Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқаулар



бет1/3
Дата31.01.2023
өлшемі23,49 Kb.
#166925
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
Семинар тапсырмалары-2
Алгоритм ұғымы, икт 2 апта, 2022-10-02 (3), Қызыл топырақ зонасы, Табиғат Коргау

Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқаулар

1. Семинарлық сабақтың құрамына сабақтың тақырыбын түсінудегі түрлі бағыттарды айқындайтын магистранттардың жауаптары, жауаптарды талқылау, алынған ақпараттарды жалпылау енеді. Әр жауапқа 5-7 минут уақыт беріледі. Жауап берушінің міндеті: белгілі-бір автордың мәселені қалай түсінетіндігін ұсыну, басқа авторлармен және дәрістерде берілген материалмен салыстырғанда автор позициясының ерекшелігін атап көрсету, ұсынылған көзқарасқа өз қатынасын білдіру.


Жауап беру кезінде магистранттар негізгі және айрықша маңызды сәттерді өз дәптерлеріне тіркеп отырады. Жауап аяқталғаннан кейін студенттер жауап берушіге нақтылаушы сұрақтар қояды, онымен пікір-таласқа түседі (10 минут). Сонымен, семинар сабағында магистранттар 4 баяндаманы тыңдап, талқылайды.
2. Семинар сабағын пікір-талас формасында өткізуге болады, онда бүкіл топ бірнеше кішігірім топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысы өз тапсырмасын алады. Әр кішігірім топ 30 минут бойы өзбетінше жұмыс жасайды, одан кейін олардың барлығы жауап береді, барлық жауаптардың негізінде жалпы қорытынды қалыптасады. Бұл жерде әр топ сұрақтарды нақтылауға, өз курстастарының жауаптарын талқылап, сынға алуға құқылы. Семинар сабақтарына баяндама дайындау.
3. Семинар сабағын баяндамаларды қорғау формасында өткізуге болады. Баяндаманың тақырыбы семинарға дейін таңдап алынады және оқытушымен келісіледі. Студент өз тақырыбын ұсына алады, егер ол семинарда қарастырылып жүрген мәселеге сәйкес болса, онда баяндама жасауға рұқсат беріледі. Баяндама бірнеше кітаптар бойынша дайындалады. Топта баяндамаға берілетін уақыт - 7-10 минут.
Баяндама жасау кезінде тезистерді пайдалануға болады, бірақ мәтінді толық оқып шығудың қажеті жоқ. Баяндама аудитория көрсеткен қызығушылық дәрежесі бойынша және туындаған сұрақтар мен хабарламалардың саны бойынша бағаланады (5-7 балл).
4. «Басқару психологиясы» пәні бойынша семинар сабақтарын өткізуде оқытудың практикалық және белсенді әдістерін пайдалануға болады (жұппен жұмыс жасау, демонстрация, оқыту тренингі).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет