Сәулембек Г. Р



бет5/11
Дата08.11.2022
өлшемі76,33 Kb.
#157035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2592-1-4930-1-10-20190524
экономия ээ1

Әдістеме


Постмодернистік дискурстың бір белгісі, жоғарыда атап өткендей, құрамында бірнеше дискурстардың кездесе беруі. Мәтіндегі құры- лымның бұзылуына тікелей әсер ететін, әрі


постмодернистік шығармаларда жиі қолданы- латын психоделикалық дискурс адам санасының өзгерген күйі (СӨК) арқылы қол жеткізілетін өнердегі жасанды немесе виртуалды реалдылық постмодернизм теориясының бір қыры деп есептеуге болады. Біз қарастырғалы отырған авторлар шығармаларында психоделикалық дискурстың бірнеше түрі қолданылған. Өнер- дегі кез-келген есірткілер мен алкогольді ішім- діктерге масаю, компьютердің ықпалы, гип- ноз немесе наркоз әсері, діни жоралғылар, психотроптық дәрілер мен өсімдіктер арқылы пайда болған СӨК психоделикалық әдебиетті немесе психоделикалық дискурсты туындат- са, соның бірнеше түрін А. Жақсылықовтың
«Ант ұрғандардың түстері» трилогиясында, Д. Нақыповтың «От орны», Д. Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романдарынан кездестіруге бо- лады. Шығармалардағы психоделикалық дис- курстың постмодернизммен тоғысатын тұсы оныңуақыт пен уақыттың, кеңістік пен кеңістіктің арасындағы санадан тысқары қыдырыстар, соның нәтижесінде болатын мәтіндегі тұтас- тықтың жойылуы, құрылымның бұзылысы бо- лып табылады. Роман кейіпкеріне диагноз қою біздің құзіретімізге кірмесе де (бұл көркем шығармадағы бейне болғандықтан мүмкін емес дүние), СӨК ең алдымен тілде көрініс беретін болғандықтан, дискурстың көркем мәтіндегі қызметін тереңірек көрсету мақсатында, оның себеп-салдарына да орын беріп, осы салада зерт- теу жүргізген ғалымдардың еңбектерін назарға алып отырамыз.
Біз үшін ең бастысы психоделикалық дис- курстың, оның ішінде нақты осы шығармаларға тән шизофрениялық дискурстың – тілі, яғни кейіпкердің СӨК-тің хатқа түскендегі ерек- шелігі – «қалай жазылды?», «дәстүрлі баяндау түрлерінен өзгешелігі неде?», «мәтін тұтас- тығына жасалған ирония немесе құрылым бұзылым (деконструкция) қалай жүзеге асты?» деген сұрақтарға жауап іздеу. Д. Нақыповтың «От орны», А.Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері», Д. Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романдары құрылым бұзушылықтың бір-біріне кейде өте жақын, кейде мүлде ұқсамайтын мәнерлеріне құрылғанымен, түпкі мақсат мәтінді ойнатуға, әрі мәтін тұтастығын әдейілеп бұзу арқылы белгілі дәрежеде иронияға негізделген деуге болады. Оқырман назарының жіті болу- ын, мәтінді мұқият оқуын талап ететін мәтінмен ойын әдісі ондағы оқиғалардың қиындыларын бір-бірімен дұрыс байланыстырып жалғауда оқырманының жүйкесіне күш түсіреді. Алайда,



ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №4 (172). 2018 213

жазушылардың осы жазу мәнерін қабылдаған оқырманның, әлбетте, көңілі хош болары анық. Авторлар өздері таңдап алған кейіпкерлерінің ішкі күйзелісі мен психикалық ауытқуларының тілдегі көрінісін лингвистикалық ойындар арқылы беріп отырады. Мұндай тәсілдерді олар постмодернистік нарративті үйлестіру мақсатында қолданған. Мұнда мәтін түзілісінің бұзылуынан өзге сөйлем құрылымының, тіпті сөздің орфографиялық рәсімделуінің бұзылысына да куә боламыз. Постмодернизмнің дискурс ретіндегі басты ерекшеліктеріне бар- лау жасаған Б. Нұржанов постмодернизм мен постмодернистік эстетиканың басты ұғымы
«мәтін» (одан туындап жататын «мәнмәтін»,
«интертекст», «гипертекст») екендігін алға тар- та отырып, мұндай мәтіндерге талдау жасаудың әдістемесі көп ретте семиотикалық талдауға жүгінетіндігіне тоқталады. Өнердің бұл түрінің өзіндік ережелері (классикалық шығармалардан бөлек), грамматикасы, синтаксисі мен таңбалау жүйесі, т.б. жасырын алғы шарттары барлығын айта келе, мұндай шығармаларды талдаудың бағыттарына жарық түсіріп, жол көрсетсе (Nurzhanov 2010: 34), постмодернизмнің осы секілді ерекшеліктерін голланд ғалымы Д. Фоккема нонселекция қағидасы аясында қарастырады. Ғалым кез-келген әлеуметтік неме- се табиғи иерархияны терістеу постмодернистік қабылдаудың басты белгісі екендігін алға тар- та келе, барлық постмодернистік мәтіндердің құрылымдануы мен формалық түзіліміне негіз болған нониерарахия қағидасын ұсынады. Д. Фоккема постмодернистік мәтіндерге тән үш негізгі ерекшелікті атап өтеді (Fokkema 1997: 180-181):
а) Синтаксистік бейсауаттылық әдісі, яғни бастан-аяқ сөйлемнің грамматиканың заң- дылықтарын мақсатты түрде бұза отырып жазу
ә) Сөйлемнің әдеттен тыс типографиялық рәсімделуі
б) Семантикалық сәйкессіздік
Біз тараушадағы тұтастыққа жасалған иро- нияның қандай тәсілдермен жүзеге асқан- дығын талдау барысында жоғарыда аталған екі ғалымның ұсынған әдістерін негізге алдық, алайда нысан етіп алған авторлардың шығармаларындағы құрылым бұзушылықтың, себеп-салдарын, өзіндік ерекшеліктерін еске- ре отырып зерттеу әдістерін төмендегіше толықтырдық:
а) Синтаксистік бейсауаттылық әдісі, яғни бастан-аяқ сөйлемнің грамматиканың заңды- лықтарын мақсатты түрде бұза отырып жазу
ә) Сөйлемнің әдеттен тыс типографиялық рәсімделуі
б) Семантикалық сәйкессіздік
в) Мәтінге өзге тілден сөз ендіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет