Семинар-тәжірибелік сағаттар (спз) 10 сағат Өзбетінше жұмыстар (срс): 30 сағат Оқытушымен бірлестікте орындайтын


№10 Лекция.  Іскерлік қарым-қатынас. Жазбаша іскерлік қарым-қатынас



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата21.10.2019
өлшемі0,52 Mb.
#50352
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
erkinbekova 1
erkinbekova 1, nuton zandary

№10 Лекция.  Іскерлік қарым-қатынас. Жазбаша іскерлік қарым-қатынас 

Іскерлік  қатынас  этикасы  –  мінез  –  құлықтық  талаптардың  принциптері,  нормалар 

мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы. 

Іскерлік  қарым  –  қатынас  белгілі  бір  мінез  –  құлықтық  қағидаларға  сүйенуі  керек, 

олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады: 

1.  іскерлік  байланыстың  негізінде  жеке  мүдделер  мен  өзіндік  қызығушылықтардан 

басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек; 

2.  адамгершілік; 

3.  мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі; 

4.  құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет. 

Этикет  ережелерін  қатаң  түрде  сақтау  -  өзін  -  өзі  ұстау  мәдениетінің  маңызды 

талабы.  

Кәсіби  такт  –  бұл  қарым  –  қатынас  кезінде  басқаларға  деген  шыдамдылық, 

мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі. 



Шетел  азаматтарымен  іскерлік  қарым  –  қатынас  жасаудың  негізгі  қағидалары 

мен ережелері дипломатиялық хаттамамен белгіленеді. 

Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым  – қатынас жасау кезінде, келіссөз бен 

келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту  – 

бұл  дипломатиялық  хаттама  нормаларының  сақталуын  білдіреді.  Қабылданған 

нормалардан  қандац  да  болмасын  бас  тарту  мемлекеттердің  абыройына  нұқсан  келтіру 

сияқты  бағаланады.  Тіпті  белгісіз  бір  кеткен  қателік  қасақана  жасалған  қорлауға  тең.  

 

Қазіргі  кезде  мемлекеттер  қарым  –  қатынастарының  арасында  1991  жылы  қабылданған 



«дипломптиялық қарым – қатынас туралы Вена Конвенциясы» бар.  

Дипломатиялық  хаттаманың  ережелері  «халықаралық  әдептілік»  қағидасына 

негізделген,  яғни  мемлекетті  таныстырып,  көрсеттетін  құрметтеулер  мен  қадірлеулердің 

барлығын сақтауды білдіреді.  

Хаттамамен  шет  мемлекетке  келген  ресми  тұлғалардың  өзін  -  өзі  ұстауы,  ресми 

жағдайларда  киінуі  және  т.б.  белгіленеді.  Халықаралық  этикет  нормаларынан  ауытқу 

шетелдік әріптестермен тек қана бейресми мәні бар, қызметтен тыс жағдайларда ғана жол 

беріледі. Бірақта осындай қарым – қатынас кезінде әдепсіздік таныту сияқты бағаланатын 



жағдайлардан  аулақ  болған  жөн.  Қызметтік  немесе  қоғамдық  кездесу  мен  өзара  сөйлесу 

барысында  сыйлық  сыйлау  туралы  ой  келеді.  әр  бір  мекемеде  өздерінің  сыйлық  силау 

ережелері  қалыптасқан  дәстүрлері  болады,  бірақ  осындай  дәстүрлерге  қарамастан 

барлығына ортақ негізгі ережелер де бар. 

Егер  сізді  біреу  үйіне  түстенуге  немесе  қонаққа  шақырған  болса,  онда  кішігірім 

сыйлық  алып  барған  жөн.  Сыйлық  кімге  сыйланса  сол  адамның  талғамына  байланысты 

болуы керек. 

Сыйлық  қабылдар  кезінде  өзіңізді  келесідей  ұстауыңыз  тиіс.  Сыйлаған  сыйлық 

қандай  түрде  болмасын  оны  қонақ  кеткенге  дейін  ашпау  қажет,  себебі  сыйлық  туралы 

ойламаған  басқа  адамдарды  ыңғайсыз  жағдайға  қалдыруыңыз  мүмкін.  Сыйлықты 

алғаннан  кейін  құр  ризашылық  аз  болады,  сондықтан  өз  ризашылығыңды  ашық  хат 

арқылы білдірген жөн.  

Іскерлік  қарым-қатынас  қандайда  бір  принциптерге  негізделген,  олардың  ішіндегі 

негізгілері мыналар: 

 

іскерлік  байланыс  негізінде  іске  деген  ниет  білдіру,  бірақ  ол  жеке  және  өзінің 



амбициясына байланысты болмауы керек; 

 



адалдық,  ол  өтірікке  баралмайтын,  әдепті  сондай-ақ  адамгершілік  сапасын 

тудырады; 

 

ақ-ниет,  ол  адамдарға  жақсылық  жасау  қажеттілігі  (жақсылық-этиканың  басты 



категориясы). 

 



қадірлеу  (сыйлау),  сөйлеушінің  беделін  қадірлеу.  Ол  адамның  ізеттілігі, 

тактикалық  ескертпелері,  мейірімділігі  бұның  бәрі  сыйластыққа  немесе  қадірлеуге 

жатады.  

Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар 

ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді. 

1.  Күнделікті қызметтік араласу. 

 

әңгімелесу, кездесу, келіссөздер; 



 

келушілерді қабылдау; 



 

жиналыстарға, мекемелерге бару



 

азаматтардың тұрған орындарына бару; 



 

жиналыс, конференция, отырыстар; 



 

кезекшілік, күзет. 



2.  Спецификалық қызмет араласуы. 

 



жұмыс  кезінде  коллективімен  араласу:  а)  субординациялық  араласу  түрі; 

б)жұмыскерлер арасында араласу; 

 

үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу. 



 

шет азаматтармен іскерлік қатынас. 



3.  Қауіпті қызмет түрі кезінде араласу. 

 



өзара келіспеушілік қарым-қатынасы; 

 



митинг, демонстрация, қатысушылармен араласу; 

 



спецконтингентермен араласу. 

4.  Вербалдық емес және арнайы емес араласу түрі. 

 

публикалық қатынас және интерьвю; 



 

баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу; 



 

телефон, телесайт, радиохабар



 

іскерлік жазу. 



3. Іскерлік хаттың мәдениеті.  

Құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлерінің  жұмысын  құжаттармен  тығыз 

байланысты.  Мамандардың  айтуынша,  жұмысн  құжаттарын  жасау  және  әртүрлі 

деңгейдегі  жұмыскерлер  жұмыс  істеу  кезінде  30  проценттен  70  процентке  дейін 

уақыттары кетеді. 


Талапқа сәйкес, қызметтік құжат қатаң қалыптасқан. Олар нақты жасалған, көп тілде 

және артық, керексіз сөздер болмауы қажет. 

Іскерлік қарым-қатынас қағидасына сәйкес тәжірибеде құжаттар мен жұмыс істеуде 

бүкіл әлемде бірдей және құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек бір-бірімен ғана 

емес,  сонымен  қатар  басқа  мемлекеттің  қызметкерлері  мен,  халықаралық  қылмыспен 

күрес қызметкерлерімен байланыста болады. 

Барлық  қызметтік  құжаттарды  былай  бөлуге  болады:  нұсқаулы  (нұсқау,  шешім, 

бұйрық); анықтама (қызметтік хаттар, жазба, телефонограммалар және т.б) және ұйымдық 

(жарғы,  дәреже,  нұсқау).  Қызметтік  құжаттардың  ішіндегі  ең  көп  таралған  түрі  бұл  – 

бұйрық.  Бұйрық  нақты,  түсінікті  және  талапқа  сәйкес  болуы  керек.  Оның  құрамы 

тақырыпша  сияқты  және  көмектес  септігінде  тұрады.  Қылмыстық  құжаттардың  ішіндегі 

үлкен  орын  алатын  құжаттың  бірі  бұл  іскерлік  хат,ол  әртүрлі  себептерде  қолданылады. 

Сауатты-түсінікті құралған хат керекті нәтиже алуға мүмкіндік береді. 

Қызметтік құжатты құрған кезде маңызды талаптарды орындау керек. 

 

орындаушы жеткізетін хабарды, қоятын сұрағын өзі нақты білу керек; 



 

хат нақты, дәл, қисынды болу тиіс; 



 

хат түсінікті, жеткілікті аргументті болуы тиіс; 



 

хат бейнетарапты жазылуы тиіс және эмоциялық рең болмау керек



 

қыметтік хаттың көлемі; 



 

салақ жасалған хат, орфографиялық, синтактистік және стилистикалық қателермен 



жаман әсерлер болмауы керек. 

Хатты  бағалау  хаттың  мазмұнын  ғана  емес,  сондай-ақ  конвертпен  және  жазылған 

бланкаға байланысты болады. 

Қызметтік  хат  белгілі  бір  бланкта,  стандартарға  сәйкес,  керекті  ревервтері  бар 

қағазда жасалады. Оған келесі реквезиттер қолданылады: ведоство атауы, ұйымның атау, 

почта және телеграф мекен-жайы, телефон және факс нөмірі, күні, құжат индексі. 

Іскерлік  хат-  бұл  жалғыз  іскерлік  құжат,  бұған  атау  берілмейді.  Мұнда  ұйымның 

атын  қысқартуға  болмайды,  бірақ  ресми  қысқарту  рұқсат  етіледі,  бұл  іскерлік  хаттың 

реквизиті ретінде қажет. Хатты алушының аты және адресі бланктың үстінгі оң жағында 

белгіленеді. 

Іскерлік  әдепті  құжаттын  анық,  дәлелденген,  обьективті  және  түсінікті  болу  керек. 

Қызметтік  құжаттарда  дұрыс  жазылмаған  сөздермен,  терминдермен,  қысқартылған 

сөздермен, шет сөздерді қолданудың дұрыссыздығымен күресу керек. Әрине, әрбір құқық 

қорғау  органдарында  және  бөлімшелерінде  құжаттарды  жөндеудің  өз  дәстүрі  бар,  бірақ 

әрбір  құжат,  дәл,  нақты,  дәлелдемелі,  обьективті  жазылу  тиіс,  ал  мазмұны  іскерлік 

талаптарға сәйкес болуы тиіс. 



Сұхбат. Шет  елде  іссапарында,  құқық  қорғау  органының  қызметкері  өз  қызметін 

ресми  адамдармен  тиісті  қызметтік  дәреже  деңгейінде,  басты  мақсатынан  және  іссапар 

тапрсымасынан орындаудан бастайды. 

Бұл  байланыс  кезінде,  сұхбат  өзіне  мұқият  дайындықты  талап  етеді.  Байланысқа 

дайындалғанда  және  байланысты  өткізу  уақытында  үш  негізгі  тірек  орынды  еске  түсіру 

қажет.  Біріншіден,  пайдалы  іскерлік  көрісу,  бұл  әңгімелесушінің  тыңдауына  шеберлік 

қызықтыру.  Екіншіден,  өзара  кездесу  құбылысында,  сенімділік  ортасын  жасау.Және 

үшіншіден,  бұл  іскерлік  уақыт  кезінде  ақпаратты  өнерлі  пайдалану  әдісі.  Сұхбат  ең 

алдымен  алдына  қойған  мақсаттарға  және  нұсқауларға  байланысты  әртүрлі  сипатқа  ие 

болады. 


 

№11 Лекция.   Этика және этикет. Телефон арқылы қарым-қатынас жасау мәдениеті 

Жұмыс бойынша керекті мәселелерді телефон арқылы тез шешуге болады, ал егерде 

жеке  мәселеге  келсек  ол  көп  уақыт  алады.  Сондықтанда  іскер  адамға  телефон  арқылы 

сөйлесу  ережесін  сақтау  керек,  керексіз  мәліметтерді  телефон  арқылы  шешсе  ол  жұмыс 

уақытының  тәртібін  бұзып,  керекті  сұрақтарды  қиындатып,  қасындағы  әріптестерге 


кедергі  жасайды.  Телефон  жұмыс  уақытында  психеологиялық  тітіркендіргіш  болып 

есептеледі.  Тағыда  телефон  адамның  өміріне  өте  қауіп  төндіреді,  себебі  ол  сөйлесер 

алдында  немесе  күтіп  отырғанда  немесе  оның  даусынан  адамның  психологиялық 

клеткалары  бұзылады.  Телефон  мен  сөйлесер  алдында  біріншіден  не  айту  керек  екенін 

дайындалып алу керек. Есте сақтау қабілетінің жақсы болсада телефон арқылы сөйлесіп 

отырған  сұрақтарыңызды  жазып  алуыңыз  жөн.  Жазылған  сұрақтарыңызды  сізге  бірден 

есте болмауы мүмкін. Телефон шығарылған кезде сіз тұтқаны аласыз. Неден бастау керек? 

Егерде  үйдің  телефонына  звандаса  онда  қиналмай  «Алло»  деуге  болады,  ал  егер 

жұмыстың  телефонынан  звандаса  онда  амандасып  сыпайы  түрде  сөйлесу  керек.  Жұмыс 

телефонмен  жұмыс  уақытында  тек  жұмысқа  байланысты  мәселелерді  талқылау  керек. 

Мысалы:  сәлеметсіз  бе,  сіз  қандай  жұмыспен  телефон  соғып  тұрсыз.  Егерде  сөйлесіп 

жатқанда телефон үзіліп қалсаонда, тұтқаны қою керек. Ереже бойынша телефон соққан 

кісі  қайта  звандау  керек.  Мына  ереже  ұзақ  сөздің  арасында  да  қолданылады.  Егерде 

телефон  бос  болмаса  немесе  шақырған  кісіңіз  келмесе  онда  қоя  тұрып  телефон 

шалғаныңыз  дұрыс.  Телефонмен  сөйлесіп  жатқанда  кішкене  үзіліс  жасау  керек.  Себебі, 

тыңдап  отырған  кісі  сұрақтарыңызға  жауап  беру  үшін.  Сұрақтарыңыздың  шешімін 

тапқаннан  кейін,  қайтадан  сқрақты  қайталау  міндетті  емес.  Сөздің  соңында  телефонмен 

сөйлесіп  отырған  көршіңізге  қызық  жауаптары  үшін  алғыстарыңызды  білдіру  керексіз. 

Сөйлесер  алдында  айқайламай  жайлап  сөйлесу  керек,  егерде  сөйлесіп  жатқанда  сөзің 

даусы естілмей кетсе  онда телефон дұрыс істемей тұр. 



 

№12-13 Лекция.   Тренинг қарым-қатынасты дамыту құралы 

Оқудың  интерактивті  әдістерін  пайдаланумен  өткізілетін  сабақ  тренинг  деп 

аталады. 

Тренинг  дегеніміз  не?  Тренинг  сөзі  (ағылшын  тілінен  train  –  тәрбиелеу,  оқыту, 

үйрету,    машықтандыру)  –  бұл  жұмыс  нәтижесіне  және  қажетті  машықты  дамытуға  қол 

жеткізуге  бағытталған,  машықтану  және  қандай  да  бір  саладағы  жүйелі  тапсырмаларды, 

әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу.  

Тренинг  оған  қатысушыларға  ақпарат  жетіспейтін  бөлімшелерге,  құрдастарының 

қысымына  төзе  алатындай  дағды,  тәлім  (мінез-құлық)  қауіпсіздігі  дағдысын 

қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренингтің талассыз беделі – ол оқу процесіне барлық 

қатысушылардың белсенді болуын қамтамасыз ету болып табылады. 

Тренинг өткізуге қойылатын талап қандай? Бұл, ең алдымен: 

* тренингке қатысушылардың қолайлы саны 20-25 адам; 

*  тренингке  қатысушылардың  көлеміне  сәйкес,  қатысушылардың  өзара  белсенді 

әрекет етуіне мүмкіндік беретін, «тренингтік шеңбер» бойынша орналастыратын орны бар 

ғимараттың болуы; 

*  тренингтің кез-келген  сабағының  басында аталған  сабақтың  мақсаттарымен  және 

тапсырмаларымен қатысушылардың танысу міндеттілігі; 

*  тренингтің бірінші сабағында «таныстыру» мен «келісім» қабылдау жаттығуларын  

–  топтардың  жұмыс істеу ережесін өткізу

*  достық  қалыптағы  сенімді  атмосфера  қалыптастыру  және  бүкіл  тренинг  бойында 

соған қолдау көрсетіп отыру; 

*  бүкіл тренинг бойында барлық қатысушыларды белсенді араласуға тарту; 

* әрбір қатысушының сезімдері мен пікірлерін құрметтеу; 

* тренингке қатысушыларды мадақтау; 

*  тренингке  қатысушылардың  (оқытушылардың)  алдарына  қойған  оқу-

жаттығуларының мақсатына, өз пікірлерін таңбай қол жеткізу; 

*  тренингтің  әрбір  кезеңінде  тренерлердің  уақытша  шекті  қадағалауын  қамтамасыз 

ету; 

*  теориялық          материиалдар  мен  интерактивті  жаттығуларды  тиімді  үйлестіруді    



қамтамасыз ету; 

* тренинг аяқталысымен оның қорытындысын шығарудың міндттілігі. 

 

Тренинг  бір  немесе  бірнеше  сабақтан  тұрады,  олардың  ұзақтығы  –  бір  сағаттан 



бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. 

 

Тренингті өткізу құрылымы мен кезеңдері қандай? 



 

1.  Тренер  (оқытушы)  ең  алдымен  қатысушыларға  міндетті  түрде  тренингтің 

тақырыбын хабарлауы тиіс. 

2.  Содан  кейін  қатысушылар  тренингтің  мақсаттарымен  және  тапсырмаларымен 

таныстырылады.  Егер  тренингтің  мақсаттары  және  тапсырмалары  жазылып,  көрінетін 

жерге ілініп қойылса, онда жақсы. 

3. Тренингті өткізуге қажетті материалдар мен жабдықтар алдын ала дайындалады. 

Оны дайындауға тренингке қатысушыларды тартуға болады.  



Кіріспе 

Бұл  кезең  кез-келген  қолайлы  нысанда  өткізілуі  мүмкін,  бірақ  ол  келесі  жұмыстың 

сарынына  бағыт  береді.  Сондықтан  бұл  кезеңде  тренер  демократиялық,  дем  беруші 

атмосфера  жасауы  тиіс.  Егер  тренер-педагог  өзінің  күтетіні  туралы  және  алда  тұрған 

жұмысқа  қатысты  ережелер  туралы  айтса,  ол  дұрыс.  Қатысушыларды  жұмысқа  кіріспе 

сөздің, мультимедиалық таныстырудың және т. б. көмегімен «кіргізуге» болады. 



Таныстыру 

Таныстыру  кез-келген  тренингтің  бірінші  сабағының  қажетті  процедурасы  болып 

есептеледі.  Таныстыру  топтарды  жандандыруға,  оларға  қатысушыларды  оқу  процесіне 

тартуға,  қарым-қатынас  жасау  машығын  өрістетуге  мүмкіндік  береді.  Таныстыру 

қатысушылар  бірін-бірі  білетін  жағдайда  да  жүргізіледі.  Таныстыруға:  «Сұхбат»,  «Мені 

таны», «Визит картасымен алмасу» ойындарын өткізуге болады. 



Қатысушыларды күту 

Бұл  кезеңге  семинар-тренингтен  олар  «айналым  бойынша»  кезекпен  жауап  беретін 

сұрақтардың  көмегімен  қатысушыларды  күту  ұғымы  жатқызылады.  Мысалы:  «Бұл 

семинардан сіздер нені білуді/алуды қалайсыздар?» 

Алдын  ала  ватманға  «күту  ағашын»  салуға  болады.  Әрбір  қатысушыдан  семинар-

тренингтен  жапсырылатын  түрлі-түсті  парақтарға  (стикерлерге)  және  олар  нені  күтуге 

болатынын  сұрап  жазу  және  өзінің  парағын  күту  ағашына  жапсыру.  Содан  кейін  осы 

барлық күтуді дауыстап оқу. 

Тағы бір нұсқасы, бұл, әрбір оқушы шығып өзінің күтетінін флипчартқа жазу.  

Тренингті өткізу тәртібі 

Әрбір  қатысушы  өзінің  күтетінін  айтып  (жазып)  болғаннан  кейін,  тренер-оқытушы 

оған  тренингті  өткізу  тәртібін  хабарлайды.  Бұл  аталған  тренинг-семинардың  қаншаға 

созылатынына, онда қанша сабақ болатынына байланыссыз жасалады. Қатысушылардың 

сұрақтары бар ма, соны міндетті түрде анықтау керек. 

 

Топтардың жұмыс ережелерін («келісімдерін») қабылдауы 

Тренинг-сабағының  басынан  бастап  қатысушылар  өз  оқуының  жауапкершілігін 

сезінуі, тиісті жұмыс атмосферасын құруы, өзара сыйластық пен сенімге кіруі, сондай-ақ 

материалды меңгеру тиімділігін арттыруы үшін сабаққа мінез-құлық ережесін  – тренинг 

немесе «келісім» қабылдау ұсынылады. 

«Келісім» пункттерін парақ қағазға немесе тақтаға жазу қажет. Әрбір пунктті бірігіп 

талқылағаннан  кейін,  көпшілік  дауыспен  қабылданады  және  көрнекті  орынға  ілінеді. 

Тренинигке  қатысушылардың    назарын  дауыс  берілгеннен  кейін  олардың  әрқайсысы 

аталған «келісімнің» орындалуы үшін жауап беретіндігіне аудару қажет. 



«Келісімнің» үлгісі 

* кешікпейміз; 



* білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз; 

* «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз; 

* ашық айтамыз; 

* бір-бірлеп сөйлейміз; 

* мәселенің мәні бойынша сөйлейміз; 

* бір-бірімізді тыңдаймыз

* бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз; 

* өзгелердің сезімін сыйлаймыз; 

* құпиялылықты қадағалаймыз; 

*  уақытша шекараны қадағалаймыз; 

* бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б. 

Топтардың хабарландырылу деңгейінің бағасы 

Оқытушылардың  (тренерлердің)  алдында  тұрған  міндеттердің  бірі  тренингке 

қатысушылардың  хабарландырылу  деңгейін  бағалау  болып  табылады.  Осы  мақсат  үшін 

тренинг  тақырыбы  жөнінде  сұрақтары  бар  сұрақнамалар  немесе  сауалнамалар 

пайдаланылады.  Сауалнамалар  барлық  тренинг  өтіп  болғанша  сақталады,  содан  кейін 

оқушылардың білім деңгейі тағы бір рет бағаланылады. Нәтижелерін салыстыра отырып, 

қатысушылардың  білімдері  мен  машықтарында  қандай  өзгеріс  бар  екенін  білу  қызық 

болады. Оның үстіне, тренингтің тиімділігін бағалауға болады. 



Мәселелерді маңыздандыру 

Мінез-құлықты өзгертуге  уәж дайындау үшін тренингте талқыланатын мәселелерге 

қатысушылардың  қызығушылығын  ояту  керек,  бұл  мәселені  әрқайсысы  үшін  өзекті  етіп 

жасау керек. 

Осы мақсатпен рөлдік ойын өткізуге болады. 

Оқыту 

Оқытушы-тренер  психологиялық-педагогикалық  білімді  меңгеруі  және  оларды  оқу 

процесінде  іскерлікпен  қабылдап  алу  әдістерін  меңгеру  қажет,  ақпараттарды 

қатысушылардың  жинақтауы  және  ұсынуы,  олардың  мінез-құлық  қатынастарына  ықпал 

ету керек.  

Оқытушы-тренер  оқудың  мақсаттары  мен  міндеттерін,  әдістері  мен  тәсілдерін, 

ақпараттардың қайнарларын, алдын алу, білім беру бағдарламаларын  білулері тиіс.  

Табысты оқу үшін қажетті шарттар: 

- оқушының оқуға дайындығы; 

- оқудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану

- білімді нығайту үшін қайталауды пайдалану; 

- шынайы өмірлік жағдаймен оқу процесінің сәйкестігі; 

-  дұрыс  пікірдің,  оқытушы-тренерлердің  оқушылардың  әрекеттерін  адекватты 

бағалаудың дер кезінде болуы. 

Тікелей оқудың 2 кезеңі өзіне: 

                                        І.  Ақпараттық блок немесе теориялық білімді           

                                            ұсынуды;    

                                        ІІ. Тәжірибелік машықты шыңдандыруды    

                                             қосады. 

1. Ақпараттық блок 

Бұл  кезеңді  толып  жатқан  қиындықтар  туындаған  сұрақ  берушілердің  сұрақтарына 

жауап  беруден  бастауға  болады.  Негізгі  материал  лекция,  мультиймедиялық    таныстыру  

түрінде  ұсынылады.  Содан  кейін  оқытушының  (тренердің)  таңдауына  интерактивті 

оқытудың келесідей: рөлдік ойындар, сөзсайыстар, сапаршыны шақыру, кіші топтардағы 

жұмыс және т.б. әртүрлі әдістерін пайдалануға болады. 



2. Тәжірибелік машықтарды шыңдандыру 

Ақпараттық,  теориялық  тұрғыдағы  кез-келген  білімді  ескере  отырып,  тәжірибелік 

іскерлікпен  және  машықпен  міндетті  түрде  үйлесуі  тиіс,  осы  машықтарды  шыңдандыру 


қажет.  Тренингтің  аталған  кезеңі  өзінің  өмірі  мен  денсаулығын,  сондай-ақ  қоршаған 

ортаны  қорғау  жөнінде  қатысушылардың  іс  жүзінде  меңгеру  бейімділігіне  шақырады. 

Осы мақсатпен рөлдік ойындарды, инсценировкаларды, сөз сайыстарды, «ми шабуылын» 

және  жағдайға  байланысты  жұмыстың  басқа  да  интерактивті  нысандарын  пайдалануға 

болады. 

Қорытындысын шығару 

Қорытынды  тренингтің  кез-келген  сабағының  аяғында  шығарылады.  Ереже 

бойынша, бұл  процедура қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен, сезімдерімен бөлісуге, 

өздерінің ниеттерін айтуға есептелінген.  

Тренер  семинарға  қатысушылардан  олар  жаңалардың  қандайын  біледі,  оларға 

қайсысы  қызық,  пайдалы,  олар  қандай  жаттығулар  орындады,  естеріне  түсіруді  өтінуі, 

сұрауы  мүмкін,  сөйте  отырып  өткен  материалдарды  нығайтады.  Егер  тренер  тренингке 

қатысушыларды    олардың  істеуіне  мүмкіндігі  бар  тәсілдермен:  ауызша  және  жазбаша 

алғыс  жариялап,  әлдеқандай  бір  кітапшалар,  буклеттер,  кәдесыйлар  және  тағы 

басқалармен    үнемі  көтермелеп  отырса,  ол    жақсы.  Не  болмаса  әлдеқайда  жауапты 

тапсырмаларды сеніп тапсырады.  

Интерактивті әдістер әмбебап болып табыла ма? 

Жоқ,  интерактивті  әдістер  ешқандай  жағдайда  да  сабақ  өткізудің  лекциялық 

нысанын  алмастыра  алмайды,  бірақ  лекциялық  материалдарды  жақсылап  меңгеруге 

бейімдейді,  ең  маңыздысы  сол,  пікірлерді,  қатынастарды,  мінез-құлық  дағдыларын 

қалыптастырады. 

Оқудың  интерактивті  әдістерін  пайдаланудың  жағымды  сәттері  немен 

тұжырымдалады? 

Интерактивті  әдістерін  пайдалану  кезінде  оқытушының  рөлі  күрт  өзгереді,  ол  тек 

қана процестерді реттеп отырады және оны жалпы ұйымдастырумен айналысады, қажетті 

тапсырмаларды  алдын  ала  дайындайды    және  сұрақтарды  немесе  топтарда  талқылауға 

арналған  тақырыптарды  қалыптастырады,  кеңестер  береді,  белгіленген  жоспардың 

орындалу тәртібі мен уақытына бақылау жасайды. 

Қатысушылар әлеуметтік тәжірибеге - өзінің немесе басқа адамдардың тәжірибесіне 

жүгінеді, сондықтан оларға бір-бірімен коммуникацияға түсуге, берілген тапсырмаларды 

бірігіп  шешуге,  кикілжіңдерді  болдырмауға,  жақындасудың  ортақ  нүктелерін  табуға, 

ымырашықлыдққа баруға тура келеді. 

Психологтар  оқу қарым-қатынасы жағдайында дәл қабылдаудың жоғарылайтынын 

қадағалаған,  жаднама  жұмыстарының  нәтижелері  артады,  жеке  тұлғаның  –  назар  аудару 

тұрақтылығы,  оны  тарата  білу  сияқты  интеллектуалдық  және  эмоционалдық  өзіндік 

ерекшелігі дамиды; қабылдау кезінде қырағылығы; әріптесінің іс-әрекетін оның дәлелдері 

мен мақсаттарын талдау қабілеті артады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет