Семинар сабағының тақырыбы



Pdf көрінісі
бет1/28
Дата06.10.2022
өлшемі338,67 Kb.
#151919
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.
Топырақ


Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: 
 
1 апта. 
1 семинар. 1 сағат. 5 б. 
1 семинар сабағының тақырыбы:
Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. 
Ежелгі Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың пайда болуы, тұрмысы 
мен шаруашылығы, тарихи үдерістердің кезеңдері, homo sapіensтің қалыптасу 
ошақтары мен археологиялық ескерткіштердің маңызы және зерттелуі туралы 
жаңа көзқарастар, антропогенез, глоттогенез, культурогенез тұжырымдарды 
туралы ауызша төменде түзілген сұрақтар бойынша пікір талас, дисскусия.
Семинар сабағының жоспары: 
1. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу. 
2. Адамның шығу тегі, тұрмысы мен шаруашылығы туралы тұжырымдар. 
3. Антропогенез, глоттогенез, культурогенез туралы түсінік. 
4. Қазақстан аумағының археологиялық ескерткіштер. 
Семинар сабағының мақсаты: 
Қазақстан аумағындағы ежелгі дәуір 
кезеңдерінің ерекшелігін көрсету. Қазақстан аумағының ландшафтық-
климаттық өзгерістер, ежелгі адамдар және олардың даму кезеңдері мен тас 
дәуірі ескертекіштерінің тарихи маңызын айқындап, осы кезеңді зерттеген 
ғалымдардың негізгі көзқарастары мен тұжырымдарына кешенді түрде баға 
беру.
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
Қазақстан аумағындағы ежелгі ескерткіштер мен 
тұрақтардан табылған археологиялық жәдігерлерді сипаттап, оларды 
зерттеген ғалымдардың еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен 
қатар алғашқы адамдардың пайда болуы туралы түрлі көзқарастарды 
сараптап, жазбаша дайындалуы қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, 
пікірталас, дисскусия жасайды. 
1 апта. 
2 семинар.1 сағат. 5 б. 
2 семинар сабағының тақырыбы:
Қазақстан аумағындағы тарихқа дейінгі 
адамдардың мәдениеті. 
Ежелгі палеолит, мезолит, неолит, энеолит пен қола дәуірі кезеңдеріндегі 
рухани және материалдық мәдениеттің ерекшеліктеріне, зерттелу мәселесіне 
жаңаша талдау жасап, өнер, білім, діни көзқарастардың қалыптасуы туралы
ауызша баяндау, картамен жұмыс жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет