Семинар сабақтары осөж сөж курс бойынша емтихан сұрақтары Тест тапсырмалары 10. Пән бойынша оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы 1 глоссарий грамматика грек. «жазу, жазу өнері»



бет1/6
Дата22.08.2017
өлшемі1,13 Mb.
#24630
  1   2   3   4   5   6

УМКД 042-18.15.18/03-2013


______ 2013 жылғы № 1 басылым

44 беттің -шісі





«Кәсіби қазақ (орыс) тілі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013
Мазмұны

1. Глоссарий

2. Әдебиеттер

3. Курстың тақырыптық жоспары

4. Дәрістер

5. Семинар сабақтары

6. ОСӨЖ

7.СӨЖ


8. Курс бойынша емтихан сұрақтары

9.Тест тапсырмалары

10.Пән бойынша оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы

1 ГЛОССАРИЙ

Грамматика (грек. «жазу, жазу өнері»)-тілдегі сөздердің өзгеру тәсілдері мен құралдарын, сөз тіркестерін, олардың сөйлемге құралу заңдарын зерттейтін тіл білімінің саласы.

Лексика (грек.»сөздік қор»)-тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін бір саласы.

Лексикология (грек. лексика, логос)-тілдік сөздік құрамы мен оның тарихи даму заңдылықтары, қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.

Лексикография (грек. «сөздік» «ілім»)-тіл білімінің сөздіктер жасайтын және оларды зерттейтін бір саласы.

Морфология (грек. «жаңа», «сөз»)- тілдегі жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.

Синтаксис (грек. «құрастыру»)- сөз тіркесі мен сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Фонетика (грек.»дыбыс»)- тіл дыбыстары туралы, тілдегі дыбыстық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.

Аккомодация (лат. Accommadatio - бейімделу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің дауыссыз және дауысты дыбыстардың артикуляциясының бейімделуі.

Акцентология (лат. Accentus - екпін және грек logos - сөз, ілім) - 1) Екпіннің табиғаты мен қызметін зерттейтін сала; 2) Екпінге байланысты болатын тілдік құбылыстардың жүйесі.

Аллофон – фонеманың әр түрлі айтылуы.

Апокопа – морфологиялық құбылыс. Соңғы буындардың түсіріліп айтылуы. Мысалы: «барады- барад», «барамын – барам» т.б.

Ассимиляция (лат.Assimilation – үндесу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің кең тараған түрі. Ассимиляция сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі.

Толық ассимиляция (жазса, сүзсе, жас+са, сүс-се). Жартылай ассимиляция (қазға, тасқа) болып бөлінеді.

Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі.

Биллингвизм (лат. Bi- екі, lingua- тіл) – қостілділік; белгілі әлеуметтік топтың (мемлекеттік) екі тілде сөйлеуі.

Бихевиоризм (ағылшын –behaviour- мінез-құлық, тәртіп)- тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысы бар болғандықтан, бихевиоризм теориясы туындайды.

Вокализм (лат. Vocalus – дауысты дыбыс) – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі.

Гаплология (грек. Hapleos – қарапайым және logos - сөз, ілім) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Қатар келген бірдей немесе ұқсас буындардың біреуінің ассимиляция салдарынан түсіп қалуы. Мысалы: бұл күн – бүгін, алып кел- әкел.

Деривация (лат. Depivatio – жасалу) – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үрдісі. Дериваттарды суффикс қосу арқылы, сөз тіркесі арқылы, сөздерді біріктіру арқылы т.б. жасауға болады. Лексикалық деривация түпкі (түбірлі) бірліктің лексикалық мағынасын өзгертуге бағытталса («бас» - «бастық»), синтакситік деривация тек синтакистік қызметтің өзгеруін білдіреді («сайла» - «сайлау»).

Диахрония (грек. diachoponos – уақыттың өтуі) – тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі.

Диссимиляция (лат. Dissimilatio - өзгеру) – сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы. Диссимиляция біртектес дыбыстар арасында пайда болады.

Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б.

Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері – сөйлеу кезінде дыбыстардың бір-біріне әсер етуінен пайда болатын фонетикалық өзгерістер. Оның негізгі түрлері мынадай: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция.

Жасанды тілдер – табиғи тілді қолдану мүмкін емес немесе сапасыз болатын жағдайларда қолданылатын таңбалар жүйесі. Оның түрлері - мамандырылмаған тілдер – халықаралық тілдер (эксперанто), мамандандырылған тілдер – ғылым тілінің символдық тілі (математика тілі, химия тілі) және бағдарлама жасау тілі т.б.

Жест тілі (ым тілі) – кинетикалық (мимикалық) негізде жасалған коммуникативті жүйе.

Интерференция (лат. inter - аралық, ferio -соғу, тигізу) – қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы.

Конверсия (сөзжасам) – бір сөз табындағы өзгеріске ұшырамай, басқа сөз табы ретінде қолданылуы (соғыс – соғыс, ақ-ақ-ақ, ат-ат т.б.).

Консонантизм (лат. consonantig - дауыссыз дыбыс) – тілдегі диалектідегі , говордағы тілдер тобының дауыссыздардың жүйесі.

Көптілділік (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалануы. Бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі.

Ларингал (грек. Larynx - көмей) - көмейлік дауыссыз дыбыс.

Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы.

Морфема – (грек. Morrhe - форма) – тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінде белгілі бір мағына береді.

Ономасиология - номинация (атау) теориясы. Ономасиологиядағы зерттеу зат немесе құбылыстан осы зат не құбылыстан осы зат не құбылыс туралы ойға қарай бағытталады және оларды тіл құрамдары арқылы белгілейді.

Ономастика (грек. Onomastike (techne) - атау өнері) - жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай.

Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б.

Редупликация (лат. Reduplication - қосралану) - алғашқы буынның (жартылай редупликация) немесе бүтін түбірдің (толық редупликация) қосарлануынан пайда болатын құбылыс. Мысалы: қап-қара, тәй-тәй т.б.

Семиотика (грек. Semeion - таңба, белгі) – хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.

Сингармонизм (грек. Syn - бірге және harmonia - қос үнділік, үндесу)- морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуінің нәтижесі. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң.

Синхрония (грек. Sync – hronos- бір мезгілде болатын) – белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы.

Субстрат (лат. Sub. Астыңғы, және stratum - қабат) – белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер.

Транскрипция (лат. Trancriptio - көшіріп жазу) – сөз дыбыстарын хатқа түсіру (жазу) әдісі.

Фонема (грек.phonema – дыбыс, дауыс) – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік. Фонема мағыналық бірліктерді ажырату үшін қажет.

Фонология (грек. phone – дыбыс және logos – сөз, ілім) – тілдің дыбыстық құрылысы мене қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білмінің бір саласы.

Фузия (лат. fusio – қосылған жер) – көрші тұрған морфемалардың (негіз бен аффикстің) қосылып кетуі. Фузия түбір мен қосымшалар арасында болады, олар: н// д/т; м//б-п

Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады.

Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы.

Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) – сөздегі қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует.

Этимон (грек. etumon– ақиқат) – сөздің бастапқы тұлғасы мен мағынасы.




  1. ӘДЕБИЕТТЕР


1 Негізгі әдебиеттер

1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз,1995 жыл.

1.2 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң, ҚР президенті 11 шілде, 1997 жыл №151

1.3 «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы». ҚР президентінің Жарлығы 5 қазан, 1998 жыл. №4106.

1.4 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». ҚР президентінің Жарлығы 7 ақпан, 2001 жыл, №550

1.5 «Мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы». ҚР Үкіметінің Қаулысы 14 тамыз, 1998 жыл №769

1.6 «Мемлекеттік ақпарат жұмыстарын жақсарту бюрократиямен күрес және құжат айналымын қысқарту шаралары туралы». ҚР президентінің Жарлығы 31 шілде, 2000 жыл, №427

1.7 «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы». ҚР президентінің Жарлығы 19 маусым, 1995 жыл.

1.8 «Нормативтік-құқықтық актілері туралы». ҚР-ның заңы: 24 наурыз, 1997 жыл №213-1

1.9 «Құжаттарды мемлекеттік тілде даярлайтын мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін көтермелеу туралы». ҚР Премьер-Министрлігінің Нұсқауы 21 қыркүйек , 2000 жыл №117

1.10 «Қазақстан Республикасында қызметтерін мемлкеттік тілде жүргізетін, сонымен қатар мемлекеттік тілді жете меңгерген әділет және сот органдары қызметкерлерін моральдық және материалдық тұрғыда көтермелеу реті туралы». ҚР Әділет министірінің бұйрығы 12 маусым, 1999 жыл № 45

1.11 «Қазақстан Республикасында нотариалдық іс жүргізу туралы». ҚР Әдлет министірінің бұйрығы, 16 шілде, 1998 жыл № 83

1.12 «Іс жүргізу туралы» ҚР Министрлер кабинетінің Қаулысы. 20 маусым, 1992, № 562

1.13 В.Салагаев, Б.Шалабай: «Іс қағаздарын жүргізу туралы» Алматы «Раритет», 2000.

1.14 І.Жақып. «Іс жүргізу» Алматы «Раритет», 2000

1.15 «Қазақстан Республкасында іс қағаздарын жүргізу» (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері) А,2001

1.16 Л.Дүйсенбаева «Іс қағаздарын қазақша жүргізу» Алматы «Ана тілі» 2001.

1.17 «Сөздік анықтамалық: екі тілде іс жүргізу» Алматы, «Атамұра», 1994.



  1. Қосымша әдебиеттер

    1. Дүйсенбекова Л. «Іс-қағаздарын жүргізу». Алматы, 2001ж.

    2. Ақанова Д.Х. және т.б. «Ресми-іскери қазақ тілі». Алматы, 2006ж.

    3. Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М.. Іскери- кәсіби қазақ тілі. - Павлодар, 2007 ж.

    4. Сөз сарасы. Қазақ тілінің ресми-іскери стилі бойын. әдістем. құрал. Астана, 2009ж.

    5. Өмірзақ Т., Сансызбай Ә. Қазақ тілі. IV деңгей. Астана, 2006ж.

    6. Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери- кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. Павлодар, 2009 ж.

    7. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» (2000 жылдың 13 наурызында шыққан Заң бойынша).

    8. Мұхамадиева Н.Қ. «Іскерлік қазақ тілі». Астана, 2007 ж.



3. САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

3.1. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Кесте 2 – Пәннің мазмұны. Сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу




Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Семинар

Лаб

ОСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

Л: Қазақстан жаһандану дәуірінде
Г:Үндестік заңы




1




2

2

Л: Білім де бәсекеге түседі

Г: Лексика

және лексикология ұғымы туралы





1




2

2

Г: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы







1




2

2

Л: Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Г: Диалект және кәсіби сөздер






1




2

2

Л: Сәлем беру. Амандасу.
Г: Жалпылама қолданылатын терминдер мен сөздер. Терминдердің ұғымы мен мағынасы. Маман саласындағы терминдер мен ұғымдар.





1




2

2

Л: Шаруашылыққа қатысты салт-дәстүрлер ата кәсіп

Г: Кірме сөздер






1




2

2

Л: Мақал мен мәтелдер
Г: Кәсіби сала мамандығы бойынша қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдердің қазақша-орысша баламалары. Мақал-мәтелдерді кәсіби тілде қолдану.




1




2

2

Л: Ауыз әдебиеті туралы

Г: Көнерген сөздер мен неологизмдер






1




2

2

Л: Ата көрген оқ жонар
Г: Стиль туралы түсінік. Стиль турлері




1




2

2

Г:Ресми іс-қағаздар стилі






1




2

2

Г: Ғылыми стиль лексикасы. Ғылыми мәтіндердегі терминдердің қолданысы. Ғылыми және публицистика

лық стильде лебіз айтуға дағдылану.

















Г: Публицистикалық стильдегі сөз қолданыстары






1




2

2

Л: Тағамдар туралы
Г: Сөзжасам. Сөзжасамның тәсілдері.




1




2

2

Л: Жеті жарғы

Г: Туынды сөздер







1




2

2

Л: Қазақтың зергерлік қолөнері
Г: Жалғаулардың түрлері




1




2

2

Л: Қазақстан жаһандану дәуірінде
Г:Үндестік заңы




1




2

2

Барлығы




15




30

30


4 ДӘРІСТЕР
5 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Практикалық сабақ №1

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Жаһандану дәуірінде Қазақстан мемлекетінің қазіргі жай күйіне сипаттама беру;

  2. Қазақ тіліндегі ең үлкен заңымыз үндестік заңынан өткенді еске тусіру, кәсіби тәжірибеде жүзеге асыру.


Әдістемелік нұсқау

Қазақстан жаһандану дәуірінде

Жаһандану дегеніміз не? Орыс ғалымы В.М.Межуев «Жаһандану әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы» деп атап көрсетеді. Оған ЮНЕСКО, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіл әлемдік қуатты корпорациялар. Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық туристік ұйым сияқты, әлемдік қаржы институттары т.б. кіреді.

Жаһандануды былай сипаттауға болатын сияқты. Бір ел мен екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдастық мәні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, ақпараттық, салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады.

Жаһанданумен бірге өркениетке өріс ашар жаңалықтар келіп жетті. Технология дамыды, модернизация құлаш жайды, ақпараттық кеңістік кеңейді. Өмір сүру салтымыз бен мінез-құлқымыз да өзгеріс нышандары байқалды. Дүниенің төрт қырымен байланыс күшейіп, орныға түсті.

Қазір әлемдік қауымдастықта жаһандану үрдісі туралы оны жақтайтын және оны тіптен қабылдай алмайтын екі топ бар. Жақтаушылар, жаһандану нарық жүйесінде баға біркелкілігін жүзеге асырады, сондықтан, түбінде бағаның реттелуін, бірыңғай әрі салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкіндігін алға тартады. Олардың пікірінше, жаһанданудың басты мақсаты – дамудың біркелкілігіне жету. Мысалы, бір елде жаңғыртылған іс екінші елде артта қалып қоюы жан-жақты тиімсіз. Егер бірнеше ел компьютер жүйесінің бір бағдарламасын ұстанып, екінші бір елдер екінші бағдарламасын ұстанса, олар бір-біріне қиюласпаса, байланыстың қай түрі болмасын қиындайтыны сөзсіз.

Жаһандану – халықаралық қатынастарды біркелкілендіру. Халықаралық конвенциялар жүйесі қалыптасып, оған түрлі елдер мүше болып кіретін, соған сәйкес өздеріне түрлі міндеттемелер алып, құқықтарға ие болу – жаһанданудың нәтижесі.

Қазақстан мемлекетінде өзге ұлттардың да мәдениетінің өркендеуіне баса көңіл бөлінгені жөн. Жаһандастыру да жергілікті мәдениетті сөзсіз бағындырып алуды немесе жойып жіберуді мақсат етпейді, бірге дамуды ұсынады. Компьютер бағдарламаларының ұлт тілінде сөйлеуі, интернет жүйесінде ұлт тіліндегі сайттардың пайда болуы осыған дәлел.
1-тапсырма. Мәтіннен ғылыми-көпшілік терминдерді табыңыз.

2-тапсырма. Мәтінде келтірілген мәселеге байланысты өз ойыңызды ортаға салыңыз.

3-тапсырма. Мәтін бойынша түсінігіңізді баяндаңыз.

4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.... дегеніміз не ?

2. Орыс ғалымы В.М. Межеуов ... - деп атап көрсетеді.

3. Жаһандану – біркелкілендіру.

4. Қазақстан мемлекетінде .... баса көңіл бөлгені жөн.

5. Компьютер бағдарламаларыны..... осыған дәлел.


Грамматикалық тақырыптар.

ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ (БУЫН, ДЫБЫС)
Қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстар бір-бірімен үйлесіп құралады. Бұл үйлесім жеке сөздердің ішінде де, түбір мен қосымшалардың аралығында да, тіпті сөйлем ішіндегі сөздердің арасында да болады. Мұны ғылым тілінде үндестік заңы (уподобление звуков) дейді.

Бұл қазақ тілінде дауысты дыбыстардың арасындағы үндесу (синграмонизм) және дауыссыз дыбыстардың арасындағы үндесу (ассимиляция) (үндесу заңы) деп аталады.

Сингармонизм заңы – сөз ішінде, сөздер аралығында және түбір мен қосымшалардың арасында дауысты дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы.

А) Қазақ сөздері жуан дауысты дыбыстан не буыннан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жуан болуы керек. Мысалы,



бағдарлама+шы+лар+ға

ұя-шық+тан

Ә) Қазақ сөздері жіңішке дауыстылардан, не буындардан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жіңішке болуы керек. Мысалы,



тақта-ның

түйме-ше+лер+дің

Бұлардан басқа есте мықты ұстап, сөзді қатесіз, өз үйлесімімен айту үшін қолданылатын сингармонизм заңы бар. Мәселен, сөздің басында еріннің қатысуымен айтылатын о,ө, ұ, ү ерін дауыстылары келсе, олардан кейін келетін езулік дауыстыларға жақындап айтылады, бірақ ол жазуда сақталмайды. Мысалы, орын-айтуда: орұн; өзен – айтуда: өзөн; күрек-айтуда: күрөк. Сөйтіп, о дыбысынан кейін келген ы дыбысы айтуда ұ-ға жақындап айтылады; ал е ө-ге, і ү-ге жуықтап айтылады. Жазуда бұлар алғашқы қалпында жазып, айтқанда соңғы жазылғандай етіп айту керек.



Ықпал (ассимиляция) – дауыссыздарда болатын үндестік заңы. Бұл заңдылық бір сөз ішінде, түбір мен қосымшалардың аралығында, тіпті бүтіндей сөйлем ішінде сақталуға тиісті заң. Қазақ тілінде мұның екі түрі бар: ілгерінді (ғылым тілінде прогрессивті) ықпал және кейінді (регрессивті) ықпал.
Ілгерінді ықпал

(Прогрессивная ассимиляция)

а) Егер түбірдің соңғы дыбысы ұяң (звонкие) ж, з болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да ұяң болып келеді. Мысалы, қыз+дар, қаз+дар т.б.

ә) түбірдің соңғы дыбысы қатаң (глухие) және орыс тілінен енген сөздердегі б, в, г, д дыбыстарына аяқталып тұрса, оған жалғанатын қосымшалар да қатаң дыбыстардан басталады: университет+ке, студент+пін т.б.

б) Түбірдің соңғы дыбысы дауысты (гласные) не үнді (сонорные) болып келсе, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы көбінесе ұяң (звонкие) не үнді болып келеді: оқытушы+ға, инженер-ге, бағдарламашы+мын т.б.
Кейінді ықпал

(Регрессивная ассимиляция)

Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п дыбыстарының біріне аяқталып, жалғанатын қосымша дауысты дыбыстардың бірінен басталса, оған қ ғ-ға, к –г-ге, п б-ге айналып кетеді.

Мысалы, ұяшық + ы – ұяшығы

қорап +ы – қорабы

жүрек +і - жүрегі

Бұл құбылыс сөз тіркестерін айтқанда да, біріккен сөздердің аралығында да байқалады. Айтуда болмаса, жазуда бұл ескерілмейді. Мысалы, керек екен (айтылуы: керегекен), ақ ешкі (ағешкі) т.б.



5-тапсырма. Төменгі сөз және сөз тіркестерінен буын үндестігін табыңыздар.

Жаһандану, әлемдік қауымдастық, ұлттық мемлекеттер, аймақтар, тәуелділік, жалпыға ортақ, саяси, мәдениет, ережелері, бір жүйе, бағдарламалар, ғарышты игеру, бүкіләлемдік сауда ұйымы, туристік ұйым, әлемдік ұйым, әлемдік қаржы, кедергі, ақпараттар, қаржылық, біртұтас, кеңістік жүйесі, жаһандану үрдісі, нарықтық жүйе, халықаралық қатынастар, біркелкілендіру.



Тоғыспалы ықпал

(Прогрессивно-регрессивная ассимиляция)
Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ілгерілі-кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал деп аталады.
Қазақстан – менің отаным

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихы тым әріде жатыр. Біз сонау ықылым заманнан бері байрақты елміз. Халқымыздың бостандық сүйгіш өр рухы оның эт-нографиялық-мәдени нышандарында жарқын көрініс тауып отырған.

Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. "Көк асаба" аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтары кие тұтқан көк аспан әміршісінің белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары - көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған.

  1. Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.

  2. Берілген сөздерді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын
    түсіндіріңіз.

Нышан, айшық (-талган), қоректік, шипалық,, мегзейді, әрлендіру, бедерлеу, киелі.
3. Төменгі сөздердің жуан, жіңішкелігін анықтап, қосымша жалғаңыз.

Университет, факультет, республика, президент, турист, агент, заңгер, компьютер, техника.


№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жаһандану дегеніміз не ?

2. Жаһандану біздің елде қалай жүріп жатыр ?

3. Жаһандану кезінде қоғам дамуы қандай жағдайда болады ?


Практикалық сабақ №2, 3

Білім де бәсекеге түседі. Лексика және лексикология ұғымы туралы. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2, 3
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Бүгінгі таңдағы білім мен ғылымды бағыттау және халыққа білім беру реформаларынан мағұлмат алу;

  2. Сөздің тура ауыспалы мағынасы тақырыбынан өткенді қайталау және кәсіби тәжірибеде қолдану.


Әдістемелік нұсқау

Білім де бәсекеге түседі

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізіне сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.

Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.

Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.

Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек. (Егемен Қазақстан газеті, 2008 ж).


1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.

Ғылымды бағыттау, басты нышан, халықтың болашағы, білім беру, басты талап, білім беру реформасы, ғылым мен мәдениет, алтын қор, білімді болу, қабілет, ғұламалар, дарын, зейін, ақыл-ой, жауапкершілік.


Грамматикалық тақырыптар.

ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ЛЕКСИКОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ

СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ

Лексика – тілдегі сөздік құрамды, сөздердің толық жиынтығын береді. «Лексика» терімсөзі кейде жеке кісінің лебізіндегі сөздік қоры, жеке көркем шығарманың немесе жазушының сөздік қоры деген тар мағынасында да жұмсалады. Сөз жүйесінің негізгі міндеті – тілдің сөздік құрамын, сөздің ішкі терең мағынасы мен мәнін, лебіздегі қолданыс ерекшелігінің ішкі заңдылықтарын, лексика-семантикалық және категориялық қарым-қатынастарын (көпмағыналық, синонимдік, омонимдік, антонимдік, конверсиялық), қазақ сөздерінің қалыптасуын (төл сөздер мен кірме сөздер), қолданыс аясын (көне және жаңа сөздер, диалектілік және терімсөздер т.б), фразеологизмдерді ғылыми саралап, жүйелеу.

Тіл мен лебіз – негізгі бірлііктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын жүйелі құрылым. Сондықтан, дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін – бүтіннің ажырамас бөлшектері.

Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құбылыс. Осымен байланысты сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады.

Сөздің айтушы мен тыңдаушыға ортақ мәндегі бір ұғымды білдіруі оның тура мағынасы деп аталады. Ол кейде сөздің негізгі мағынасы түрінде де атала береді. Мысалы, адам, қол, шөп, кел т.б. осы сияқты сөздерді жеке алғанда да, сөйлем ішінде үнемі білдіретін ортақ мағынасын келтіруге болады.

Сөздің ауыспалы мағынасы деп оның тура мағынасынан дамып, өрбіп кейін қосылған мағыналары аталады. Мысалы, Сен менің оң қолымсың (ты моя правая рука), қолы жеңіл (легкая рука), үйдің қабырғасы (стена дома) т.б.


2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне аударып, сөздің мағыналарына назар аударыңдар.

Қалың (киім, дәптер, бет), суық (су, сөз, қару, хабар), қара (қарындаш, ниет, жүрек), адал (қызметкер, ас, жүрек, дос).



3-тапсырма. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.

  1. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы студент, жақсы өмір.

  2. Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.

  3. Долы, дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңіз.


4-тапсырма. Мақалдарды оқып, ауыспалы мағынадағы сөзі бар мақалдарды теріп жазыңдар.

Ғаламның шырағы – күн, адамның шырағы – білім. Сөз де кілт, көңіл құлпын ашады. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы. Адал достық алтыннан қымбат.

* * *

Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген сөз.



Әл-Фараби

Шын білім – әрдайым ақиқат, анық болатын білім.

Әл-Фараби

Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді.

Ә.Жами

Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді.



М.Горький
№ 2, 3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Білім қалай бәсекеге түседі?

2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек?

3. Білімді болу деген не?

4. Жас мамандар қандай болуы қажет?

Практикалық сабақ №4

Диалект және кәсіби сөздер.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Диалект сөздер мен кәсіби сөздерден өткенді қайталау.


Әдістемелік нұсқау
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Ол - халық тарихымен бірге жасап, ұрпактан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе (статус) алды. Енді ол толық мағынасында Республикада білім-ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр.

Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түркімен, әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас, якут, т.б. халық тілдері жатады.

Бұл тілдердің ішінде қазақ тіліне ең жақындары - ноғай.
Қазақ тілі Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан т.б. ТМД елдерінде, сондай-ақ Монғолия, Қытай, Ауғаныстан, Иран, Түркия т.б. шетел елдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.

Қазір қазақ тілі - Қазақстанның мемлекеттік тілі.


Ана тілі — асыл қазынаң

Тіл қай ұлтта, қай елде болсын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол - атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашағындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.

Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Тіпті, туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар.

Мұндайларды кездестіргенде, Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік»,- деп ашына айтқаны ойға келеді.



"Егер, ертең туған тіліміз жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын!"- деп жазды Дағыстанның әйгілі ақыны Расул Ғамзатов.

Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген жастар ана тілінде тұрпайы сөйлейді. Төл тілінде сөйлеуден безу ақ сүтін беріп асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау, көңіл тұңығын лайлау.

Құрметгі ақынымыз Қадір Мырзалиевтің:

"Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,



Өз тіліңді құрметте!" деген тұжырымы - жастармен қатар үлкендерге де қойылатын талап.
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына ы, і дыбыстарының тиістісін қойыңыздар:

ер...к, 6...л, хал...қ, к...ш..., ұлтт...қ, т...л, к...р, қ...з...қ.

2-тапсырма: Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жа-саңыздар:

Үлгі: тіл - т -дауыссыз, қатаң дыбыс; і - дауысты, жіңішке; л - дауыссыз, үнді

Тіл, ана, халық, құрмет, көрік

3-тапсырма: Сөздердің жуан дауыстыларын бір сызықпен жіңішке дауыстыларын екі сызықпен сызып көрсетіңіздер:

Кітап, білім, өлең, құдық, шаһар, аң.

4-тапсырма: Берілген сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, түрлеріне ажыратыңыз:

Үлгі: нарық - н - үнді, р - үнді, қ - қатаң



Нарық, есеп, салық, қаржы, кеден, несие, ақша, тексеру,

табыс.

5-тапсырма: Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстарды қойыңыздар:

Ма...ына, ә...гіме, ...аржы, нары..., ...а...арман, көле...ке, жел-то...саң, таби...ат, ...алым.

  1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығыңыздар.

  2. Мәтінге жоспар құруға тырысыңыздар.

  3. Дүние жүзі, мекендеуші, жергілікті, сөйлеу, қолданылады
    сөздерінің синонимін табыңыздар.


Грамматикалық тақырып:

ДИАЛЕКТ ЖӘНЕ КӘСІБИ СӨЗДЕР

(СЛОВА ДИАЛЕКТЫ И ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ СЛОВА)

Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі қолданылатын сөздер (актив лексика), сирек қолданылатын сөздер (пассив лексика) деп бөледі. Алғашқы топқа жалпыхалықтық лексикадағы, барлығымызға түсінікті сөздер кірсе (мектеп, қала, көше, кітап, қол), сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсіби сөздер мен терминдер кіреді.

Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді диалект сөздер дейміз. Диалект сөздердің басым көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, шалбар – сым (оңтүстікте), денелі – жоян (шығыста), орындық – тақ (солтүстік облыстарда). Диалект сөздердің фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері болады.

Бәдірен-әгүршік – қияр (огурец);

Бақыр –шелек (ведро);

Шыны, пиала – кесе (чаша для чая);

Шақпақ, күкірт, шырпы – сіріңке (спичка) т.б.

Белгілі бір кәсіп, шаруашылық саласы адамдарына ғана түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.

Балық аулау кәсібіне байланысты сөздер (слова связанные с рыболовным ромыслом): табан (лещь), шортан (щука), бекіре (осетр) т.б.

Ауыл шаруашылығына байланысты сөздер (слова связанные с сельским хозяйством): шабу (косить), шалғы (коса), орақ (серп), мал жаю (пасти скот), қой қырқу (стрижка овец) т.б.



КӘСІБИ СӨЗДЕР

Кәсіби сөздер стилистика мәселесімен тығыз байланысты. Кәсіби лексиканың қолданылу аясы кең. Лексиканың бұл саласында белгілі бір аймаққа ғана тән кәсіп түрлерімен, мысалы көмір өнеркәсібімен, мақта өсірумен, балық шаруашылығымен байланысты сөздер, термин ыңғайындағы әр түрлі атаулар жатады. Бұлар стиль түрлерінің қай-қайсысында да азды-көпті кездесіп отырады. Әсіресе белгілі бір аймақтағы жергілікті халықтың күнделікті ауызекі тілінде және сол облыстыңгазет тілінде жиі қолданылады. Кәсіби лексика элементі белгілі бір көлемде әдеби шығармалардан да байқалады.

Кәсіби лексиканың әр кезгі даму көрінісін белгілі дәрежеде көркем әдебиет стилінен де көруге болады. Мысалы, штрек, лава, уклон, креп дегендер сол 1920-30 жылдарды жиі кездесіп отырады. Бірақ халық шаруашылығының неше алуан саласындағы, атап айтқанда ғылым мен техникадағы, сондай-ақ өзге де кәсіп түрлеріндегі күнделікті өзгеріске сәйкес бұлардың кейбірі қолданудан шығып қалды не оларға жаңа атаулар қосылды.

Кәсіби лексика публицистикалық стильде де мысалы, түрлі қолжазбада, очеркте т.б. қолданылады. Автор оны мұнда да сол суреттеліп отырған уақиғаны оқушының көз алдына нақтылы түрде, дәл елестету үшін пайдаланады.

Қазақ тілінде кәсіби сөздер әр-алуан қаулы қарада, есеп документтерінде, анықтама-мәләмет қағаздарында, яғни ресми кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Олар сондай-ақ ғылыми стильде де, атап айтқанда, арнаулы зерттеу еңбектердің тілінде де қолданылады.
№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары


  1. Шығыс Қазақстан аймағына қатысты диалект сөздерді теріп жазу (30 сөз және түсініктеме беру).

  2. Өз мамандықтарына қатысты кәсіби сөздерді жазып, сөйлем құрастыру (30 сөз және сөйлем).



Практикалық сабақ №5

Жалпылама қолданылатын терминдер мен сөздер.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Жалпылама сөздердің қолдану аясын анықтау, терминдерді қолданыс аясына талдау жасау.


Әдістемелік нұсқау


  1. Мәтінді мәнеріне келтіріп оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Сәлем беру. Амандасу.
Ерте заманда ата-бабаларымыз "ер, әйел" деп бөлінбей бірімен-бірі "Армысыз?" деп амандасқан. "Бармыз" деп жауап қайтарады екен. Ерлер өзінен үлкен адамдарға оң қолын кеудесіне қойып "Ассалаумаға- лейкум!" деп сәлем беретін, үлкендер "Уағалейкум сәлем!" деп сәлемін алатын болған. Бұл екі сөздің де мағыналары өте терең. Біріншісі - "Алланың нұры жаусын!" деген мағына берсе, екіншісі - "Саған да нұр жаусын!" деген мағына береді екен. Басқа мұсылман елдері осы сәлем беру мен сәлем алуды ер, әйел деп бөлмей жаппай қолданса, ал қазақ халқына сәлем беру мен сәлем алу тек ер адамдар арасында ғана болуга тиісті деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан, ер балаға сәлемді қалай берудің жолын үйретсе, қыз балаға амандасудың жолын үйретеді, яғни, қыз бала өзінен үлкен адамдарға (ер болсын, әйел болсын) басын сәл иіп, "Сәлеметсіз бе?" деуі керек.

Нәресте сәлем беріп амандасқанда, аман-сәлемді жай ғана қабылдай салмайды: "Таудай азамат бол! Көп жаса!" -деп алғыстарын жаудырады. Мұның өзі баланы ынталандыра, құлшындыра түседі. Ол енді сәлем беруде, амандасуда қате жібермеуге тырысады. Үлкендердің жақсы лебізін естуге құмартады. Егер үлкен кісі баланың аман-сәлемін жай ғана қабылдай салса, бала жүрегі қанағат таппайды, нәумез больш қалады. Қазіргі көп айтылатын "Бала тәрбиесі - баршаға ортақ" дейтін сөздің түп төркіні осында болса керек. Сөйтіп, қазақ даласында бала тәрбиесі тек өз ата-анасының ғана міндеті емес, дүйім жұрттың ортақ ісіне айналған.
Амандасу салты

Амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы бе-ташары сияқты. Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Мысалы, славян халықтары бір-біріне қол беріп амандасса, жапон, қытай, үнді халықтары қос қолын бірлестіріп, маңдайына тигізіп тағзым ету арқылы амандасу рәсімін жасаған. Ал Орта Азия мен Африкадағы мұсылмандар ертеде оң қолын жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жа-саған. Сондай-ақ мұсылман халқында амандық салты "Ассалаумағалейкум!" деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек: "Сізге алланың нұры жаусын" деген сөз. Сәлем алушы қария "Уағалейкум ассалам!" деп оң қолын ұсынады.

Осылай қол алысып сәлемдесуден кейін амандасушылар алма-кезек:



  • Дені-қарныңыз сау ма?

  • Мал-жаныңыз, қора-қопсыңыз аман ба?

- Еліңіз тыныш па? - деген сияқты амандасу сұрағын жалғастырады.

Ал екіншісі:



  • Деніміз сау.

  • Мал-бас аман.

  • Ел іргесі тыныш, т.б. -деп ризашылықпен жауап береді.

Ұзақ сапардан келген ағайынға жиылып келіп амандасу немесе алыс сапарға аттанғалы жатқан адамға жиылып барып "Жол болсын!" деп тілек айту дәстүрі болған. "Алты жасар бала жол жүріп келсе, алпыстағы шал барып амандасады" деген мақал соның айғағы.

Ал ауыл аралап жүріп жастар жасы үлкен қарияның үйіне бас сұғып, амандаспай кетсе, сол азаматтың үлкеңді сыйлауы кем, надан екенін бетіне басып, "Амандасуға да жарамады", "Жетесіз" деп сөгетін болған. Бұл тәрбие негізі амандық-саулық сұраудан басталады, оны білмеген адамның көргені шамалы деген ұғымды білдіреді. Бұдан туатын қорытынды: қазақ халқының амандасу салты - мазмұны жағынан өте бай, ол жастарды кішіпейілдікке, ибалыққа, сыйласымдылыққа баулуды мақсат еткен ата дәстүрі екені даусыз.

Сыйға сый, сыраға бал.



Еңкейгенге еңқей, атаңнан қалған құл емес. Шалқайғанға шалқай, пайғамбардың ұлы емес.
Мәтін бойынша тапсырма.

1-тапсырма: Төмендегі сөздердің синонимін табыңыздар:

Үлгі: Жаппай - дүйім, барша.

Жаппай, ынталану, алғыс, лебіз, міндет, беташар, жетесіз, сыйлы, алғашқы.

2-тапсырма: Бас, жас, бай, ер, қол сөздерінің омонимін табыңыздар.

Үлгі: бас – з.е., дене мүшесі.

бас - етістік.

3-тапсырма: "Нәумез болып қалу", "түп төркіні осындай", "тағзым ету", "сыйласымдылықка баулу" тіркестерін қалай түсінесіз, оларды қолдана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

4-тапсырма: Мәтіннен дыбыс үндестігіне байланысты сөздерді тауып жазыңыздар.

Үлгі: көкірегіне

5-тапсырма: Сіз көптен көрмеген досыңызды кездестірдіңіз. Екеу ара әңгімелеріңізді, жоғарыдағы мәтіндерді пайдалана отырып, диалог құрап жазыңыздар.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет