Семинар сабағы Тақырыбы: Биологиялық зерттеулердің әдістері, биологиядағы ғылыми әдістер Мақсаты: Биологиялық зерттеу әдістерімен танысып, оларға сипаттама беру Сабақтың жоспары


Әдістерге сипаттама және қолданылуы



бет5/18
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#83802
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
семинар био кіріспе
физика 6 лекция, fizika 10 qozoq, тарих шпор, ответы матем, матем-информатика, н.р, 4зертханалық Беттің керілу күші, Адасов.И ЖФИ 113(СЖ 15 апта), тест, novye-statsionarnye-metody-izmereniya-teploprovodnosti-tverdyh-tel (1), 4-ші сабақ Интернетке деректер жіберу. Жоба құру
Әдістерге сипаттама және қолданылуы

Бақылау




Салыстыру




Тарихи




Эксперименттік




Моделдеу





2-кесте. Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері:

Ұйымдасу деңгейлері

Биологиялық жүйе

Жүйені құрайтын компоненттер



Негізгі процесстер


















































3-кесте. Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлерін анықта:

Биологиялық обьект

Ұйымдасу деңгейлері

Тамыр




Жұмыртқа жасушасы




Нуклеин қышқылдары




Өсімдіктер




Ағаштар (сүрек)




Қарағай орманы



2 семинар сабағы


Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болу теориясы
Мақсаты: Тіршіліктің пайда болуы мен оның мәнін ашу
Сабақтың жоспары:
1. Тіршіліктің пайда болуы мен оның мәні
2. Тіршіліктің пайда болу теориясы
3. Тіршіліктің пайда болуының қазіргі көзқарастары

Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Жердегі тіршіліктің пайда болуы жөнінде 2 баламалы көзқарас бар: биогенез және абиогенез (тірі өліден дамиды) теориясы. Биогенез теориясына сәйкес, тіріден тірі дамиды.
Тірі өліден дамиды деген түсінік Ежелгі Қытайда, Вавилонда, Ежелгі Египетте және Ежелгі Грецияда кең етек алды.
Осылайша, көрнекті грек ғалымы мен ойшылы Аристотель организмдердің өздігінен пайда болады деген түсінік қалыптастырды. Ол құрттар - топырақтан, қандала – жануарлар денесіндегі шырыштан пайда болады деп мойындады.
Демокрит тіршілік топырақтан, Фалес – судан, Анаксагор – ауадан басталады деген.
Тіршіліктің өздігінен пайда болу идеясы Орта ғасырда және қайта жаңғыру дәуірінде кеңінен таралды және Галилей, Декарт, Гарвей тарапынан қолдау тапты.
Креационизм теориясы бойынша тіршілікті жаратушы Құдай. Бұл теорияның жақтаушылары тірі ағзалар Жер бетінде жаратушы тылсым күштің нәтижесінде пайда болған деп санайды.
Француз палеонтологы және салыстырмалы анатомист, апат теориясының негізін салушы Жорж Кювье (1812 ж.) түрлі геологиялық дәуірдегі флора мен фаунадағы айырмашылық бүкіл тіршіліктің жойылуына әкеліп соқтырған апаттардың салдары болып табылады деп санайды. Содан кейін өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлері пайда болды.
Алайда, 1864 жылы австриялық геолог Э.Зюсс түр ұзақ уақыт бойы тұрақты жағдайда болған және ол тек климаттың күрт өзгеруімен ғана қайта түзіледі деп санайды.
Стационарлық жағдай теориясына сәйкес, Жер мәңгі тіршілік етті, ол ешқашан пайда болмады, ол әрдайым тіршілікті қолдауға қабілетті, ал егер өзгерсе, аз ғана. Осыған сәйкес, түрлерде ешқашан пайда болмады, олар әрдайым тіршілік етті және әр түрдің тек екі мүмкіндігі бар - санның өзгеруі немесе жойылуы.
Панспермия теориясында тіршілік жерден тыс (тіршілік басқа ғаламшарлардан келген) пайда болған. Бұл теорияның жақтаушылары Либих және неміс дәрігері Г. Рихтер. Олар тіршіліктің мәңгілік екендігіне және оның ұрықтары бір ғаламшардан екіншісіне ауысуға болатынына сенген.
Тіршіліктің пайда болуы туралы кең тараған теориялардың бірі - Кеңес ғалымы академик А.И. Опарин мен ағылшын ғалымы Дж. Холдейннің Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы тұжырымы.
Тіршіліктің қалыптасу үрдісі шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді:
1. Алғашқы атмосферадағы газдардан төмен молекулалы органикалық қосылыстарды (биологиялық мономерлерді) синтездеу;
2. Биологиялық полимерлердің түзілуі;
3. Сыртқы ортадан мембрана арқылы бөлінген органикалық заттардың қалыптасуы (пробионттар);
4. Тіршілік қасиеттері бар қарапайым жасушалардың пайда болуы
Алғашқы үш кезең химиялық эволюция кезеңіне, ал төртіншіден биологиялық эволюция басталады.
Тапсырма:
Терминдермен жұмыс:



Зат және энергия алмасу
Тітіркенгіштік 
Гомеостаз
Репродукция 
Тұқымқуалаушылық
Өзгергіштік
Онтогенез 
Филогенез


Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Тіршіліктің өздігінен пайда болу түсінігінің мәнісі неде?

  2. Л. Пастер организмдердің өздігінен пайда болу теориясының сәйкессіздігін қалай дәлелдеді?

  3. А. И. Опариннің химиялық эволюция туралы теориясының негізгі идеясын сипаттаңыз

  4. Дж. Берналдың Жердегі тіршіліктің пайда болу жөніндегі теориясының негізгі кезеңдеріне қысқаша сипаттама беріңіз

3 семинар сабағы


Тақырыбы: Тірінің негізгі қасиеттері
Мақсаты: Тірінің негізгі қасиеттерін сипаттау
Сабақтың жоспары:

  1. Тірінің негізгі қасиеттерінің ерекшеліктері

  2. Тіршілікке қажетті үдерістер



Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе.
Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.
Жасушалардың әрқайсысы органоидтардан құралатын күрделі биологиялық жүйе болып саналады. Жасушалардың барлық органоидтарының құрылысы күрделі, бірімен-бірі өзара әсерлеседі және белгілі мүлтіксіз қызмет атқарады. Тек бір ғана органоид қызметінің өзгеруінен жасуша ішіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіпті жасуша тіршілігін жояды. Жасушаларданұлпаларданмүшелерден, мүшелер жүйесінен тұратын көпжасушалы ағзаның да жоғары деңгейлі жаралымы болады. Ағзаның барлық мүшелерінің құрылысы күрделі және өздеріне тән қызметті өзге мүшелерге мүлтіксіз үйлесімдікте орындайды. Бір мүше қызметіндегі өзгеріс біртұтас мүшелер жүйесінің бұзылуына әкеледі, тіпті ағзаның тіршілігі жойылады. Тіршілік иелерінің химиялық құрылымының бірлігі. Тірі ағзалар органикалық және бейорганиқалық заттардан түзілген. Жасуша ағзалық заттарының негізгі массасы нәруыздардан, майлардан, көмірсулардан, нуклеин қышқылдарынан, АТФ және өзге заттардан құралады. Жасушаның бейағзалық заттары - су және минералды тұздар. Органиқалық зат молекулалары жасушаның органоидтарын түзеді. Еріген заттары бар су жасушаның ішкі ортасын құрайды.


Тапсырма:
Төмендегі ұғымдарға түсінік беру және мысалдар келтіру:
Зат және энергия алмасу -
Өзін-өзі реттеу -


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет