Семинар сабағы Тақырыбы: Биологиялық зерттеулердің әдістері, биологиядағы ғылыми әдістер Мақсаты: Биологиялық зерттеу әдістерімен танысып, оларға сипаттама беру Сабақтың жоспары


Тапсырма Кесте 1. Жасушаның бейорганикалық заттары



бет8/18
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#83802
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
семинар био кіріспе
физика 6 лекция, fizika 10 qozoq, тарих шпор, ответы матем, матем-информатика, н.р, 4зертханалық Беттің керілу күші, Адасов.И ЖФИ 113(СЖ 15 апта), тест, novye-statsionarnye-metody-izmereniya-teploprovodnosti-tverdyh-tel (1), 4-ші сабақ Интернетке деректер жіберу. Жоба құру
Тапсырма
Кесте 1. Жасушаның бейорганикалық заттары

Элементтер

Организмдегі мөлшері (%)

Биологиялық маңызы

Макроэлементтер:




O.C.H.N







Фосфор Р







Кальций Са+2







Микроэлементтер:




Сера S







Калий К+







Хлор CI-







Натрий Na+







Магний Мg+2







Йод I-







Темір Fе+3







Ультрамикроэлементтер:




Мыс Си+2







Марганец Мn







Бор В







Фтор F







Заттар:




Н20







Жасушаның органикалық заттары

Заттар

Құрлымы және құрамы

Қызметі

Липидтер













Көмірсулар




Моносахаридтер:
глюкоза,
фруктоза,
рибоза,
дезоксирибоза







Дисахаридтер:
сахароза,
мальтоза







Полисахаридтер:
крахмал,
гликоген,
целлюлоза







Белоктар


































Нуклеин қышқылдары:

Биополимерлер нуклеотидтерден тұрады

ДНҚ- дезокси-рибонуклеин қышқылы







РНҚ- рибонуклеин қышқылы







Ақпараттық РНҚ







Рибосамалық РНҚ







Тасымалдаушы РНҚ









Вирустық РНҚ және ДНҚ







Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Микро және макроэлементтердің жасушадағы рөлі
2. Қай элементтерді био элементтер дейміз неліктен
3. Жасушада қандай иондар кездеседі, олардың мөлшері қандай, атқаратын қызметтері?
4. Жасушадағы судың мөлшері мен судың қасиеттері
5. Органикалық заттардың жасушадағы рөлі

6 семинар сабағы


Тақырыбы: Жасушаға дейінгі және ядроға дейінгі формалар
Мақсаты: Жасушаға дейінгі және ядроға дейінгі формалармен танысу
Сабақтың жоспары:

  1. Жасушаға дейінгі формалар және олардың құрылыс ерекшеліктері

  2. Ядроға дейінгі формалар және олардың маңызы



Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.
Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондрияларыболмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жақсы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптасқан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады. Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне қатысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Вирус ұғымына түсінік

  2. Вирусты зерттеп оны ғылымға енгізген ғалым

  3. Прокариоттар ұғымына түсінік

  4. Прокариоттардың маңызы неде

7 семинар сабағы


Тақырыбы: Тірі ағзалардың жасушалық құрылысы
Мақсаты: Жасушаның құрылысымен танысып, сипаттама беру
Сабақтың жоспары:
1. Жасуша мембранасының құрылысы
2. Жасуша механизмі ( пиноцитоз және фагоцитоз)
3. Жасуша органоидтары және қызметтері

Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Тіршілікті жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Клетканың тірі заты - протоплазма. Ол биологиялық мембраналармен (жарғақтармен) шектелген цитоплазма және ядродан тұрады. Клетка ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды – рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды.
Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. 
Эндоплазмалық тор жасушаның ішін түгелдей тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді.
Рибосома цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға бекінген күйінде болатын нөруызды 
дәнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады
Митохондрия - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Митохондриялар - май қышқылдарын синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым.
Лизосома - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.
Гольджи жиынтығыядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
Кесте 1. Жасуша органоидтары

 Органоидтар

құрылысы

қызметі

 Цитоплазма







 Ядро







 Жасушалық мембрана







 Эндоплазмалық тор







 Рибосома







 Лизосома







 Митохондрия







 Пластидтер







 Жасуша орталығы
















Гольджи аппараты








Кесте 2. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында кездесуі

Органоидтар

Өсімдіктер жасушасында

Жануарлар жасушасында

Жасуша қабырғасы







Вакоуль







Жасуша орталығы







Пластидтер







Лизосома







Эндоплазмалық ретикулум







Рибосома







Митохондрия







Гольджи аппараты







Цитоқаңқа







Цитоплазма







Ядро








Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жасуша органоидтарының қызметі

  2. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының айырмашылығы

  3. Пиноцитоз және фагоцитоз дененіміз не?

8 - семинар сабақ


Тақырыбы: Жасушадағы заттар мен энергияның алмасуы
Мақсаты: Жасушадағы заттар мен энергияның алмасуымен танысу
Сабақтың жоспары:

1. Зат алмасу түрлері


2. Зат алмасудың сатылары
3. Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе организмнің тыныс алуы
4. АТФ синтезі.Тыныс алу және жану.


Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта тысқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Зат алмасу немесе метаболизм екі сатыдан- катаболизм мен анаболизмнен тұрады.
Катаболизм(ыдырау реакциясы). Жасуша сыртқы ортадан энергиясы мол органикалық заттарды қабылдайды.Олар ферменттердің жәрдемімен тотыға отырып, энергиясы аз қарапайым заттарға ыдырайды
Зат алмасудың негізгі қызметтерінің бірі-жасушаның энергияны қамтамасыз ету. Организмдер, негізінен, катаболизм кезінде бөлініп шыққан энергияны пайдаланады.Демек, ыдырау реакциясы кезінде бөлініп шыққан энергия-заттарды белсенді тасымалдауға, синтез реакциясына, қозғалуға, бұлшық еттің жұмысына, жасушаның бөлінуіне және т.б. тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.
Анаболизм (синтез реакциясы). Анаболизм процесі кезінде катаболизм реакциясына нәтижесінде түзілген заттар, атап айтқанда аминқышқылдары, моносахаридтер, май қыщқылдары мен азотты негіздер және АТФ пен НАДФ*Н энергиясы жұмсалып әр түрлі макромолекула синтезделеді. Катаболизм және анаболизм арасындағы энергия алмасу. Катаболизм реакциясы кезінде АТФ және НАДФ*Н түрінде химиялық энергия бөлінетіндігі белгілі. Бөлінген энергия анаболизм процесінде макромолекулаларды синтезделуге жұмсалады. Катаболизм және анаболизм процестері жасушада бір уақытта жүреді,алайда олардың жылдамдығы бір біріне тәуелсіз реттеледі.
Зат алмасудың сатылары. Зат алмасудың алғашқы сатысында-қоректік зат ас қорыту мүшелерінде ферменттердің көмегімен тотыға отырып, ыдырайды (катаболизм). Екінші сатысында-ыдыраудың нәтижесінде пайда болған қарапайым заттар қанған сіңіріліп, организмдегі жасушаларға таралады. Үшінші сатысы-аралық алмасу жасушаларда жүреді. Бұл сатыда организмді жаңартуға қажетті жасушаларды түзетін энергиясы мол құрылыс материалдары синтезделеді (анаболизм). Сонымен қатар ыдырау және тотығу реакцияларының нәтижесінде аралық және соңғы өнімдер түзіледі. Төртінші сатысында- ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады,яғни зат алмасудың соңғы өнімдері-СО22О, NH3 және т.б заттар организмнен шығарлады.


Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе организмнің тыныс алуы


АТФ синтезі. Тыныс алу және жану
Тыныс алу туралы ілімнің негізін орыс ғалымы М.В.Ломоносов (1757) және француз химигі А.Л.Лавуазье (1777) қалады. Олар: “Жану дегеніміз-жанатын дененің ауадағы оттекпен қосылуы” деген болатын. Сондықтан заттардың оттекпен қосылуы-тотығу, ал ыдырауы-тотықсыздану деп аталады. Тірі организмдерде жүретін мұндай реакциялар биологиялық тотығу реакциялары деп аталады. Отекттін қатысында органикалық заттардың жаныуы-табиғатта жүрсе,ал тірі организмдердегі тыныс алу процестері митохондрия органоидінде жүзеге асады. Жану кезіндегі энергия жылу түрінде бөлінсе, ал тыныс алу кезіндегі бөлініп шыққан энергия организмдердің бүкіл тіршілік процестеріне және өзінің құрылымын белсенді күйде сақтауға жұмсалады.
Гликолиз процесі. Ферменттердің қатысуымен глюкозаның тотыға отырып ыдырауын гликолиз процесі дейді.ол гректің “glykys”-тәтті, “lysis”-ыдырау деген сөзінен шыққан.
Эукариоттар және көптеген прокариоттар (бактериялар) АТФ молекуласын синтездеге қажетті энергияны глюкозаның ыдырауынан алады. Бұл процесс 3 сатыға бөлінеді: 1) гликолиз; 2) лимон қышқылының айналымы; 3) электрон тасымалдау тізбегі.
Гликолиздің оттексіз (анаэробты) ыдырауы. Бұл процесс жануарлар жасушасын-
дағы митохондрияның ішкі мембранасында жүреді. Ол ферменттердің әсерімен бірінен кейін бірі кезектесіп жүретін 13 реакцияның жиынтығынан тұрады. Бұл реакцияға оттек мүлде қатыспайды, сондықтан оттексіз ыдырау деп аталады.
Гликолиздің оттекті (аэробты) ыдырауы. Глюкозаның толық ыдырауы немесе
оттекті ыдырауы да – митохондырияның ішкі мембранасында үздіксіз жүретін процесс.
Реакцияға глюкозаның оттексіз ыдырауы сияқты аралық заттар ретінде ферменттер, АДФ және фосфор қышқылы қатысады. Бұл реакцияның оттексіз ыдыраудан айырмашылығы оттектің қатысуымен глюкоза толық ыдырайды. Жасушаның тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі гликолиз процесі кезінде АТФ түрінде синтезделеді. Сондықтан бұл процесті энергетикалық алмасу дейді.
Тапсырма. Кестені толтыр
Метаболизм процесінде қолданылатын энергия және көміртек көзіне байланысты жасушалардың жіктелуі

Жасуша типі

Энергия көзі

Органикалық заттардың синтезделуіне қолданылатын органикалық қосылыстар

Мысалдар

Фотоавтотрофтар










Фотогетеротрофтар










Хемоавтотрофтар










Хемогетеротрофтар












Салыстырмалы белгілер

Анаболизм

Катаболизм

Негізгі қызметтер







Заттардағы өзгерістер







Энергия







АТФ






Энергетикалық алмасу кезеңдері















Ыдырау қайда жүреді










Ыдырау немен белсендіріледі










Ыдыраудың соңғы өнімдері










Қанша энергия бөлінеді










АТФ түрінде неше энергия синтезделеді












Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жасушадағы зат алмасу және оның түрлері

  2. АТФ және оның қызметі

  3. Анаэробты және аэробты ыдырау

  4. Кальвин циклі

  5. Тірі жасушадағы энергия түрлері

9 семинар сабағы
Тақырыбы: Көбею формалары
Мақсаты: Көбею формаларының негізгі типтерімен танысып, оларға сипаттама беру
Сабақтың жоспары:
Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Көбею –тірі ағзалардың ортақ қасиеті. Жыныссыз көбею - өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа ағзаның өсіп шығуы ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі.Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе біржасушалы ағзаларда кеңінен таралған, бірақ кейбір көп жасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарларда жүреді.Жыныссыз көбеюге споралану, бүршіктену, вегетативті жолмен көбеюді жатқызамыз.
Споралану балдырларда, саңырауқұлақтарда және жоғары сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбею кезінде түзіледі.Бір не көп клеткалы болады. Балдырларда талшықтармен суда қозғалып жүретін споралар зооспоралар деп аталады.Кейде бұл көбеюді вегетативті көбею деп есептейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде тамыры, сабағы жапырағы бар жыныссыз ұрпағы мен жынысты ұрпағы ауысып отырады.
Бүршіктену кезінде аналық жасушада ядросы бар төмпешіктер пайда болады, кейін ол бөлініп, өз бетінше организмге айналады. Бүршіктену біржасушалы өсімдіктерде де, мысалы ашытқыларда, сонымен қоса бір клеткалы жануарларда да, мысалы инфузорияларда кездеседі.
Жыныстық көбею кезінде барлығы өзгеше өтеді. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі – гаметалар қалыптастыру.
Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі (партеногенез). Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан дамиды.Ұрықтанбай көбейгенде аталық дарақтар қатыспайтындықтан аналық дарақтың әр алуан ата тектерінің белгілерін құрамдастыруға ғана мүмкіндік бола алады. Бақбақ,темекі мен қызылшаның көптеген іріктемелері, орхидеяның кейбір түрлері бұған мысал бола алады. Жануарларда бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары осылай көбейе алады. Паразит құрттар формасының көпшілігі осы жолмен көбейеді. Ондай кезде иесінің ағзасындағы дернәсілдер ұрықтанбастан келесі ұрпақтарды береді.
Қосылу үдерісі (коньюгация) бактериялардың қосылуы арқылы көбеюі. Бұл- бактериялардың генетикалық материалдар алмасу жолдарының бірі.
Жынысты жолмен көбейетін ағзаларда клеткалардың диплоидты және гаплоидты деген екі түрі болады.Диплоидты клеткаларға соматикалық клеткалар мен жыныс клеткаларының бастама кезеңдері жатады,ал гаплоидты клеткаларға жетілген жыныс клеткалары-гаметалар жатады.Жыныс клеткаларының хромосома сандарының екі есе азаюын қамтамасыз ететін мейщз үрдісі.Оның құрамына бірінен кейін бірі жүретін екі бөліну кіреді.Гаметалар қосылғаннан кейін жаңа бір клеткалы диплоидты ағза зигота пайда болады.


Терминмен жұмыс:

1.Коньюгация-


2.Партеногенез-
3.Апомиксис
4.Стробиляция-
5.Фрагментация-


Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Жынысты және жыныссыз көбею үрдістері арасындағы негізгі айырмашылық неде?


2.Өздеріңе белгілі ағзалардың жыныссыз жолмен көбею жолдарын атаңдар.
3.Олардың қайсысы біржасушалыларға тән,қайсысы оған жатпайды
4.Жынысты көбею түрлерін атап,оларды қысқаша сипаттаңдар.
5.Жынысты көбеюдің қай жолдарында әр түрлі дарақтар арасында генетикалық материалдардың алмасуы жүреді Қай жолдарда тек өздігінен ұрықтанады

10 - семинар сабақ


Тақырыбы: Жеке даму заңдылықтары
Мақсаты: Ағзаның жеке даму заңдылықтарымен танысу
Сабақтың жоспары:



  1. Ағзаның жеке дамуы – онтогенез

  2. Реттелу кезеңдері

  3. Даму сатылары



Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет