Сәулембек Г. Р



бет9/11
Дата08.11.2022
өлшемі76,33 Kb.
#157035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2592-1-4930-1-10-20190524

Дакстатизнаетелиячтотоподзабылгде- туттуалетнемоглибывыподсказать…(Bekket 1998: 294) «Billet doux Смеральдины»
Б) Семантикалық сәйкессіздік. Д.Нақыпов, С.Беккет романдары бүгінгі тілде мағынасы жоқ, көркем шығармада автордың қиялы арқылы пайда болған, тек роман мәнмәтінінде ғана қолданылатын жаңа сөздермен, жаңа сөз тіркестерімен де ерекшеленеді. Роман мәтініндегі «Принято решение ВП клонировать ребенка и дать на усыновление бездетной семье оносамов, которые по вердикту S-конституции переходят в касту клонариев, а сам мальчик будет занесен в элит-группу «клоносамов»» (Nakipov 2005: 50) (курсив біздікі) сынды бірнеше окка- зионал сөздер кездесетін мәтін фрагменттері оқырманды мүлде басқа кеңістікке ала жөнеледі. Бастапқыда оқырман бұл үлкен апаттан ұлын жоғалтқан әкенің, шындықты мойындағысы кел- мей, санасының өзгерген күйінде қайта тірілткен ой ағыны екенін байқамай да қалады.
«До класса успеть пустить кровь, потянуть жилы, настроится на класс, ежедневную кайф-
каторгу всех обреченных на танец» (Nakipov 2005: 21).
Бекет: Белаква, настроенный навыбор даль- нейшего пути движения, вышел в надинтелли- гибельный мир Линкольн Плейс» (Bekket 1998: 118). («Дождливый вечер»)
Более того, господин ббоггс пошел еще даль- ше Кольриджа и заявил однажды – к большому смущению госпожу ббоггс и Тельмы и большому удовлетворению его страшей дочери Уны, спе- циально для которой в аду уже было приготов- лено обезьянаподобное чудище, а также к боль- шому смятению Белаквы, – что когда он глядит по сторонам и видит того, кого обычно называ- ют поэтом и кто позволяет своим литературным благоглупостям мешать его работе, у него, го- сподина ббоггса, развивается такая Beltschmerz, что ему приходится покинуть комнату (Bekket 1998: 207). («Какое несчастье»)
Мысалы, «От орны» мәтініндегі оносам, клоносам, самион, осьмикосм лексика-семанти- калық тұрғыдан мағынасы тек романда ғана ашылатын окказионализмдер болса, Луна зеле- неющих трав, Луна желтеющих трав, кайф- каторга, т.б. тіркестер де тілдік қорда орнық- паған автордың мәтіндегі сөздерді ойнату үшін қолданылған көркем тіркестер болып табылады. В) Мәтінге өзге тілден сөз ендіру. Мәтін жазылған тілден басқа тілге ауысып отыру ро- ман құрылымындағы лексикалық қатарларға жасалған тәжірибелер санатына жатады. Бұл секілді тәжірибелерді Д. Амантайдың «Гүлдер мен кітаптарынан», Д. Нақыповтың «От ор- нынан» («Круг пепла») кездестіруге болады. Мысалы, Д. Нақыпов: «Услышала его посла- ние: «Battman tendu, вперед, в сторону, назад, demi-ptie по первой позиции, с правой ноги, с левой, и обратно, 4 раза, 64 такта, две четвер- ти, медленно, затем port-de bras»» (Nakipov 2005: 21) (курсив біздікі), – деп орыс тіліндегі романның балеринаға қатысты желісінде балет қимылдары терминдерін француз тілінде берсе, Доктың Алматының кешегісі мен бүгінгісінің арасында жүгірген ой ағындарынан тұратын естеліктерінде «...Олжуха ужасая «кыз-куу»- иствовал истово, … (Nakipov 2005: 46), – деп қазақ тіліндегі «қыз қуу» сөзін орыс тіліндегі жұрнақтармен біріктіріп етістік мәндегі жаңа сөз ойлап табады. Д. Амантай романында гүлдер мен кітаптар атауын тізбектей береді де, сол тізбектелген тізімнің арасында гүлдердің латын тіліндегі атаулары және кітаптардың ағылшын тіліндегі атаулары да кездесіп отырады. Романнның «Кітаптар» атты тарауының «Моби



ISSN 1563-0323 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №4 (172). 2018 219

Дик немесе Ақ кит», «Анна Каренина», «East of Eden», «Ағайынды Карамазовтар», «Қызыл мен қара», «Иосиф және оның ағалары», «Қылмыс пен жаза», «Бесін», «Дерсу Узала», «Қош бол, Гүлсары»... «Tender is the Night», «Ақ гвар- дия», «Будденброктар... » (Amantay 2010: 56),
«Гүлдер» тарауының «Жарайды, көлеңкеге төзе білетін қылқан жапырақты монстера, сингони- ум, қырыққұлақ, scinndapsus pictus, philodendron melanochrysum, spathiphyllum blandum, schott, аспидистра, шырмауық, tradescantia virginiana, зербина, саркококка, фикус жайында байсалды әңгіме мен қозғайын» (Amantay 2010: 7) (курсив біздікі) деп («East of Eden», «Tender is the Night», scinndapsus pictus, philodendron melanochrysum, spathiphyllum blandum, schott, tradescantia virginiana) ағылшын және латын тіліндегі ата- уларымен араластырыла берілуі романдағы сөйлемнің тұтастығын бұза отырып оқырманмен ойын әдісі жүзеге асқан. Әлемдік әдебиетте постмодернистік шығармалардағы осындай тәжірибелермен салыстыра қарастырсақ, У. Эконың, С. Беккеттің шығармаларында бірнеше тілдің кірістіріліп отыруы да, жоғарыда біз атап өткен жазушылардың мәтін құру страте- гиясымен сәйкес келеді. Мысалы, У. Эко «Имя Розы» романында «Бывают моменты крайне сильной физической утомленности, сочета- ющейся с двигательным перевозбуждением, когда нам являются призраки людей из про- шлого («en me retraçant ces details, j’en suis á me demander s’ils sont réels, ou bien si je les al rêvés»). Позднее я узнал из превосходной ра- боты аббата Бюкуа, что именно так являются призраки ненаписанных книг» (Eko 2005: 8), – деп француз тілінде немесе «per speculum et in aenigmate» (в зеркале и в загадке; в отражении и иносказании (лат.)) деп латын тілінде мәтін жұрнақтарын ендіріп отырса, С.Беккет «Billet doux Смеральдины» әңгімесінде : «Я часто ду- маю, отчего я люблю тебя так сильно. Я лю- блю тебя über alles in dieser Welt, mehr als alles auf Himmel, Erde und Hölle» (Bekket 1998: 275). (Больше всего в этом мире, даже больше всего на небе, земле и в преисподней), – деп француз тіліндегі мәтінге неміс тіліндегі тіркестерді жиі кірістіріп отырады. Бұл мысалдардан аңғаратынымыз, осылайша кірістірілген өзге тілдегі сөздің мағынасын анықтап, мәтін құрылымына қайта оралу арқылы ғана жалпы сөйлем беретін мағынаны түсінуге болады. Мұнан өзге ендірілген сөздердің сол тілдің әліпбиінде берілуі де визуалды түрде құрылым бұзушылыққа қызмет етіп тұр. Дегенмен, бұл
авторлардың шығармаларында кірістірілген сөздердің аудармалары мен түсіндірмелері сол шығарманың өзінде беріліп отыратындығымен ерекшеленеді. Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптарынан», Д.Нақыповтың «От орнынан» интермәтіндер мен кірме сөздердің түсіндірілген тұстарын көре алмаймыз. Мәтінге бұл секілді шетелдік сөздерді ендірудің не линвистикалық, не көркемдік мақсаты жоқ, тек оқырманды мәтіндер шырғалаңына тартып, көңіл көтеруді мұрат тұтады. Бұл тәсілді қолдану арқылы сөйлем қисындылығы мен нақтылығынан айрылып, мәтіннің мән-мағынасына нұқсан келіп отыр, яғни оқырман мәтінді дұрыс түсіне алу үшін оны бірнеше бөліктерге бөліп, өзге тілден алынып кірістірілген сөздердің мағынасын түсіну үшін арнайы оқулықтар, энциклопедиялар, яки сөздіктерді ақтаруға немесе оқырманның мәтіннен тыс жинақталған білім қорына саяхат жасауына тура келеді. Осы ойынды қабылдаған оқырман әрбір сөздің мағынасын ұғынып, қайта мәнмәтінге оралу үшін бірнеше мәтіндер қабатын сүзіп шығуға мәжбүр болады да, автордың гипермәтінге негізделген ризоматикалық құрылымына қанығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет