Семинар-тәжірибелік сағаттар (спз) 10 сағат Өзбетінше жұмыстар (срс): 30 сағат Оқытушымен бірлестікте орындайтын


№5 Лекция. Қарым-қатынас стильдері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата21.10.2019
өлшемі0,52 Mb.
#50352
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
erkinbekova 1
erkinbekova 1, nuton zandary

№5 Лекция. Қарым-қатынас стильдері 

 

1.Қарым-қатынас стильдері.  

2. Тренинг - қарым-қатынасты үйлесімді орнату құралы. 

 

Психология және педагогика ғылымындағы зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, 



қарым-қатынастың төмендегі бірнеше  стилдерін атап өтуге болады: 

-  авторитарлық стиль; 

-  өктемдік стиль; 

-  демократиялық стиль; 

-  дистанциялық стиль; 

-  немқұрайлық стиль; 

-  ойнақы-қалжыңға негізделген стиль; 

-  аралас стиль. 

Тренинг  –  білімді  дамыту  немесе  адамды  оқытуда  жоспарланған  жағдайға  жүйелі 

күш  салу  арқылы  орындау.  Жұмыс  жағдайында  тренинг  адамның  бір  немесе  бірнеше 

әрекет  түрлерін  нәтижелі  орындауынан  білім  мен  дағдыны  меңгеру  мүмкіншілігіне 

бағытталады.  Тренингтік  жаттығулар  кейбір  жағдайларда  тұлғалық  өзгеруге  түрткі 

қызметін атқарады. Өзіндік сана   тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау 

арқылы  қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың 

себебін  ұғыну  динамикасына  ықпал  жасайды.      Тренинг  барысында  мынандай 

жағдайларға  да  дайын  болуы  тиіс,  олар:  ыза,    қатты  дауыс,  дөрекілік,  өзімшілдік, 

қатыспаушылық,  қажетсіз  күлкі,  ынтасыздық,  шыдамсыздық  немесе  «сөзге  керісу», 

қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.  

Жетекші,    жаттықтырушы,  ұйымдастырушы  немесе  жүргізуші  мына  төмендегі 

мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді: 

- жеке тұлғаны дамыту; 

- қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компонентілігін, білімін көтеру; 

- қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру; 

- өзінің  және  қоршаған  адамдардың  өмірінде  маңызды  өзгерістер  жасау 

мүмкіндіктерін дамыту; 

- өзін-өзі және басқаларды толық тану

жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету 

Қарым-қатынас  қабілетін  дамытуға  арналған  жаттығуларды  қолданудың  мақсаты  

мына міндеттерді шешеді: 

- тиімді  қарым-қатынасқа  машықтау  (байланыс  құру,  қосылып  отыру,  белсенді 

тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру); 

- эмпатиялық дамыту; 

- сенімсіздіктен,  қобалжудан,  қорқыныштан,  қарым-қатынастағы  қиындықтардан 

арылу; 


- тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту; 

- айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту; 

- тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру


- қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру; 

- байланыс жасау іскерлігін меңгеру; 

- өз коммуникациялық ерекшеліктерін сезіну; 

- өзгелердің  қызығушылығымен  санасу 

және  оны  есепке  алу  іскерлігін 

қалыптастыру; 

ашықтық сезімді, адамдарға деген сенімді дамыту; 

Топтық  дискуссия  –  ол  үлкен  топтарда  коммуникативтік  әрекеттегі  пікірталас.  Кез 

келген  мәселені  талқылау  барысында  ой-жүйесін  біріктіруге,  дамытуға  жаңа  ойлардың 

туындауына түрткі болады. 

Іскерлік  әңгімелер  –  көпшілік  алдында  тұлғаға  сұрақ  қою  арқылы  интервью  алу 

болғандықтан  диалогты  қарым-қатынас  орнатылады.  Ал  сұрақтар  қоюшының  қиялынан 

туындаған түрлі мазмұнда болуы тиіс және ол топта талқыланады. Сонымен интервьюдің 

құрылымы  талқыланып,  айтылу  барысы,  стилі,  қатысушылар  мен  қарым-қатынасты 

ыммен  ғана  түсінуі,  яғни  әңгіме  барысында  ым-ишара,  күлімдеу,  мақұлдау  және  т.б. 

қарым-қатынас құралдары қолданылады. 

 

№6 Лекция.    Қарым-қатынас ережелері 

 

Қарым-қатынас ұғымының мағынасы тереңірек.  



Қарым-қатынас өзіне: 

 

-топтар  арасындағы,  топтар  мен  ұйымдардағы  әріптестер,  әрекет  субъектілері 



арасындағы ақпарат алмасуын; 

-қатынас субъектілерінің бірлескен әрекет стратегияларының өнімін; 

-бірлескен  міндеттерді  шешу  процесіндегі  адамдардың  бірін-бірі  қабылдауы  мен 

түсінуін топтастырады. 

Екі  немесе  бірнеше  субъектілер  арасындағы  қатынастар  барлық  жағдайда  олардың 

арасындағы қатынассыз байланыстар қатарына жатқызылмауы керек – бірлескен әрекетті 

жүзеге  асырушы  топтарда,  олар  бірлескен  әрекеттің  мақсаттары,  құндылықтары  және 

мазмұнынан  алшақтап  кете  алмайды,  бірлескен  белсенді  әрекет  нәтижесінде  ұжым 

құндылық-бағдарлы  біртұтастыққа  жете  алады.  Құндылық-бағдарлы  біртұтастық  –  бұл 

әрекет  мақсаты  мен  міндеттеріне  деген  бағыттарында,  ұжым  тіршілігі  үшін  маңызды 

болып  табылатын  адамгершілік  және  іскерлік  аумақтарда,  бағалау  және  сұрақтар 

позицияларында жақындасу. 

Ұжымдағы  қарым-қатынасты  жақсартудың  көптеген  басқа  нақты  тәсілдері  бар.  Біз 

өз  зерттеулерімізде  оқыту  үдерісінде  оқытушы  мен  студенттердің    қарым-қатынастарын 

қалай  қалыптастыруға  болатындығын  тәжірибе  нәтижелері  бойынша  жинақтап 

қорытындылап, оқытушыларға арналған тәжірибелік нұсқаулар түрінде ұсынамыз.  

1. Бастапқы кезеңнен бастап жылы шырайлы қалыпты ұстануға тырысу. 

2.  Алғашқы  сабақтарда  қатарлардың  арасынан  жүрмеуге  тырысу  (студенттердің 

психологиялық кеңістігіне кірмеу). 

3. Алғашқы сабақтарды өткізу кезінде, қолайлы сәттер болғанда, қолдарын екі жаққа 

жаюға болады, бірақ қолдарын кеудесіне қусыруға мүлдем болмайды.  

4.  Оқытушы  оқу  материалын  тиянақты  түрде  және  дауысынан  шаршағанын 

білдірмей түсіндіру қажет.  

5.  Егер  сабақ  барысында  қателік  жіберсеңіз  немесе  студенттің  сұрағына  бірден 

жауап  бере  алмасаңыз,  қатеңізді  дереу  жөндеуге  тырысу  керек  немесе  студенттерден 

ойлануға уақыт беруін өтіну қажет (келесі сабаққа дейін қалдыруға да болады). 

6. Бірінші сабақтарда, сәті келген қолайлы жағдайда студентті тақтаға шығару керек, 

осы  арқылы  бірден  тәртіп  және  дәрісханамен  қарым-қатынас  орнайды,  бұдан  кейін  осы 

әдісті ұстануға болады. 


7. Студенттердің жұмыс істеу қабілетін тиісті деңгейде ұстау үшін, сабақ барысында 

студенттің көңілін көтеретін әзілдер айтуға және тақырыптан уақытша ауытқуға болады. 

Педагог жақсы тыңдаушы да бола білуі керек. 

8. Сабақтың аяғына қарай үзіліс уақыты жақындағанда, студенттердің назарын өзіне 

аударту үшін «Тағы бірнеше сөйлемді жазып қойыңыздар», «Енді мына мәселеге тоқталу 

қалды» деген сияқты сөйлемдерді қолдануға болады. 

9. Егер студент сұраққа жауап беруде қателессе, оны қатал сынға алудың қажеті жоқ. 

Байсалды  қалыппен  «Жақсы»  немесе  «Болдыңыз,  рахмет»  деп  айту  жеткілікті  болады. 

Студент  оны  сынамай-ақ  түсінеді.  Оның  есесіне,  студенттің  дұрыс  жауап  беруге 

тырысқаны үшін оны мақтап қойған дұрыс. 

10. Студент жауап беріп отырған кезде оның сөзін бөлмеу қажет. 

11.  Студенттің    аты-жөнін  атап,  «сіз»  деп  сөйлеу  қажет,  бұл  тәсіл  арадағы 

қатынастың мәденилігін көрсетеді.  

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мынадай негізгі ойды тұжырымдауға 

болады: студентке әрдайым сыйластық көзқараспен қарау қажет. 

Біз  зерттеу  жұмысын  жүргізу  барысында  оқу  топтарында  тұлғааралық  қарым-

қатынасты  қалыптастырудың  тағы  бір  тәжірибелік  нұсқауларына:  оқыту  үдерісіндегі 

дидактикалық  қарым-қатынас  саласындағы  шиеленіс  түрлерін;  оларды  жоюдың  әдіс-

тәсілдерін; оқыту үдерісіндегі студенттердің оқытушы қызметіне кері әсерін және оларды 

тиімді шешу тәсілдерін де жатқызамыз:  



1.  Дидактикалық  қарым-қатынас  саласындағы  шиеленістер.  Педагогтердің 

студенттермен  қарым-қатынасы  барысында  кездесетін  елеусіз  оқиғалармен  қатар, 

қақтығысқа  түсетін  екі  жаққа  да  жағымсыз  салдарлары  болуы  мүмкін  шиеленістер  де 

кездеседі.  Қайталану  жиілігі  жағынан  екінші  орында  оқытушының  дидактикалық 

қателіктері,  атап  айтқанда,  студенттердің  білімі  мен  дағдыларын  бағалау  әдістемесіндегі 

қателіктері тұрады.  

Бұл жерде педагог-зерттеушілер ұсынған студенттерде интуициялық педагогикалық 

кәсіпқойлықтың  қалыптасу  заңдылықтарына  назар  аудару  қажет.  Педагогикалық 

әріптестік нәтижесінде студенттерде оқытушы еңбегінің нәтижелілігін студенттердің оқу 

пәндерін  меңгерудегі  табысқа  жету  деңгейі  бойынша  бағалау  критерийлері 

қалыптасатыны дәлелденген. Оқытушылардың кәсіби-педагогикалық  еңбегінің стилі  мен 

ерекшеліктерін  бақылай  отырып  және  әр  түрлі  оқытушылардың  жетекшілігімен 

когнитивтік  операцияларға  қатысу  барысында  студенттер  өз  ісінің  шебері  болып 

табылатын  білікті  оқытушыларды,  өз  пәнін  меңгерте  алмайтын  нашар  оқытушыларды 

қатесіз анықтайды.  

 

№7 Лекция.  Қарым-қатынастағы эмоция 

 

Басқа адамның жағымсыз эмоциясына қалай ықпал ету және өзінің эмоциясын қалай 



басқаруға болады? 

Эмоция  деп    айналадағы  заттар  мен    құбылыстарға    жағымды,  немесе  жағымсыз 

қатынастың    сәулеленуін  айтамыз.  Эмоциялар    шындықтың  жүйкеде  сәулеленуінің 

айрықша бір түрі.  

Сыртқы бір дүниенің әсері адамның  миында тек қана сәулеленіп  қоймай , адам оған 

толғанып  ,  тебіреніп,  өзінің  қатынасын  білдіреді.  Бұған  адамға  жағымды,не  жағымсыз 

сезімдер туып отыврады. Эмоция адамның сыртқы келбеті, бет әжімі , қимылдары , даусы 

арқылы  айқын  көрінеді.  Эмоция  үшін  адам  организмінің  ішкі  мүшелері  әрекетінің  әсері 

зор.  Адам  эмоциялары  хайуан  эмоцияларымен  салыстырғанда  өте  бай  және  мазмұнды. 

Әрине,  адамдардың  эмоциялары  біркелкі  болмайды,  өйткені  олардың  айналадағы 

нәрселерге  қатынасы  бірдей  емес.  Әрбір  адамның  темпераментіне  ,  мінезіне,  олардың 

басынан  кешкен  тәжірибесіне  қарай  сыртқы  дүниенің  әсеріне  жауап  қайтаруы  түрліше 

болады.  Адам  эмоцияларының  бір-  бірінен  айырмашылығы  сезімдердің  күш  жағынан 


әрекет  ету  мерзімінің  уақыт  мөлшері  жағынан  олардың  сыртқы  қимылдары  ,  бет  әжімі 

арқылы білініп отырады.  

Эмоция адамның тұрмысында  үлкен орын алады. Олар адамға адамдық сипат беріп 

оның  әрекетін  жылытып  ,  көрік  беріп  отырады.  Эмоциялардың  аз  мерзімде  бұрқ  етіп 

сыртқа шығырып, аз уақыт әрекет ететін түрін –  аффект дейді.  

Қарым-қатынас  үрдісінде  саналы  және  бейсаналы  түрде  адамдар  өздерінің  

махаббатта, қорғануда, өзінің маңыздылығын сезінуде, ал кейде  – басқа адамды билеуде 

де    қанағаттануға  тырысады.    Ал  қарым-қатынаста  эмоциясыз  әрекеттесуге  мүлдем 

болмайды,  міндетті  түрде  екінші  адамға  қандайда  бір  сезім  болады.  Олар  жағымды, 

жағымсыз немесе бейтарап. 

Жаттығу: «Құнсыз қарым-қатынас» 

Жаттығу  екі  адам  арасында  ұйымдастырылады.  Олар  бір  бірін  кезекпен  кезек 

бірнеше  минут  аралығында  сыртқы  келбеті  туралы  сипаттама  береді.  Бірақ  бұл 

жаттығудың  мақсаты  бір  біріне  ешқандай  бағалау  айтылмайды.  Мысалы:  «көзің  қандай 

әдемі», «ақылды көзқарас» және тб.  

Міне,  осыдан  бағалаумадың  қандай  атқаратын  рөлі  бар  екенін  байқадық.  Әрине 

басқаға  берілетін  бағалау  жағымды  болса  жақсы,  ал  кейде  екінші  адамға  жағымсыз 

сипатта жасалынса оның тарапынан мінез құлқында ашу мен ыза көрінеді.  Міндетті түрде 

екінші серіктесте эмоционалды қысым пайда болады. 

Қарым-қатынаста  бұл  эмоционалды  толысқан  іс-әрекет  және  күшті  эмоция  екінші 

адамды  дұрыс  қабылдауға  кедергі  жасайды,  оның  шынайы  мінез-құлқын  түсінуге 

қиындық туғызады, сонымен қатар түсініспеушілік және қақтығысқа соқтырады. Мысалы: 

біреу сізге себепсіз айқайлап тұр. Оның себебі сізге түсінікті болса да, ол сізге жағымсыз 

әсер етеді.  Сондықтан екінші ашулы адамға жауап қайтарудың үш тәсілі бар екен: 

1.  Агрессивті реакция /ашулы/ - егер айқайлап жауап берсек. Оны одан әрі өршітеміз 

және өзара қатынас бұзылады. 

2.  Басқа  жаққа  кету,  бұл  шегіну,  мұндай  енжарлық  көбіне  өзара  қатынастың 

салқындап, кейде мүлдеп үзілуіне әкеліп соқтырады. 

3.  Өзіндік  ұтымды  бекітілуді  қолдану:  ол  үшін  қажетті  жағдайды  ойластыру  керек. 

Неден  бастау  ұтымды  нәтиже  береді?    Екінші  адамды  одан  әрі  ашуландырмайтындай, 

керісінше қорғаныс мақсатында жоспарлау маңызды. Мысалы: осындай болғанына маған 

да өкінішті. 

Егер  сізге  біреу  қарсы  шағымданып  қысым  жасаса  және  сын  айтса,  яғни  оның 

сәтсіздігіне  сізді  кіналаса,  мұндай  жағдайда  сіздің  мақсатыңыз  –  жауласуды  басу  және 

мәселенә  реттеуге  жанқындау.  Сіздің  жағыңызға  өкпелеу  сөздері  айтылған  күндеде, 

ақиқаттың  себеін  түсінуге  тырысыңыз,  сіздің  мінез  құлқыңызды  қай  жеріне  оның  көңілі 

толмады /өкпелі, тітіркенулі/ және  алғашқы реакцияңыздан ұстану керек /ашуға ашу. 

Сезім мен эмоцияны басқару. Жоғары эмоционалды қысымды жағдайда өздеріңіздің 

эмоцияларыңызды басқаруға және қарым-қатынас серіктесіңіздің эмоционалды уайымына 

ықпал етуге арналған ережелер: 

- басқаның сезімін сыйлау. Адам өзінің сезіміне құқылы , әрине кейде басқаның сол 

жағдайды қабылдауын түсіну өте қиын. Көбіне адамда ашу шақыратын сол мәселе емес, 

ол  тек  түрткі  болып  отыр,  керісінше  басқа  бір  бұрыннан  жиналған  түсініксіз  жайлар 

болуы мүмкін. /Ашуын мен алды/. 

-  Егерде  кім  де  кім  орасан  ашулы  эмоционалды  жағдайды  басынан  өткеріп  жатса, 

онда сіз шыдамдылық көрсетіңіз. 

- Билік үшін жүйкелі күрестен алшақ болыңыз.  Кейде адам өзіндік бағалауды көтеру 

мақсатында  сізді  пайдалануы  мүмкін.  Онда  сіз  жай  ғана  басқа  жаққа  бұрмалап,  оның 

нақты жақсы жақтарын мадақтауға әрекет жасаңыз. 

- Жазалау,  кек  алу  немесе  кіналау,  сонымен  қатар  сынау  мен  мысқылдаудан  алшақ 

болыңыз. Мысалы, әсіресе әйел адамдар: «мен саған айттым ғой», «Өзің кінәлісің» деген 


сөздер керісінше қарсы өкпе мен ашуды туғызады. Кек алу қажеттігі, мұнда терең өкпеден 

пайда болады. 

 

№8 Лекция. Қарым-қатынастағы кедергілер 

 

Мәдениеттің  терең  қабаттарындағы  құндылықтар  мен  құнды  бағыттардың 



қатарында  жалпы  қабылдаушы,  стандартты  әрекеттермен  тәртіптерінде  мәдени 

құндылықтарды  жинақтайтын  нормалар,  және  ол  нормативтік  жарлықтар  мен  заңдарды 

жіне қоғамдағы индивидтің тәртібін реттейді.  

 

                                        өнер,  



 

                                      заңдар, 

 

                                салт-дәстүрлер, 



 

                                    ритуалдар, 

 

                                 ым-ишаралар, 



 

                              киім стилі, тағам, 

 

                            сөйлеу ритуалдары, 



 

                               сәлемдесу стилі, 

 

                                      қоштасу 



 

                      мыналарға қатысты ережелер 

  

                        және құндылық бағдарлар: 



 

                         іс-әрекет, қарым-қатынас,  

 

                         ситуативті қоршаған орта 



 

                     уақыт, кеңістік, билік, даралық,  

                  

                  бәсеке, қоғам құрылымы, ойлау 

                     

Ережелер  қоршаған  ортадағы  жүріс-тұрыстың  дәл  немесе  дәл  еместігін  көрсететін 

критерий, яғни өз тұрғысынан алып қарағанда өзгелермен өзараәрекеттестік барысындағы 

мәдени-спецификалық жарамды немесе жарамсыз жүріс-тұрыстың «фильтрі», яғни белгілі 

бір жағдайларда күтілетін жүріс-тұрыс эталоны болып табылады. 

Құндылықтардың негізгі мазмұнына бірнәрсеге деген, яғни заттарға, құбылыстарға, 

жағдайларға, процестерге, қоршаған ортаға деген қатынас, өзіне «жақсы» немесе «жаман» 

адам ретінде қарау қатынасы жатады. Шетелдік мәдениет зерттеушілерінің жұмыстарында 

құндылықтар  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  отыратын  әлеуметтік  өмірдің  өзіне  қажетті 

нәтижелері  мен  оларға  қол  жеткізудің  жолдары  туралы  ұғым  ретінде  қарастырылады. 

Жеке тұлға құндылықтарды қабылдаған жағдайда олар сол адамның санасында құндылық 

бағдарларға айналады да мәдениет өлшемінің критерийіне жатады (басқа мәдениеттермен 

салыстыру  барысындағы  оның  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары).  Олар  адамның 


қарым-қатынас жасау барысында маңызды рөл ойнайды, солардың негізінде  «әлеуметтік 

қарым-қатынас  орнайды,  эмоциялар  және  сезімдер  (аффекттер),  өзараәрекеттестік 

дағдылары  қалыптасады».  Серігіңнің  құндылық  бағдарларының ерекшелігін білу қарым-

қатынастың  табысты  болуын  қамтамасыз  етеді,  яғни  серігіңнің  жүріс-тұрысын, 

ұмтылыстарын  және тілектерін болжауға мүмкіндік береді.  Е.Холл  үлгісінде белгілі  бір 

қоршаған  ортадағы  сөйлеу  іс-әрекеті  мен  қарым-қатынасқа,  яғни  контекстке  көп  мән 

беріледі.  Ол  мәдени  контекстеен  тысқары  айтылатын  ойдың  еш  мағынаға  ие  бола 

алмайтынын  атап  өткен.  Сонымен  қатар  автор  мәдениеттің  детерминдеуші  рөлін 

құндылықтар,  идеялар,  көріністер,  тіл  көмегі  арқылы  ойды  білдіру  жолдары  негізінде 

басқалармен  өзара  қарым-қатынас  жасау  барысында  адам  жүріс-тұрысына  әсер  ететін 

әлеуметтік өмірдің негізі деп атап көрсеткен.    

Адам  үйренген  барлық  нәрсе  жүріс-тұрыста  көрінеді.  Жүріс-тұрыстағы 

айырмашылықтарды  сезіне  отырып,  мәдениеттердің  айырмашылықтарын  сезінеміз. 

Мәдениетті  игеру  жүріс-тұрыстың  мәдени-спецификалық  айырмашылықтарында 

көрінетін  құндылықтарды  сезінуден  басталады.  Сондықтан  ғылыми  қызығушылық 

әртүрлі  мәдениет  өкілдерінің  бір-бірімеен  ұқсас  болып  келетін  немесе  бір-бірінен 

айрықша  болып  келетін  мәдениаралық  жүріс-тұрыс  үлгілерін  салыстыруды  көздейді. 

Мәдениет  кеңейген  сайын  олардың  құндылық  бағдарлары  бір-біріне  қарама-қарсы 

қойылған,  ал  ол  қарым-қатынасты  одан  сайын  қиындатады.  Сонымен  қатар,  мәдениет 

жүріс-тұрыс  үлгісі  үшін  тыйымдар  мен  рұқсаттардың  деңгейлерін  белгілейді,  олардың 

негізінде  мынадай  аттитюдтер  –  құрамында  ережелер,  рөлдер,  құндылық  бағдарлар, 

үміттер  бар  жүріс-тұрыс  заңдары    –  жатады.              Жүріс-тұрыс  ережелері  мен  ойды 

білдірудің  дәлме-дәл  жолдары  бұзылатын  коммуникативті  жүріс-тұрыс  мәдениаралық 

жанжал формасында пайда болатын қарама-қайшылықтарға әкеліп соғады. Оның нәтижесі 

коммуникантты  қарым-қатынасқа  қатыстырмай,  қарым-қатынасты  блоктау  болып 

табылады. Мәдениет компоненттері әлемді көру – «әлем бейнесін», менталитет, халықтың 

ментальділігін – жалпы адам қоғамына қатысты әлемді түсінудің эмоционалды түстелген 

жүйесін  бейнелейді.  Мәдениаралық  процесте  қарым-қатынас  тиімділігі  ешқандай  да 

символдар  мен  артефактардағы  нақты  айырмашылықтар  үшін  емес,  серіктің  әлем 

бейнесінің айырмашылықтарының салдарынан төмендеп кетуі немесе нөлге жетуі мүмкін. 

 

№9 Лекция.  Тыңдау түрлері және техникалары 

Адамдардың  көпшілігі  әңгімелесуде  екінші  біреуді  тыңдауды  немесе  сөйлеуді  қалайды 

ма? 

Қатынас  процесінің  маңызды  бөлігі-тыңдау  шеберлігі.  Зейін  қойып  тыңдап  отырған 



адамда   ым-шиара, көзінің  қозғалуы, бет әлпеті сөйлеушіге тугелдей көңіл бөлінеді. Осы 

арқылы екінші адамға көңіл күйін,ойын толық жеткізуге, ойындағы ақиқатты максималды 

ашуға  мүмкіндік  жасайды.  Керісінше  мен-мендік,  салғырттық  қарама-қарсы  нәтиже 

береді.Тыңдау  мен  естуде  үлкен  айырмашылық  бар.  Көбіне  адамдар  өзінің  ойын  айта 

алады,  бірақ  басқаны  естімейді  (түсіну,  қабылдау).  Көбіне  адамдардың  ести 

алмайтындығы  оның,  басқа  адамдарды  тыңдай  отырып  өзінің  ойын  басқа  жаққа  тез 

ауыстыруы.  Адам  сөйлегеннен  4  есе  жылдам  ойланады.Айтылғандағы  және  оның 

мағынасын  қабылдауға  1сек.  уақыт  кетеді.  Егер  сіз  білмейтін  жаңа  сөз  болса  3-5  сек. 

уақыт кетеді,  ал   сұрақты толық  түсіну үшін  14-15 сек.  уақыт қажет. Адам 1 мин. 60-70 

сөздің мағынасын ұғынады. 

Көбіне  тыңдау әңгіме кезінде енжар мінез-құлық болып қабылданады.  Мұндайда, біреуі 

сөйлегенде,  екіншісі  оның  сөзінің  үзілісін  үнсіз    күтіп  тұрады  да,  тоқтаған  кезде  бірден 

өзінің  мәселесін  айта  бастайды.    Ал  кей  жағдайда  серіктесінің  сөзін  іле  шала  бөліп  

тастайды. 

Тыңдау  барысында  екі  міндет  шешіледі:    ақпараттың  мазмұны  қабылданады  және  

әңгімелесушінің  эмоционалды  жағдайы  ұсталынады.  Әрбір    әңгімелесуде  өзіңізден 

серіктесіңізбен  не  және  қалай  сөйлесу  керек  екендігін  сұрау  маңызды.  Әңгіменің 


мазмұнымен  қатар,  серіктесіңіз  /әңгімелесушіңіз/  не  сезінеді  /шыдамсыздық,  жасырын 

тітіркену,  қобалжу,  салғырттық  және  тб./.    тыңдауда  оған  кері  байланыс  жасаған  дұрыс. 

Кері байланыс:  

1. сөйлеушінің сезімін бейнелеуі

2. ақпараттың бейнеленуі. 

Барлығымызда  енжар  /ырықсыз/  және  белсенді  /ырықты/  зейін  бар.  Енжар  зейінділік  ол 

тума  рефлекс,  жаңа  және  таныс  емеске    бейсаналы  реакция,  ал  белсенді  –  бұл    еріктің 

күшімен  және  белгілі  мақсатты  түрде:  ойлау,  ұғыну  және  есте  сақтау  арқылы    болатын 

зейін.  Енжар  тыңдау  бұл  бос  ыдыс  сияқты,  ал  белсенді  тыңдау  –  бұл  насос  сияқты, 

сұрақтар арқылы барлық ақпаратты тартып алады. 

Тыңдау түрлері: 

1.Бесенді (активный) 

2.Енжар (пассивный) 

3.Эмпатиялық 

Белсенді тыңдау /рефлексті/  - мұнда рефлексия болатын тыңдау, яғни өзінің сезіміне, іс-

әрекеттерінің себептеріне талдау жасап және ұғынуы.   

Енжар  тыңдау  /рефлексті  емес/  -  мұнда  үндемей  зейін  қойып,  әңгімелесушінің  сөзіне 

өзінің  ескертулерін  араластырмай  тыңдау.  Бұл  2-ші  адамның  ойын  толық  жеткізгісі 

келгенде, терең сезімге кіруде пайдалы. Сіз оны естіп тұрғаныңызды, оның жалғыз емес 

екендігі «иә», «солай» деген сөзбен қоштап отыру маңызды. 

Эмпатиялық тыңдау әңгімелесушінің уайымдаған сезімін сізде  сезіне аласыз, сол сезімді 

бейнелеп, эмоциялық күйін түсініп және бөлісу. 

1.Тыңдауға  бейімделу  қажет  өзіңіздің  ойыңыздағы  мәселеден  арылу  керек.  Белсенді 

әңгімелесушіге көңіл бөлгенде ғана сіз онымен бірге сезініп змоциясын көресіз. 

2. Серіктесіңіздің сөзіне  уайым, сезім, эмоция көрсете білуіңіз қажет. 

3.Үзіліс ұстай біліңіз. 

4. Бұл эмпатиялық тыңдау сіздің әңгімелесуіңіздің мінез-құлығының жасырын мотивтері 

емес. Мұнда біз тек пайда болған сезімнің себебін түсіндіреміз. 

5.  Бұл  жерде  серіктес  немесе  тыңдаушыны  басыңызды  изеп  «иә»,  «мақұл»  деген 

сөздермен мақұлап отыру. 

Белсенді  тыңдау  серіктесіңізбен  қарым-қатынаста  көптеген  кедергілердің  болуынан 

бұзылады. Олар: бөлмедегі ауаның температурасы,  бөгде адамдардың сөздері, айқай шу, 

серіктестердің  біреуінің  кешігіуі  және  тб.  Сонымен  қатар  әңгімелесушінің  шаршауы, 

сондықтан  кездесулерді  күннің  бірінші  жартысында  ұйымдастыру  ұтымды.    Қалай 

белсенді  тыңдауға  болады?  Деген  сұраққа  жаттығулар  және  арнайы  әдістер  арқылы  қол 

жеткізуге болады. Американдық әдіс: 

Зейін қойып тыңда, 

Сөйлеме, тыңда, 

Тыңда, адам 

Айта алады, 

Айта алмайды, 

Айтқысы келмейді. 

Белсенді тыңдауға арналған ұсыныстар: 

1.Әңгімелесушіңізгезерек  болыңыз.    Оған  бетіңізбен  бұрылып,  визуалды  қатынас 

жасаңыз.  Қозғалыс  пен  ым  ишара  сіздің  тыңдап  тұрғаныңызды  көрсетуі  тиіс.  Аралық 

дистанция  екі  серіктеске  де  ыңғайлы  болуы  маңызды.  Денеңіз  соған  қарай  ықтиланып, 

оны қолданушы бет келбет жасап, басыңызбен иіп тыңдауға дайынмын деген белгі беруу 

және тб. 

2.  Әңгімелесушіге  бар  зейініңізді  шоғырландырыңыз.  Оның  не  айтып  тұрғанына 

шоғырлану. Тек сөз құрылымына ғана емес, бейВербалдыжақтарына да мән беру. 

3.  Сөздің мәнін ғана емес, оның сезімін де түсінуге тырысу. 


4.  Егер  сізге  оның  не  айтқаны  түсініксіз  болса,  онда  белсенді  тыңдау  арқылы  нақтылау 

сұрақтарын қож қажет.  Сіз оның сөзін дұрыс ұғынғаныңды тексеріңіз. 

5.  Серіктесіңізге  қатысты    мақұлдаушы  ұстанымды  қолдану.  Бұл  қарым-қатынаста 

жағымды  ахуал  туғызады.  Сөйлеуші  мақұлдауды  көбірек  сезінсе,  ол  өзінің  не  қажет 

екенін дәл жеткізеді. 

6.  Баға  бермеңіз.    Кейде  жағымды  бағалаудың  өзі  кедергі  болуы  мүмкін.  Ал  кез  келген 

жағымсыз  ұстаным  тыңдаушы  тарапынан  сенімсіз  сезім  мен  қарым-қатынаста 

абайлылықты туғызады. 

Әңгімелесушімен қарым-қатынаста тыңдау қателерінен сақ болу қажет, олар: 

1.  Оның  хабарлауы  кезінде  бөлу.  Көптеген  адамдар  оның  сөзін  еріксіз,  бейсаналы 

түрде бөледі. Мұндайда бірден ойды қайта тиянақтауға әрекет жасау. 

2.  Асығыс  қорытынды,  сіздің  әңгімелесушіңізге  қорғану  позициясын  жасауға 

мүмкіндік туғызады. 

3.  Асығыс  жасалған  келбет  оның  айтушымен  келіспегеніңзді  жиі  білдіреді.  Жиі 

адамдар  тыңдамай,  оған  қарсылығын  ойша  құрастырып,  жылдамырақ  жеткізу  кезегін 

күтіп  тұрады.    Содан  соң  ойын  өз  бетінше  негіздеп,    серіктесі  де  соны  айтайын  деп 

тұрғандығын байқамайды. 

4.  Сұралмаған кеңестерді адамдар нақты көмек көрсеткісі келмеген жағдайда береді. 

Ең бірінші әңгімелесушіңіз не қажет екентіндігі анықтау қажет: бірлесіп ойласып немесе 

нақты көмек алу. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет