Семинар тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және әдістері



бет6/7
Дата05.12.2022
өлшемі36,19 Kb.
#161177
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 апта. КР конст кукык
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Конституциялық қағидалар түптеп келгенде, Конституция қабылданар кезде қалыптаскан экономикалық, саяси, әлеуметтік, этникалық факторлармен және мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз етіледі. Сыртқы факторларды: әлем таныған халықаралық құқық нормаларын да назардан тыс қалдыруға болмайды. ҚР Конституциясында халықаралық мен нормаларын құрметтейтіндігі атап айтылған. ҚР-сы Конституциясы нормаларын талдау көрсеткендей, конституциялық қағидаларды айтылу нысандарына қарай екі топқа: 1) Конституцияда айқындалған; 2) айкындалмаған конституциялық қағидаларды талдау аясында рәсімделген топтарға бөлінеді. Айтылғандарға республика қызметіне негіз болатындай қағидалар мемлекеттік билікті заң шығару, атқару, және сот тармақтарына бөлу қағидасы жатады.
Қоғамдық келісім қағидасы бірінші орында тұрады. Қоғам әр түрлі топтарға, таптарға, ұлттарға, тектерге бөлінеді. Мұндай бөліну осы топтардың біріне-бірі сәйкес келмейтін әр түрлі дүниетанымдары, көзқарастары, сенімдері барлығын білдіреді. Мұндай ерекшелік көзқарас қайшылығына түрткі болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты қоғамдық келісімнің маңызы айрықша. Патриртизм қағиданы негізгі қағидалардың бірі ретінде есептейді. Патриотизм Қазақстан азаматтарының өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен берілгендігін білдіретін, сезімі мен әрекеті. Қазақстандық патриотизм — ол Қазақстанда сандаған жылдардан бері тұратын әр ұлт адамдарының мүдде бірлігін сезіну, бүл елдің тарихи өткеніне құрметпен қарау, жаңа мемлекет құрып, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы белсенді қызмет.
Мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді демократиялық жолмен шешу—ҚР-сы қызметінің негізгі қағидасы. Конституция мемлекет өмірі мәселелерін демократиялық жолмен шешудің бірқатар әдістерін қарастырған. Ол — мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді халықтың өзінің республикалық референдум арқылы шешуі.
Конституцияның үстемдік қағиданы әр қилы әсер етеді. Ең алдымен ол Қазақстанда конституциялық құрылысты орнықтырудан, құқықтық мемлекет құруға ұмтылудан көрінеді. Конституцияның үстемдігін тану мемлекеттің Конституцияға, заңға бағыну идеясын білдіреді.
Конституциялық зандылық - ол барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың және олардың бірлестіктерінің ҚР аумағында конституциялық нормалар мен қағидаларды мүлтіксіз сақтап, біркелкі қолдану. Айқындалмағандар қатарына демократиялық қағидасы да жатады. Атқарушы биліктің иерархиялық құрылуы мен қызметі жөнінде. Айталық, жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатты тиісті аумақтағы даму мүддесі мен тұтыну қажетіне сай жүргізуін қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет