Семинар Сабақты талдау және өзіндік талдау мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыру құралы Мақсаты



бет7/7
Дата08.02.2022
өлшемі1,77 Mb.
#123642
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кырыкбаева Н.Е. Сабақты талдау және өзіндік талдау – мұғалімнің әдістемелік шеберлігін арттыру құралы

Сабақтың үш мақсаты:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Оқыту түрінің тиімділігін, пәнаралық байланыстың болуын талдау
Ұжымдық, топтық, жұптық, жеке дара және саралап оқыту. Сабақтың құрылымы берілген сабақтың түріне сәйкес келе ме, қандай ауытқушылықтар болды. Пәнаралық байланыс болды ма? Теорияда алған білімін практика жүзінде қолдана білу арқылы икемділіктері мен дағдылары қалыптасады, бүкіл дүниемен, қоғаммен, табиғатпен қатынасы артады.
Сабақ мазмұнын талдау 
Сабақ мазмұнының мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкестігі. Баяндаудың толықтылығы, нақтылығы, түсініктілігі, ғылымилығы. Мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі. Оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейі немесе жаңа білімді қабылдамауы. Мұғалім сұрақтарды нақты қойды ма, нақты мысалдар келтірді ме,
проблемалық жағдаят туғызды ма?
Сабақ құрылымын талдау
Сабақ құрылымының мақсатына сәйкестігі. Сабақ жүйелілігінің, кезеңдерінің байланыстылығының ойластырылғандығы. Уақытты үнемдеп қолдануы. Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген бе? Сабақтың құрылымы қандай болды, ол сабақ типіне сай болды ма? Сабақты құрылымы бойынша талдау. Сабақта 8 кезең болатыны белгілі. Олар:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
3. Жаңа материалды меңгертуге оқушыларды даярлау кезеңі.
4. Жаңа тақырыпты (білімді) меңгерту кезеңі.
5. Оқушының жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі.
6. Жаңа білімді бекіту кезеңі.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі.
8. Қорытынды.
Сабақты өткізу әдісін талдау
Сабақ беру әдістерін, тәсілдерін, көрнекіліктері мен құралдарының дұрыс таңдалуын, негізділігін талдау; Олардың оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне сәйкестігін, сабақтың әдістемелік аппаратының әр кезеңіне сайлығын, мұғалім қолданған әдіс-тәсілдердің алуан түрлілігін анықтау. Таратпалы дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды қолданудың тиімділігі. Мұғалімің әдістемелік жағынан қаруланғандығы мен педагогикалық техникасын бағалау.
Әр түрлі тапсырмалар, үлгілер, нұсқаулар, алгоритмдер, тірек желі, жоспар бағдарламалар, сөздік, т.с.с. қолдануы (өзін-өзі бақылау кілті, ақпарат көздері). Белсенді оқыту әдістерін меңгеруі, осы әдістердің бұл сабақта қолдануының дұрыстығы.
Оқытушының ұйымдастырушылық іс-әрекетін талдау
Оқытушының ұйымдастырушылық қабілеті, сауаттылығы, эмоционалдығы, тіл байлығы. Қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің педагогикалық такт пен нормаларды ұстануы. Сабақ жоспарының болуы, талапқа сай жазылуы. Оқушы мен мұғалім іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру деңгейі. Білім деңгейі жоғары және төмен оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыруы. Білім алушыларға бағалары дәлелденіп, объективті қойылды ма?
Оқушылардың іс-әрекетін талдау
Білім алушылардың тәртібі, ынтасы, пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі, талаптарды орындауы, оқытушыға сұрақ қоюы, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауы және т.б.
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек»
Ж.Аймауытов
Сабақты қорытындылау
Жасалған қорытындылар мен берілген ұсыныстар негізінде мұғалімге өздігінен даму үшін ұсыныстар беру. Сабақтың жетістігін, жақсы жақтарын қолданысқа енгізуге болатын мұғалімнің шығармашылық жаңалықтарын ерекше атау. Сабақ кемшіліктері мен мұғалімге қажетті көмек көрсету жолдарын айту. Сабаққа қойылатын жалпы бағаны, қорытындыларды, ұсыныстарды түйіндеу.
Жас мамандар мына қағидаларды терең ұстану керек:
    • Тәлімгерімен үнемі байланыста болу;
    • Тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу;
    • Өз білімі мен біліктілігіне сенімділіктің қажеттілігі;
    • Үнемі ізденісте болу;
    • Жауапкершілікті сезіну.

Ұстаздың басты міндеті - маман ғана дайындау емес, адам тәрбиелеу.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Сәттілік тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет