершілік тәрбиеге, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық : Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыра қиял,ақыл-ой ,шығармашылық және танымдылық қабілеттерін дамыту.Рухани құндылықтарын және ішкі сезімдерін ояту.

Жоспар : 1.Отбасы туралы түсінік

2.Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері

3.Колледжбен отбасы ынтымақтастығы.

1.Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.



Бейнетаспа «Отбасы тәрбиесі»

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері «Фишбоун» тәсілі арқылы

1. Отбасы тәрбиесі туралы түсінік ? Тұлғаның тәрбиесі, дамуы, қалыптасуындағы басты мәселе ?Тұқымқуалаушылық (Балықтың басы)

2. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері ? Шығу себептері ? Нәтижесіндегі зардаптары ? (Үстіңгі қаңқасы)

3. Отбасы тәрбиесінің қалыптасуындағы өмірлік қажеттіліктер (Нақты фактілерді көрсете отыра және өмірмен байланыстырыңыз) (Астыңғы қаңқасы)

4. Мәселені шешу жолдары ? Тапсырма бойынша қорытынды жасаңыз. (Құйрығы)

Бейне таспа :

БІЗДІҢ БАЛАЛАР

Жағдаятты шешу : БАЛА БАҚЫТЫ Бейне таспа

(Жағдаятты талқылау,пікір талас

Балаға ең керек құндылық ?

Ата ана бақыты дегеніміз ?

Отбасында балаға ең бастысы не керек деп ойлайсыздар ?

Баланың барлығы бірдей ,ақ парақтай таза болып туылады ,бірақ өсе келе жанына санасына шимайланған сызықтар сызылады ,ол сызықтар көбінесе қай жерден пайда болады деп ойлайсыздар ?

Әр бір мектеп қабырғасында тәрбиесі қиын балалар жеткілікті ,сол балаларды дұрыс жолға салу үшін қандай жұмыс апаруға болады?

Отбасы тәрбиесінің проблемасы ?

Отбасында кикілжіңдердің шығу себептері ?

Отбасындағы атмосфераның бала тәрбиесіне әсері ?

Қазіргі заман талабына сай баланың тәрбиеленуі ?

Ерлі-зайыптылардың ажырасуынан балаға тигізетін зардаптары ? Психологиялық әсері ?

Мектеппен ата-ананың тығыз байланыстылығы ?


Шығармашылық жұмыс : Бақытты отбасы –модулін құрастыру

Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы – махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі  – мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі.

Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың" дейді қазақта. Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн, Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн. Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын, "Әке" деген сезімді ұмытар кім?! Ана - жарық сыйлаған жан екенсің, Ана - шуақ шашатын таң екенсің. "Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек" Деп соққан жүрегімнің әні екенсің. Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?! Бүгінгі «Жанұядан артық не бар?» деп мен осы ойымды айтқым келіп отыр құрметті студенттер.

Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың" дейді қазақта. Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн, Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн. Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын, "Әке" деген сезімді ұмытар кім?! Ана - жарық сыйлаған жан екенсің, Ана - шуақ шашатын таң екенсің. "Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек" Деп соққан жүрегімнің әні екенсің. Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?! Бүгінгі «Жанұядан артық не бар?» деп мен осы ойымды айтқым келіп отыр құрметті студенттер.

Жүректен жүрекке :

Жүректен жүрекке :

Студенттер бір біріне тілек тілейді. Мультфильмнен үзінді.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет