Семинар тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және әдістері



бет4/7
Дата05.12.2022
өлшемі36,19 Kb.
#161177
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 апта. КР конст кукык
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
¤кілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субьективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субьектіге (мемлекеттік органұа, қоұамдық бірлестікке, азаматтарұа) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құқықберуші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқықберуші нормаларға ҚР-сы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің конституциялық өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады. Конституциялық зандарға тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция діни негізде саяси партиялар қүруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, зандылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді.
Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекетгік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн. Конституциялық-құқықтық нормалардың басқа құқық саласының құқықтық нормаларынан ажырататын ерекшеліктер бар:
1. Конституциялық-құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық нормалар адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты конституциялық құрылыс негіздерін нығайту, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды реттеуді көздейді.
2. Конституциялық-құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар. Басқа құқықтық нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Барлық басқа нормативтік актілер Конституция негізінде шығарылады. Конституция қағидаларына қайшы келетін құқықтық актілердің күші жойылуы тиіс. Конституциялық нормаларды қорғау құқығы Конституциялық Кеңеске және Прокуратураға берілген.
3. Материалдық және іс-жүргізуші конституциялық-құқықтық нормалар өзіндік қырымен ерекшеленеді. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықтан айырмашылығы конституциялық құқықтың конституциялық нормаларды жүзеге асырудың жалпы біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші саласы жоқ. Алайда, бұл конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жоқ деген сөз емес. Конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар тобының қай-қайсысының да өзіндік іс жүргізу нормалары бар. Айталық, Парламенттің заңдар қабылдауының белгілі бір тәртібі, Президент импичментінің, Парламентке депутаттар сайлауын өткізу, референдум өткізу тәртібі және басқалары конституциялық нормалармен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет