Сәулембек Г. Р



бет6/11
Дата08.11.2022
өлшемі76,33 Kb.
#157035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2592-1-4930-1-10-20190524
экономия ээ1

Әдебиеттанулық талдау




А) Құрылым бұзылым және синтаксистік бейсауаттылық әдісі. А. Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері» трилогиясының «Әнші шағылдар» («Поющие камни») бөліміндегі психоделикалық дискурс ауруханада жатқан Жан есімді кейіпкердің жан-күйзелісінің әсерінен ішімдікке салынуы және емдеу барысында Дүйсен бақсының діни жоралғылар арқылы санасына әсер етуінен көрініс береді.
«Ант ұрғандардың түстері» («Сны окояных») бөлімінде газет жорналшысы болып қызмет атқаратын аты белгісіз кейіпкердің есірткі шөптер мен адам психикасына әсер ететін түрлі жәндіктерден алынатын заттар әсерінен бір кеңістік пен бір мезгілде тұрақтай алмай, бүгіні мен өткенінің арасында байыз таппаған санасының ауытқулары да психоделикалық дискурстың туындауына себепші болған. Бұл туралы автордың шығармашылығын уақыт пен кеңістік тұрғысынан зерттеген ғалым А. Темірболат: В ходе изложение событий наблюдается полифония времен и пространств. Нередко в пределах одного предложения или абзаца описываются такие факты биография героя, которые происходили в его жизни в совершенно разные периоды (Temirbolat 2009: 26), мәтіндегі бұл ерекшелікті нақты атап көрсетсе, біз оның себептері мен салдарына тоқталамыз.
«Әнші шағылдардағы» романның баяндау- шысы – кейіпкер Жанның өзі. Роман кейіпкердің ой ағысы әдісімен баяндалған. Мұнда кейіпкер өмірінің түрлі-түрлі кезеңдерін түрде еске түсіреді. Ауруханада жатқан Жанның адам тіршілігінің ең төменгі сатысына түсіп, руха- ни құлдырауға ұшырауы оның психикасына да елеулі әсер еткен. Кейіпкердің ой ағындары арқылы еске түсіріп отырған ішкіліктің әсерінен болған өң мен түстің арасындағы арпалыстары, саналы күйінен бейсаналыға, керісінше бей- саналыдан саналыға ауысып отыратын күйі, ессіз күйде берілетін сандырақтары мәтіндегі фрагменттілікті тудырып отыр. Мәтіндегі фрагменттіліктің өзі екі қабаттан тұрады. «Әнші шағылдар» романы әңгіме ішіндегі әңгіме ретіндегі сипатқа ие. Мұнда сыртқы мәтін де, кейіпкер есіне алып, баяндап отырған ішкі мәтін

214 Хабаршы. Филология сериясы. №4 (172). 2018



де уақыт пен кеңістіктің кесінділерінен тұрады. Мысалы «Затем ты вновь осматриваешь себя в маленьком зеркальце из той же сумочки, оцени- вая конфигурацию и тональность окраски губ, чуть-чуть увлажняешь их языком, потом рас- тягивая слова так, чтобы слышался восточный акцент, произносишь все ту же фразу: – Жан, не- ужели тебя нашли на берегу реки? Какой ужас! Ни за что не поверю, что ты стал бичом!», – деп, кейіпкердің саналы күйінде сезінген әсерлері біртіндеп бейсаналы күйге ауысып, «Ознобная волна проносится сквозь тело и душу, поднимая куда-то вверх, из темноты выныривает оскален- ное лицо Дуйсена-баксы с выпученными глаза- ми, пространство окончательно сходит с ума, те- нями призраками, силуэтами скача и несясь над какими-то хмарными ущельями, ржавого цвета распадками, святящимися речными долинами: кружат и летят один за другим утесы, сыплются во тьму кишлаки с домами, дувалами, валуна- ми, качается джугара-поле, откуда-то парнями, горлонящими лихую песню, сверкают магнито- фоны, лоснятся гитары, звучить знакомый при- пев: «А я еду, а я еду за туманом», тугощекие лица радостно хохочут, белозубо скалятся, за- прокидываются в волнах смеха...» (Zhaksyl- ykov 2005: 23), – деп ары қарай жалғаса беретін сандырақтарымен ығысып отырады. Мұнда мәтін белгілі бір мағынадан айрылып, әдеттегі кеңістік пен уақыт категориялары, хронология жоғалады да автор ерікті түрде бейнелеген болмыс шашыраған жекелеген сәттердің, ой қиындыларының жиынтығынан құралады.
Кейіпкердің ой ағыны арқылы еске алып отырған мәтін де мәтіндердің құрандыларынан тұрады. Сол сана ағындары оның адами өмірге қайта оралуына себепші болған Дүйсен-бақ- сының емдеу тәсілі арқылы трансқа кірген Жан тылсым құдіреттің арқасында бірде өз балалық шағына қиялмен барып қайтса, бірде қойшы баланың өмірін сүреді. Өзен бойын жағалап, қожайынына тас теріп жүріп кездестірген қойшы баланың «мен сені білемін» деуі де таңқаларлық құбылыс. Шыжыған күннің ыстығынан ба, жоқ әлде әлдебір құдіреттің күшімен бе, екеуі қатар жантайып жата кетеді. Сол сәтте екеуара көзге көрінбейтін байланыс орнайды. Қойшы баланың өткен өміріне еріксіз енген Жан оның сырқатының себептеріне бойлайды. Уақыт пен кеңістіктің арасындағы тылсым саяхаттардан эзотеризмнің бір сипатын аңғарсақ, мұндағы баяндау психоделикалық дискурс аясында беріл- ген. Соның нәтижесінде мәтіннің тұтастығы, сөйлем құрылымы бұзылған. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет